Дәріс мақсаты Дүниетану» пәнін оқыту әдістері. . Оқыту әдісі дегеніміз – ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілеттерін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын әдістер арқылы оқушыға жаңа білім беріп, бұрын алған білімдерді бекітуді қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.
Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктеп отырып, одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және машықтық іс-әректеке қолдана білу болып табылады.
Әдістердің қай-қайсысы болса да оқушыларға мұғалімнің баяндап берген даяр білімін игеруге, мұғалімнің басшылығымен, өздігімен жұмыс істеуге, ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі.
Әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталған іс-әрекеттерін де қамтып көрсетеді. Осы жұмыстың барысында балалар оқуға үйренеді, яғни білім игеру әдістерін меңгереді.
Бақылау өткізуді ұйымдастырумен жазып алуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бақылау дегеніміз – оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру.
Балалар экскурсия кезінде де бақылайды.Бірақ бұл белгілі бір кезеңде болатын құбылыс.Сондықтан мектеп оқушыларын 1-ші сыныптан бастап жүйелі бақылай білуге үйреткен дұрыс.
Оқушылардың әрқайсысында календерьдан басқа жеке бақылау күндклігі болады.Оның жүргізілуіне мұғалім баға қояды. Мұғалім ай немесе маусым соңында бүкіл класқа жинақтап , қорытындылау сабағын өткізеді. Онда бақылау қорытындысын жинақтап қарапайым қорытындылар жасайды, салыстырып, сәйкестендіреді.
Мұғалімдер бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдарды (топырақ үлгілері, үлестірмелі материалдармен бірге пайдаланатын қазбалар жинағы, мәдени және жабайы өсімдіктер кеппешөптері, экскурсиядан әкелінген өсіп тұрған шөптер) кеңінен қолданылады. Табиғи нәрселерді табиғи күйінде көрсететін осы құралдар табиғаттану сабақтарында қажетті де маңызды болып саналады. Мектеп оқушылары олармен жұмыс істеуге ынтық болады және олар білім алуға жәрдемдеседі.
Сонымен балаларды табиғи көрнекі құралдармен таныстыру мұғалімге сол жердегуі табиғат ерекшеліктерін түсіндіруге, ал оқушыларға жекелеген объектілерінің қасиеттерін біліп, елімізде қандай да бір табиғи байлықтардың пайдаланылуын анықтьауға жәрдемдеседі.
Дүниетану сабақтарында әңгімелесу. Мұғалім сабаққа дайындалғанда баяндаудың сабақтағы орнын анықтайды. Оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді, баяндаудың жоспарын жазады, сөздердің дұрыс айтылуын, екпіннің дұрыс түсуін, дұрыс ырғағын қадағалай отырып,әңгіменің бүкіл мазмұнын жоспар бойынша дауыстап айтып шығады.
Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып дұрыс құрылса оқушыларды өзіне тартып, оқылатын тақырыптың мазмұнымен оларды қызықтырады, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.
Әңгімелесу – бастауыш сыныптардағы өте кең таралған және тиімді әдіс. Мұғалім әңгімелесу барысында мақсатқа бағытталған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен бастауыш сынып оқушыларының бақылау және өмірдегі тәжірибесі негізінде оқушыларды жаңа материалды қабылдай білуге әзірлейді, олардың өздігінен қорытынды, талдап қорыту жасауына көмектеседі, жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Әңгімелесу өтілген материалды жүйелі түрде пысықтап бекітуді жүзеге асырады.
Егер мұғалім әңгімелесу өткізе отырып, оқушыларға жүйеліктегі сұрақтарды қоя білсе ол қажетті педагогикалық тиімділік береді.
1)Кіріспе әңгімелесу
2)Жаңа білімді хабарлау.
3)Қорытынды әңгімелесу