Ќр іім аќтґбе заѕ институты



бет2/8
Дата18.10.2022
өлшемі100,5 Kb.
#153684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
хаттама

М.Тулешев.:
- Дәріс сабағы барлық жағынан жақсы өткізілді. Сабақтың уақытында басталуы әр сұрақтың уақытымен жеткізілуі, оқытушының материалды толық меңгеруін білдіреді.
Жоспар бойынша қарастырылған сұрақтар бойынша тақырып толық қамтылды. Оқытушы Нұрышпен өткізілген ашық дәріс сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді деп есептеймін.
М.Салауатов.:
Оқытушымен ашық дәріс сабағы жақсы деңгейде өткізілді. Сабаққа курсанттар араласып сұрақтарын қойып отырды. Осының нәтижесінде сабақтың мақсаты курсанттарға толығымен жеткізілді деп санаймын. Тақырып өте қызықты. Дәрістегі барлық қажетті материалдар өмірде кездесетін қажетті мағлұматтар. Курсанттар бұны білулері қажет.
Ж.М.Есмамбетова.:
- Сабақ уақытында басталды, сабақтың мақсаты мен міндеттері айтылды. Тақырыпқа басқа пәндермен байланыс жасалды. Дәріс сабағында түсіндіру-әдісі қолданылды. Яғни дәріс барысында теориялық-проблемалық мәселелерді қозғай отырып, алға қойылған оқытудың мақсатын тәрбиелік және дамыту арқылы шеше білді. Бейнеролик тақырыпқа сай қолданылды. Оқытушы дәріс материалдарын өте жақсы меңгерген, аудиториямен тығыз байланыста болды. Сабақ құрылымының уақыты дұрыс сақталған. Әрбір сұрақ бойынша тұжырымдама жасалды. Жалпы дәріс сабағы бойынша қорытынды жасалды. Менің пікірім сабақ өте жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді деп санаймын. Ұсыныс ретінде алдағы уақытта осындай проблемалық сұрақтар көбірек курсанттарға жеткізілсе деп санаймын. Аталған дәріс сабағындағы мәліметтер курсанттардың болашағы үшін өте тиімді болды деп есептеймін.
С.Мендыбаева.:
- Оқытушылар айтқан пікірге толық қосыламын. Ашық дәріс сабағы методикалық тұрғыдан нақты, талапқа сай деңгейде өте жақсы деңгейде өткізілді. Сабақ барысында қолданылған материалдардың бәрі тақырыпқа сай, әр сұрақ бойынша яғни бірінші сұрақ, екінші және үшінші сұрақтар бойынша дидактикалық материалдың қолдануы уақытқа сай жасалынған. Тәрбиелік жағынан өте қажетті мәліметтер айтылды. Өзіме де қажетті ақпараттарды алдым. Бұлардың барлығын курсанттар білуге тиіс деп санаймын. Себебі бұл тақырып курсанттардың оқу бітіргеннен кейінгі кездесетін жағдайларының бірі. Бұл практикалық өндірісте өте қажет. Бейнероликтіңде сабақ барысында қолданылуы тақырыпты меңгеруіне себепші болды. Оқытушы пәнді тақырыпты толық меңгергені оқытушының өзін өзі ұстауы өте мәдениетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет