1.Дайындық жңмысы: Параллель екі түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған айқыш бұрыштардың тең болатынын қайталау.
2. Тақтаға осы қасиетті көрнекі түрде біртіндеп сызу.
3. Сабақты проблемалық әдіспен жургізу:
1) Проблемалық ахуалды есеп түрінде қою: «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қа тең екенін дәлелдеңдер»
2) Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есептің мәлімдемесін, берілгенін, дәлелдеу керегін жазып, үшбұрыштың суретін салады.
3) Оқушылар параллель екі түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған айқыш бұрыштардың тең болатынын қайталау себебін ойлап, қосымша үшбұрыштың табанына параллель түзу жүргізу қажеттігін өзбетімен аңғарады.
4) Енді тек тең бұрыштарды сәйкесінше бірдей белгілесе дәлелдеу керегі шығады.
5) Есептің шешу жолы айқын, анық түрде алдымен оқушы кейін мұғалім қайталайды.
Жаңа сабақты бекіту. Теореманы есептер шығаруға қолдану.
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |