Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар



бет64/294
Дата25.04.2024
өлшемі2,8 Mb.
#201338
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   294
Байланысты:
65 - 132 › AK H0

іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар



  1. 10 -сынып:




Тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаттары

Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат

1-тоқсан

1-тарау.
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық – саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Оқылым

10.2.2.1 - ғылыми - көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
10.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Жазылым

10.3.3.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары

11.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
10.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

2-тоқсан

2-тарау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
10.2.3.1 - көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

10.3.2.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;
10.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.

Әдеби тіл нормалары

10.4.3.1 - белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

3-тоқсан

3-тарау.
Адамзат дамуының жаһандық мәселелері

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.3.1 - көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
10.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс - қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

10.3.1.1 - ғылыми - көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
10.3.5.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу.

Әдеби тіл нормалары

10.4.4.1 - сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

4-тарау.
Адам өмірін сақтау

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау.

Оқылым

10.2.3.1 - көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс - қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Жазылым

10.3.3.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);
10.3.1.1 - ғылыми - көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;
11.3.4.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

10.4.4.1 - сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

4-тоқсан

5-тарау.
Қылмыс және заң

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Оқылым

10.2.3.1 - көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.2.6.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми - көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.

Жазылым

10.3.3.1 - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
10.3.1.1 – ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақалажазу;
11.3.4.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

10.4.5.1 - сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

2) 11-сынып:





Тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаттары

Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат

1-тоқсан

1-тарау.
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру

Оқылым

11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотацияжазу;
11.3.5.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
11.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Әдеби тіл нормалары

11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
11.4.5.1 - мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

2 - тоқсан

2-тарау.
Экология: ядролық және мұнай өндірістері

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

Оқылым

11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс - қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
11.2.6.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми - көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру

Жазылым

11.3.4.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.3.5.1 - әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

11.4.3.1 - белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды - эстетикалық)

3-тоқсан

3-тарау.

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция



Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
11.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.

Жазылым

11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу;
11.3.2.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.6.1 - жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау).

Әдеби тіл нормалары

11.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4-тарау.
Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

Оқылым

11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1 - мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

Жазылым

11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу;
11.3.3.1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Әдеби тіл нормалары

11.4.4.1 - мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

4-тоқсан

5-тарау.
Туризм: экотуризм

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1 - мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

11.3.2.1 - мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.3.1 - қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

Әдеби тіл нормалары

11.4.5.1 - мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

Қазақстан Республикасы


Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы « »
№ бұйрығына
82-қосымша







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет