Ќр іім аќтґбе заѕ институты



бет1/8
Дата18.10.2022
өлшемі100,5 Kb.
#153684
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
хаттама
Педагогика дайындық үшін-1

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы
Ақтөбе заң институты
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доценті
полиция подполковнигі З.З.Нұрыштың ашық дәріс сабағын
талқылау мәжілісінің
_____ ХАТТАМАСЫ
05 қараша 2019 жыл Ақтөбе қаласы


Төраға: ОӘО аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Ж.Ж. Аксакова
Хатшы: ЖҚП кафедрасының оқытушысы полиция майоры Р.Н. джигитова
Өткізілетін орны: № 1 оқу ғимараты, 221 дәріс залы,
Оқу топтары – 2 А курс 201-203 оқу топтары.
Өткізу уақыты: сағат 10.40 – 11.20
Пәні: «Қазақстан Республикасы отбасы құқығы»
Сабақтың тақырыбы: № 6 «Алименттік міндеттемелер»
Қатысқандар:
А.К. Ибраева - ЖҚП кафедрасының бастығы полиция подполковнигі;
М.Салауатов - ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі;
М.Д. Тулешев - ЖҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры;
Ж.Есмамбетова - ЖББ кафедрасының доценті полиция подполковнигі;
С.Мендыбаева - ЖББ кафедрасының оқытушысы полиция майоры;
Г.Токпанбетова - ҚҚ және криминология кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры.


Күн тәртібі:
Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.Нұрышпен «Қазақстан Республикасы отбасы құқығы» пәнінен № 6 «Алименттік міндеттемелер» тақырыбы бойынша 2А курс 201-203 оқу топтарында өткізілген ашық дәріс сабағын талқылау
Сөз алғандар:
Ж.Аксакова.:
– Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, бүгін ЖҚП кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.Нұрышпен ашық дәріс сабағы өткізілді, осыған байланысты талқылауға белсенді қатысып, сабақ өткізу сапасына жан-жақты талдау жүргізіп, өз пікірлеріңізді беруіңізді сұраймын. Алдымен Жалпы құқықтық пәндер кафедрасының бастығы полиция подполковнигі заң ғылымдарының кандидаты А.К.Ибраеваға сөз берейік.
А.К.Ибраева.:
- ЖҚП кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.Нұрыштың ашық дәріс сабағы жоғары оқу әдістемелік деңгейде дайындалып, сонымен қатар аудиторияның дайындығы, көрнекі оқу құралдары қамтамасыз етіліп өткізілді.
Оқытушымен дәріс материалдары жетік меңгерілген. Тақырып бойынша курсанттарға дәрісті толық жеткізе білді. Сабақ уақытында басталды, сабақтың жоспары айтылды, сонымен қатар сабақ жоспары көрнекі слайдта да ұсынылды. Тақырыптың атауы, осы тақырыпқа берілген аудиториялық сағат уақыты, тақырыптың өзектілігі және басқа да құқықтық пәндермен байланысы айтылды.
Оқытушымен тақырыпқа байланысты әдебиеттер, кодекс, нормативтік –құқықтық актілер берілді.
Әрбір сұрақты талқылау барысында экранға сұрақтың атауы және қысқаша сұрақ бойынша мәліметтер ұсынылды. Әр сұрақ бойынша тұжырымдамасы айтылды. Барлық сұрақтарды қарастырған кезде аудиториямен байланыс орнатылды. Аудиториядан да сабаққа деген қызығушылық қозғалыстары басталды.
Дәрістің оқылу барысында Қазақстан Республикасының неке және отбасы кодексіне сілтемелер жасалды. Сабақ уақытында аяқталды.
Қорытындылай келе, сабақ жетістіктері жақсы деңгейде өткізілді, оқу –әдістемелік талаптар сақталды деп есептеймін. Сабақ соңында семинар сұрақтары, қосымша өзіндік дайындық жұмысына тапсырмалар берілді. Сабақ соңында бейнероликтің көрсетілуі курсанттарға тәрбие ретінде дұрыс берілді деп санаймын.
Ұсыныс ретінде айтарым оқытушымен сабақтың өзектілігі мен мақсаты курсанттарға жазып алыңыздар деген айтылды. Менің пікірімше сабақтың мақсаты мен өзектілігін курсанттар конспекті ретінде жазбаса да болады. Тақырыпқа арналған әдістемелік өңдеу бойынша барлық сұрақ уақыттар сақталды. Сабақ уақытында аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет