Оқу -әдістемелік кешен


Семинар сабағының жоспары



бет20/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Семинар сабағының жоспары:

1. Диалектика теория және тәсіл ретінде.



  1. Диалектиканың негізгі принциптері: тұтастық, жүйелілік, нақтылық т.б.

Диалектиканың негізгі категориялары: жалқы және жалпы, себеп және салдар, мән және құбылыс, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық т.б.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Диалектиканың мәнін қысқаша қалай анықтауға болады ?

  2. Диалектиканың негзгі тарихи формаларының қайсысын білесіз?

  3. Псевдодиалектика дегеніміз не?

  4. Диалектиканың негізгі принциптері қандай?

  5. Диалектика категорияларының мәнін түсіндіріңіз?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Диалектика (гр. dialegomai – кеңес құру, әңгіме жүргізу) - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпыға бірдей заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Метафизика – шындықты оның дамуында емес, тыныштық жағдайында қарайтын диалектикаға қарама-қарсы ойлау тәсілі.

Методология таным процесінде қолданылатын тәсілдер жүйесі жөніндегі ілім.

Метод (гр. methodos – «бірдеңеге апаратын жол») – жалпы мәні таным процесінде ақиқатқа жетудің тәсілі , белгілі түрдегі жүйелі қызмет .

Теория (гр. theoria– бақылау, қарастыру, зерттеу ) - өзінің объектісін құрастырып отырған белгілі бір жиынтықтың қызметін сипаттайтын, түсіндіретін және болжайтын шындықтың қандай да болмасын «фрагменті» жөніндегі нақты білімді жинақтап қорытындылайтын жүйе .

Принцип – дүниені тану мен өзгерту процесінде фактілерді немесе білімдерді бір ізге салуға қызмет ететін , олардың кейбір жиынтығының түп негізі ретінде көрінетін танымның ерекше формасы .

Категория ( гр. kategoria – пікір айту, куәгерлік ) – дүниедегі заттар мен құбылыстардың және таным процесінің неғұрлым ортақ және елеулі байланыстарын көрсететін бірегей , іргелі логикалық ұғым.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Диалектика теория және тәсіл ретінде.

  2. Дамудың екі концециясы.

  3. Диалектиканың принциптері.

  4. Софистика және эклектика.

  5. Кездейсоқтық және ықтималдылық.

  6. Мүмкіндік пен қажеттіліктің өзара қатынасы.

  7. Эволюция және революция.

СӨЖ тақырыптары:

  1. Ежелгі материалистердің диалектикасы.

  2. Идеалистік диалектика.

  3. Материалистік диалектика.

  4. Даму принципі.

  5. Жүйелілік принципі.

  6. Тұтастық принципі.

  7. Детерминизм және индетерминизм.

  8. Даму және прогресс. Прогресс және регресс.

  9. Категория ұғымы.

  10. Жалқы жәгне жалпы диалектикасы.

  11. Мән және құбылыс ұғымы.

  12. Мазмұн және форма диалектикасы.

Тест сұрақтары:

1.Диалектика – философиялық ілім:

1)Күн жүйесінң шығу тегі туралы.

2)Әлемнің өзгермейтіндігі туралы.

3)Дамудың жалпы заңдары туралы.

4)Болмысты танып білу туралы.

5)Кеңістік пен уақыттың относительділігі туралы .

2.Диалектикаға қарама – қарсы методты көрсетіңіз:

1)индукция 2)анализ 3)метафизика 4)дедукция 5)синтез

3. Даму туралы философиялық ілім:

1)метафизика 2)релятивизм 3)догматизм 4)эклектика 5)диалектика

4. Құбылыстардың жалпы заңдылықты себептік уәжділігі туралы ілім:

1)индетерминизм 2)фатализм 3)детерминизм 4)конвенционализм 5)кондиционализм

5.Категориялар дегеніміз не?

1)табиғаттағы, қоғамдағы және ойлаудағы жалпы байланыстарды бейнелейтін ең жалпы ұғымдар , практикалық қыметтің идеалдық формалары .

2)табиғаттағы , қоғамдағы жалпы байланыстарды бейнелейтін ең жалпы ұғым.

3)ойлаудағы , қоғамдағы жалпы байланыстарды бейнелейтінең жалпы ұғымдар, практикалық қызметтің идеалдық формалары.

4)ойлаудың және табиғаттың жалпы байланыстарын көрсететін жалпы ұғымдар

5)табиғат пен адамның арасындағы жалпы байланыстарды көрсететін жалпы ұғымдар.

6.Қай категориялар диалектикаға қатысты :

1)мазмұн және форма; 2)тап, ұлт, жанұя; 3)күш, энергия, жылдамдық; 4)ақпарат, байланыс, басқару; 5)ақша, кіріс, табыс;

7.Диалектиканың негізгі принципін көрсетіңіз :

1)даму принципі 2)мазмұн және форма 3)қажеттілік пен кездейсоқтық 4)себеп пен салдар

5)мән мен құбылыс

8.Материалистік диалектика дегеніміз не?

1)Ол - табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының дамуының ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым.

2)Ол - табиғаттың және адам дамуының негізгі заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

3)Ол - адамның адам психологиясы мен логикасының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

4)Ол - табиғаттың және қоғамның дамуының ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым.

5)Ол - қоғамның және адамның арасындағы негізгі қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

9. Дамудың дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

1)Даму - объектінің сандық өзгерісі;

2)Даму - кез-келген қозғалыс;

3)Даму - шеңбер бойынша қозғалыс;

4)Даму - жүйенің хаостық қозғалысы;

5)Даму - төменгі жағдайдан жоғарырақ жағдайға қарай қозғалыс.

10. Философиядағы метафизикалық әдістің ең маңызды белгісін көрсетіңіз:

1)қандай болсын дамуды, қозғалысты терістеу;

2)дамудың ішкі қайнар көзін терістеу;

3)сыртқы күшті дамудың қайнар көзі деп мойындау;

4)дамудың шексіздігін терістеу;

5)метафизикалық әдіс тек қана тілмен байланысты.



Әдебиеттер:

  1. Әбішев Қ. Философия. Т.5. § 1,2 Алматы, 1999.

  2. Батищев Г.С. Диалектика как логика мировоззрения целостно развитого человека материалистическая диалектика как логика. Алматы, 1986.

  3. Ильенков Э.В. Ленинская диалектика и метафизика позитивизма. М.,1989

  4. Категории диалектики как ступени познания. М., 1971.

  5. Қалиев З. Даму. 2 тарау. Диалектиканың категориялары. § 6-13. Алматы, 1993.

  6. Науменко Л.К. Монизм как принцип диалектики. Алматы, 1972.

  7. Принцип диалектики. Алматы, 1994.

  8. Функции материалистической диалектики. М., 1980.

  9. Шептулин А.П. Диалектический метод познания. М., 1983.

19 - тақырып: Диалектиканың заңдары

Сабақтың мақсаты:

Диалектиканың категориялары мен заңдарының мәнін, диалектиканың таным процесіндегі теория және тәсіл ретіндегі мәнін ашып көрсету. Студенттерді диалектикалық ойлау өнеріне баулу .



Диалектиканың тарихи даму жолын сипаттау. Студенттерге диалектиканың негізгі принциптері мен категорияларын түсіндіру, ерекшеліктерін ұғындыру.

Семинар сабағының жоспары:

1-ші сабақ.

  1. Заң ұғымы.

  2. Қарама-қарсылықтар бірлігі және күресі заңы қызметтерінің құрылымы және механизмі.

  3. Қайшылықтың негізгі формалары және типтері.

2-ші сабақ.

  1. Сапа және қасиет. Сапа және сан. Өлшем.

  2. Сандық және сапалық өзгерістердің диалектикасы. Секірістер және оның түрлері.

  3. Диалектикалық терістеудің мәні. Терістеуді терістеу сатылы дамудың бейнесі ретінде.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Заң дегеніміз не?

  2. Қай заң диалектиканың «ядросы» және неге?

  3. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы қандай фундаменталды проблеманы шешеді?

  4. Қай заң дамудың механизмін ашады?

  5. Философиялық түсініктегі сан, сапа және өлшем деген не?

  6. Дамудың спиральды түрдегі механизмінің мәні неде?

  7. Дамудағы «секіріс» дегеніміз не?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Заң - дегеніміз құбылыстар арасындағы берік бара-бар, тыныш, қажетті, жалпы, тұрақты және қайталанып отыратын қатынас, бірлік пен байланыс.

Қарама-қарсылықтар - бір бірін терістейтін және тудыратын бірліктің тенденциялары, моменттері, жақтары.

Қайшылық - бұл даму және өзіндік қозғалыс бар жердегі қарама-қарсылықтардың қатынасы.

Сапа - бұл заттың маңызды қасиеттерінің жиынтығы.

Сан - бұл шаманы заттардың көлемін, процесстер ағымының қалпын, заттардың қасиетінің және сапасының деңгейін анықтайтын философиялық категория.

Өлшем - бұл шекара аралықтарындағы негізгі сапаны қалдыра отырып, сандық өзгерістердің интервалын анықтайтын философиялық категория.

Секіріс - дегеніміз сан өзгерісінің жиналуының нәтижесінде заттың сапалық түрленуінің кезеңі, яғни ескі сапаның жаңа сапаға ауысуы,бірте-біртеліктің үзілістері.

Терістеу - дамудағы объекттің жағдайларының, стадияларының арасындағы байланыстың анықталған типін білдіретін философиялық категория.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Диалектика болмыстың,дамудың және қозғалыстың әмбебап

  2. (универсалды) байланыстары туралы ілім ретінде.

  3. Диалектиканың заңдары және категориялары.

  4. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы.

  5. Қайшылық дамудың қайнар көзі ретінде.

  6. Қайшылықтардың негізгі типтері.

  7. Терістеуді терістеу заңы.

  8. Эволюция және революция.

СӨЖ тақырыптары:

  1. Заң философиялық категория ретінде.

  2. Ғылым заңдарын субординациялау.

  3. Бірлік пен ұқсастық.

  4. Ұқсастық, тура келу, теңестіру.

  5. Қайшылық және оның негізгі формалары.

  6. Сан және сапа өзгерістерінің өзара өту заңы.Секіріс ұғымы.

  7. Эволюция мен революцияның арақатынасы.

  8. Көне мен жаңа. Терістеу ұғымы.

Тест сұрақтары:

  1. «Даму» ұғымының дұрыс анықтамасын көрсетініз?

1) бұл сапалы, қайшылықты, сатылы қозғалыс

2) бұл объектінің сандық өзгерістері

3) бұл кез-келген қозғалыс

4) бұл жүенің хаостық өзгерістері



5) бұл шеңбер бойынша қозғалыс

  1. Заң статусына ие болу үшін, байланыс төменде корсетілген қасиеттердің қайсысына ие болуы тиіс.

  1. ауыспалы және кездейсоқтық

  2. салыстырмалылық

  3. априорлық

  4. тұрақтылық, себептілік және қажеттілік

  5. субъективтік

  1. Диалектиканың негізгі өзегі болып қай заң есептеледі?

  1. мән және құбылыс заңы

  2. терістеуді терістеу заңы

  3. қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы

  4. мөлшерлік және сапалық өзгерістердің заңы, өзара ауысу заңы

  5. қажеттілік пен кездейсоқтық заңы

  1. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мазмұнын ашатын категориялар тобын көрсетіңіз:

  1. субстанция, себептілік, өзара әсер

  2. айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық

  3. терістеу, терістеуді терістеу, түсіріп сақтау

  4. сапа, сан, өлшем

  5. мүмкіндік, шындық, ықтималдылық

  1. Қарама-қарсылықтардың бірлігі және күресі заңы немен айналысады?

  1. даму процестерінің ішкі қайнар көзін ашады,ескінің жойылып, пайда болуының себептерін көрсетеді

  2. даму процестерінің қай бағытта өтіп жатқандығын көрсетеді

  3. даму процесінде жаңаның даму сатыларын көрсетеді

  4. даму процесінде жеке мен жалпының байланысын көрсетеді

  5. даму процесіндегі адамның алатын орнын көрсетеді

6.Сан және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы немен айналысады?

  1. ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді

  2. даму процесінің ішкі және жалпы механизмін анықтап береді

  3. ескіден жаңаға өту жолын айқындайды

  4. дамудың мәнін, жалпы бағытын анықтайды

  5. дамудың негізгі даму сатыларын көрсетеді

7.Төменде келтірілген категориялардың қайсысы сапа мен санның диалектикалық байланысын бейнелейді?

  1. мән

  2. форма

  3. шындық

  4. құбылыс

  5. өлшем

  1. Терістеуді терістеу заңы немен айналысады?

  1. дамудың мәнін, жалпы тенденциясы мен бағытын анықтайды

  2. дамудың ішкі және сыртқы механизмін анықтап береді

  3. дамудың қарама-қайшылықсыз болмайтынын көрсетеді

  4. жаңаның пайда болу себебін көрсетеді

  5. дамуда ескінің жойылу себептерін анықтайды

  1. Даму процесі терістеуді терістеу заңы бойынша қалай жүзеге асады?

  1. стихиялы

  2. қайталану түрінде

  3. спираль бойынша

  4. бұралаң жолмен

  5. тура жолмен

10.Қандай категория ескі сападан жаңа сапаға ауысуды білдіреді?

  1. өлшем

  2. қасиет

  3. заң

  4. секіріс

  5. эволюция

20 тақырып: Философиялық антропология

Сабақ мақсаты:

Адам мәселесінің 20-ғасырда философияда орталық орын алу себептерін және философиялық антропологияның теориялық негізін қарастыру; адамды зерттеудегі философиялық антропологияның жетістіктері мен сәтсіздіктерін ашу; құндылықтар мәселесіне және олардың өмірлік әрекетін реттеудегі ролі.



Семинар сабағының жоспары:

1. Қазіргі философиялық антропологияның пайда болуының әлеуметтік-тарихи жағдайлары және оның негізгі өкілдері: М.Шелер, А.Гелен, Х.Плесснер.

2. М.Шелер бойынша антропологиялық ілімдердің типтері және адамды әртүрлі анықтау.

3. Адам мәдениетті жасаушы және мәдениет туындысы.



4. Философиялық анропологиядағы құндылықтар мәселесі. Аксиологиялық дағдарыс мәселесі.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Философиялық антропология дегеніміз не?

  2. Ежелгі грек философтарының қайсысы адам мәселесін өзінің қарастыруының ортасы етті.

  3. Философиялық антропологияның басты өкілдерін атаңыз.

  4. "Индивид", "Жекелік", "Жеке тұлға", "Адам" ұғымдарының мазмұндарындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

  5. Антропосоциогенез ұғымы нені белгілейді?

  6. Жеке тұлғаны қалыптастыратын негізгі факторлар қандай?

  7. Жалпы қабылданған тәртіп нормаларын бұзатын адамдарды жеке тұлға деп атауға бола ма (қылмыскерлер, нашақорлар т.т.).

  8. Жеке тұлғаның құрылымына қандай элементтер кіреді?

  9. Адам әрекетінің қозғаушы факторы қандай?

Негізгі ұғымдар (глоссарий)

Философиялық антропология - кең мағынада - адам табиғаты және мәні туралы философиялық ілім; тар мағынада - 20ғ. 20-жылдарында пайда болған, негізін салушы М.Шелер саналатын, философиялық бағыт. Бұл тұрғыда, философиялық антропология жаңа методологиялық тұжырымдамалармен емес, ең алдымен өзінің объектісімен - өз болмысы, өз мәдениеті арасындағы адам арқылы айырықшаланады. Қазіргі батыс философтарының антропологиялық көзқарастарын мынаған саялауға болады: адам болмысының, адам жекелігінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің негіздері мен сфераларын анықтауға тырысу, сол арқылы және содан адам табиғатын, сонымен қатар қоршаған дүниенің мәні мен мағынасын түсіндіру. Философиялық антропологияның мынадай бағыттарын шығаруға болады: биологиялық, мәдени, діни, педагогикалық және т.б.

Адам - тіршіліктің жердегі ең жоғарғы сатысын, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі әрі субъектін, табиғи және әлеуметтік, материалды және рухани белгілер жиынтығы мен бірлігін белгілейтін ұғым.

Индивид - адам тегінің дербес өкілін белгілейтін ұғым.

Жеке тұлға - әлеуметтік сипаттары бар, ерекше әлеуметтік белгілер мен рольдер атқаратын, қоғамдағы және дүниедегі өзінің орнын саналы сезінетін және өз іс-әрекетіне жауапты адам.

Жекелік - тек өзіне ғана тән қайталанбас белгілері мен сипаттары бар адам, индивид.

Құндылықтар - адамдардың қоғамдық-тарихи әрекеті жүйесіндегі жағымды мағыналы ерекше әлеуметтік феномен. Құндылық - белгілі қоғамдық жағымдылық, нәрселердің, құбылыстардың адамдар әрекетінің мақсаты және құралы ретіндегі қызметі.

Аксиология - құндылықтарды зерттейтін философиялық пән.

Жаттану - әртүрлі гуманитарлық ғылымдарда қолданылантын ұғым. Маркстік философияда жаттану деп адам әрекетінің және оның нәтижелерінің адамға дұшпан, дербес күшке объективті айналуы және адамды бағындыруы айтылады. Қазіргі батыстық философиялық ойлауда жаттану - адамның өзінің мәніне қарама-қарсылығы, тасталғандық сезім, бейтарап, жау дүниеде қажет еместігін көрсететін объективті жағдай. Тар мағынада, жаттану деп заттардың адамға үйлесімділігі, тауарлық - ақша қатынастарының, техника мен технологияның адамға қожалығын айтамыз, кең мағынада - жаттану дегеніміз адамдардың барлық әлеуметтік қатынастарының жиынтығының сапалық сипаты.
Мәнжазба тақырыптары:

1. Қазіргі философиялық антропологияның идеялық көздері - Фихте, Кант ілімдері.

2. Құндылықтардың адам өміріндегі ролі және қазіргі аксиологиялық дағдарыс.

3. Сүйіспеншілік - құндылық ретінде.

4. Қажеттіктер адам әрекетінің қозғаушы күші ретінде.

5. Философиялық антропология және фрейдизм.

6. Э.Фромм ілімі және философиялық антропология.

7. Адам табиғат әлемінде.

8. Философиялық антропология өмір мағынасы туралы.

9. Жеке тұлға, қоғам, мәдениет.

10. Жеке тұлға өтпелі қоғамда: мәселелері мен қайшылықтар.

11. Адам әрекетінің детерминанттары - қажеттіктер, мүдделер, құндылықтар және олардың өзара байланысы.


СӨЖ тақырыптары:

1. Жеке тұлғаның бостандығы мен тарихи қажеттіліктің қатынасы.

2. Жеке тұлғаның қоғамдағы құқықтары мен міндеттері диалектикасы.

3. Қазіргі философиядағы адам өмірі және өлімі мәселесі.

4. Антропосоциогенездің мәні мен мазмұны.


  1. Адамды философиялық анықтау мәселесі.

  2. Қазіргі кезеңдегі адам мен табиғат арақатынасының ерекшеліктері мен қайшылықтары.

  3. Қазіргі аксиологиялық дағдарыстың мәні және көріністері.

Тест сұрақтары:

1. Дұрыс пікірді көрсетіңіз:

1) адам және оның іс-әрекеті биологиялық заңдармен анықталады;

2) адам - әлеуметтік жан, оған биологиялық факторлар әсер етпейді;

3) шешуші рольді инстинктер атқарады;

4) адамда саналылық пен бейсаналылық тең;

5) адам ең алдымен әлеуметтік жан, бірақ оның іс-әрекетіне биологиялық факторлар да әсер етеді;

2. Төмендегі көрсетілген қағидалардың ішіндегі тұрпайы - әлеуметтанулық қағиданы көрсетіңіз:

1) адам және оның іс-әрекеті биологиялық заңдармен анықталады;

2) адам - әлеуметтік жан, оған биологиялық факторлар ешқандай әсер етпейді;

3) адам әректінде шешуші рольді инстинктер атқарады;

4) адамда саналылық пен байсаналылық тең;

5) адам әрекетін оның генотипі толық анықталады;

3. Дұрыс жауап табыңыз:

1) индивид және жеке тұлға - тепе-тең ұғымдар;

2) индивид - адам тегінің өкілі ретінде типтік сапалар иесі; ал жеке тұлға - әлеуметтенген адам;

3) индивид - антропологиялық ұғым, ал жеке тұлға - әлеуметтік ұғым;

4) жеке тұлғада дүниеге көзқарас пен өзіндік сана бар, ал индивидте жоқ;

5) жеке тұлға - қоғамдық дамыған адам;

4. Жеке тұлғаның ең дәл анықтамасын табыңыз:

1) жеке тұлға - бұл биологиялық пен әлеуметтіктің, материалдық пен руханилықтың, психикалық пен физикалықтың бірлігіндегі адам;

2) жеке тұлға - жағымды сипатталатын ұғым;

3) жеке тұлға - аса қабілетті адам;

4) жеке тұлға - бұл қандай да болмасын әлеуметтік роль атқаратын адам;

5)"Жеке тұлға" ұғымы "Мен" ұғымына тепе-тең;

5. Адамның мәнін маркстік философия қай тұрғыдан түсіндіреді:

1) биологиялық;

2) теологиялық;

3) әлеуметтік-еңбектік;

4) субъективтік;

5) экзистенциалистік.

6. Адамның әлеуметтік қалыптасу процесін қай ұғым бейнелейді:

1) антропосоциогенез;

2) антропоцентризм;

3) евгеника;

4) генетика;

5) антропоморфизм.

7.Құндылықтарды зерттейтін философиялық ілім қалай аталады:

1) этика;

2) эстетика;

3) аксиология;

4) антропология;

5) герменевтика,

8. Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша антропосоциогенездің шешуші факторы қандай:

1) отты пайдалану;

2) еңбек;

3) жердегі климаттық жағдайлар;

4) космостың әсерлері;

5) құдайлар ісі;

9. Адам болмысының басты негіздерін зерттейтін философиялық бөлім қала й аталады:

1) эпистемология;

2) эстетика;

3) философиялық антропология;

4) логика;

5) әлеуметтану.

10. Философиялық антропологияның 20-ғасырдағы негізін салушы болып кім саналады:

1) Л.Витгенштейн;

2) М.Шелер;

3) М.Хайдеггер;

4) Б.Рассел;

5) Г.Маркузе.

Әдебиеттер:


  1. Философия тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 1999.

  2. Философиялық сөздік. - Алматы, 1996.

  3. Қ.Әбішев. Философия. Оқулық. - Алматы, 1999, 2000.

  4. Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы, 1997.

21 - тақырып: Қоғам жүйе ретінде

Сабақтың мақсаты:

Қоғамды анықтаудың әртүрлі тұрғысын қарастырып, олардың мәнді айырмашылықтарын ашу; қоғамдық дамудың формациялық және өркениеттік концепциялаарының мазмұнын көрсету; қоғамның құрылымдық элементтерін талдап, ерекшеліктері мен өзара байланысын ашу; қазіргі заманның глобальді мәселелеріне, оларды шешу жолдарына және "Шығыс" пен "Батыс" өзара қарым-қатынасына ерекше назар аудару.


Семинар сабақтарының жоспары:

Бірінші сабақ. Қоғам ұғымы және теориялар.

  1. Қоғам ұғымы. Қоғамды әртүрлі тұрғыдан анықтау.

  2. Қоғам дамуының натуралистік концепциялары.

  3. Әлеуметтанудағы географиялық бағыт.

  4. Қоғам дамуының идеалистік концепциялары.

  5. Формациялық көзқарастың басты идеялары.

  6. Қоғам дамуының өркениеттік концепциялары.


Екінші сабақ. Қоғам жүйе ретінде және оның құрылымы.

1. Қоғамның экономикалық саласы және оның құрылымы.

2. Әлеуметтік сала және оның құрылымы.

3. Саяси сала және оның құрылымы.

4. Қоғамның рухани саласы және оның құрылымы.

Бақылауға арналған сұрақтар:

1. "Қоғам" ұғымының әртүрлі мағынада қолдану мысалдарын келтіріңіз.

2. Философиялық тұрғыдан қоғам дегеніміз не?

3. Фатализм мен волюнтаризм дегеніміз не?

4. Маркстік қоғамдық-экономикалық формациялар теорияның басты ұғымдары қандай?

5. Қоғам әруақытта прогрессивтік бағытта дами ма?



6. Қазіргі глобальді мәселелердің қайсысы, сіздің ойыңызша, ең бастысы және неліктен?

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Қазіргі Қазақстанды неліктен транзиттік қоғам деп жиі атайды?

  3. Қоғамдық өмірдің негізгі салалары қандай?

Негізгі ұғымдар ( глоссарий ):

Қоғам - адамдардың біріккен практикалық әрекетінде қалыптасатын, белгілі тарихи ортада өмір сүретін қоғамдық қатынастар жүйесі. Сонымен, қоғам дегеніміз индивидтердің барлық өзара байланыстары мен қатынастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет