ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет3/3
Дата26.06.2018
өлшемі253,5 Kb.
#44700
1   2   3

Мақсаты: Тәрбиешінің адам өміріндегі маңызын, жауапкершілігін сезіну, жеке басына қойылатын талаптарды орындауға дағдыланну және теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит,Аристотель, Сократ, Марк Фабии Квинтилиан т.б еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

Тәрбиешілердің моральдық- психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу-Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелерінің бірі болған. Ол тәрбиелеуші бойында шыншылдық, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш- жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздық мінез құлық нормасы қалай болуы жайлы былай дкп жазады: «... ол тым қатал да болмауы тиіс, тым ырыққа да жығылы бармеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген тәлімі мен ғылымға шәкіртті селқос қарайтын болады».

Тәрбиеші тұлғасының маңыздылығын анықтай келе К.Д.Ушинский: «Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет- ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие»,-деп атап өткен.

Жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы ке­рек, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеpyi керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жок, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әрәптестеріне жоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әрәптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, 6ipaқ оны ешкімге шашпауы тиіс.

Педагог қызметінің ерекшелігі оның балаларды белгілі бір тәртіптің ережелеріне үйрету ғана емес, сонымен қатар өзінің бүкіл рухани дүниесі, педагогикалық қызметінің шеберлігі арқылы нағыз адамдық өмір сүрудің үлгі- өнегесін көрсету, сондай-ақ жас буынды қоғам тұрмысының қарапайым ережелеріне үйрету де қажетті іс.

М.И.Калинин айтқандай, кез келген адам тәрбиелеуші бола алмайды. Бұдан педагогикалық дарынды адамдарды тәрбиелеп, қалыптастыру қажеттігі шығады. Ал бұл жұмысты ойдағыдай іске асыру үшін, студентерді мектепке дейінгі педагог мамандығын жан- тәнімен сүюге, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айырып, соларға сәйкес жұмыс істеуге үйреті қажет. Мұнсыз бүгінгі талапқа сәйкес келетін тәрбиеші даярлап шығаруға болмайды.

Ғұлама педагогтар мен жаңашыл педагогтардың айтқан тағылымдарын саралай келе қазіргі білімдарлық технологияда мектепке дейінгі тәрбиешінің педагогикалық шеберлік бейнесін анықтауға болады: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білуі; балалардың оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйым­дастыра бiлyi және баланың ic-әрекетән дұрыс бағалай білуі; тәжірибелік білім-білік дағдыларды калыптастыра білуі; кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі; балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра біліуі; ата-аналармен тіл табыса білyi; сөйлеу мәдениеттілігі; өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы; балалардың қызығушылығын туғыза біліyi; балалардың өздігінен дербес ерекет ету дағдыларын қалыптастыра білуі; жеке-дара окытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы; жана технологияларды пайдалана білуі; қaзipгi іс-тәжірибелерді пайдалана білуі; білім 6epyдегi дамыту бағыттарын айқындай бiлуi; мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері; педагогикалық талаптарды орындай білуі; шыдамдылық және төзімділік; табан астындағы тосын ic-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі; кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Сонымен қатар қазіргі білімдарлық технологияда мектепке дейінгі балабақша тәрбиешінің міндеттері де анықталып отыр: тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын дұрыстап, балалар ic-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек, арнаулы білім, білік пен іскерлік-дағдыны меңгеpyi керек, жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерде қатал талап қоя алатын болуы, тәрбиешінің әp6ip қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі - жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістерінің 6ipi, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұкыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі ке­рек. Бала еліктегіш болғандықтан жақсыны да, жаманды да тез кабылдайды.

Тәрбиеші қызметтің маңызды ерекшелігі оның тәртіп пен принциптіліктің нормаларын жас ұрпақты тәрбиелеу және оларға білім беру процесінде тиімді қолдана білуінде. Ертедегі педагогтардың «Мұғалімге қатаң болған жақсы, мейірімді болған одан да жақсы, әділ болған тіпті жақсы»-деулері өте орынды. Тәрбиешінің рухани қасиеттерінің ішінде ең негізгі орын алатыны оның педагогикалық білімінің көлемділігі мен тереңдігі болып есертеледі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың адамзат ойының дамуында бұдан бұрын болып көрмеген қарқынмен алға басуы тәрбиешіден жан-жақты білімділік пен жоғары мәдениеттілігі талап етеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда тәрбиеші қазіргі балабақша алдында тұрған өте күрделі міндеттерді ойдағыдай шеше алмайды.

Тәрбиеші ұстаздың қоғамда орны маңызы зор. Олай болатын себебі тәрбиеші ұстаздың еңбегі жауапты әрі күрделі, өйткені ол жас ұрпақтың болашақ тағдыры үшін, өзін жауапты сезінеді. Оның тәртібі білімі, қоғамнан алатын орны, адамгершілігі. Белсенділігі, іскерлігі үшін күресетін оның түрлеріне жол тауып, жан дүниесінің таза қоғам үшін жан тәнмен еңбек етуге құштарлығын оятатын білімге деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып, талаптандыратын тәрбиеші – ұстаз. Оны осы қасиеттері үшін « адам жанының инжинері» деп Сухомлинский айтқан. Қоғам тәрбиеші ұстазға жас ұрпақты сеніп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбиелеуді, дүниеге көзқарастын дамытып қалыптастыруда сенім артады. Мұндай орасан зор сенім тәрбиеші ұстаздарға қоғам алдында ұлы жауапкершілік жүктейді.

Мектепке дейінгі мекемеде өз өмірінің алғашқы 6 жыл бойы болады. Сол кезде ол үшін тәрбиеші сөзсіз өнеге, әрі бедел болып табылады. Сондықтан да педагогтың өз басына қойылатын талаптар өте жоғары. Тәрбиешінің балаға ықпалы күнделікті өмірде, оқу сағатарында, бірлескен еңбек әрекетінде қарым – қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір баланың мұқият зерттеп, оның өзіндік ерешеліктерін білуге балалардың бәріне бірдей объективті қарауға, педагогикалық әдептілікті көрсетуге балалардың мінез – құлқы мен іс - әрекет нәтижелерімен әділ бағалауға, дер кезінде көмек көрсетуге, отбасындағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Тек сонда ғана педагог баланың жеке басына мақсатты түрде ықпал жасай алады. Тәрбиеші қызметінің ойдағыдай болу сөзсіз шарты оның балаларға деген ақылға қонымды, талапкершілікпен ұштасқан сүйіспеншілігі болып табылады.

Тәрбиеші қызметінің табысты болуы, оның тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуіне байланысты.

Қазақтың алғаш қоғам қайраткері, әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық ортада тәрбиелеу үшін балабақшалар ұйымдастыруға зор мән берген Нәзипа Құлжанова, тәрбиешінің ұстаздық бейнесін педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиеті жоғары санаған. Бұл жағынан алғанда Нәзипа Құлжанова бала тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді. Н.Құлжанова : «тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтық мамандықтың кілтін шебер ұстаған, жан – жақты терең білімді, сегіз қырлы бір сырлы ашық жанды, жайдары жүретін, ажарлы, қайратты, инновацияшыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, кекшіл емес, тапқыр еңбекқор болу керек және белсенділігі өте жоғары дамыған болу қажет». Қарым – қатынас кезінде әр баланың жан дүниесін сезе білетін кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс деп жазды. Н.Құлжанованың ойынша, мектеп жасына дейінгі баланы оқытып тәрбиелеу ісінде тәрбиеші ата – анадан кейінгі үлгі боларлық негізгі тұлға. Сәбилер үшін балабақшада басты кейіпкер. Мектеп жасына дейінгі балаларда еліктегіштік қабілет өте жоғары болғандықтан, олар өз тәрбиешісіне ұқсағысы келеді де, сөйлеген сөзін, істеген ісін, әрекетін, айналасындағылармен қарым – қатынасын түгелдей қайталап айнытпай салады.

Ұлы ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фараби «Бақытқа жеу жайында» еңбегінде: «өмірді басқару өнерінің ізгілігі, адамдардың ізгіліктеріне байланысты әрекеттерді қолдану өнері және жеке дара өнері, бар, сондықтан халықтар мен қала тұрғындарын тәрбиелеуде қайырымды да, өнерлі адамдарды пайдалану туралы айта келіп, басқарушы адамдардың барлығын ұстаз, оқытушы ретінде бағалайды.

Алтынсарин: « маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп атаған.

Ахмет Байтұрсынов өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде былай деп жазды: « мұғалім қандай болса, мектеп хәм, сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпашы».

Тәрбиеші деп арнайы дайындағы бар, педагогикалық іс - әрекетпен кәсіби айланысатын адам. Оның негізгі функциясы: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару. Жалпы тәрбиешінің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін зерттеулер жасаған. Олар: Амоношвили, Мухина, Люблинская, Баймұратова, Меңдаяқова, Сәттімбекова, Меңжанова, Жұмабекова және т.б. Болашақ тәрбиешілерді даярлау мәселесін қарастырып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізген.


8- тақырып.(2сағ) Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары.

1. Бағдарлама- мектепке дейінгі балаларды оқыту- тәрбиелеу мақсат, міндеттерін, мазмұнын айқындайтын- негізгі құжат.

2. Мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы.
Мектепке дейінгі балабақшада білім-тәрбие жұмысын жоспарлау мектепке дейінгі педагогиканың маңызды шаралары Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда мектепке дейінгі педагогикабаланың жеке басын тәрбиелеумен дамытудың негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Тәрбие дамудың шешуші фактоы болып табылады. Тәрбие процесінде баланың білімдері, дағдылар мен іскерлікті, іс-әрекет тәсілдерін, адмгершілік нормалары мен ережелерін бағалай білуді игеру жүзегеасырылыдады. Тәрбие мазмұны оның мақсатына сай іріктеледі. Сол арқылы тәрбие бағарламалық сипатқа ие болады. Демек, оны жоспарлауға болады. Балаларға ықпал жасаған кезде тәрбиеші алуан түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Оларды балаларды тәрбиелеу мен дамытудың, олардың жеке ерекшеліктерін жалпы заңдылықтарын білу негізінде жоспарлайды.

Педагогикалық жұмыстың жоспары белгілі бір уақыт ішінде балалармен жүргізілетін нақты міндеттерін, формалары мен міндеттерін айқындайды. Бұл педагогикалықпроцеске ұйымдасқан сипат береді. Тәрбиешінің жұмысын мақсатты әрі нәтижелі етеді. Баланы тәрбиелеуде ересектердің басшылық рөлін күшейтеді.

Педагогикалық жұмысты жоспарлаудың негізгі мақсаты балалар бақшасында тәрбие бағдарламасының әрбір жас топтарында орындалуын қамтамасыз ету.Бұ лмақЖоспарлау сатқа жету үшін бірқатар талаптарға жауап беруі керек.


  1. Жоспарлау балаларға жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысының идеялық бағытталуын қамтамасыз ету керек. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны баланың өмірді ұйымдастыру формалары педагогикалық ықпал жасау әдістері мен тәсілдері қоғамдық тәрбиенің баланың жан-жақты жарасымды дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, сұрыпталады да жочспарда бейнеленеді.

  2. Жоспарлау тұтас алғанда қандайда бір топтағы тәрбие процесін ұйымдастыруға көмектесетін болуы тиіс.

  3. Жоспарда тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны менәдістерін балалардың қол жетерлігін ескере отырып, олардың іс-әрекеттерін бірте-бірте күрделендірудікөздеу қажет.

  4. Егер жоспар шынында нақты болса, оны басшылыққа алуға болады.

Тұтас алғанда мектепке дейінгі жәнеәрбір жас топтарының ж9мысын жоспарлаудың тікелей негіздері болып табылады. Оның мазмұны белгілі уақытқа арналған білім тәрбие жұмысының жоспарында одан әрі нақтылана түседі.Балалар бақшасында оқытудың негізгі формасы – оқу сағаттары болып табылады. Қандайда бір әдіс арқылы ұсынған оқу-сағаттарының жүйесі жоспарда нақты жайларды балалардың даму дәрежесі мен қарқынын ескере отырып белгіленеді. Сонымен жоспарда оқытудың мазмұны оны ұйымдастыру формалары негізгі әдістері мен тәсілдері бейнеленеді.

  1. Мінез-құлық пен мәдени өмірлік дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жоспарлау – жеке баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балалармен жүргізілетін бүкіл тәрбие жұмысы процесінде :оқу сағаттарында, ойында жүзеге асырылады (адамгершілік тәрбиесі жеке жоспарланбйды).

  2. Балалар ойынына басшылықты жоспарлау.

Балалар ойынына басшылықты толық жоспарлау тәрбиешілерден ойынды жақсы білуді сондай-ақ өз тобының балалары қандай кімнің-кіммен ойнағысы келетіні ойында балалалардың қаншалықты тәуелсіз екендігі қандай ойыншықтарды артық көретінін т.б. жөнінде хабардар болуды талап етеді. Ойын жастан жасқа қарай дамитынын білу керек.

Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау.

Балалалар бақшасындағы мерекелерді жоспарлау. Ата-аналармен жұмысты жоспарлау. Балалар бақшасындағы білім-тәрбие жұмысын моспарлау бірін-бірі өзара толықтыратын міндетті 2 формада толықтырады.

1). Балалар бақшаның жылдық жоспарында.

2). Тәрбиеші жұмысының күнтізбелік жоспарында. Бұл 6-12 күнге арналған.

9- тақырып. (2сағ)Ресеидегі балабақшалардың қалыптасу тарихы.

1. 1871 жылғы алғашқы балабақшасының ашылуы.

2.Фребельдік балабақшалардың ашылуы.

3. Я.М.Симонович пен А.С.Симоновичтердің балабақша ашуы.


Россияда алғашқы балалар бақшалары жеке адамдардың, қайырымдылардың және филантропиялық қоғамдардың, кейбір озық земстволардың инициативасы бойынша XIX ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Олар аз еді, бірен-саран ғана болмаса олардың бәріне ақы төленетін болды. Оларды ұйымдастыруға мемлекет қатыспады. Жеке меншіктегі балалар бақшала-рының төлемі өте жоғары болды, онда балалардың болу ұзақтығы әдетте 4 сағаттан аспады, сондықтан олардың игілігімен тек ауқатты ата-аналар ғана пайдалана алды. Тәрбие жұмысының бағыты және қызметкерлерді іріктеп алу .балалар бақшаларын ұстаушы адамдарға бүтіндей тәуелді болды.

Халықтың төменгі жіктерінің балалары үшін алғаш тегін, халықтық деп аталатын, балалар бақшасы 1866 жылы Петербургте қайырымдылар-дың «Арзан пәтерлер қоғамы» жанынан ашылды. Мектепке дейінгі баска мекемелердегі сияқты, мұнда да сабақ Фребель жүйесі бойынша жүргізілді.

Бірнеше балалар бақшалары да пайда болды, оларда орыстың аса көрнекті ғалымдары мен педагогтарының айткан белді пікірлері негізінде мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа жолдарын іздестіру жүргізілді. Мысалы, XIX ғасырдың 60-жылдарында-ак Петербургте ерлі-зайыпты Я. М. мен А. С. Симоновичтердің балалар бақшасында үлкен эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Бүтіндей алғанда Россияда мектепке дейінгі мекемелердің дамуы баяу болды. Мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттің бөлген қаржысы жоққа тән еді. Россия империясының 1913 жылға арналған мемлекеттік бюджетінде «Мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізу» статьясы бойынша мек-тепке дейінгі бір балаға орта есеппен жылына 1 тиын мөлшерінде ақша жұмсау көзделді. 1917 жылдың октябріне карай елде ірі калаларда орна-ласқан не бары 280-дей балалар бакшасы болды, соның 250-і ақылы еді.

Революцияға дейінгі Россияда мектепке дейінгі мекемелердің мұндай жағдайы толық заңды да еді. Олардың алдына халық бұқарасының балд1-ларын торбиелеуді ұйымдастыру міндеті де қойылмады. Үкімет балалар бақшаларына буржуазиялық семья тәрбиесіне көмекке арналған немесе жетімдерге көз қырын салатын мекемелер деп қана карады.

Россияда мектепке дейінгі тәрбие педагогтардың ынта-жігері арқасында ғана өмір сүріп, дамып отырды, ондай педагогтардың қатарынан А. С. Симоновичті, Е. Н. Водовозованы, Л. К. Шлегерді, Е. И. Тихееваны бөліп айту керек.

Швейцариядағы балалар бақшаларының жұмысымен алдын ала танысқан, XIX ғасырдың 60-жылдарда-ғы қоғамдык-педагогикалық қозғалыстың көрнекті қайраткері Аделаида Семеновна Симонович (1840—1933) 1866 жылы ерімен бірлесіп Пе-тербургте интеллигенция балаларына арналған ақылы балалар бақшасын ашты және Россияда мектепке дейінгі тәрбие жөнінде «Балалар бақшасы» деген тұңғыш журнал шығара бастады. Балалардың ерекшеліктерін зерт-тей отырып, ол Фребель жүйесі бойынша баланы дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес екендігіне көзі жетті де К. Д. Ушинский ұсынған халықтық тәрбие идеясын қолдана бастады.

А. С. Симонович былай деп есептеді: 3 жасқа дейінгі балалар анасы-ның белсене қатысуымен семьяда тәрбие алуға тиіс, ал 3-тен 8 жасқа де-йінгі тәрбиелеуде семьяға бала бақшасы көмектесуі қажет.

Балалар бақшасына «семья мен мектеп арасын байланыстырушы зве-но» ретінде карай отырып ол, балалар бақшасы балаларды мектепте оқуға даярлауға тиіс, деп жорамалдады. Оның пікірі бойынша, балалар бақшасындағы оқу ойындық сипатта болуға тиіс. Мектепке дейінгі жоға-ры жаста жай арнаулы класта неғұрлым жүйелі даярлау енгізіледі. Ойын ойнап жүріп, бала бір мезетте орнықтылыққа дағдыланадьі, әліппемең, жазумен, санаумен танысады. Жай кластағы оқу мектептегі сабақ балаға қуаныш беретіндей етіп құрылуға тиіс.

Балалар бақшасы жұмысының табысты болуы көбіне-көп тәрбиешінің жеке басына байланысты, ал А. С. Симонович оған зор талаптар қойды. Оның айтуына қарағанда, «балалар баулаушысы» білімді, ширақ, сергек, көңілді, қатаң, бірақ кекшіл емес, талап қойғыш, бірақ қазымыр емес болуға тиіс. Ол балалардық табиғатын тани білуі тиіс. А. С. Симоновичтің пікірі бойынша, балалар бақшасының сипаты мен бағыты баулаушы-ның ақыл-ой және адамгершілік жағынан даму дәрежесіне байланысты,

А. С. Симоновичтің қызметі орыстың мектепке дейінгі педагогикасын дамытуға дұрыс әсер етті.

10-тақырып.(2сағ) Шет елдердегі балабақша тәжірибелері.

1. Р.Штайнердің мектепке дейінгі тәрбие туралы ой- пікірлері

2. Вальдорф бала бақшасы. Балабақша жұмысының негізгі принциптері.

XIX гасырдың аяғында — XX ғасырдың басында шет- ел мектепКе дейінгі педагогикасында елеулі өзгерістер болды. Жаратылыстану ғылымдарының—биологияның, физиологияның және солардың негізінде психологияның табысқа жетуіне байланысты педагогика және оның жекелеген салалары, оның ішінде мектепке дейінгі педагогика онан әрі дами түседі. Капитализм дамудың жаңа империалистік кезеңіне енді. Буржуазияның қоғамдық емірді толық өз ықпал.ына бағындыруға тырысуы педагогиканы буржуа-зия идеологтарының ерекше зер салған объектісіне айналды. Педагогика-«ы партиясыз және таптан жоғары тұрады деп бар дауыспен жариялай отырып, капитализм идеологтары адамдардың табиғи айырмашылықтары арқылы, қоғамда таптық айырмашылықтар болады дегенді негіздеуге тырысты. Дәулеттілер өкіметі экономикалық себептердің күшімен осылай болып отырған жоқ, тек олардың басқалардан табиғи артықшылығы ар-касында болып отыр деп дәлелдей келіп, буржуазияның көптеген педагог-тары өзін-өзі еркін тәрбиелеу және өз бетімен оқу процесінде ішкі себеп-термен пайда болған баланың жеке басының даму идеясын таратты, тәр-биешінің басшылық рольден бас тартуы керектігін уағыздады, оның ролін балалардың өз бетінше өсуі үшін тиісті жағдайлар мен мүмкіндіктер жа-саумен ғана шектеді.

Бұл кезеңде балалар бакшалары біршама кең таралады, бұлар капи-талистік өндіріс процесіне барған сайын көбірек тартылған әйел-аналарды балаларды күтіп, бағудан босатты және балаларды буржуазия моралы-ның нормалары рухында жоспарлы түрде тәрбиелеп отырды.

Империализм дәуірінде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатор-дәрігері және педагог Мария Монтессори (1870—1952) ерекше дараланып көзге түсті. Мектепке дейінгі балаларды қамтыған, ол негізін құрған балалар үйлерінде өзіндік ерекшелігі бар тәрбие жүйесі жүзеге асырылып отырды. Тәрбиешіден баланың өсу проце-сіне қол сұқпастан тек оның езін-өзі тәрбиелеуіне себепкер болатын жағдайды ұйымдастыру талап етілді. Бірақ соның өзінде тәрбиешінің ық-палы сөзсіз де күмәнсыз сақталды. Ең алдымен балалар айқын бейнелен-ген діни рухта тәрбиеленді, адамгершілік жағынан қалыптасудың бәрі со-ған негізделіп құрылды. Тіл алғыштық дағдыға үйрету үшін арнайы жат-тығулар пайдаланылды. Бала іс-әрекеттерінің коллективтік формаларын жокка шығару, жеке баламен жұмыс жүргізу балалардың бойында оқыс жеке-дара сипаттардың пайда болуына апарып соқтырды.

Г Монтессори ақыл-ой тәрбиесін шын мәнінде сезім органдарын тәрбие-леумен ауыстырды, бұл үшін тиісті дидактикалық материалды талдады. Ақыл-ойы кеміс балалармен жұмыс істеу практикасынан алынған мате-риалдар мен жаттығулар оку негізін қалады. Жаттығулар жүйесі бала-лардың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға: заттарды формасы, салмағы және түсі бойынша айыра білуге, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталды. Қызық және бағалы деген жекелеген бұл жаттығулар ете педанттық тұрғыда тым егжей -тегжейлі колданылды. Мұның өзі жеке адамның кең ауқымды дамуы орнына әр түрлі сезімдердің үйреніп кетуіне әкеліп соқтырды. Ойын мен фантазия элсментінен жұрдай бұл жаттығулар зеріктіргіш механикалык еңбекке айналды, балалардың акыл-ойы жағынан дамуына теріс әсерін тигізді

Осындай рухсыз, дінмен араласкан практикалық тәрбие буржуазияның қажеттеріне толық сай болып отырды. Буржуазиялық мектепке дейінгі тәрбиені талдай келіп, Н. К. Крупская былай деп атап көрсетті: «Фребельдік және монтессорилік балалар бақшалары да буржуазиялық патрио-тизмге белшесінен бата сіңген, өсіп келе жатқан ұрпақты помещиктер мен капиталистер елінің өкіметі мәжбүр етіп отырған бағытта тәрбиелеуге то-лык жағдай жасайды».

Монтессоридің емірден кол үзген жеке педагогикасын терең де мықтап катты сынға ала отырып, прогресшіл педагогика онын кейбір құнды тап-қырлыктарын кәдеге жаратуға алды. Бұл әсіресе алуан түрлі дидактика-лық материалдарға және оларды сенсорлық тәрбиеге пайдалану әдістеріне жатады.
11- тақырып.(2сағ) Қазақстанда балабақшалардың даму тарихы.

1. Қазақстанда тұңғыш балабақшаның ашылуы.

2. Елімізде балаларды мекепалды даярлау мәселелері.
Мектеп жасына дейінгі бала­ларды тәрбиелеу, денсаулығы мен күтімін жақсарту, ана мен балаға қамқорлықты күшейту - Қазахстан Республикасының шетте қалган емес. Оған дәлел, 1918-1920 жылдары Алматы (Верный), Қызылорда, Орал, Торғай қалаларында 115 балабакша, ал 1932 жылы 441 бақша ашылып, оның 35-i қазақ тілінде жумыс icтece, 1939-1940 жылдары Қазақстандағы балабакшалар саны (маусымдық балалар аландарын қоса есептегенде) 550-ге жетті, оның ішнде 60-тан астамы тәрбие жұмысын қазақ типінде жүргізді. Әлі ipгeci нығайып, буыны бекімеген еді. Балабакшаларда отбасында сәбилерді тәрбиелеу олардың денсаулығын, күтімін жақсарту, сәбилі аналарға жәрдем көрсету мақсатында сол кезден әйел теңдгі" (1926 ж. Редакторы С.Есова) журналы «Ана мен бала тәрбиесі» деген бөлім ұйымдастырды. Бұл бөлімді педагог-жазушы, журна­лист Нәзипа Құлжанова бастарды. Журнал бетінде қазақ ауылындағы отбасында бала кутімін, денсаулығын жақсарту жайында мақалалар жарияланды. Сонымен катар Н.Қулжанованың "Мектептен бұрынгы тәрбие"(Орынбор, 1928 ж.) "Ана мен бала тәрбиесі (Кызылорда, 1927 ж.) атты екі еңбегі жарияланды. Осының өзі сол кездегі ауыл-селодағы шалғайдағы қызыл отауларда ашылган маусымдық және тұрақты жұмыс істейтін балалар мекемелері мен отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен күтімін жақсарту жұмысына басшылық жасады.

Балалар мекемелерінің жыл санап канат жая бастауы, бұл мекемелерде жұмыс істейтін педагогтар мен тербиешілерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету, гылыми білім негіздері мен қаруландыру сиякты маңызды проблемаларды шешу кажеттігін туғызды. Аталған ic-шараларды жүзеге асыру мақсатында Халық ағарту Комиссариатының жанынан 1932 жылы республикалық әдістемелік кабинет кұрылды. Осындай игілікті icтep Қазақстанда педагогика гылымының негізін қалауға, тәрбиешілер қауымына ғылыми-педагогикалық әдістемелік басшы кұралдар әзірлеуге мүмкіншік жасады. Алғаш рет 1924-30 жылдары Орынбор қаласында ғылыми-педагогикалық мақалалар жинактары басылып шықты. 1929-1936 жылдар аралығында балабакшалар Жарғысы және мектепке дейінгі балалар үйлері мен ба­лабақша тәрбиешілеріне арналған практикумннң жұмысы туралы нұсқау хат, т.б. материалдар казақ тіліне аударылып, шалғайдағы ауылдарда жаңа ұйымдаса бастаған маусымдық бебекжай (ясли), балабакша тербиешілер үшін басты құрал ретінде таратылды.

Казакстан Республикасында мектепке дейінгі педагогиканың дамуы Ы.Алтынсарин атындагы педагоги­ка ғылымдары ғылыми-зерттеу институтындағы мек­тепке дейінгі тербие бөлімнің жұмысымен тікелей байланысты. Бұл бөлім 1958жылы ашылды.


3. Пән бойынша практикалық сабақ

тапсырмалары.

1-тақырып. Мектепке дейінгі педагогика ғылымы.

1.Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалаптасу тарихы.

2.Алғашқы қоғамдағы тәрбие.

3.Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель және Рим педагогы Марк Фабин Квинтилиан.



2-тақырып. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы.

1. Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуда ұлы пегагог Ян Амос Коменскийдің еңбектері.

2. И.Г. Пестолоцийдің кішкентай балаларға арналған мектебі.

3. Ф.Фребельдің балабақшасы.



Модуль 2. Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар

3-тақырып. ХVІІІ-ХІХғ бірінші жартысындағы дворяндық- мемлекеттік педагогика.

1. Ресейде мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.

2. Н.И.Новикованың және В.Ф.Одевскийдің мектепке дейінгі тәрбиеге көзқарасы мен еңбектері.


4-тақырып. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдағы қоғамдық педагогика.

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында мектепке дейінгі педагогика ғылымының педагогика ғылымынан бөлінуі.

2.К.Д.Ушинский мектепке дейінгі тәрбие туралы.

3. Е.Н.Водовозваның мектепке дейінгі тәрбиеге педагогикалық көзқарастары.



5-тақырып. 1917-1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика.

1. Балаларға бір жастан тегін қоғамдық тәрбие беру мәселесі.

2. Н.К.Крупскаяның мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан еңбегі

3. Е.И.Тихеева, А.П.Усованың мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарастары мен еңбектері



Модуль 3. Қазақстан тарихындағы тәрбие,мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы

6-тақырып. Қазақстанда мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.

1. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушы ғалымдарының педагогикалық ой- пікірлері. (Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин)

2. Нәзипа Құлжанованың еңбектерінің маңызы.


7-тақырып. Қазақ ағартушыларының педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы

Ш.Ш.Уәлихановтың көзқарасындағы білім беру,оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері. А.Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары.




8-тақырып. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың өркендеуі және тенденциясы

Қазіргі замандағы Қазақстандық педагогика ғылымының қалыптасуы және дамуы. Жалпы педагогиканың дамуы.

Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикалық негізгі ой-пікірлер. Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Г.Х. Дүкенбаева, З.Д. Еденбаева, Г.Ж. Меңлібекова, Ф.Н.Жұмабекова, т.б. мектепке дейінгі педагогика туралы ойлары және қызметі.


9- тақырып. Қазақстанда балабақшалардың даму тарихы.

1. Қазақстанда тұңғыш балабақшаның ашылуы.

2. Елімізде балаларды мекепалды даярлау мәселелері.


Модуль 4. Балабақшалардың даму тарихы

10-тақырып. Тәрбиеші мамандығының тарихы.

1. Педагог мамандығының тарихы.

2.Еліміздегі тәрбиешінің білімін арттыру жүйесі, жолдары.


11-тақырып. Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдары.

1. Бағдарлама- мектепке дейінгі балаларды оқыту- тәрбиелеу мақсат, міндеттерін, мазмұнын айқындайтын- негізгі құжат.

2. Мектепке дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы.


12-тақырып. Ресейдегі балабақшалардың қалыптасу тарихы.

1. 1871 жылғы алғашқы балабақшасының ашылуы.

2.Фребельдік балабақшалардың ашылуы.

3. Я.М.Симонович пен А.С.Симоновичтердің балабақша ашуы.



13-тақырып. Шет елдердегі балабақша тәжірибелері.

1. Р.Штайнердің мектепке дейінгі тәрбие туралы ой- пікірлері

2. Вальдорф бала бақшасы. Балабақша жұмысының негізгі принциптері.


Студенттердің өздік жұмыстары



Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптары

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Бақылау түрі

1

Алғашқы қауымдағы тәрбие

Алғашқы қауымдағы тәрбиенің пайда болу ерекшеліктерін және сол замандағы маңызын ашып көрсетіңіз

Конспект бойынша талқылау

2

Құл иеленушілік қоғамдағы тәрбие мен мектеп

Афинадағы және Спартадағы алғашқы мектептер, олардың ерекшеліктері, ұстанған бағыттары

Конспект бойынша талқылау

3

Батыс Европа елдеріндегі педагогикалық ойлар, мектеп пен тәрбие

Ж.Ж.Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» еңбегіндегі тәрбие теориясының маңызы. И.Г.Песталоциидің «Балаларға элементарлық білім беру теориясы». Роберт Оуэннің оқу-тәрбие мекемелері

Тезис даярлау

4

Ресейдегі мектепке дейінгі мекеме, мектеп және педагогикалық ойлар


К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.С.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.Ф. Шаталовтың педагогикалық ойлары

Реферат

5

Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы


Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегінің маңызы

Конспект бойынша талқылау

6

Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы


Ақын-жыраулардың тәлімдерінің педагогика ғылымының қалыптасуындағы орны.

Ы.Алтынсарин,

А.Құнанбаев,

Ш.Уәлиханов,

М.Дулатов,

Ж.Аймауытов,

Ш.Құдайбердиев ағартушылық көзқарастары.

Ж.Жабаевтың тағылымдары.

Р.Лембергтің «Дидактикалық очерктер» еңбегінің маңызы.

Қазақстандағы жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері.



М.Әуезовтың педагогикалық көзқарастары (Абай жолы романы).



Реферат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет