Оқу -әдістемелік кешен



бет17/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Әдебиеттер:

  1. Антология мировой философии. Т.2.- М.,1970

  2. Бруно Д. Диалоги. М.,1949

  3. Бруно Д. О героическом энтузиазме. М.,1953

  4. Виндельбанд В. История древней философии. Киев,1995

  5. Винчи Л. Избранные естественнонаучные труды. М.,1955

  6. Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. М.,1980

  7. Данте А. Божественная комедия. М.,1967

  8. Кампанелла Т. Город Солнца. М.,1954

  9. Кузанский Н. Соч. в 2-х т. М.,1979

  10. Мор Т. Утопия. М.,1978

  11. Монтень М. Опыты. М.-Л.,1957-60

  12. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (Философия тарихына шолу). А.,1999

  13. Философиялық сөздік. А.,1996

6 тақырып: Жаңа заман философиясы



Сабақтың негізгі мақсаты:

Студенттерге жаңа заман философиясының философия тарихында алатын орнын, ерекшелігін ашып көрсету. Осы дәуірде пайда болған бағыттардың негізгі идеяларының мазмұнын ашу. Негізгі терминдер мазмұнын ашып, оларға түсініктеме беру. Сонымен қатар жаңа заман философтарымен жақын танысып, олардың қарастырған проблемаларын зерттеу.



Семинар сабағының жоспары:

1.ХҮІІғ. философия және ғылыми революция

2.Метафизикалық онтология: субстанция проблемасы (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц)

3.Таным методы проблемасы: эмпиризм және рационализм, материализм және идеализм (Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза, Дж.Локк)

4.Т. Гоббстың философиясы және әлеуметтік-саяси көзқарастары
Бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Жаңа заман философиясы дамуының алдыңғы дәуірлердегі философиялардан айырмашылығы қандай?

  2. Рационализм және эмпиризм ғылыми пікірталасының мағынасы неде?

  3. «Картезиандық күмандану» идеасы мен Р.Декарттың рационалистік әдісінің мәні неде?

  4. Спинозаның рационалистік метафизикасының негізгі идеасы неде?

  5. Теоретикалық ғылымның және философияның мүмкін еместігін түсіндіру үшін Д.Беркли мен Д.Юм қандай аргументтер келтірді?

  6. Г.Лейбниц монадалогиясы дегеніміз не және оның универсалды әдісінің мағынасы неде?

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Монизм-тек бір ғана алғашқы бастаманы мойындайтын философиялық ағым.

Дуализм(лат. Dualis-екіжақты)-екі ғана бастаманы (материя және сана) мойындайтын философиялық ағым.

Плюрализм-көп түрлі бастаманы мойындайтын философиялық ағым.

Эмпиризм-танымның қайнар көзі тәжірибеде деп санайтын философияның бір ағымы.

Рационализм-танымның қайнар көзі ақыл-ойда деп санайтын философияның ағымы.

Монада-бірлік. Кең мағынасында космостық немесе индивидуалдық өмір сүрудің бейне бір бөлшегі. (Мысалы, Лейбництің ілімінде немесе теософияда).

Индукция-жеке ұғымнан жалпы ұғымдарға қарай бағытталып ойқорытынды жасау.

Дедукция-жалпы ұғымдардан жеке ұғымдарға қарай бағытталып ойқорытынды жасау.

Мәнжазбалар тақырыптары:

  1. Капитализмнің құрылуы. Жаратылыстану ғылымдарының дамуына деген қажеттілік.

  2. Ф.Бэкон философиясындағы натуралистік дүниетаным.

  3. Т.Гоббстың механикалық материализмі.

  4. Т.Гоббстың мемлекет туралы ілімі.

  5. Р.Декарт философиясындағы рационализм.

  6. Дж.Локк сенсуализмі.

  7. Жаңа заман философиясындағы адам мәселесі.

СӨЖ тақырыптары:

  1. Лейбниц. Монада туралы ілім.

  2. Ф.Бэкон «Жаңа органон».

  3. Юм философиясындағы мораль концепциясы.

  4. Спиноза және оның «Этикасы».

  5. Ф.Бэконның индуктивтік әдісі.

  6. Б.Спинозаның субстанция және пантеизм мәселесі.

  7. Д.Беркли және Д.Юмның субъективті идеализмі.

Тест сұрақтары:

1.Жаңа уақыт (ХҮІІ ғ.) философиясының ерекше тән белгісі:

1)теоцентризм;

2)пантеизм;

3)космоцентризм;

4) ғылыми центризм;

5)антропоцентризм;

2.Эмпиризмнің негізгі қағидасы:



1)зерде дүниені танып-білудің негізгі қайнар көзі болып табылады;

2)құдай ашылу танымның қайнар көзі болып табылады;

3)танымның ең жоғары түрі - интуиция;

4)дүниені танып-білуге болмайды;

5)адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді;





3.Рационализмнің негізгі қағидасы:

1) дүниені принципті түрде танып-білуге болмайды;

2) адамның танымдық іс-әрекетінде алдыңғы роль зердеге жатады;

3)ғылымда басты ролді тәжірибе, эксперимент атқарады;

4)таным Құдай ашылу арқылы ғана мүмкін болады;

5)дүниені танып-білу екі талай, күдік туғызады.




4.Ф.Бэкон қай философиялық бағыттың негізін салушы?

1)агностицизмнің

2)плюрализмнің

3)эмпиризмнің

4)монизмнің

5)дуализмнің




5.Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы кім?

1)Б.Спиноза;

2)Р.Декарт;

3)Дж. Локк;

4)Ф.Бэкон;

5)Т.Гоббс.




6."Білім - күш деген афоризмнің" авторы кім?

1)Ф. Бэкон;

2)Дж. Беркли;

3)Дж. Локк;

4)Г.Лейбниц;

5)Д.Юм.




7.Барлық адамдардың табиғи теңдігі жөніндегі тұжырымды құрған:

1)Ф.Бэкон

2)И.Кант

3)Л.Фейербах

4)Т.Гоббс;

5)Дж. Локк;




8.Төменде келтірілген философтардың қайсысы дуализмнің өкілі болып табылады?

1)Д.Юм;

2)Р. Декарт;

3)Т.Гоббс;

4)П. Гольбах;

5)Г.Лейбниц.




9.Р.Декарт ойлаудың қай методына сүйенген?

1)софистикалық;

2)схоластикалық;

3)дедуктивтік методқа;

4)индуктивтік;

5)аксиоматикалық.




10."Мен ойлаймын, демек өмір сүремін" дейтін қанатты сөздердің авторы?

1)И.Кант;

2)Гоббс;

3)Ф.Бэкон;

4)Декарт;

5)Спиноза.




Әдебиеттер тізімі:


  1. Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Құрастырған Т.Ғабитов. – А.: Раритет, 2004.

  2. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – А.: «Білім», 2001.

  3. Философия тарихы: Оқулық. /Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. – А.: Жеті жарғы, 1999.

  4. Философия в схемах и таблицах: Учебное пособие для вузов /С.Р.Аблеев. – М.: Высшая школа, 2004.

  5. Краткий философский словарь. Под редакцией А.П.Алексеева. Издание 2-е, переработанное и дополненное. – ПБОЮЛ, М.А.Захаров, 2001.

  6. Соколов В.В. Европейская философия.ХҮ-ХҮІІІ вв. М., 1996.

  7. Рассел Б. Мудрость Запада. М., 1998.

8. Спиноза Б. Избранные. Минск «Попури», 1999.

7 тақырып: Ағартушылық философиясы



Сабақтың мақсаты:

Ағартушылық дәуірі философиясының негізгі ерекшеліктерімен танысу және оның философия тарихында әлеуметтік дамуының ролін анықтау. Ағартушылық идеологияның негізгі сипаттамаларын ашып көрсету. Сонымен қатар студенттерді ағартушылық философиясының негізгі идеясымен және оның европа өркениетін дамытудағы ақыл-ойдың алатын орнын түсіндіру.



Семинар сабағының жоспары:

  1. Француз аѓартушылыќ философиясындаѓы адам жєне ќоѓам проблемасы.

  2. ХҮІІІѓ. Француз материализмі.

  3. Неміс аѓартушылыѓыныњ кµрнекті µкілдері: Г.Э. Лессинг, И.Г. Гердер.


Бақылауға арналѓан с±раќтар:

  1. Ќоѓамдыќ ойдыњ аѓымы ретіндегі аѓартушылыќтыњ мєні неде?

  2. ХҮІІІѓ. аѓартушылыќ философиясыныњ негізгі идеясы ќандай?

  3. Аталѓан тарихи кезењніњ ойшылдарыныњ ілімдерінде ќандай философиялыќ идеялар басты болды?

  4. Аѓартушылыќ дєуірінде адам табиѓаты мен мєні ќалай т‰сінілді?

  5. Адамдардыњ баќытќа жєне игілікке жету жолы аѓартушылармен ќалайша т‰сінілді? Б±л ‰шін олар не істеу керек еді?

  6. Аѓартушылыќ дєуірініњ кµркем єдебиеті мен µнері туралы не білесіз?


Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Деизм – ќ±дайдыњ болѓандыѓын, кейіннен µз зањдары бойынша дамитын д‰ниеніњ бейнесіз алѓашќы себебі ретінде мойындайтын ілім.



Азаматтыќ ќоѓам – мемлекеттен тєуелсіз мєдениет формаларымен дамыѓан єлеуметтік ќатынастардыњ (экономикалыќ, ќ±ќыќтыќ, саяси т.б.) жиынтыѓы.

Идеология – ќоѓамдыќ идеялардыњ, теориялардыњ, кµзќарастардыњ жиынтыѓы, олар єлеуметтік болмысты белгілі бір таптыњ м‰ддесі тарапынан бейнелейді жєне баѓалайды.

Єлеуметтік прогресс – ќоѓамныњ ќарапайым, тµмен ±йымдасќан формалардан к‰рделі, жоѓары ±йымдасќан формаѓа µтуініњ бірте-бірте дамуы.

Атеизм – ќайсы-бір жоѓарѓы к‰штердіњ, жалпы дінді , ќ±дайды терістейтін ѓылыми жєне философиялыќ кµзќарастардыњ ж‰йесі.
Мәнжазбалар тақырыптары:

  1. Ф. М. А. Вольтердіњ тарих философиясы.

  2. Ф.М.А. Вольтер дін жµнінде.

  3. Ж.Ж. Руссоныњ µмірі мен шыѓармашылыѓы.

  4. Ж.Ж. Руссоныњ «ќоѓамдыќ келісім» теориясы.

  5. Француз аѓартушылыѓыныњ єлеуметтік философиясы.

  6. Ш.Л. Монтескьеніњ єлеуметтік- саяси ілімі.

  7. ХҮІІІѓ. француз материализмі ќоѓам туралы.

  8. Гольбахтыњ « Табиѓат ж‰йесі».

  9. Ламетридіњ материализмі.


С¤Ж тақырыптары:

  1. Прогресс бостандыѓы мен зерде ќ±ќыѓы ‰шін француз жєне неміс аѓартушылыѓыныњ к‰ресі.

  2. Аѓартушылыќтыњ мєні.

  3. Ш.Л. Монтескьеніњ адам, тарих жєне ќ±ќыќ жµніндегі ілімі.

  4. Гольбах жєне Ламетридіњ натурфилософиясы.

  5. Гельвецийдіњ этикалыќ кµзќарастары.

  6. Неміс аѓартушылыѓы.

  7. И.Г.Гердердіњ « Адамзат тарихыныњ философиясына идеялары».

  8. Аѓылшын аѓартушылыќ философиясы.

  9. АЌШ-таѓы аѓартушылыќ философия.


Тест сұрақтары:

  1. ХҮІІІғ. аѓартушылыќ философиясыныњ негізгі идеясын кµрсетіњіз:

1)ѓылымѓа табыну жєне адамзат прогресі;

2)т±тас бірлік идеясы;

3)д‰ниелердіњ кµптігі туралы идея;

4)коммунизм идеясы;

5)фатализм идеясы.

2. Аѓартушылардыњ пікірінше аѓарту жолындаѓы басты кедергі:

1)µнер;

2)дін;


3)байлыќ;

4)мемлекеттік билік;

5)адамдардыњ ќарањѓылыѓы;

3.Француз философтары Дидро, Гольбах, Гельвеций, Ламетри ќай баѓытќа жатады?

1)идеализм;

2)материализм;

3)рационализм;

4)скептицизм;

5)дуализм;

4. « Ќоѓамдыќ шарт туралы» деген ж±мысты жазѓан:

1)Бэкон;


2)Дидро;

3)Руссо;


4)Гоббс;

5)Вольтер;

5. Алѓашќы француз энцилопедиясын µз басшылыѓымен шыѓарѓан атаќты француз философ – аѓартушысы:

1)Руссо; 2)Дидро; 3)Ламетри; 4)Вольтер; 5)Гольбах;



  1. ХҮІІІғ. француз материалистерініњ ќайсысы «Адам – машина» атты кітапты жазѓан:

1)Дидро; 2)Гольбах; 3)Ламетри; 4)Кондорсе; 5)Гельвеций;

7. ХҮІІІѓ. француз материалистері детерминацияныњ ќай т‰рін ќабылдады?

1)индетерминизм; 2)механикалыќ детерминизм; 3)диалектикалыќ детерминизм; 4)табиѓат детерминизмі; 5)б±л мєселеде айќын т±раќты болмаѓан;


  1. «Ќұдай жµнінде мен ештење білмеймін» деген:

1)Руссо; 2)Дидро; 3)Декарт; 4)Гольбах; 5)Вольтер;

9. Тµменде аты аталѓан философтардыњ ќайсысы француз аѓартушылыѓыныњ µкілі болып табылады?

1)Кант; 2)Руссо; 3)Локк; 4)Гердер; 5)Юм;

10.Гольбах философия тарихыныњ ќай дєуіріне жатады?

1)антикаѓа; 2)орта ѓасырѓа; 3)жања уаќытќа; 4)ќайта µрлеу дєуіріне; 5)аѓартушылыќ дєуіріне;

Әдебиеттер:


  1. Волгин В.П. Развитие общественной мысли во Франции ХҮІІІв. М.: Наука. 1977г.

  2. Нарский И.С. Западноевропейская философия ХҮІІІв. М. Высшая школа. 1974г.

  3. Соколов В.В. Европейская философия ХҮ-ХҮІІІвв. М. 1996.

  4. Рассел Б. История западной философии в 2-х Т.2. М.1993.

  5. История философии в кратком изложении. Пер. И.И.Богута-М.1991.

  6. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия.-А.:"Білім", 2001.

  7. Философия тарихы: Оқулық. /Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәлі.-А.: Жеті жарғы, 1999.

8 тақырып: Неміс классикалық философиясы

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге немістің классикалық философиясының ерекшеліктері мен тарихи маңызын түсіндіру. Неміс философиясын Батыстағы идеалистік философиясының ең жоғарғы сатысы ретінде сипаттау. Неміс философиясының, соның ішінде И.Канттың, Г.Гегельдің Л.Фейербахтың философиялық ілімдерінің ішкі қайшылығын, консервативтік және прогрессивтік жақтарын ашу;

Кешегі Кеңес дәуірінде И.Кант ілімінің лайықты бағасын ала алмағанын, теріске шығарылып келгенін ескере отырып, оның құнды, жаңашыл қағидалары мен идеяларына баса көңіл бөлу; студенттерге философияда Кант жасаған "коперниктік төңкерістің" мәнін түсіндіру;

Студенттерге Г.Гегельдің ілімін батыстағы классикалық шынайы философияның үлгісі ретінде таныстыру, Гегель негіздеген объективтік идеализмнің нақты шындыққа жақындығын көрсету. Гегель философияның ғылыммен, дінмен, өнермен, тарихпен, құқықпен, саясатпен байланысы қандай болатынын, қандай болуы керектігін көрсетті. Гегель ілімінде философия теориялық пайымдау, ғылым дәрежесіне көтерілді. Гегель негізін қалаған идеалистік диалектиканың мәні мен маңызын және сыңаржақтылығын студенттерге түсіндіру;

Л.Фейербахтың өзінің ұстазы Гегельдің ілімін және христиан дінін қатал сынауының мәнісін ашу. Фейербах философиясының антропологиялық бағытын түсіндіру;

Семинар сабағының жоспары:

1- сабақ

1. ХҮІІІ-дың 2 жартысындағы және ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы неміс философиясының классикалық сипаты.

2. Неміс философиясының негізін қалаушы И.Канттың өмірі мен шығармашылық қызметі.

3. И.Канттың философияда жасаған "коперниктік төңкерісі".



2 - сабақ

1. Г.Гегельдің идеалистік жүйесі.

2. Г.Гегельдің диалектикалық тәсілі.

3. Л.Фейербахтың идеалистік философия мен дінді сынауы.

4. Л.Фейербах философиясының антропологиялық сипаты.

Бақылауға арналған сұрақтар:

1. "Сыни" кезеңге дейін И.Кант қандай мәселелермен көбірек айналысты?

2. Канттың философияда жасаған "коперниктің төңкерісінің" мәнісі неде?

3. "Өзіндік зат" деген Канттың ұғымы нені аңғартады?

4. Канттың этикасының басты қағидалары.

5. Канттың "Антропологиясының" негізгі сұрақтарын талда.

6. Немістің классикалық философиясындағы И.Фихтенің орны қандай?

7. Ф.Шеллингтің қандай идеялары дүниенің қазіргі ғылыми көрінісіне сай келеді?

8. Г.Гегельдің философиялық идеяларының жаңашылдығы неде?

9. Гегель тарихты қандай позиция тұрғысынан түсіндіреді?

10. Гегельдің: "Шындықтың бәрі ақылға сыйымды, ақылға сыйымдының бәрі шындық" деген қағидасын түсіндір.

11. Маркс пен Энгельс Гегель ілімінің "рациональдық дәні" неде деп білді?



12. Л.Фейербах діннің мәнін қалай түсінеді?

Негізгі ұғымдар (глоссарий)

Классикалық философия - философиялық пайымдаулардың үлгісі болып табылатын, философияның барлық білімдері мен бағыттары, принциптері мен категориялары жүйелі түрде қарастырылған және негізделген, әлемдік философияға оңтайлы ықпал етіп келе жатқан философия.

Субъективтік идеализм - сыртқы дүниенің, оның қасиеттері мен қатынастарының адам санасына, субъектіге, "Менге" тәуелді екенін паш етеді.

Объективтік идеализм - идеяның, зерденің, рухтың яғни рухани бастаманың материядан ғана емес, адам санасынан да тәуелсіз екендігін паш етеді.

Диалектика - (грек. диалогос - әңгіме өткізу) алғашқыда, Сократ тұсында әңгімелесу, пікір алмасу өнері, кейін неміс философиясында даму теориясы және даму процесін қарастыру тәсілі, объективтік дүние мен танымның қалыптасуы және дамуы, жалпы заңды байланыстары жөніндегі ілім.

Идеалистік диалектика - Гегель негізін қалаған рухани бастаманың (идеяның, зерденің, рухтың) сыртқы әсерге тәуелсіз өздігінен дамуы жөніндегі ілім.

Материалистік диалектика - Маркс негіздеген табиғаттың, қоғамның және адамзат танымының дамуы жөніндегі ілім.

Объективтік диалектика - "заттар диалектикасы" (Ленин), объективтік дүниенің қозғалысы және дамуы.

Субъективтік диалектика - "ұғымдар диалектикасы" (Ленин) ұғымдардың, ойлаудың, танымның дамуы.

"Өзіндік зат" - Кант іліміндегі санадан тыс және санаға тәуелсіз өмір сүретін, субьъектпен қарым-қатынасқа енбеген, сондықтан танылмаған зат жөніндегі ұғым.

Агностицизм - (грек. агностос - танылмайтын) - ғылым және өмір тәжірибесінде кездеспейтін затты тану мүмкіндігін жоққа шығаратын ілім.

Априоризм - (лат. - а приори - бұрынғыдан) - тәжірибеден тыс және тәуелсіз пайда болатын білім жөніндегі Кант ілімі.

Категориялық императив - Кант ұсынған адамгершілік заңы: сен өзіңе басқаның қиянат жасағанын қаламасаң, сен де басқаға қиянат жасама.

Субъект және объект - немістің классикалық философиясында негізделген таным мен практикалық іс-әрекеттің субъекті мен объектін бейнелейтін ұғымдар.

Рух - идеальдық құбылыстар (тіл, адамгершілік, идеология, саясат, дін, өнер, философия т.б.) комплексін бейнелейтін ұғым.

Әлемдік рух - тұтас дүниенің негізі және жаратушысы болып табылатын объективтік идеалдық бастаманы бейнелейтін Гегель философиясының ұғымы.

Феноменология - (грек. файнеменон - пайда болатын) - Гегель философиясында сананың, рухтың қалыптасып, дамып жетілуі. Гегельдің "Рух феноменологиясын" Маркс "Гегель философиясының түпкі мәні және құпиясы" деп атады.

Жаттану (жатсыну) - Гегель ілімінде әлемдік рухтың даму барысында өзінің қарама-қарсылығына, табиғатқа айналуы, басқа болмысты құруы.

Антропологиялық принцип - Фейербахтың пікірінше, адамды бетке ұстайтын жаңа философияны - адам философиясын құруға мүмкіндік береді.

Мәнжазбалар тақырыптары:

  1. Немістің классикалық философиясының қалыптасуының тарихи жағдайлары.

  2. Канттың өмірі мен шығармашылық қызметі.

  3. Кант - жаратылыстанушы - ғалым.

  4. Кант ойшыл ретінде.

  5. Кант антропологиясының басты сұрақтары.

  6. И.Г.Фихте тұлғасы.

  7. Ф.В.И.Шеллингтің натурфилософиясы.

  8. Г.Гегельдің "Абстракты ойлайтын кім?" деген еңбегі.

  9. Гегельдің "Рух феноменологиясындағы" еңбек мәселесі.

  10. Гегель диалектикасының тарихи маңызы.

  11. Гегельдің тарихты идеалистік тұрғыдан түсінуі.

  12. Гегель және Маркс: олардың ілімдерінің бірлігі және қарама-қарсылығы.

  13. Немістің классикалық философиясының тарихи маңызы.

  14. Маркс пен Энгельстің Гегельге қатынасы (Ф.Энгельстің "Людвиг Фейербах және немістің классикалық философиясының ақыры" деген еңбегі бойынша).

  15. Маркс пен Энгельстің Фейербахқа қатынасы (Ф.Энгельстің "Людвиг Фейербах және немістің классикалық философиясының ақыры" еңбегі бойынша).

СӨЖ тақырыптары:

1. И.Канттың "Таза зердеге сынындағы" антиномиялар.

2. Канттың критицизмі.

3. И.Фихте философиясындағы субъектің белсенділігі.

4. И.Фихтенің әлеуметтік-саяси көзқарастары.

5. Ф.Шеллингтің натурфилософиясындағы адам мен табиғат.

6. Г.Гегельдің "Рух феноменологиясының" маңызы.

7. Гегельдің историзмі.

8. Гегель іліміндегі нақтылық принципі.

9. Л.Фейербах адам мәні туралы.



10. К.Маркс пен Ф.Энгельстің материалистік көзқарасының қалыптасуындағы Л.Фейербахтың рөлі.

Тест сұрақтары:

1.Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы:

1)Кант;

2)Гегель;

3)Фейербах;

4)Шеллинг;

5)Фихте.




2.Сыни кезеңге дейін Кант негізінен

1)ғалым

2)философ

3)ағартушы

4)жазушы

5)ұстаз




3.Философтар есімдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз: Кант-Фихте - Шеллинг….Фейербах:

1)Гегель;

2)Гердер;

3)Гете;

4)Маркс:

5)Лейбниц.




4.И.Кант ілімін сипатта

1)таным табиғатын ашқан, философияда төңкеріс жасаған ілім

2)объективтік идеализм

3)панлогизм

4)антропологиялық материализм

5)гносеологиялық оптимизм




5.И.Кант бойынша дүниені бірегей тұтастығында ойлауға, сөйтіп өзіндік заттар дүниесін тануға бет алған ақыл-ой кезігетін шешілмейтін қайшылық қалай аталады?

1)антиномия;

2)апория;

3)дилемма;

4)антитезис;

5)триада.




6.Таным белсенділігі жөніндегі идеяны алғаш ұсынған

1)Кант

2)Фихте

3)Гегель

4)Фейербах

5)Маркс




7.Пайымның категориялары тәжірибеге дейін берілген және өзіндік заттар дүниесіне ешқандай қатынасы жоқ дейтін И.Кант:

1априоризм;

2)монизм;

3)реализм;

4)гилозоизм;

5)пантеизм.




8.Категориялық императив ұғымын ұсынған

1)Кант

2)Спиноза

3)Фихте

4)Гегель

5)Маркс




9."Өзіндік зат"

1)танылмаған нәрсе

2)утопиялық ұғым

3)ешқандай мәні жоқ атау

4)сыртқы дүниедегі нәрсе

5)идеалистік ұғым




10.И.Фихтенің негізгі шығармасын көрсетіңіз?

1)"Ғылым-ілім";

2)"Логика ұғымы";

3)"Христиандықтың мәні";

4)"Таза ақылды сынау";

5)"Табиғат философиясының идеялары";




11."Таза зердеге сынның" авторы кім?

1)Кант;

2)Конт;

3)Фихте;

4)Гегель;

5)Шеллинг.




12."Трансценденталдық идеализм жүйесін" жазған

1)Шеллинг

2)Кант

3)Фейербах

4)Фихте

5)Энгельс




13.Немістің классикалық философиясында натурфилософиялық жүйені құрған

1)Шеллинг

2)Кант

3)Фихте

4)Гегель

5)Фейербах




14.И.Канттың таным теориясының өзіндік белгісі?

1)агностицизм;

2)скептицизм;

3)сенсуализм;

4)эмпиризм;

5)монизм.




15.Гегель философиясының бастамасы не?

1)абсолюттік рух

2)қабылдау;

3)апейрон;

4)материя;;

5)монада.




16.Қайшылықтар дүниені қозғаушы күш болып табылады және қайшылықтарсыз даму жоқ деп ұйғарған кім?

1)Гегель;

2)Фихте;

3)Вольтер;

4)Шеллинг;

5)Аристотель;




17.Гегель жүйесі философиядағы қай бағытқа жатады?

1)объективтік идеализмге;

2)субъективтік идеализмге;

3)механикалық материализмге;

4)дуализмге:

5)диалектикалық материализмге;




18.Гегельдің қандай еңбегін Маркс оның философиясының шын мәніндегі қайнар көзі және құпиясы деп атады

1)"Рух феноменологиясы"

2)"Эстетика"

3)"Логика ғылымы"

4)"Табиғат философиясы"

5)"Дін философиясы"




19.Философия тарихында диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген кім?

1)Гегель;

2)Аритотель;

3)Р.Декарт;

4)Лейьниц;

5)Руссо.




20.Гегель филоосфиясының негізі

1)диалектика

2)софистика

3)эвристика

4)метафизика

5)формальды логика




21.Л.Фейербах Гегель философиясын не үшін сынаған?

1)идеализмі үшін;

2)эмпиризмі үшін;

3)софистикасы үшін;

4)эклектизмі үшін;

5)дуализмі үшін.




22.Басымен тұрған Гегель философиясын аяғынан тік тұрғызған

1)Маркс

2)Ницше

3)Фейербах

4)Ленин

5)Герцен




23.Л.Фейербахтың философиялық ілімі қалай аталады?

1)антропологиялық материализм;

2)тұрпайы материализм;

3)дуализм;

4)механикалық материализм;

5)аңғал материализм;




24.Неміс классикалық философиясының қай өкілі "Христианшылдықтың мәні" кітабының авторы кім болып табылады?

1)Л.Фейербах;

2)И.Кант;

3)В.Шеллинг;

4)И.Фихте;

5)Г. Гегель.


Әдебиеттер:

  1. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999

  2. Әбішев Қ, Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. Алматы 1990.

  3. Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы, 1994.

  4. Нысанбаев Ә, Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы. 1999.

  5. Кант И, Гегель Г.В.Ф., Шеллинг Ф.В.И. Немецкая классическая философия Т.1. М., 2000 (серия "Антология мысли").

  6. Фихте И.Г., Шопенгауэр А. Немецкая классическая философия Т.2. М., 2000 (серия "Антология мысли").

  7. Гулыга А.В. Кант М., 1981 ("ЖЗЛ")

  8. Гулыга А.В. Шеллинг М., 1984 ("ЖЗЛ")

  9. Гулыга А.В. Гегель М., 1970 ("ЖЗЛ")

  10. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия 2-изд. М., 2001.

  11. Ж.Абдильдин Диалектика Канта// Ж. Абдильдин Собр. соч. в 5 т. Т.Ү, Алматы, 2001.

  12. Ф. Энгельс. Людвиг Фейербах және немістің классикалық философиясының ақыры. Алматы, 1986.

  13. Философия. Оқулық (проф. Т. Ғабитовтың ред.)

  14. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына шолу). Алматы, 1999.

  15. Рысқалиев Т.Х. Гегель. Ұлттық энциклопедия "Қазақстан" Т.2. Алматы, 1999.

9 тақырып: Марксизм философиясы



Сабақтың мақсаты:

Студенттерді марксизмнің қалыптасуының тарихи жағдайларымен, диалектикалық-материалистік философияның негізгі принциптерімен таныстыру, тарих пен мәдениетті материалистік тұрғыдан түсінудің түрлі аспектілерін қарастыру. Диалектикалық-материалистік әдісті қоғам өмірінің әлеуметтік-саяси саласына қолдану ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу, "жатсыну", "өндіріс тәсілі", "қоғамдық - экономикалық формация" ұғымдарына қазіргі заманның өзекті мәселелері тұрғысынан талдау жасау.



Семинар сабағының жоспары:

1. Марксизмнің қалыптасуының тарихи жағдайлары.

2. Марксизмнің диалектикалық-материалистік принциптері (материяның, қозғалыс, кеңістік, уақыттың бірлігін философиялық негіздеу).

3. Сана және таным диалектикалық объектілер ретінде.

4. Марксизм философиясындағы еңбектің және қоғамдық тарихи практиканың ролі.

5. Тарихты материалистік тұрғыдан түсінудің мәні.



Бақылауға арналған сұрақтар:

1. Маркстік философияның қалыптасуының тарихи жағдайы мен теоретикалық алғышарттары қандай?

2. "Диалектикалық материализм" ұғымы нені білдіреді?

3. Маркстік философиядағы "практика" категориясының орны мен мәнін көрсетіңіз.

4. Материалистік диалектиканың мәні неде?

5. "Материя" және "сана" ұғымдарының мазмұнын анықтаңыз.

6. Материяның, қозғалыстың, кеңістіктің және уақыттың өзара байланысы мәселесі марксизмде қалай ашылады?

7. Марксизмдегі "объективтік ақиқат" ұғымдарының мазмұны қандай?

8. Марксизмнің әлеуметтік философиясының негізгі идеяларына сипаттама беріңіз.

Негізгі ұғымдар(глоссарий):

Диалектикалық материализм - марксизм философиясының жалпы сипаттамасы және қайнар көзі болып саналатын философиялық принципі, негізгі принциптердің, философиялық ұғымдардың және осы философияның заңдарының жиынтығы. Материяға қатысты алғанда сананың екінші екендігін көрсететін анықтама.

Өндіріс тәсілі - еңбекті, практиканы ұйымдастырудың тарихи тұрғыдан өзгеріп отыратын тәсілі, қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының бірлігі.

Қоғамдық-экономикалық формация - белгілі бір тарихи даму сатысындағы қоғам; материалдық игіліктерді өндіруудің белгілі бір тәсілі оның негізінде жатады.

Еңбектің жатсынуы - марксизм философиясының басты ұғымдарының бірі, материалдық игіліктерді өз еңбегінің жемісі мен нәтижесіне қатысты.

Коммунизм - марксизм философиясындағы қоғамдық дамудың ұмтылысы мен мақсаты, материалдық өндірісте эксплуатациядан, теңсіздіктен, арылу, адам мен қоғамның жан-жақты дамуы.
Мәнжазба тақырыптары:

1. Марксизмнің негізін қалаушылардың өмірі мен шығармашылығы.

