Бөлім
|
Бөлімше
|
Тақырыптар
|
Оқыту мақсаттары.
Білім алушылар тиісті:
|
1-тоқсан
|
Мемлекет және құқық
|
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
|
Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы
|
10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып ұғымын түсіндіру;
10.1.1.2 құқықтың функционалдық маңызын нақты мысалдар арқылы ашу
|
Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде
|
10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт);
10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау
|
Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам
|
Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері
|
10.1.2.1 құқықтық мемлекеттің принципте рін айқындау;
10.1.2.2 әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету
|
Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары
|
10.1.2.3 конституциялық принциптер негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату;
10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету
|
Адам құқықтары түсінігі
|
Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері
|
10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру;
10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени);
10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт)
|
Сот төрелігінің принциптері. Құқық қорғау органдары
|
Сот төрелігінің принциптері
|
10.1.4.1 сот төрелігінің принциптерін нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру
|
Қазақстан Республикасы
ның құқық қорғау органдары
|
10.1.4.2 Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау
|
2-тоқсан
|
Жария құқық
|
Қазақстан Республикасы
ның конституция
лық құқық жүйесі
|
Қазақстан Республикасы конституция
лық құқығының институттары
|
10.2.1.1 Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру;
10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар)
|
Әкімшілік құқық жүйесі
|
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі
|
10.2.2.1 мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру
|
Экологиялық құқық негіздері
|
Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны
|
10.2.3.1 экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымын және нысанын түсіндіру;
10.2.3.2 экологиялық кодекс негізінде өзекті экологиялық проблемаларды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
|
Қылмыстық құқық жүйесі
|
Қылмыстық кодекс қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде
|
10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау;
10.2.4.2 нақты өмірлік жағдаяттарды қылмыстық құқық нормаларына сәйкестендіру
|
Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілік ке тартылатын тұлғалар
|
10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау;
10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыс тық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау
|
Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары
|
10.2.4.5 жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау;
10.2.4.6 адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылу шарттарын айқындау
|
Қазақстан Республикасы ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі
|
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер
|
10.2.5.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық-саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру;
10.2.5.2 нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану
|
3-тоқсан
|
Жеке құқық
|
Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары
|
Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері
|
10.3.1.1 Қазақстан Республикасының азаматтық құқығыың қайнар көздерін түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер);
10.3.1.2 азаматтық құқық принциптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру;
10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау
|
Азаматтық құқықтың объектілері
|
10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша ажырата білу;
10.3.1.5 нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау
|
Мәміле түсінігі және оның түрлері
|
10.3.1.6 құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымын және оның түрлерін түсіндіру
|
Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы
|
10.3.1.7 мысалдар келтіре отырып, меншік құқығы ұғымын және оның негізгі өкілеттілігін түсіндіру;
10.3.1.8 құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру
|
Міндеттемелік құқық
|
10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу;
10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау
|
Тұтынушылар құқығы туралы заңнама
|
Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі
|
10.3.2.1 Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау;
10.3.2.2 заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру
|
Отбасы құқығы жүйесі
|
Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері
|
10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы»)
|
Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі
|
10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;
10.3.3.3 әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу
|
Еңбек құқығы жүйесі
|
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастары ның құқықтық реттелуі
|
10.3.4.1 Қазақстан Республикасы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;
10.3.4.2 әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарының іске асуын зерттеу
|
4-тоқсан
|
Іс жүргізу құқығы
ның негіздері
|
Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері
|
Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері
|
10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру
|
Қылмыстық процесс субъектілері
|
10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату
|
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауының негіздері
|
10.4.1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету
|
Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері
|
Азаматтық процестің міндеттері мен принциптері
|
10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау
|
Азаматтық процестің субъектілері
|
10.4.2.2 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау;
10.4.2.3 кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау
|
Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері
|
Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері
|
10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру;
10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау
|
Халықаралық құқық
|
Халықаралық жария құқығы
|
Халықаралық жария құқығы түсінігі
|
10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау
|
Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы
|
Қазіргі халықаралық құқықта адам құқықтарын қорғау механизмдері мен процедуралары
|
10.5.2.1 қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау
|
Бөлім
|
Бөлімше
|
Тақырыптар
|
Оқыту мақсаттары
Білім алушылар тиісті:
|
1-тоқсан
|
Мемлекет және құқық
|
Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде
|
Заң шығару жүйесі
|
11.1.1.1 нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау;
11.1.1.2 нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу
|
Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
|
11.1.1.3 заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру;
11.1.1.4 заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру
|
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде
|
11.1.1.5 қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау
|
Қазақстан Республикасын
да құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы
|
Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет
|
11.1.2.1 Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру
|
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институтта
рының дамуы
|
11.1.2.2 Қазақстан Республикасы азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру;
11.1.2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалау (Үкіметтік емес ұйымдар және тағы басқалар)
|
Қазақстан Республикасын
да адам құқығын қорғау
|
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы
|
11.1.3.1 нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру;
11.1.3.2 азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау
|
Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция
|
11.1.3.3 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру
|
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы
|
11.1.3.4 Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру
|
Сот жүйесі
|
Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі
|
11.1.4.1 сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету;
11.1.4.2 судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету
|
2-тоқсан
|
Жария құқық
|
Қазақстан Республикасын
дағы азамат
тық және сайлау
|
Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институты
|
11.2.1.1 азаматтық ұғымын ашу;
11.2.1.2 қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
|
11.2.1.3 Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
|
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
|
Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
|
11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
|
Жер құқығы негіздері
|
Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны
|
11.2.3.1 жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;
11.2.3.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату
|
Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері
|
Адам және азаматтардың конституция лық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
|
11.2.4.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
|
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық
|
11.2.4.1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік
|
11.2.5.1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату;
11.2.5.2 Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
|
3-тоқсан
|
Жеке құқық
|
Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері
|
Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты
|
11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;
11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты
|
11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;
11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
Мұрагерлік құқық
|
11.3.1.3 мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру;
11.3.1.4 заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болуды ажырату
|
Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы
|
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері
|
11.3.2.1 қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру;
11.3.2.2 нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау
|
Авторлық құқық негіздері
|
Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны
|
11.3.3.1 авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;
11.3.3.2 авторлық құқық саласында нақты жағдайды шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
|
Отбасы құқығы институттары
|
Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері
|
11.3.4.1 Отбасын отбасы құқығының институты ретінде айқындау;
11.3.4.2 ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру
|
Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері
|
11.3.4.3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау
|
Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері
|
11.3.4.4 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау
|
Еңбек құқығының базалық нормалары
|
Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері
|
11.3.5.1 еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау;
11.3.5.2 кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу
|
Еңбек дауларының қаралуы
|
11.3.5.3 жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау
|
4-тоқсан
|
Іс жүргізу құқығы
ның негіздері
|
Қылмыстық іс жүргізу
құқығының институттары
|
Қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институты
|
11.4.1.1 қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру
|
Кәмелетке толмағандар дың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу
|
11.4.1.2 кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау
|
Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері
|
11.4.1.3 Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау
|
Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары
|
Талап қою іс жүргізуінің негіздері
|
11.4.2.1 талап қою шарттарын түсіндіру;
11.4.2.2 талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру
|
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері
|
11.4.2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету
|
Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары
|
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар
|
11.4.3.1 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу
|
Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері
|
11.4.3.2 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету
|
Халықаралық құқық
|
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі
|
Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы
|
11.5.1.1 Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру;
11.5.1.2 Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу.
|