А. Умирзакова.:
– Жоғарыда айтылған әріптестерімнің айтқан ұсыныстары мен ескертулеріне қосыла отырып, байқау дәріс сабағы жақсы жағынан өткізілді деп есептеймін.
С.Л. Николаева.:
- Оқытушы Нұрыш аталған пәнді бірінші рет басқа кафедра көлемінде өткізіп отыр. Бұрын бұл пән оқытушыға таныс емес, сондықтан материалды аз уақыт ішінде толық меңгеру үлкен жетістік деп есептеймін. Себебі оқытушымен бұл пәнді басқа пәндермен байланыстыра отырып емін - еркін тыңдаушыларға жеткізуі оқытушының пәнге деген жауапкершілігі екені көрініп отыр.
«Қазақстан Республикасы Жер құқығы» пәні бойынша «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры З.Нұрышпен 301-307 оқу топтарына №3 «Жер құқығы қатынастары» тақырыбына өткізілген байқау дәріс сабағы талқылай келе қабылданды
Шешім:
МҚП кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры З.Нұрышпен «Қазақстан Республикасы Жер құқығы» пәні бойынша 301-307 оқу топтарына өткізілген байқау дәріс сабағы сәйкесінше оқу-әдістемелік деңгейде өткізілді деп мақұлдансын.
Байқау дәріс сабағына қатысқан оқытушылардың ұсыныстары мен ескертулері полиция майоры З.Нұрышпен «Қазақстан Республикасы Жер құқығы» пәні бойынша сабақты жүргізу барысында есепке алынсын.
Төраға: Л. Жұбандықова
Хатшы: С. Ахметжанова
Достарыңызбен бөлісу: |