2. Марксизм философиясындағы дүниенің материалдық бірлігі.

3. Ф.Энгельстің "Анти-Дюринг" және "Табиғат диалектикасы" еңбектеріндегі диалектика мәселелері.

4. К.Маркстің "Капитал" еңбегіндегі философиялық әлеууметтік-саяси идеялар.

5. К.Маркстің жатсыну концепциясы және оның әлеуметтік мәні.

6. Марксизм философиясындағы универсальдық адам.

7. Марксизмнің коммунистік идеясының ХХ ғ. тарихи оқиғалардағы ролі.


СӨЖ тақырыптары:

1. К. Маркс, Ф.Энгельс және В.И.Лениннің өмірбаяндары.

2. Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы және оның марксизм философиясындағы ролі.

3. Марксизм қоғамның әлеуметтік құрылымы жөнінде.

4. ХХ ғ. марксизмнің тарихи тағдыры.

5. Марксизм және қазіргі заман.


Тест сұрақтары:

1.Тарихтың материалистік түсінігін тарихта алғаш жасап берген кім?

1)Г.В.Плеханов;

2)Л.Фейербах;

3)К.Маркс;

4)Вольтер;

5)Ж.Ж.Руссо;

2. К.Маркстің негізгі еңбегі қалай аталады?

1)"Табиғат диалектикасы";

2)"Этика";

3)"Тарих философиясы";

4)"Капитал";

5)"Логика ғылымы"

3. К.Маркс ілімі бойынша қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы қандай?

1)қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды;

2)қоғамдық сана қоғамдық болмысты анықтайды;

3)олар бір-бірімен аабсолютті түрде байланысты емес;

4)олар өзара антогонистік қатынааста;

5)олар бір-бірімен толық

4. Марксизм философияның негізін қалаушыларды көрсетіңіз

1)Левкипп пен Демокрит;

2)К.Маркс пен Ф.Энгельс;

3)Ф.Бэкон мен Р.Декарт;

4)Г.В.Плеханов пен В.И.Ленин;

5)П.Гольбах пен К.гельвеций

5. Ф.Энгельстің өз заманы тұсында жаратылыстанудың жаңалықтарын философиялық тұрғыдан топшылаған шығармасының аты:

1)"Табиғат философиясы";

2)"Анти-Дюринг";

3)"Философиялық дәптерлер";

4)"Табиғат диалектикасы";

5)"Математикалық қолжазбалар".

6. Марксизм философиясының басты ұғымы

1)сана;

2)ойлау;

3)идея;

4)материя;

5)құдай

7. Ленин басты, негізгі деп санаған диалектика заңы



1)сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы;

2)Терістеуді терістеу заңы;

3)мән және құбылыс заңы;

4)қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы;

5)жеткілікті негіз заңы;

8. "Материализм мен эмприокритицизм" еңбегінің авторы кім?

1)В.И.Ленин;

2)К.Маркс;

3)Н.Г. Чернышевский;

4)Н.Федоров;

5)Н.Бердяев;

9. Тарихи процесті жіктеудің формациялық концепциясының авторы кім?

1)К.Ясперс;

2)К.Маркс;

3)О.Шпенглер;

4)П.Сорокин;

5)Гегель;

10. Марксизм философиясында дүниенің бірлігі қалай түсіндіріледі?

1)дүниенің бірлігі оның бар болуында;

2)дүниенің бірлігі оның біртұтастығында;

3)дүниенің бірлігі оның материалдылығында;

4)дүниенің бірлігі құдайдың жасампаз қызметінің нәтижесі екенінде;ъ

5)дүниенің бірлігі абсолюттік рухта;

Әдебиеттер:


  1. Ленин В.И. Материализм және эмприокритицизм Т.18. Алматы., 1976.

  2. Ленин В.И. Марксизмнің үш негізі және үш құрамдас бөлігі.

  3. Маркс К. Фейербах туралы тезистер. Маркс К., Энгельс Ф. таңд. шығ. 3 томдығы, 1-том. Алматы, 1976.

  4. Энгельс Ф. Табиғат диалектикасы. Алматы, 1982.

  5. Введение в философию. Учебник для высших учебных заведений (в двух частях). Под. ред. Фролова И.Т. ч.1. М., 1989 г. глава ІІІ.

  6. Философия. Учебник для вузов. Под ред. профессора В.Н.Лавриненко, профессор В.П.Ратникова - 2-е издание, переработаннее и дополненное М: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. раздел ІІ, глава 8.

  7. Философия. Курс лекций. Учебное пособие для студентов вузов. Науч. рук. В.Л.Калашников. Центр Владос 1997. Раздел Ү. Тема 27.

  8. Скирбекк Г. Гильс Н. История философии. Учебное пособие под. ред. С. Крымского М.Владос 2000. Глава 21.

  9. Джованни Реале и Дарис Антисерн. Западная философия от истоков до наших дней. Том 4. Санкт-Петербург. 1997.

  10. Кузьмин В.П. Принцип системности в теории и методологии К.Маркса. М.1986.

  11. Маркс. Философия. Современность. Под. ред. Т.И.Ойзермана.

М. 1988

  1. Нысанбаев Ә. Марксистская диалектика и современная наука. А. 1984.

10 тақырып: Орыс философиясы


Сабақтың мақсаты:

Студенттерге орыс философиясының ерекшеліктерін, негізгі бағыттары мен әлемдік рухани мәдениеттегі оның алатын орнын түсіндіру.

Студенттерге орыс философиясындағы ойшылдардың негізгі идеяларын философиялық түрде баяндау.
Семинар сабағының жоспары:

1-сабақ:



  1. Орыс философиясының ерекшеліктері және әлемдік рухани мәдениеттегі оның орны.

  2. ХІХ ғ. Ресейдің тарихи дамуы және оның философиялық ойда берілуі.

  3. П.Я.Чаадаевтың философиялық көзқарастары.

  4. Орыс революцияшыл демократтарының материализмі (А.И.Герцен., Н.П.Чернышевский және т.б.).

2-сабақ:

  1. ХІХ-ХХ ғ. басындағы діни-идеалистік ой (В.Соловьев., П.Флоренский., Н.Бердяев шығармашылығы).

  2. Орыс космизмі: әлем мен адамға жаңа көзқарас (В.И.Вернадский., К.Э.Циолковский., А.Л.Чижевскийдің ғылыми және философиялық еңбектері).

ХІХ-ХХ ғ. тоғысында идеялық күрестің күшеюі. ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі мәселелері.
Бақылауға арналған сұрақтар:

1.Орыс философиясы дамуының негізгі сатыларын атаңыз.

2.Орыс философиясындағы материалистік бағыттың негізгі өкілдерінің идеяларын атаңыз.

3.Орыс консерватизмінің негізгі сипаты қандай?

4.А.И.Герценнің шығармашылығының маңыздылығы неде?

5.Батысшылдық бағыттың негізін сипаттаңыз.

6.Славяншылдардың философиялық көзқарастары мен өзіндік белгісін ашып көрсетіңіз.

7.»Халықшылдықтың» орыс философиясындағы мазмұны қандай?

8.В.Соловьевтің философиясындағы біртұтастықтың тарихи ролі қандай?
Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Православие-христиан дінінің негізінен Шығыс Европа, Таяу Шығыс елдері мен Балқанда таралған бір түрі. Православие Европаның батысы мен шығысында феодализмнің әр түрлі даму жолдарының нәтижесінде ХІ ғасырда біржола дербес бағыт болып бөлініп шықты.

Ағартушылық-ғылымның, зерденің, рационалдық танымның жетістіктерін негізге алатын философиялық жне идеялық бағыт.

Славяншылдық-ХІХ ғасырдағы орыс қоғамдық ой-пікіріндегі консервативті саяси және идеалистік философиялық ағым. Өкілдері: И.Киреевский, К.Хомяков және И.Аксаковтар.

Батысшылдық-ХІХ ғасырдың 40 жылдарындағы феодалдық-крепостниктік қатынастарды жойып, Россияны «батыстың» жолымен, яғни буржуазиялық жолмен дамытуды жақтаған орыстың қоғамдық ойындағы ағым. Өкілдері: А.Герцен, Н.Чернышевский, Д.Писарев және т.б.

Мәнжазбалар тақырыптары:


  1. Орыс философиясының ерекшеліктері.

  2. П.Чаадаевтың «Философиялық хаттары» және қазіргі заман.

  3. Орыс космизмі философиясындағы Адам және әлем.

  4. В.Соловьевтың махаббат философиясы.

  5. Ф.Достоевский шығармашылығындағы философиялық мазмұн.

  6. Л.Толстойдың философиясы мен адамгершілік ізденістері.

  7. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс ойшылдарының идеялық ізденістері.

  8. Герценнің шығармашылындағы Әлеуметтік-саяси және философиялық идеялар.

СӨЖ тақырыптары:

  1. В.Соловьевтің орыс діни-идеалистік философиясы.

  2. Н.Чернышевскийдің шығармашылығындағы социалистік идеялар.

  3. ХХ ғасырдағы орыс философиясының тарихи бөлінуі.

  4. Н.Бердяевтің орыс философиясындағы христиандық-экзистенциалистік бағыты.

  5. ХХ ғасырдағы Марксизмнің тағдыры (диалектика және материализм).

Тест сұрақтары:

1." Философиялық хат " трактатының авторы, Ресейдің кейін қалуын сынаушы , белгілі орыс ойшылы:

1)Грибоедев;

2)Бакунин;

3)Герцен;

4)Огарев;

5)Чаадаев;

2. Орыс консерватизмінің философиялық идеясын аныңтаңыз:

1)дамудың органикалық теориясы,

2)дамудың революциялық теориясы;

3)деспотизм;

4)материализм;

5)Республиканизм;

3.Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың, Д. И. Писаревтің әлеуметтік - саяси позициясы қандай ?

1)консерватизм;

2)революциялық демократия;

3)славяншылдық;

4)монархизм;



5)республиканизм:

4.Төменде аты көрсетілген философтардың қайсысын орыс космизміне жатқызуға болады?




1)Чижевский;

2)Чернышевский;

3)Бердяев;

4)Чаадаев;

5)Достоевский.




5.1922 ж. Советтік Ресейден қудаланған көрнекті орыс философы, ХХғ. басындағы орыс діни философиясының бір өкілі, "Еркіндік философиясы", "Шығармашылық мәні", "Тарих мәнісі" және т.б. шығармалардың авторы:

1)Н.А. Бердяев;

2)В.И. Вернадский,

3)П.А. Флоренский;

4)Л.Н. Толстой;

5)В.С.Соловьев.




6.Белгілі орыс жазушысы, публицист әрі ойшыл, Ш.Уәлихановтың досы, "Қылмыс пен жаза" романының авторы.

1)Ф.М. Достоевский;

2)Н.А. Добролюбов;

3)Н.Г. Чернышевский;

4)Л.Н. Толстой;

5)В.С. Соловьев.




7.Славяндар мен батысшылдар арасында тартыс тудырған мәселені анықтаңыз:

1)ресейдің және орыс халқының тарихи тағдыры;

2)қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы;

3)жалпы ұғымдар табиғаты;

4)дүниені танып-білу мәселесі;

5)экологиялық мәселе.




8.Төменде аталған ойшылдардың қайсысы ХІХ-ХХ ғғ. орыс діни философиясының өкілі болып табылады?

1)В.С. Соловьев;

2)Н.П. Огарев;ъ

3)М.А. Бакунин;

4)А.И. Герцен;

5)В.Г. Белинский.




9.Ресей тарихының кеңестік кезеңінде философиялық ойдың қай бағыты үстем болды?

1)маркстік-лениндік;

2)неопозитивистік;

3)неотомистік;

4)орыс космизмі;

5)эмпириокритикалық.




10."Ноосфера" термині нені сипаттайтынын көрсетіңіз:

1)зерде саласын;

2)еңбек саласын;

3)космостық өркениет саласын;

4)микробөлшектердің өзара әсерлесу саласын;

5)геосфераны.


Әдебиеттер:

  1. Философия. Учебник для ВУЗов. Под редакцией профессора В.Н.Лавриненко. Москва. Юнити-ДАМА 2001. Раздел II глава 10.

  2. Русская философия. Словарь. Москва 1995г.

  3. Хрестоматия по истории философии (часть II). Ответственный редактор Л.А.Микешина. Москва. Владос 1997 г.

  4. Н.О.Лосский. История русской философии. Москва 1991 г.

  5. История философии: Запад-Россия-Восток. Москва. 1995 г.

  6. Философская мысль восточных славян. Москва. 1999 г.

  7. Н.А.Бердяев. Смысл творчества. Москва. 1998 г.

  8. Н.А.Бердяев. Смысл истории. Москва 1990 г.

  9. Н.А.Бердяев. Судьба России. Москва 1991 г.

  10. К.Э.Циолковский. Грезы о земле и небе. Тула 1986 г.

  11. А.Л.Чижевский. Земное эхо солнечных бурь. Москва 1973 г.

  12. В.Н.Вернадский. Размышление натуралиста в 2-х книгах. Москва 1975 г.

  13. В.В.Розанов. Уединенное. Москва 1990 г.

  14. Русский космизм. Антология философской мысли. Москва. Педагогика-Пресс 1993 г.

№11 тақырып: XV – XX ғ. қазақ философиясы

Сабақтың мақсаты:

Қазақ философиясының ерекшеліктерін даналық пен түсінік тұрғысынан анықтау, оның мазмұны мен сыр-сипатын ашу, XV – XX ғ. қазақ философиясының даму тарихынан хабардар ету.

Студенттердің ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, халық даналығынан сусындату.

Қазақ ойшылдарының шешендік сөздері мен өсиеттерін тағылым ете отырып, гуманизм рухында тәрбиелеу.
Семинар сабағының жоспары:

1 – сабақ



  1. Қазақ философиясының ерекшеліктері.

  2. Ақын –жырау және билер даналығы мен түсінігі.

  3. Қазақ ойшылдарының шешендік өнері.

2 – сабақ

  1. Қазақ ағартушы – ойшылдары: Ш.Уәлиханов және Ы. Алтынсарин.

  2. Абай Құнанбаев, оның қазақ философиясы тарихындағы ролі мен орны.

  3. XX ғ. басындағы қазақ философиясы.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақ философиясы қандай философия ?

Ғұмар Қараштың төмендегі “Өмір пәлсапасы” деген өлеңінен қандай ой түйесіз ?

Мысалы мынау жалған бір жел қайық,

Қылт етіп, қия бассаң кетер тайып

Таяныш тұрағы жоқ болғаннан соң,

Бұлайша мысал етсек болар лайық.

Жүрмеңіз мәңгілікті жұртқа сайып,

Тіршілік бес күннен небар тиген еншің

Пайдалан мейлінше қанат жайып.

Аз еншің, өкінішті жолға шашпа,

Келуі қайта айналып алмағайып.

Қалмайды ізі жолың бұ жиһанда,

Кеткен күн тағдыр суы, жуып, шайып.

Нені іздеп келіп едің, қайда кеттің,
Бұл жұмбақ шешуі жоқ таңғажайып.


Анық сол: атқан таңдай әзі ғұмыр

Уақыты бітсе кетер әлі – ақ байып.

  1. Бұқар жыраудың төмендегі толғауынан қандай философиялық түйін жасауға болады ?

Әлемді түгел көрсе де, Ілімді түгел білсе де

Алтын үйге кірсе де, Қызығын қолмен бөлсе де,

Аспанда жұлдыз аралап, Қызықты күні қырындап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,- Қисынсыз күйге түссе де,-

Қызыққа тоймас адамзат. Өмірге тоймас адамзат.

Жақындап ажал тұрса да,

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап, көңілі қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да,-

Үмітін қоймас адамзат !


  1. Қазақ философиясының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Қазақ философиясындағы экзистенциалдық дегенді қалай түсінесіз?

  3. Қазақ философиясы бастауын қайдан алады?

  4. Қазақ қоғамындағы ақын – жырау, би – шешендердің орны қандай болды?

  5. Билер философиясы жөнінде не білесіз?

  6. Ағартушылық философиясының мәні неде?

  7. Ш. Құдайбердиевтің қазақ философиясындағы орны қандай?

  8. Абай дүниетанымының өзегі мен қайнар көздері.

11. “Үш анық” еңбегінің философиялық маңызы.

Негізгі ұғымдар (глоссарий):

Даналық - философия мен адамды жақындастыратын қажетті буын, олардың арасындағы рухани көпір (Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері / Философия тарихына шолу / Алматы, 1999).

Экзистенциалдық – (лат.өмір сүру, тіршілік ету деген сөзден шыққан) қазақ философиясының бір ерекшелігі. Қазақ дүниетанымында өмірдің мәні, өмір мен өлім, адам болмысы т.б. экзистенциалдық ұғымдарға терең мән беріледі.

“Көшпенділер философы” - Ш. Уәлиханов Асан Қайғыны осылай атаған. Толық аты - Хасен Сәбитұлы (XV ғ) аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының асқан ойшылы.

“Мен” - философиялық позиция. Қазақ философиясында билер мен шешендердің, ақын – жыраулардың өз атынан сөйлеп, өз ойын, түсінігін ”Менін” паш ете отырып, өздерін ақыл – ойдың субъектісі ретінде көрсетуі.

Жалған дүние – қазақ ойының философиялық сипатын аша түсетін экзистенциалдық ұғымдардың бірі. Бәрі өткінші, дүние бір күйде тұрмайды. Орыс әдебиетінде, “Тауратта” ”суета сует” деген осы қазақ ұғымына балама болып келетін сөз бар.

Жарық дүние – қазақтың дүниеге көзқарасының оптимистік сыңайын танытатын ұғым. Бір жағынан, бүкіл әлемді бейнелесе, екінші жағынан, адам әлемін, адамның туғаннан өлгенге дейінгі тіршілігін аңғартады.



Тәуба – философиялық ұғым, ол қандай да бір құбылыстың рухани өлшемі.

Ағартушылық XIX ғ. бірінші жартысы мен XX ғ. басында қоғамдық сананың дамуында жетекші роль атқарған ой.

“Толық адам” – Абай, Шәкәрім, Иассауи философиясында тұжырымдалған жетілген адам ( араб тіліне аударғанда ал – инсан ал – камил, жәуанмәртлік).

“Адам бол!” – Абайдың этикалық – гуманистік принципі.

“Мен” және ”менікі” - Абай философиясындағы экзистенциалдық ұғымдар (тән мен жан, рух).
Мәнжазба тақырыптары:


  1. Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи, әлеуметтік – мәдени алғышарттары.

  2. Жеті жарғы және қазақ қоғамының құқықтық негіздері.

  3. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінігі.

  4. Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын.

  5. Бұқар жырау шығармашылығындағы әлемді түсіну.

  6. Зар заман ақындарының әлеуметтік философиясы.

  7. Махамбеттің “Мен” позициясы.

  8. Абай шығармашылығындағы гуманизм.

  9. Ә. Бөкейхановтың философиялық идеялары.

  10. М. Дулатовтың әлеуметтік – антропологиялық ойлары.

  11. М. Жұмабаевтың шығармашылығындағы экзистенциалдық мәселелер.

  12. М. Әуезовтің философиялық көзқарастары.

  13. Ш. Құдайбердиев философиясындағы сенім және парасат мәселесі.

  14. Ш. Құдайбердиевтің ар ілімі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет