Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, ф м.ғ. к., Д. Т. Бердалиев


Прокторинг және академиялық адалдықты сақтау



бет7/7
Дата07.05.2020
өлшемі54,71 Kb.
#66437
1   2   3   4   5   6   7
6.4. Прокторинг және академиялық адалдықты сақтау
6.4.1. Хатшы тапсырушы тұлғаны идентификациялауды қорытынды аттестаттау басталар алдында жеке куәлік пен видеокөрінісін салыстыру арқылы жасайды.
6.4.2. Комиссия мүшелерін идентификациялауды осы сияқты кафедра меңгерушісі жүргізеді.
6.4.3. Білім алушы тапсыратын бөлмені қорытынды аттестаттау басталардың алдында дайындап қояды. Тапсырушы бөлмеде жалғыз өзі болу керек. Қорытынды аттестаттауға қажетті құралдардан басқа ештеңе болмау керек.
6.4.4. Білім алушы онлайн режимінде қорытынды аттестаттау кезінде бөлмені көрсетіп шығады. Бөлмеде күдікті зат көрінген кезде білім алушыға ескерту беріліп, оны жою талап етіледі, болмаса комиссия қорытынды аттестаттауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
6.4.5. Білім алушы қорытынды аттестаттауды жазуға мүмкіндік беретін жүйеге кіреді. Кешенді емтихан тапсырған кезде камераға жұмыс үстелі көрініп тұру қажет.
6.4.6. Қорытынды аттестаттау барысы видеоға жазылады, сондықтан да білім алушы веб-камераның көріну аймағынан шығып кетпеу керек.
6.4.7. Білім алушы академиялық адалдықты бұзса комиссия университеттің академиялық саясатына сәйкес шара қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет