Күн мен түн
«Күн мен түн». Алаңның ортасына екі түзу сызық сызылады, ара қашықтығы 1,5 м. Топ екіге бөлінеде де, әр қайсысы өз сызығының қасында бір – біріне қарсы сапқа тұрады. Бір команда «Күн» деген атқа ие болады, келесі топ «Түн».
Басшы алаңның шетінде тұрады, ойыншылардың барлығы оны көріп тұруы керек, оннан кейін әртүрлі гиимнастикалық жаттығулар жасайды, оны барлық ойыншылар қайталауы керек. Кенеттен ол «Күн» дейді. Бұл топтың ойыншылары бірден өз алаңындағы сызықтың ар жағына жүгіріп кетуге тырысуы керек, ал «Түн» тобының ойыншылары оларды қуып жетіп, оларды таңбалауға тырысуы керек. Әрбір ұсталған ойыншы үшін, топқа бір ұпай беріледі. Ойын белгілі бір айып санына дейін немесе уақытқа орай жүргізіледі. Аз айыппұл ұпай алған топ жеңімпаз болып саналады.
Ойынды ойнаушыларды бастапқы қалпын ауыстыру арқылы жасауға болады.
Ойын басталғанда ойыншылардың қырағын арттыру үшін «түн» немесе «күн» командасын беру арқылы қолды жоғары көтеріп, алақанды соғып, отырып, секіру. Кейде домалақ тақтайды қолдануға болады. бір жағы ақ, бір жағы қара. Бұнда басшы домалақ тақтайды артына ұстап тұрып, кенеттен біресе ақ, біресе қара жағын көрсетеді.
Кейде өзін – өзі қоғап қашып кететін ойыншылар болады. Мұндай құрамалар айыппұл ұппай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |