Нүкте, түзу және кесінді.
Негізгі мақсат. а) Оқушылардың қарапайым геометриялық фигуралар – нүкте мен түзу жөніндегі біліктілігін, анықтамасыз қабылданаын негізгі түсініктер ретінде жүйелендіру.
ә) Олардың арасындағы негізгі қатынастарды ( нүкте мен түзудің өзара орналасуын, түзу бойындағы нүктелердің өзара орналасуын) анықтау.
б) Нүктелер мен түзулер арасындағы тиістілік аксиомасын, түзу нүктелерінің өзара орналасуы аксиомасын және кесінді ұзындығын өлшеу аксиомасын – негізгі қасиеттер ретінде енгізу.
в) Оқушылардың негізгі ұғымдар мен туынды ұғымдарды ажырата білуіне назар аудару.
г) Геометриялық деректер мен тұжырымдарды негіздеу (дәлелдеу) қажеттігін оқушы санасында қалыптастыра бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |