Ќр іім аќтґбе заѕ институты



бет7/8
Дата18.10.2022
өлшемі100,5 Kb.
#153684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
хаттама

Г. Ибыжанова.:
- Оқытушымен өткізілген байқау сабағының жақсы деңгейде өткізілгенімен құттықтаймын. Оқытушының сабақ барысында уақытты талапқа сай жақсы пайдаланылды. Бұрын оқытушыларға кіріспе бөлімінде уақытты үнемді пайдалану қажеттілігі туралы көп ескертулер айтылған болатын. Соған байланысты шығар деп ойлаймын оқытушы Нұрышпен кіріспе бөлім аз уақытқа қамтамасыз етілді. Сабақ уақытында аяқталды. Оқытушының байсалды дауыс ырғағымен дәрісті жеткізгені аудиторияны өзіне тартымды баурай білді.


С.Ж. Ахметжанова.:
– Оқытушының байқау сабағын жақсы деңгейде өткізгені үшін құттықтаймын. Сабақ уақытында басталып, жоспар бойынша қарастырылған сұрақтар бойынша тақырып толық қамтылды. Сабақ барысында оқу құралдарының, кодекс, заңдар, нормативтік-құқықтық актілердің толық қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы сабақ барысында қолданылды.Сонымен қатар, тыңдаушыларға өзіндік дайындық сабағы барысында Жолдауға байланысты баяндама түрінде келесі семинар сабағына тапсырмалар орындап келулеріне тапсырмалар берілді. Оқытушы Нұрышпен өткізілген байқау дәріс сабағы әдістемелік деңгейде өткізілді деп есептеймін.


Л.Жубандыкова.:
– Біздің жағымыздан айтылған сын - ескертулер мен кемшіліктердің барлығы сізге алдағы уақытта қажет болар деп есептеймін. Байқау сабағын бірінше рет өткізіп отырғандықтан сабақ өз оқу әдістемелік деңгейінде өткізілді. Сабақ өткізілместен бұрын барлық оқу-әдістемелік құжаттары күндізгі оқу факультетіне ұсынылды, құжаттар бойынша дәріс, семинар және тәжірибелік оқу жоспары, әдістемелік өңдеулер талапқа сай дайындалған, хабарлама уақытында ілінді.
Сабақ уақытында басталды, сәйкесінше уақытында аяқталды, сондықтан ешқандай ескертпе жоқ. Кейбір оқытушылар тарапынан семинар сабағына және өзіндік дайындық жұмысына қосымша сұрақтар, тапсырмалар беруге үлгере алмаушылықтар болады, ондай жағдайлар орын алған жоқ.
Уақыт көлеміне келетін болсақ, екінші сұрақ бойынша өте көп уақыт бөлінген. Сабақ барысында сізбен аудиторияға тақырыптың өте көлемді екенін бірнеше рет қайталадыңыз, мүмкін осыған байланысты сіздің әдістемеңіз бойынша осы уақыт аралығы сақталу керек болған шығар деп ойлаймын, әдістемелік өңдеу бойынша сабаққа берілген хронометражы сақталды. Тағы бір жақсы жағы, слайд түріндегі дидактикалық материалдың құрылуы өте жақсы, қарауға өте ыңғайлы, қысқаша, нақты және әр түрлі сызбалар арқылы жасалынған. Оқытушымен тыңдаушыларға түсіндіру әдісі, жазбаша әдістері қолданылды.
Барлық жоспар бойынша қарастырылған сұрақтар бойынша қорытынды жасалынды.
Ескерту ретінде айта кететін болсақ, тыңдаушылар тарапынан үлгере алмаушылықтары жөнінде сұрақтар туындады, осыған байланысты оқытушымен қандай да бір шара қолданылуы қажет. Менің ойымша, осындай кемшіліктерді қалайда бір ретке келтіру арқылы, мүмкін слайдтрдың көлемін азайтып, көбінесе түсіндіру арқылы жер туралы тәжірибелік мысалдар келтіре отырып қалпына келтіру қажет болар деп есептеймін. Тыңдаушылардың назарын аудару керек.
Дидактикалық материалдың көп көлемде қолданылуы нәтижесінде үлгермеушілік орын алды деп есептеймін. Себебі тыңдаушылардың бір жағынан жазып үлгермеушілігі, слайдтың көп көлемде көрсетілгені әсерінен болып отырды. Алдағы уақытта осындай кемшіліктердің жол берілмеуін қамтамасыз етуіңіз қажет. Тыңдаушыларға сабақты тек қана жазып алу емес, түсініп отыруларының қажеттігін, барлық дәріс бойынша құжаттардың, қор дәрісі, әдістемелік нұсқау мен дидактикалық материалдардың барлығы институт кітапханасында қамтамасыз етілгенін, өзіндік дайындық жұмысында толықтырулары қажет екенін ескерту қажет. Сол себептен дәрістің міндеті тек қана жазу үшін емес, тақырыпты түсіндіруге бағытталу қажет.
Сабақ барысында тәрбиелік, педагогикалық әдістердің барлығы қолданылуы қажет. Аудиториямен байланыс өте қажет, тыңдаушылар тарапынан егер жазбай отырған тыңдаушы болса, не себептен жазбай отырғандары жөнінде ескертулер жасалыну қажет, тыңдаушыларды тіртіпке келтіру керек. Негізгі ретінде маған ұнағаны оқытушының пәнді, тақырыптың материалдарын толық меңгеруі. Тағы бір ескерту ретінде дауыс ырғағын жоғарылату қажет. Тәртіпті қатаң түрде ұстау қажет.
Байқау дәріс сабағы оқу-әдістемелік деңгейде өткізілді, өз мақсатына жетті деп есептеймін. Алдағы семинар сабағына семинар сұрақтары, қосымша тапсырмалар берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет