Ќр іім аќтґбе заѕ институты



бет6/8
Дата18.10.2022
өлшемі100,5 Kb.
#153684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
хаттама

Қ.Б. Хожақов.:
Дәріс сабағы өз уақытында басталды. Сабақ барысында техникалық құралдар пайдаланылды. Сабақ тақырыбы беріліп, барлық сұрақтарға жеке жеке қорытынды берілді. Сабақ жақсы оқу – әдістемелік деңгейде өткізілді, қойылған мақсатына жетті. Сабақ өз мәресіне жетті және әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрастырылған деп ойлаймын.


Д. Ешниязова.:
– Біріншіден оқытушының байқау сабағын өткізгені үшін алғысымызды білдіремін. Дәріс сабағы оқу - әдістемелік деңгей сәйкесінше өткізілді. Оқытушының оқу материалдарын толық меңгергені көрініп отыр. Оқытушымен теқ қана конспекті жазбаша түрінде де, сонымен қатар ауызша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді, электронды техникалық құралдардың көмегімен дидактикалық материалдың қолданылуы сабақты толық меңгеруге көмектесіп, тыңдаушылар тез қабылдай алады. Сондықтан техникалық құралдардың үнемі қолданылуы, аудиторияның дайындығы, дәріс оқытушысының сабаққа деген дайындығы өте ұнады, сабақ мақсатына жетті деп санаймын.
А.С. Маханова.:
- Оқытушылар айтқан пікірге толық қосыламын. Байқау дәріс сабағы педагогикалық және методикалық тұрғыдан нақты, талапқа сай деңгейде өте жақсы деңгейде өткізілді. Сабақ барысында қолданылған материалдардың бәрі тақырыпқа сай, әр сұрақ бойынша яғни бірінші сұрақ, екінші және үшінші сұрақтар бойынша дидактикалық материалдың қолдануы уақытқа сай қамтамасыз етіліп отырылды. Жас оқытушы ретінде көп жағынан жақсы жақтарын меңгеруге болатындай деңгейде өткізілді. Сонымен қатар, барлық қарастырылған сұрақтар бойынша қорытынды жасалынды.


Ж. Жукаева.:
– Оқытушыға байқау дәріс сабағын жеткілікті әдістемелік деңгейде өткізгені үшін алғысын білдірді. Дәріс сабағы барлық жағынан көрнекі түрде өткізілді, дәрісті жазбай-ақ бәріне жеткілікті түсіндірілді, аудитория бірқалыпты деңгейде отырды. Сабақтың уақытында басталуы әр сұрақтың уақытымен жеткізілуі, оқытушының материалды толық меңгеруін білдіреді.
Тағы бір айта кететін жайт, дәрістің қазақ тілінде өткізілуі, қазақ тілінде оқу материалдарын табу өте қиын. Қазақ тілінде оқулықтар жеткіліксіз, кейбір оқулықтардың аудармасы да түсініксіз болып келеді, әсіресе құқыққа қатысты материалдардың жетіспеушілігі әрине үлкен қиыншылық, бірақ соған қарамастан оқытушымен аталған тақырып бойынша материалдардың жеткілікті қамтамасыз етілуі, оқытушының өзіндік ізденушілігінің көрініп тұрғаны, барлығын тыңдаушыларға жеткізе білгендігі үлкен жетістік. Оқытушымен байқау сабағын бірінші рет өткізіліп отырғандықтан айтылған, жібелген кемшіліктер алдағы уақытта назарға алынады деп есептеймін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет