6.3. Кешенді емтиханды тапсыру 6.3.1. Шығарушы кафедра бекітілген кешенді емтихан тапсырылатын бейінді пәндердің тізбесі мен өткізу формасын студентерге таныстыру қажет.
6.3.2. Кешенді емтихан бейінді пәндердің оқу бағдарламалары негізінде шығарушы кафедра әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
6.3.3. Кешенді емтихан тапсыратындар үшін емтихан басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей АК-қа төмендегі құжаттар электрондық түрде ұсынылады:
1) студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы өкім;
2) оқытудың барлық кезеңіндегі студенттер үлгерімінің орта салмақ баға өлшемдері GPA есептелген транскрипт.
6.3.4. Екі кешенді емтихан онлайн режимінде шығарушы кафедраның таңдауы бойынша Zoom, Cisco Webex Meetings, WhatssApp, Telegram платформаларының бірінде ауызша қабылданады.
6.3.5. Кешенді емтиханға кірген әрбір студент жеке куәлігін көрсетіп билет таңдайды. Кешенді емтихан билеті 3-5 сұрақтан тұрады. Студенттің емтихан билетіне дайындалуы 30 минуттан аспауы керек. Студенттің билет сұрақтарына дайындықсыз бірден жауап беруіне құқы бар. Кешенді емтихан билетінің барлық сұрақтарына жауап беруге 10-15 минут беріледі. Кешенді емтиханды тапсырып болған студент платформадан шығып кетеді. Емтихан нәтижесімен таныстыру үшін хатшы қосымша хабарлайды.
6.3.6. Кешенді емтиханды онлайн режимінде тапсыру барысында техникалық проблемаларға қатысты байланыс үзіліп кеткен жағдайда білім алушы хатшыға хабарласады. АК кешенді емтиханды қайта жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.