ОқУ Әдістемелік кешен "ШАҒын жинақталған бастауыш мектепте оқу тәрбие процесін ұйымдастыру" ПӘні бойынша



бет15/46
Дата11.11.2022
өлшемі350,85 Kb.
#157836
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
шагын
318, 318, 16 НОРМАТИВНЫЕ КОЭФФИЦИЕНТЫ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ РАБОЧЕЙ ПЛОЩАДИ СКЛАДОВ, 3.8-ресурсы ОМЖ Инсулин өндіру (1), 5кл-1 кмж, Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы (1), Python 1-сабақ, stud.kz 16610, stud.kz 59589, асық ату
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шағын жинақты мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі
2. Екі, үш сыныппен жүргізілетін сабақ сапалы болуы үшін сабақ кестесінің құрылу тәсілі
3. Біртақырыптық сабақ дегеніміз не?
4. Логикалық-құрылымдық әдіске сипаттама
2.6 тақырып. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
Мақсаты: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керектігін ұғындыру.
1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар
1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
5. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
6. Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
7. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
8. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
9. Оған әсер ететін мотивтер.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет