Г.Н.Токпанбетова.: Ашық дәріс сабағы жақсы өткізілді. Дәріс мақсаты, өзектілігі, неке және отбасы құқығы бойынша кодекспен жұмыс жасау ішкі істер органдарымен орындалу жағдайлары толығымен ашылды. Курсанттарға алдағы уақытта аталған пәннің тәжірибемен байланысы бойынша толық мағлұмат алынды деп санаймын. Алименттік міндеттемелер бойынша жаңадан енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың таныстырылуы, Қазақстан Респбликасындағы есептік айлық көрсеткіштердің курсанттарға жеткізілуі маңызды болды деп санаймын. Мұндай мәліметтерді курсанттар білмеулері де мүмкін. Алдағы уақытта тәжірибеде қажеті болады. Оқытушымен тақырыпқа қатысты мәліметтердің жеткізілуі және тақырып бойынша қойылған бейнеролик тәрбиелік жағынан көмек береді деп санаймын.
Ж.Ж.Аксакова.: – Оқытушының оқу материалдарын толық меңгергені көрініп отыр. Оқытушымен теқ қана конспекті жазбаша түрінде де, сонымен қатар ауызша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді, дидактикалық материалдың қолданылуы сабақты толық меңгеруге көмектесіп, курсанттар тез қабылдай алды.
Оқытушы көп жағдайда аудиторияның арасында жүру арқылы аудиторияны көз алдында ұстай білді. Курсанттар тарапынан сұрақтар қойылып сабақ қызықты өтті. Қорытындылай келе, сабақ жетістіктері жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, оқу –әдістемелік талаптар сақталды деп есептеймін. Сабақ соңында семинар сұрақтары, қосымша өзіндік дайындық жұмысына тапсырмалар берілді.
Оқу әдістемелік өңдеу талаптарына байланысты барлық сұрақ көлемдері сақталды. Жалпы сабақ уақытында басталды, уақытында аяқталды.
Себебі оқытушымен бұл пәнді басқа пәндермен байланыстыра отырып емін - еркін курсанттарға жеткізуі оқытушының пәнге деген жауапкершілігі екені көрініп отыр.
Пәнді, тақырыптың материалдарын толық меңгеруі. Техникалық құралдардың үнемі қолданылуы, аудиторияның дайындығы, дәріс оқытушысының сабаққа деген дайындығы ескеріле отырып, оқу-әдістемелік құжаттардың барлығын, сабақтың уақытында басталып, өз уақытында аяқталғанын ескере отырып, сабақ мақсатына жетті деп санаймын.
«Қазақстан Республикасы отбасы құқығы» пәні бойынша жалпы құқықтық пәндер» кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.Нұрышпен 2 А курс 201-203 оқу топтарына №6 «Алименттік міндеттемелер» тақырыбында өткізілген ашық дәріс сабағы талқылай келе қабылданды
Шешім: ЖҚП кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.Нұрышпен «Қазақстан Республикасы отбасы құқығы» пәні бойынша 201-203 оқу топтарына өткізілген ашық дәріс сабағы өте жоғары оқу-әдістемелік деңгейде өткізілді деп мақұлдансын.
Ашық дәріс сабағына қатысқан оқытушылардың ұсыныстары мен ескертулері полиция подполковнигі З.Нұрышпен алдағы уақытта назарға алынсын.