Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, ф м.ғ. к., Д. Т. Бердалиев


Онлайн режимінде аралық аттестаттауды өткізуге даярлық жұмыстары



бет2/7
Дата07.05.2020
өлшемі54,71 Kb.
#66437
1   2   3   4   5   6   7
2. Онлайн режимінде аралық аттестаттауды өткізуге даярлық жұмыстары
2.1. Факультет декандары білім алушылардың техникалық құралдарға және интернет желісіне қол жетімділігін бағалайды, есебін тіркеу бөліміне өткізеді. Білім алушылар онлайн режимінде емтихан тапсыруға қажетті дайындықты (ноутбук, интернет желісі және т.б.) жүргізуге міндетті.

2.2. Білім алушының интернет желісіне байланысты тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректордың атына еркін нысанда электронды түрде өтініш жазып емтихан уақытын 20 маусымға дейін созуға сұрануына болады.

2.2. Факультет декандары білім алушыларды емтиханды (барлық түрін) тапсыру тәртібімен таныстырады.

2.3. Кафедра меңгерушілері ОПҚ-ның ұсынысы бойынша емтихан түрлерін, өткізу әдісін және қолданатын ақпараттық жүйені анықтап тізімін тіркеу бөліміне өткізеді.

2.4. Факультет декандарының ұйымдастыруымен ОПҚ емтихан материалдарын ақпараттық жүйеге енгізеді.

2.5. Факультет декандары жазбаша, ауызша емтихандарды алу үшін комиссия құрамын жасақтайды және тіркеу бөліміне өткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет