Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша



бет10/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

СУРЕТ-1.4 ІС-ҚАҒАЗ ГРАФИКАСЫ МЫСАЛЫ
Конструкторлық графика
Конструкторлық графика инженер–конструкторлар, архитекторлар, жаңа техниканы ойлап табушылар жұмыстарында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі (1.5-сурет) АЖЖ (автоматтандырылған жобалау жүйелері) ең негізгі элементі болып табылады.
Конструкторлық графика құралдарымен жазықтықтағы бейнелер (проекциялар, қиықтар) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді бейнелерді де алуға болады.
Иллюстрациялық графика
Иллюстрациялық графика – бұл компьютер экранында еркінше сызу және сурет салу.
Иллюстрациялық графика пакеттері жалпыға арналған қолданбалы программалық жабдықтауға жатады. Иллюстрациялық графиканың қарапайым программалық ортасын графикалық редакторлар деп атайды.
Көркемдік және жарнамалық графика
Көркемдік және жарнамалық графика (1.6 сурет) теледидар экраны арқылы дамыған графика облысы компьютердің көмегімен жасалынған жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютер ойындары, видео сабақтар, видео презентациялар.



СУРЕТ-1.5. КӨРКЕМДІК ГРАФИКА

Бұндай есептерді шешетін графикалық пакеттер компьютердің жадының көлемімен оның жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Бұл пакеттердің ерекшеліктері өмірдегі шынайы бейнелермен" қозғалатын суреттерді" құру және үш өлшемді объектілердің суреттерін,олардың бұрылуын, жақындауын, алыстауын құруда. Бұл жұмыстардың бәрі өте үлкен көлемді есептеулермен байланысты. Объектіге түсетін жарықты, оның көлеңкесіншығару оптика заңдылықтарын ескеріп есептеуді талап етеді.


Компьютерлік графиканы сонымен қатар кино индустриясында да 70-80 ші жылдары көптеп пайдалана бастады. Мысалы Американдық режиссерлер Стивен Спилберг және Джеймс Камерондар түсірген (1989), «Терминатор1-3» (1989-2003), «Чужие» (1992), «Титаник» (1998) атты «Оскар» сыйлықтарына ие болған фильмдерінде «Autodesk» компаниясының жасап шығарған «Аутодеск-Аниматор» және «Силикон Графикс» компаниясының бағдарламасы «OpenGL» бағдарламалары фильмге жаңа әсер әкеліп, әрлендірді. Сондай-ақ «Disney» студиясының шығарған мультфильмдерінде қолданылған анимация, үш көлемдегі персонаждар компьютерлік графиканың өнімдері деуге болады.
Компьютерлік анимация және мультимедиа
Компьютерлік анимация – бұл дисплей экранында қозғалатын бейнені алу.Суретші экранда суреттің бастапқы және соңғы түрін салады, ал қалған аралықтағы суреттердің түрлерін компьютер есептеп, экранға шығарады. Мультимедиа – бұл экрандағы жоғары сапалы бейнені дыбыспен бірге біріктіру, жарнама, ойын бағдарламаларында кең тараған.
Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
Интернет үшін қажетті графика
Интернеттің жергілікті желісінің пайда болуы, онда компьютерлік графиканың ең маңызды орыналуына алып келді. Күн өткен сайын көрнекі графиканы тасымалдаудың әдістері жетілдіріліп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет