1.3. Графикалық файлдардың форматтары
Файлдардың 30 шақты форматтары қолданылады. Бірақ солардың ішінде біреуі ғана көпшілік программада қолданылып, стандарт ретінде қалыптасқан. Ережеге сай, сәйкес келмейтін форматтар тыруға растрлық, векторлық, үш өлшемді бейнелі файлдар болып келеді, дегенмен әртүрлі класқа жататын мәліметтерді сақтауға мүмкіндік беретін форматтар да жоқ емес. Көптеген қосымшалар өзінің жеке «өзіне тән» (спецификалық) формалармен ғана жұмыс істейді, олардың файлдарын өзге программаларға ауыстыру арнайы фильтрлерді қолдануға немесе «стандартты» форматқа алмастыруға мүжбүрлейді.
TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғары сапалы растрлық бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі TIF). Кеңінен таралған форматтар қатарына жатады, көптеген графикалық, дизайнерлік программалар тарапынан қамтамасыз етілген. СМҮК түс бөлінісінің монохромды ақ-қара түсінен бастап 32-разрядты модельдерге дейінгі түстердің кең диапазонын қамтиды. 6.0 версиясынанбастап TIFF форматында бейненің маскілері (контурлары) жайлы мәліметтерді сақтауға болады. Файлдың көлемін азайту үшін ішкі LZW сығымдау алгоритмі қолданылады.
PSD(Photoshop Document). Растрлы графикалық ақпаратты сақтау
Мүмкіншілігіне қарай анағұрлым қуатты программалардың бірі (файлының кеңейтілуі PSD). Көптеген маскілерді, айқындық дәрежесін, арналарды, қабат параметрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Әртүрлі түстік модельдермен түс бөлу, түсті 48-разрядпен кодтау қолданылады. Басты кемшілігі, ақпаратты сығымдаудың тиімді алгоритмінің болмауынан файл көлемінің өсуіне алып келетіндігінде.
PСX. Формат Z-Soft фирмасының PC PaintBrush программасының растрлық мәліметтерін сақтау форматы ретінде пайда болды және анағұрлым кең таралғандардың бірі болып табылады. (файлатының кеңейтілуі. PSХ). Түске бөлінген бейнені сақтау мүмкіндігінің болмауы, түстік модельдердің жетіспеушілігі мен өзге де шектеулер форматтың танымалдылығының жоғалуына алып келді. Қазіргі кезде формат көнерген болып саналады.
PhotoCD. Формат жоғары сапалы сандық растрлы бейнелерді сақтау үшін Kodak фирмасында жасалған. (файлатыныңкеңейтілуі .PSD). Мәліметтерді файлда сақтау форматы Image Pac деп аталады. Файл бейнені көрсетілімнің белгіленген шамасында сақтауға мүмкіндік беретін ішкі құрылымнан тұрады, сондықтан да бұл форматта сақталған кез-келген файл көлемінің бір-бірінен айырмашылығы болмашы ғана және 4-5 Мбайт аралығында болады. Әрбір көрсетілімге 512х768 нүктеден тұратын базалық деп аталатын (Base) деңгейден оқылатын жеке деңгей бекітілген. Файлда барлығы Base/16-дан (128х192 нүкте) бастап Baseх 16-ға (2048-3072 нүкте) дейін бес деңгей бар. Бастапқы бейнені бірінші мәрте сығымдауда іс жүзінде сапа жоғалмайтын субдискреттеу әдісі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |