Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет18/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

-No Background (фон жоқ)
-Solid (бір түсті фон)
-Bitmap (растрлік форматтағы бейне).
Print and ExportBackground туы фонды экспорттауға және қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды және экспорттағанда сақталмайды.
Object Manager (объектілер диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы түрде ауысу үшін Object Manager терезесі қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде құжаттағы бар барлық беттер, қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен қабаттағы объектілердің орналасуын өзгертуге болады. Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға, көшірмесін алуға және де контурдың түсін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window >Docker >Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында да ерекшеленеді. Үнсіз келісім бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын өзгерте алады. Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі рет шерту керек.
Қабаттың атауының сол жағындағы көздің белгішесі осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді. Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұхсат етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұхсат етеді немесе тыйым салады. Терезеде құжат туралы қандай ақпарат көрсетілетінің анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі басқару элементтері қолданылады.
Show Object Property (объектінің қасиетің көрсету) - объектінің атауының қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және қалыңдығы, құюдың түсі).
Edit Across Layer қабаттар арасында өңдеу, терезеде қай қабат ерекшеленгеніне байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні өңдеуге мүмкіндік береді.
Layer Manager View (түрлер диспетчері) – бұл режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет