Оқу әдістемелік кешен



бет20/22
Дата05.11.2016
өлшемі2,59 Mb.
#945
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Мәтінге арналған сөздік


Словарь к тексту

өмірбаян автобиография

өміріне қатысты мәліметтер – собственное жизнеописание

хронологиялық тәртіппен – в хронологической последовательности

құрастырады – составляет

типтік үлгі – типовой формуляр

мақсатына байланысты – в зависимости от назначения

қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін – может быть сжатой или

развернутой

әдетте – обычно

құжаттың атауы – название документа

автордың аты-жөні – отчество и фамилия автора

туған жері мен туған жылы, айы, күні – дата и место рождения

білімі мен мамандығы – образование и специальность

қызметіне қатысты мәліметтер – трудовая деятельность

марапаттаулар мен алған мадақтаулары - награды и поощрения

отбасы жағдайы мен отбасы құрамы – семейное положение и состав семьи

үйінің мекен-жайы мен телефоны – домашний адрес и телефон

толтырылған күні мен жеке қолы – дата и личная подпись
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат өмірбаян деп аталады? Өмірбаянның типтік үлгісі бар ма? Мақсатына байланысты өмірбаян қандай нұсқада болуы мүмкін? Әдетте өмірбаянда қандай мәліметтер көрсетіледі?
2-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен қайда? деген сұраққа жауап беретін сөз формасын жасаңыз.
Қостанай қаласы, Наурызым ауданы, Алматы, Петропавловск, Қазақстан Республикасы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ауыл шаруашылық департаменті, Ғылыми-жобалау институты, «Даяна» сән үйі, Қызылорда облысы, Ресей Федерациясы, жұмысы, сырт, іш, әкімшілік, Астана.
3-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)

Өмірбаян – жеке (адамның, адамға, адаммен, адамда) өмір жолы хронологиялық (тәртіпке, тәртіпте, тәртібі, тәртіпсіз, тәртіптен) қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте (оқудан, оқумен, оқуға, оқуды, оқуда) түсу, жаңа қызметке тұру (кезімен, кезінде, кезінен, кезін, кезінің) жазылады. Ол таза қағазға (қолдан, қолға, қолы, қолмен, қолын, қолдың) жазылады. (Өмірбаянға, өмірбаянды, өмірбаянның, өмірбаяны, өмірбаянда) мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік (қасиеттерінің, қасиеттерімен, қасиеттерінде, қасиеттерін, қасиетім) жан-жақты баяндап беруге тиіс.


4-жаттығу. Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз (Составьте предложения, используя нижеприведенные наречия).
Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, көп-көптен, соншалық, тікелей, лажсыздан, былтыр, жаздай, аса, жазғытұрым, азғантай, қолма-қол, басынан, соғұрлым, жолшыбай.
5-жаттығу. Составьте предложения, употребив в них наречия места, переведите на казахский язык.
Вверху, вдоль, впереди, где-то, здесь, там, откуда, отсюда.
6-жаттығу. Спишите, переведите на казахский язык. Употребите следующие наречия с глаголами.
1. Вежливо, тепло, спокойно, ярко, роскошно, тихо, аккуратно, радостно, счастливо.

2. Грустно, печально, взволнованно, громко, грубо, тускло, скромно, небрежно, холодно, беспокойно, беспечно, беззвучно.


7-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз (По образцу напишите автобиография).

ӨМІРБАЯН

Мен, Марат Тағаев Дәулетұлы, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Отбасым бар: жұбайым – Жүнісқызы Тұрағалды, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.

Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.


Мекен-жайым: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 172 үй.
8-жаттығу. Переведите на казахский язык.
Автобиография, написал автобиографию, женат, не женат, в данное время работаю в частном фирме, отец – участник Великой Отечественной войны, отец – ветеран труда, мать – пенсионерка, мать – учитель средней школы, жена работает в поликлинике, имею детей, обязан к воинской службе, владею казахским и английским языками, умею работать в Интернете.
9-жаттығу. Переведите на русский язык.
Әскер қатарында болдым, әскер қатарында болған жоқпын, әскер қатарына шақырылдым, әскери міндет өтелген әскери бөлім, әскери құрам, әйелінің аты-жөні, әйелінің тұрмысқа шыққанға дейінгі аты-жөні, екінші рет үйленгенмін, бірінші әйелімнің аты-жөні, ажырасудың себебі, шетелдегі туыстар туралы мәлімет, шетелдегі туыстармен байланыс, қылмыстық іске қатысы.
Тест тапсырмалары
1. Авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат түрі қалай аталады?

А) мінездеме

В) өмірбаян

С) түсінік хат



D) өтініш хат

Е) арыз
2. Іс-әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөз табын белгілеңіз.

А) сын есім

В) есімдік


С) үстеу

D) етістік

Е) еліктеуіш сөздер


3. Құрамында үстеу бар сөз тіркесін табыңыз.

А) сыйлық алды

В) алда келеді

С) ғимараттың алды



D) бұйрық алды

Е) хат алды


4. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) алтыға

В) үшке

С) онға


D) екіге

Е) беске
5. “Өмірбаян” сөзінің орыс тіліндегі баламасын көрсетіңіз.

А) Автограф

В) Автобиография

С) Автопортрет

D) Автореферат

Е) Автобиблиография

26-сабақ
Жеке іс қағазы

(Личное дело)


Әр қызметкерге құрамында төменгі тәртіп бойынша көрсетілген құжаттар кіретін жеке іс қағазы толтырылады:

  1. құжаттардың тізімдемесі;

  2. жеке еңбек шарты;

  3. анкета немесе кадрлық есепке алудың жеке қағазы;

  4. өмірбаяны;

  5. білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

  6. мінездеме немесе ұсыныс хат;

  7. бұйрықтардың көшірмелері (жұмысқа қабылдау, жұмысқа ауысу, жұмыстан шығару жөніндегі)

  8. сол адамға қатысты анықтамалар және басқа да құжаттар.

Тұрған жерінен анықтама, дәрігерлік анықтама басқа да екінші дәрежелі

құжаттар жеке істен бөлек топтастырылады.

Қажетті жағдайларда жеке іс қағазына ғылыми және өнертапқыштық еңбектерінің тізімі; еңбек ұжымдары немесе құрылтай жиналыстары хаттамаларының көшірмелері (қызметке сайланған басшылар үшін), т.б. қосылады.

Уақыт өтуіне байланысты жеке іс қағазына анкеталық өмірбаяндық мәліметтердегі өзгерістерді (неке туралы куәліктің көшірмесі, тегінің өзгеруі) рас-тайтын және кәсіби, іскерлік, жеке басының қасиеттерін сипаттайтын (мысалы, аттестациялық қағаз, пікірлер, қызметке тағайындау туралы ұсыныстар, анықтамалар т.б.) құжаттар қосылып отырады. Қызметіне байланысты жаңа мәліметтерді енгізу үшін жеке іс қағаздарында «Жеке іс қағазына қосымша» және «Жеке іс қағазына мадақтауды есепке алу бойынша қосымша» деген мазмұндағы белгілер қойылады.


Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

әр қызметкерге – на каждого сотрудника

құрамында төменгі тәртіп бойынша көрсетілген құжаттар кіретін – в состав которого должны входить в порядке перечисления следующие документы

жеке іс қағазы толтырылады – заводится личное дело

құжаттардың тізімдемесі – внутреняя опись документов

жеке еңбек шарты - индивидуальный трудовой контракт

анкета немесе кадрлық есепке алудың жеке қағазы – анкета или личный листок

по учету кадров

білімі туралы құжаттардың көшірмесі - копии документов об образовании

мінездеме немесе ұсыныс хат - характеристика или рекомендация

бұйрықтардың көшірмелері – выписки из приказов

сол адамға қатысты анықтамалар және басқа да құжаттар - справки и другие

документы, относящиеся к данному лицу

тұрған жерінен анықтама – справки с места жительства

дәрігерлік анықтама – медицинская справка

басқа да екінші дәрежелі құжаттар - и другие второстепенные документы

бөлек топтастырылады – группируются отдельно

қажетті жағдайларда – в необходимых случаях

ғылыми және өнертапқыштық еңбектерінің тізімі – списки научных трудов и

изобретений

еңбек ұжымдары – трудовые коллективы

құрылтай жиналыстары – собрания учредителей

хаттамаларының көшірмелері – выписки из протоколов

қызметке сайланған басшылар үшін – для руководителей, которые избирались

на должность

қосылады - включаются

уақыт өтуіне байланысты – с течением времени

анкеталық өмірбаяндық мәліметтер – анкетно-биографические данные

өзгерістер – изменение

неке туралы куәліктің көшірмесі – копии свидетельства о браке

тегінің өзгеруі – изменение фамилии

растайтын - подтверждающий

кәсіби – прфессиональный

іскерлік – деловые

жеке басының қасиеттері – личные качества

сипаттайтын – характеризующие

аттестациялық қағаз – аттестационный лист

пікірлер – отзывы

қызметке тағайындау туралы ұсыныстар – представления о назначении на

должность

анықтамалар – справки

қызметіне байланысты – по службе

жаңа мәліметтерді енгізу үшін – для внесения новых данных

«Жеке іс қағазына қосымша» - «Дополнение к личному листку»

«Жеке іс қағазына мадақтауды есепке алу бойынша қосымша» - «Дополнение к

личному листку по учету пощрений»

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Әр қызметкерге толтырылатын жеке іс қағазының құрамына қандай құжаттар кіреді? Қандай құжаттар жеке істен бөлек топтастырылады? Қажетті жағдайларда жеке іс қағазына қандай құжаттардың қосылуы мүмкін? Уақыт өтуіне байланысты жеке іс қағазына қандай құжаттар қосылып отырады? Қызметіне байланысты жаңа мәліметтерді енгізу үшін жеке іс қағаздарына қандай белгілер қойылады?
2-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).

Кадрларжөніндегіжекеіспарағыжұмысқақабылданукезіндетолтырылатынқұжатжекеіспарағыарнаулыбланктүріндетолтырыладыжекеіспарағындакөрсетілетінмәліметтереңбеккітапшасындаөмірбаяндаберілетінмәліметтермендәлмедәлсәйкесжазыладыжекеіспарағындасоныменқатаржекеадамныңкәсібіменмамандығықоғамдыққызметіменеңбекжолытолықкөрсетіледі.



3-жаттығу. Үлгімен танысыңыз. Үлгіні толтырыңыз.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1. Тегі ______________________________________________________________

Аты______________ Әкесінің аты_____________________________________

2. Жынысы _____ 3. Туған жылы, айы, күні ______________________________

4. Туған жері ________________________________________________________

ауыл, аудан, қала, облыс

5. Ұлты ______ Азаматтығы __________ 6. Әлеуметтік тегі _________________

7. Білімі ____________________________________________________________

Диплом бойынша мамандығы

Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері

8. Қандай тілдерді білесіз ______________________________________________

қандай дәрежеде ________________________________________________

9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______________________________________

10. Ғылыми еңбектері мен өнертабыстары ________________________________

11. Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы_____________________________

12. Шетелдерде болуы _________________________________________________

13. Сайланбалы орындарға қатысуы ______________________________________

14. Мемлекеттік марапаттаулары _________________________________________

15. Әскери қызметке қатысы _____________________________________________

әскери атағы ______________________________________________

16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі) _____________________________________________________________________

17. Мекен-жайы _______________________________________________________

Толтырылған уақыты Қолы__________________________


4-жаттығу. Составьте предложения с этими наречиями.
Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, тікелей, лажсыздан, жолшыбай, былтыр, жаздай, аса, азғантай, соғұрлым.

5-жаттығу. Выпишите наречия, поставьте к ним вопросы, определите разряд.
Тым, мүлде, әдейі, жорта, текке, бекерге, мейлінше, соншалық, шалқасынан,

кенеттен, шикілей, құсша, арыстанша, әрең-әрең, ретімен, жөнімен, қасақана, әзер, лажсыздан, бірталай, едәуір, әрмен, бермен, бірен-саран, енді-енді, келе-келе, ауызба-ауыз, әлінше, кілт, қалт.



6-жаттығу. Прочитайте, переведите. Поставьте вопросы к выделенным наречиям.
Серік өмірбаянын қазақша жазды. Онша көп қателер болған жоқ. Анютаның ағасы ағылшынша жақсы сөйлейді. Сәуле хатты тез ашып оқыды. Мен бүгінгі сабаққа әдейі келдім. Көп уақытым текке өтті. Қазақ тілін үйрену үшін мейлінше көп еңбектену керек. Жүріп келе жатқан автокөлік кілт тоқтады. Мемлекеттік тілді үйренуге айрықша мән беру керек.
7-жаттығу. Спишите. Подчеркните наречия места, времени, причины, поставьте к ним вопросы.

Биыл мен мемлекеттік тілді үйренуге талпынып жүрмін. Ертең демалысқа
шығамын. Мұнда оқу үшін келдім. Біз орталыққа жақын тұрамыз. Жұмыс үйден алыс. Таңертең жүгіргенді ұнатамын. Қар әлі жауған жоқ. Былтыр қазақ тілін мүлде білмейтінмін. Біз оқыған сайын көп нәрсені үйренеміз. Олар ілгері жүрген сайын жел күшейді.


8-жаттығу. Прочитайте. Спишите. Вместо точек нужные слова берите из скобок.
Болат үйді … тапты (тез, тұп-тура). Біз сабаққа … барамыз (ерте, кеш). Сіз … сөйлей аласыз ба? (қазақша, арабша, орысша). Автобус жолдан … бұрылды (оңға, солға). Қалаға … келдім (былтыр, бүгін).
9-жаттығу. Спишите, переведите на казахский язык. Употребите следующие наречия с глаголами.
1. Вежливо, тепло, спокойно, ярко, раскошно, тихо, аккуратно, радостно, счастливо.

2. Грустно, печально, взволнованно, громко, грубо, тускло, скромно, небрежно, холодно, беспокойно, беспечно, беззвучно.


10-жаттығу. Мына үстеулерді түбір және туынды үстеулерге бөліп, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, қазақша, орысша, меніңше, сеніңше, жылдам, алға, артқа, осында, жақында, күндей, адамша, жазда, бүгін, ертең, былтыр, тым, аса.
11-жаттығу. Дара немесе күрделі үстеулерді топтап жазыңыздар.

Бүгін, биыл, таңертең, ауызекі, бозалаңда, мәре-сәре, әрең-әрең, кешқұрым, әзір, ерте, жаңа, кеше, ертемен, әрі-сәрі, келе-келе, кеше-бүгін, астыртын, ауызба-ауыз, дәлме-дәл, нақ биыл, үсті-үстіне, ебіл-себіл, аса тез, жазға салым, сәлден кейін, сол жақ, құлан таза, өте-мөте, белшесінен, ай жоқ-шай жоқ.


12-жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Зполнить личный листок по учету кадров, трудовая книжка, социальное происхождение, специальность по диплому, место рождждения, дата рождения, гражданство, диплом с отличием, среднее образование, ученая степень, ученое звание, научные труды, участие в выборных органах, имею государственные награды, имею воинское звание, время заполнения.
13-жаттығу. Переведите на русский язык.
Жеке іс парағы, жұмысқа қабылдану, жеке іс парағын толтыру, еңбек кітапшасы, мәліметтер, туған жылы, туған жері, азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, дипломы бойынша мамандығы – экономист, жынысы – ер (әйел), әлеуметтік тегі, жұмысшы отбасынан, ғалымдар отбасынан, қызметкер отбасынан, қандай тілдерді білесміз? қандай дәрежеде, ғылыми дәреже, ғылыми атақ.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет