СУРЕТ-1.3 БІРТЕКТІ КООРДИНАТТАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
КӨРСЕТІЛУІ
Ұқсас үшбұрыштарды қарастырсақ
.
Осыдан былай жазуға болады:
.
Екіөлшемді векторды үшөлшемді вектормен немесе жалпы жағдайда п өлшемді векторды п+1өлшемді вектормен түрлендіру біртекті координаттық көрсету деп аталады. п өлшемді векторды біртекті координаттық көрсету п+1өлшемді кеңістікте жүргізіледі. Сонымен, 2-өлшемді [х у] векторы 3 компонентті векторымен көрсетеді. Вектордың компоненттерін h біртекті координатасына бөліп, аламыз:
, .
Екі өлшемді кеңістікте нүктенің біртекті координаттық түрлендіруі жалғыз емес. Мысалы: (12, 8, 4), (6, 4, 2)(3, 2, 1) бастапқы [3 2] нүктесін көрсетеді. Есептеулер қарапайымдылығы үшін [х у 1] деп аламыз.
Сонда түрлендірілуі біртекті координаттарда келесі түрде беріледі.
.
Жоғарыда келтірілген түрлендірулерді орындау Х = х*, Y = у*, ал Н = 1 екенін көрсетеді.
Жалпы жағдайда Н 1, түрлендірілген координаттар біртекті координаттарды нормализациялау арқылы алынады, яғни
, .
Нормализациялаудан кейін барлық геометриялық түрлендірулер Н = 1 жазықтығында жүргізіледі.
Біртекті координаттарды енгізудің артықшылығы түрлендіру матрицасының жалпы түрін пайдаланғанда байқалады:
Бұл матрица көмегімен басқа да түрлендірулерді орындауға болады.
Түрлендіру матрицасының 3 бағанның әсерін көру үшін келесі операцияны қарастырайық.
,
Мұндағы Х = х, Y = у,Н = рх +qy + 1.
Түрлендірілген нүктелер арқылы жүргізілген жазықтық Н айнымалысымен анықталады.
Нормализацияны орындайық:
,
р = q = 1 деп алып, суретте бейнеленген А(1,3) және В(4,1) нүктелері үшін аламыз
,
А ны С*-ға, В ны D*-ға түрлендірген соң
,
С* және D* нүктелерінің біртекті координаттары сәйкесінше және болады.
Нормализациялау нәтижесінде CD сызығы Н = 1 жазықтықтарындағы C*D* сызығына проекцияланады. Проекцияның ортасы координаттар басы болады.
Екіөлшемді біртекті координаттар үшін 3х3 негізгі түрлендіру матрицасы 4 бөлікке бөлінуі мүмкін:
.
а, b, с , d масштабтың өзгеруін, жылжытуды және бұруды жүзеге асырады; т және п ауытқуды орындайды; р және q— проекцияларды береді; s – масштабты толық өзгертеді. Мұны көру үшін келесі түрлендіруді қарастырайық:
,
мұндағы Х = х, Y = у, ал Н = s; сода х* = x/s және y* = y/s.
[х у 1 ] -> [x/s y/s 1]түрлендіру нәтижесінде вектордың масштабы біртекті өзгереді. Егер s< 1 болса, онда масштаб үлкейеді, ал s> 1 болса, онда масштаб кішірейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |