5.Математиканы оқытудың проблемалық, эвристикалық, сыни ойлау, интерактивті оқыту әдістерін қолдану.
Оқушыларға алгоритмдер құруды оқытып-үйрету əдістемесі. Математикадан көрнекі құралдар дайындаудың əдістемесі.
“Тест педагогикалық өлшеудің құралы ретінде”. “Мектеп математика кабинетін жабдықтау” тақырыптарына эссе дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады.
«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады.
6.Əдістемелік – математикалық ғылымның объектісі, пəні, мақсаты мен
міндеттері, зерттеу əдістері. «Əдістемелік -математикалық ғылымның дамуындағы психологиялық жəне дидактикалық зерттеулердің ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |