Талапкер “Іскер” АҚ-ның директоры
А.А. Араповтың
Жауапкер “Көмек” АҚ-ның жүргізушісі
С.Б. Саламатовтан
152000 теңгені өндіріп алу туралы
ТАЛАП АРЫЗ
№ 129 жөнелтпе құжат бойынша жауапкер біздің мекен-жайымызға 13.10.2006ж. № 1112694 шот бойынша төленген кеңсе жиһаздары тауарларын әкеліп түсірді.
Өкілетті тұлға қойма меңгерушісі Ғ.Т. Ақаевтың қатысуымен тауарды 20.12.2006 ж. №29 акт бойынша қабылдадық.
Жеткізу кезінде сынған тауарлардың құны мен қайта сұрыпталғаннан кейінгі айырмасы есеп айырысуға сәйкес 152000 теңгені құрайды.
24.12.94ж. №268-ҮІІІ ҚР АК-нің 349, 350 баптарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда жазылғандар негізінде:
ӨТІНЕМІН
Жауапкерден 152000 теңгені және мемлекеттік баж салығына төленген 8369 теңгені өндіріп беруіңізді сұраймын.
Қосымша:
Шарттың көшірмесі.
Көлік жүк құжатының көшірмесі.
Тауарды қабылдап алғандығы туралы актінің көшірмесі.
Мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек.
Кәсіпорынның басшысы қолы
|