Оқу әдістемелік кешен типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған



бет57/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#115280
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101
Байланысты:
2018. МОӘ. УМК каз

Дәрістің мақсаты: Математиканы оқытуда координаттар мен векторлардың алатын орнымен таныстыру. Оқушыларға векторлар және координаталар әдістерін үйрету әдістемесін қарастыру.

1. Мектеп геометрия курсында координаттық және векторлық әдістердің алатын орны.

2. Координат әдісінің мектеп геометрия курсында қолдануы туралы.

3. Векторлық әдіс.

1. Мектеп геометрия курсы қандай жолмен тұрғызылмасын онда міндетті түрде теоремаларды дәлелдеудің, есептерді шығарудың әртүрлі әдістері қарастырылады. Олардың ішінде координат әдісі, геометриялық түрлендірулер әдісі, векторлық әдіс ерекше орын алады. Бұл әдістер өзара тығыз байланысты.

Орта мектеп геометрия курсының мазмұнын ашу концепциясы әр авторда әртүрлі болады және соған байланысты әдістердің бірі жетекші орын алады. Мысалға, А.Н. Колмогоров оқулығында түрлендірулер әдісі жетекші рөл атқарса, А.В. Погорелов оқулығында координат әдісі белсенді роль атқарады.

Мұнда қаралатын мәселелер: координат әдісі; фигуралардың теңдеуі; координат әдісінің пайдалануы.

Қазіргі кезде әртүрлі саладағы көптеген мамандардың тік бұрышты координаттар система туралы түсініктері болуы керек, себебі ол координаталар графиктердің көмегімен бір шаманың екіншіден байланыстылығын көрнекі-геометриялық түрде кескіндеуге мүмкіндік береді. Мысалға, дәрігер науқастың ауырған кездегі температурасының графигін, экономист - өндіріс өнімінің көрсеткішін т.с.с. жасайды.



2. Координат әдісінің геометрияда қолдану арқымы кең. Координат әдісінің қуаттылығы оның алгоритмділігінде; әрбір есеп берілген фигуралар мен олардың құрамдарын қарастыруда негізгі болатын синтетикалық әдіс ерекше тәсілді талап етсе, координат әдісі жеңіл алгоритмделетін алгебралық әдіске келтіреді, яғни есептеулер тізбегіне көтеріледі. Негізгі зерттеу құралдары координат әдісі және элементар алгебра әдістері болатын геометрияны аналитикалық геометрия деп аталады.

Аналитикалық геометрияны n -өлшемді кеңістіктің нүктелердің реттелген n сандардың системасымен – осы нүктелердің координаталарымен кескінделуі ретінде сипаттауға болады. Бір өлшемді жағдайдың жақсы мысалы термометр бола алады.

Қазіргі математика программасына сәйкес координаталар алған Х-ХІ кластарда алгебралық материалдарды оқығанда пайда болады. Олар: «Сандарды түзу бойында кескіндеу , нүктенің координаталары. Координаталарымен берілген екі нүктенің ара қашықтығының формуласы. Қашықтықтағы тік бұрышты координат системасы, нүктенің абсциссасы және ординатасы». Бұл программа бойынша геометрияда координаталар мынандай көлемде оқытылады: «Координаттық жазықтық. Жазықтықтың координаталарымен берілген екі нүктесінің ара қашықтығының формуласы. Түзу мен шеңбердің теңдеулері».

Оқушылар кесінді ұштарының координаталары белгілі болған жағдайда оның ортасының координаталарын табу және координаталары берілген екі нүктенің ара қашықтығын табу формулаларымен танысады.

Кесінді ортасының координаталарын қарастырғанда екі жағдайға көңіл аударылады. АВ ОУ яғни х1 х2 және АВ// ОУ, яғни х1 х2 .

Бірінші жағдайда Фалес теоремасының көмегімен С1 нүктесі А1В1 кесіндісінің ортасы, болатын (АА1//у, ВВ1//у). С нүктесі АВ – ның ортасы (6 а – сурет). Ең соңында қажетті формуланы алу



А1С1 = С1В1 – ден |х11| = 1)|х12| шығуына байланысты болатынын оқушылар түсінуі керек. Бұл жағдай оқушыларға алгебрадан белгілі.

Координаталары белгілі екі нүктенің ара қашықтығын есептеу формуласы да бұл нүктелердің әртүрлі орналасу жағдайлары үшін қарастырылады.



А11, у1) және А22, у2) нүктелерінің ара қашықтығын іздестірелік. Алдымен х1 х2 және у1 у2 . жағдайын (6 ә) - сурет). Мұнда А мен А1 арасы |у12|, ол А мен А2 арасы |х12| - ге тең болатынын аламыз. Сонда Пифагор теоремасы бойынша ізделінді қашықтықты табамыз.

у




А

С

В



6 – сурет.

А1А2=(х12)2+(у12)2

Бұдан кейін 1) (х1 - х2)+(у1 - у2)



2) (х1 х2)+ (у1 у2)

3) (х1= х2)+(у1= у2)

Жағдайларын қарастырып, алынған формула барлық жағдайлар үшін дұрыс болатынына көз жеткіземіз.

Фигуралардың теңдеулері: алгебра курсында f(x)берілген функция болғандағы y = f(x) теңдеуімен анықталатын қисықтың графигін тұрғыздық.

Яғни, «алгебрадан геометрияға» көшеміз. Координат әдісін оқығанда, керісінше, кейбір қисық сызықтардың геометриялық қасиеттерінен оның теңдеуін шығарамыз, немесе «геометриядан алгебраға» көшеміз. Мысалға х2 + у2 = 1 теңдеуі центрі О нүктесіндегі, радиусы 1 ге тең болатын шеңберді анықтайды. Оқушыларға осы тәріздес есептерге кері есептер қарастырып, берілген фигура үшін осы фигураны анықтайтын теңдеу құруға үйретеміз.

Мысалы, центрі А0(а,b) нүктесіндесінде радиусы R болатын шеңбердің теңдеуі, оның геометриялық анықтамасына сүйеніп, ара қашықтықтың формуласын пайдалану арқылы анықталады: (х - а)2 – (у - b)2 = R. Жазықтықтағы кез келген h түзуінің жалпы теңдеуі, берілген екі нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны ретінде анықталады: ах + bу + с = 0.

Түзудің теңдеуін қорытқаннан кейін а, b, с коэффициенттеріне байланысты оның жазықтықта орналасуы анықталады. Бұл алгебрадағы сызықтық функцияны зерттеуден өзгешелігі жоқ. Мұнда тек түзудің коэффициенттеріне байланысты координат системасындағы геометриялық кескініне назар аударылады.



а 0 жағдайында у=kх+b түріндегі түзуді қарастырамыз, мұнда k бұрыштық коэффициент.

Егер А (х11) және 22) нүктелері берілген түзуге тиісті болса, онда



k = = tg , мұнда - түзудің х осімен жасайтын сүйір бұрышы.

Cонымен, түзу теңдеуінің k коэффициенті түзудің x осімен жасайтын сүйір бұрышының тангенсіне тең болады.

Координат әдісі геометриялық есептерді шешкенде қолдануын қарастырайық. Есеп: «Центрлері 0 және 01, радиустары а және в, центрлерінің ара қашықтығы с болатын шеңберлер қандай нүктелерде қиылысады?»

Шешуі:


Берілген шеңберлердің теңдеулерін аламыз.

х2 + у2 = а2 (1)

(х - с)2 + у2 = в2 (2)

(1) және (2) шеңберлердің қиылысу нүктелерін табу үшін төмендегі теңдеулер жүйесін шешу керек.

Координат әдісінің көмегімен текстілі есептерді де шығару ыңғайлы. Сонымен қатар координаталар түрлендірулерді және векторларды оқығанда қолданылады.

Оқу материалын талдау арқылы, теоремалар дәлелдегенде және есеп шығарғанда координаталар әдісін қолдану дағдысын қалыптастыру жұмысының жүйесі айқындалады.

Мектепте координаттық және векторлық әдістермен есептер шығаруға үйрететін сабақ - семинарлар жүргізуге болады. Сабақты семинар түрінде өткізуді күні бұрын жоспарлап, қарастырылатын есептерді жинақтап мұқият дайындалу қажет.

Сабақ - семинардың негізгі мақсаты: өтілген материалды жалпылау және жуйеге келтіру, әрбір қарастырылған әдістің негізгі деңгейлерін, математиканың басқа пәндермен және өмірмен байланыстарын көрсету.

3. Вектор – математиканың барлық салаларында қолданылатын фундаменталды ұғымдарының бірі. Комплекс сандар теориясынан Г. Бесселдің, Ж. Арганның және К.Ф.Гаусстың еңбектерінде екі өлшемді кеңістікте комплекс сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар мен векторларға қолданылатын геометриялық амалдардың арасында байланыс тағайындалған.

IX сыныпта компланар векторлардың анықтамасы, векторды коллинеар емес екі векторға жіктеу туралы теорема және екі вектордың скалярлық көбейтіндісін енгізу жаңа фактылар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет