Оқу -әдістемелік кешен



бет25/71
Дата05.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#12676
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Дәріс мазмұны: 1. «Дүниетану» мәніндегі қоршаған дүниені танудағы қарапайымнан күрделінуінің бірізділігі.
2. Пәннің интегративті маңызы. Адам, табиғат, қоғам мен адам еңбегі блогінің жүйесі.
3. «Дүниетану» пәнін мектеп бағдарламасы мен оқулықтарға анализ жасау. 1 – 4 сынып.
Дәріс мақсаты Дүниетану» пәнінде оқу материалдарын іріктеу принциптері мен құрылымы.

Бастауыш сыныптарда дүниетану курсының міндеттері, мазмұны.


Жоспар:

  1. Дүниетану стандартын талдау;

  2. Дүниетану оқулықтарын талдау;

  3. Дүниетанудан пәнаралық байланыс.

  1. Дүниетану пәні «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп аталатын 3 блоктан құрылады. Өзінің мазмұны, құрылымы жағынан пін мынадай елеулі ерекшеліктермен сипатталады:

  • «Адам» блогы. Біщдің мектеп тарихымыз, адамда, оның айналасындағы дүниемен қарым-қатынасымен жан-жақты қарастырып, оқушыларды таныстыруды бастайтын алғашқы пән.

  • Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп, 1-4 сыныптарда ұздіксіз оқытылады.

  • Әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек және бөлінбес бөлігі ретіндегі табиғатпен қарым-қатынасы туралы жүзеге асыру.

  • Бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми мәдениетін әр түрлі салаларынан оқушыны қаруландыру арқылы жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыру.

Базалық білім мазмұнын сыныптар бойынша жіктелуі.
1 сынып -68 сағат. Кіріспе-4сағ, «Адам»-6 сағ, «Табиғат»-36 сағ, «Қоғам»-22 сағ. Тірі және өлі табиғат. Табиғаттағы өзгерістер. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі. Адам еңбегі. Маусымдық өзгерістер.
2 сынып – 68 сағат. «Адам»-8 сағ, «Табиғат» - 33 сағ, «Қоғам»-27 сағ. Судың, ауаның қасиеттері. Көбеюі.
3 сынып – 68 сағат. «Адам»-8 сағ, «Табиғат»-34 сағ, «Қоғам»-26 сағ. Сарамандық жұмыс: өлшеу аспаптарымен жұмыс, сағатпен, күнтізбемен жұмыс, балықпен, жапырақтармен тәжірибе, дене, зат түсініктерін пысықтау, бөлмедегі жылы ауа мен суық ауаның алмасуы, тау жыныстарының үлгілері, Қызыл кітап, отбасы, т.б.
4 сынып – 68 сағат. «Адам»-6 сағ. «табиғат»-38 сағ, «Қоғам»-24 сағ. Адам блогында – «Адам – қоғам перзенті» деген ұғым беру. Адам өміріндегі еңбектің рөлі. «Табиғат» блогында табиғатты зерттеу әдістерінен басталады. ҚР-ның географикалық картасымен, пайдалы қазбалар, өзен, көлдер, жердің жарты шарлар картасы бойынша құрлықтармен, мұхиттармен танысу. Қазақстан және ТМД елдері, ҚР-ның Ата Заңы.
2. Дүниетану оқулықтарына талдау. Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану оқулықтары стандартқа сай құрылған, оқулықтағы бүкіл стандарттық материал жеке сабақтар бойынша бөлінген.
1-сыныпқа арналған оқулықтарына тоқталсақ, оқулықтың материалы жеткізу жөніндегі ерекшелігі, онда балаларға негізгі оқу информацияны суреттер береді. Тексттер қысқа, шымыр жазылған мақалалар, шағын әңгімелер мен түсініктемелер, сұрақтар тапсырманың айқын жүйесі ретінде берілген. Әрбір бетте суреттер. Сол суреттерге сұрақтар мен тапсырмалар сериясы берілген. Оқулықтың стандарттағы блок мазмұнына сәйкес құрылған. «Адам» блогында 1-сынып оқушыларды адамның сезім мүшелерімен таныстырады. Әрбір тақырыптан кейін «Есіңде болсын» деген қысқа қорытындылар берілген. «Табиғат» блогында тақырыптар жыл мезгілдеріне қарай құрылған. «Қоғам» блогында отбасы, мектеп, ауыл, қала, Отан, туған елтақырыптары топтастырылып берілген. Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі конвенция, бала мүддесін қорғау жөнінде айтылады. Оқулық қоршаған ортаны қорғау тақырыптарымен аяқталады. Айналадағы дүниені қорғау қазіргі және болашақ ұрпақ үшін керек.
2-сынып арналған оқулықтағы материал стандартқа сай. Құрылу принципі өлкетану. «Адам» блогында материал адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасына байланысты берілген. «Табиғат» блогында көкжиек компосының құрыдысы, сурет және сұлба, деген тақырыптардан басталады. Өсімдіктердің мүшелері менолардың көбеюітуралы мәліметтер берілген, жануарлардың тіршілікке қажетті жағдайларға бейімделуі туралы танысып отырады. Өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл кітабымен танысады. «Қоғам» блогында Отанның рәміздері, адамның шаруашылығының түрлерімен танысады. Оқулықтағы материалдар соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.
3-сыныпқа арналған оқулық стандартқа сай құрылған. Оқулық 17 тараудан құралған. «Адам» блогында «Адам – табиғат перзенті» деген бағытта берілген. Адамның сезім мүшелері, ас қорыту, қан айналым, тыныс алу және жарақат алғандаалғашқы жәрдем көрсетумен таныстыру. «Табиғат» блогы табиғатта зерттеу әдістері туралы оқушыларға түсінік беру. Денелер, заттар, құбылыстар, географиялық карта, өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі мен тіршілік ету ортасы қарастырылады. «Қоғам» блогында Отан, ел рәміздері, елді басқару органдары, қазақ халқы дәстүрлері туралы танысады. Мәтіндер бойынша суреттер берілген. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес келеді. Сөздік жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сарамандық жұмыстар берілген. Оқулық иллюстрациямен жақсы жабдықталған. Ең басты мәселелері Отанның табиғаты, табиғат байлықтары туралы, сұлба мен картаны қолдану, т.б. «Адам» блогында берілген материалдар адамның шығу тегімен оқушыларды таныстырады. «табиғат» блогында еліміз ғарыштың державасы, жердің өз кіндігінен айналуы және күнді айналып қозғалуы. «Қоғам» блогында отбасы, мектеп, қала, ауыл, Отан туралы таныстыра отырып, оқушы болашақ өз елінің еңбекші қайраткер деп түсінік беру. Сарамандық жұмыстар берілген. Еліміздің тарихи материалдаркеңінен қаралуда.
3. Дүниетану пәніндегі пәнаралық байланыс. Дүниетану пәнінің мазмұны.
Әр блок бойынша басқа пәндермен байланысы бар.
«Адам» блогы бойынша қазақ тілімен. Дыбыстардың рөлі, кітаппен, мәтінмен жұмыс істеу, тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу. Сөйлеу мәдениеті. Сипаттау. Талдау, баяндау, шығарманы мәнерлеп оқу, монолог, диалог. Ана тілі: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер. Математика: арифметикалық 4 амал.Еңбек: адам өміріндегі еңбектің маңызы.
«Табиғат» блогы бойынша. Ана тілі: табиғат объектілерін, құбылыстарын, әсем көріністерін, өсімдіктер мен жануарларды, оларды қорғау қажеттігін бейнелейтін шығармалар, жұмабқтар, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыз-әңгімелер, өлеңдер. Математика: арифметикалық 4 амал, баға, сан, масса, көлем, жалдамдық, уақыт туралы түсініктер, геометриялық бейнелер, шамаларды өлшеу. Бейнелеу өнері: табиғат бояулары (күз, қыс, көктем, жаз), табиғат өрнектері және халықтық сәндік қолөнері (қазтабан, өркеш, қосмүйіз), суретшілердің табиғат жайындағы туындылары (Кастеев, Ғалымбаева, Айвозовский), т.б.
«Қоғам» блогы бойынша. Ана тілі: мектеп, оқушы, мұғалім, туыс, ауыл, оның көркі, табиғаты, адамдары, ата-ана, бауыр, ата-әже, дос, ел, Отан, осы бойынша жазылған әңгімелер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер. Математика: арифметикалық сан, көлем, уақыт туралы түсінік, геометриялық шамаларды өлшеу, геометриялық бейнелер. Еңбек: ауылшаруашылығының даму еңбегі, техникалық еңбек, т.б. Музыка: Еліміздің әнұраны, халқымыздың табиғаты, оған деген өз қатынасын адамдардың әлеуметтік көңіл-күй сезімдерін бейнелейтін күйлер, т.б.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет