Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, ф м.ғ. к., Д. Т. Бердалиев


Онлайн режимінде аралық аттестаттауды өткізудің түрлері мен әдістері



бет3/7
Дата07.05.2020
өлшемі54,71 Kb.
#66437
1   2   3   4   5   6   7
3.Онлайн режимінде аралық аттестаттауды өткізудің түрлері мен әдістері




Емтихан түрі

Сипаттамасы

Платформа

Жауапты тексеру

1

Жазбаша (дәстүрлі)

Білім алушылар емтихан парақтарында билет бойынша сұрақтарға жауап жазып, оның суретін Univer жүйесі арқылы оқытушыға жібереді

Zoom

Cisco Webex Meetings



Жауапты тексеріп, бағасын Univer жүйесіне қою керек

2

Жобалық жазбаша («Ашық кітаппен» формасындағы емтихан)

Бұл емтихан үй жағдайында эссе жазу, кейс шешу, есептер шығару, шығармашылық тапсырма орындау түрінде қабылданады.

Univer Moodle


Жұмыстарды тексеріп, бағасын Univer жүйесіне қою керек

3

Тест

көпжауапты

Univer, Moodle

автоматтандырылған

сәйкестік

Moodle

автоматтандырылған

қысқа жауап

Moodle

автоматтандырылған

ашық тест (Univer арқылы жіберіледі, білім алушылар орындап жауабын Univer жүйесіне салады)

Univer

Жауапты тексеріп, бағасын Univer жүйесіне қою керек

4

Ауызша

билет бойынша жауап беру

Zoom

Cisco Webex Meetings



Емтихан бағаланып Univer жүйесіне қойылады


4.Онлайн режимінде білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің тәртібі

4.1. Университет білім алушыларды аралық аттестаттау МЖМББС негізінде әзірленген академиялық күнтізбеге, оқу жұмыс жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.


4.2. Білім алушыларды аралық аттестаттауды (емтихандық сессия) ұйымдастыру мен өткізуді тіркеу бөлімі жүргізеді.
4.3. Тіркеу бөлімі оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, кестені оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор бекітеді және ол білім алушылар мен оқытушылардың назарына емтихан басталмай тұрып екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.

4.4. Онлайн режиміндегі емтихандар кафедраның таңдауы бойынша жоғарыдағы кестеде көрсетілген түрде өткізіледі. Онлайн режимде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді.


4.5. Онлайн режиміндегі жазбаша (дәстүрлі), ауызша емтихандарды факультет деканы ұсынған комиссия мүшелері қабылдайды. Емтихан алушы комиссия мүшелері онлайн емтиханының барысын бақылайды және емтиханның бейне-түсірілімін жазады.
4.6. Онлайн емтиханға қатысушы білім алушыларды тану төл құжаттары арқылы іске асырылады.
4.7. Онлайн емтихан бастау алдында дайындыққа 5-10 минут уақыт беріледі. Ол кезде білім алушылардың жүйеге ережеге сай қосылуы, емтихан тапсыратын бөлме, камера алдында дұрыс отыруы, төл құжаттары тексеріледі және билет сұрақтары таратылады. Бөлмеде күдікті зат көрінген кезде білім алушыға ескерту беріліп, оны жою талап етіледі, болмаса комиссия емтиханды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
4.8. Дәстүрлі жазбаша онлайн емтихан барысында білім алушы камерада жұмыс үстелімен қоса көрінетін қашықтықта отырып орындау қажет.
4.9. Univer жүйесінде ұйымдастырылған ашық тест түріндегі емтиханда білім алушы тест тапсырмаларының орындау барысын қағазға түсіріп байланыс құралдары арқылы оқытушыға жіберу қажет.
4.10. Жазбаша онлайн емтихандар бойынша білім алушылардың жауап парақтарын, емтихандардың бейне жазбаларын оқытушылар деканатқа электрондық пошта арқылы жібереді. Барлық түрдегі емтихан материалдары деканатта бір оқу жылына сақталады.
4.11. Онлайн емтихан кезінде ақпараттық құралдардың барлық түрін пайдалануға, басқа білім алушылармен ақпарат алмасуға, лекция конспектілерінен, оқу, оқу-әдістемелік құралдардан көшіруге тыйым салынады. Бұл талап орындалмаған жағдайда емтихан тапсыру тоқтатылып, акт толтырылады. Акт толтырылған білім алушылар академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін университеттің академиялық саясатына сәйкес шара қолданылады.
4.12. Онлайн емтиханға себепсіз қатыспаған білім алушыға емтихан тізімдемесіне «келмеді» деген белгі қойылады.
4.13. Онлайн емтиханды тапсыру барысында техникалық проблемаларға қатысты байланыс үзіліп кеткен жағдайда білім алушы пән оқытушысына хабарлайды. Комиссия қайта жалғастыру, емтиханды тоқтатып басқа уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
4.14. «FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие. Бұл ретте емтихан сессиясы кезеңінде тіркеу бөліміне онлайн түрде өтініш жазып, univer жүйесінде пәнге тапсырыс құрады.

«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.

Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты «қанағаттанарлықсыз» бағасын алуына қарамастан университеттен оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.


4.15. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы онлайн емтихан бағасы univer-ге қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.


4.16. Университет басшысының бұйрығымен онлайн емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндер бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

4.17. Апелляциялық комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.


5. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру
5.1 «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқып меңгерген барлық білім беру бағдарламаларының білім алушылары сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.
5.2. Мемлекеттік емтихан өткізуді «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқу пәнін оқытатын кафедра факультет деканатымен және Тіркеу бөлімімен бірлесе отырып жүзеге асырады.
5.3. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан МЕК қатысуымен осы ережеге сәйкес онлайн режимінде тест түрінде қабылданады. Мемлекеттік емтихан барысы видеоға жазылу керек.


5.4. Мемлекеттік емтиханды онлайн режимінде тапсыру барысында техникалық проблемаларға қатысты байланыс үзіліп кеткен жағдайда білім алушы хатшыға хабарлайды. МЕК мемлекеттік емтиханды қайта жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.


5.5. Мемлекеттік емтихан бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау университеттің академиялық саясатына сәйкес жүргізіледі.
5.6. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей МЕК-ке онлайн түрде апелляция беруіне болады.
5.7. Онлайн режимінде апелляция өткізу үшін университет басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылар қатарынан «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады.
5.8. Мемлекеттік емтихан аяқталған соң МЕК төрағасы МЕК-тың жұмысы туралы есеп жазады, ол университеттің ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.
5.9. Білім алушының интернет желісіне байланысты тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректордың атына еркін нысанда электронды түрде өтініш жазып мемлекеттік емтихан уақытын 20 маусымға дейін созуға сұрануына болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет