1. Иммунибиологиялық препараттардың иммуындық жүйеге әсеріне жалпы сипаттама
2. Дауалау биопрепараттарын пайдаланудағы ветеринариялық негіздеме және организмнің иммунологиялық икемділігі
КІРІСПЕ: Иммунобиологиялық препараттар деп-иммундық жүйеге әсер ететін және әсері иммундық реакцияларға негізделеген препараттарды атайды. Осы қасиеттеріне байланысты оларды инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың ирофилактикасы, диагностикасы және емдеуі үшін қолданады.
Иммунобиологиялық препараттарты табиғаты, шығу тегі, және қолдану жолдарына байланысты топтастыруға болады, оларға жатады:
1. вакциналар;
2. тері микроорганизмдерден немесе микроб онімдерінен дайындалған нрепараттар (фачтар, эубиотиктер);
3. иммундық сарысулық препараттар;
4. иммуномодулметорлар;
5. диағностикалық препараітар, соныфмен қатар аллергендер, иммунобиологияльіқ препаратгар иммундық жүйе әрекетін белсендіру немесе қалыпқа келтіру үшін қолданады.
Иммунибиологиялық препараттар иммуындық жүйеге белсенді (активті)
белсенсіз (пассивті) жөне арнайы , арнайы емес әсер корсетеді.
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру. Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.
Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммунохимия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық иммунология қалыптасты. Ветеринариялық иммунология барлық ветеринариялық ғылымдармен тығыз байланысты.
1. Иммунибиологиялық препараттардың иммундық жүйеге әсеріне жалпы сипаттама
Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендер болады. Ауруға қарсы иммунитет пайда болуы үшін олардың барлығының маңызы бірдей емес. Тек қана протективті (қорғаушы) деп аталатын антигендер ауруға қарсы иммунитет тудыра алады. Энтербактериялардың протективті антигендеріне Vі-антиген, ішек таяқшасында К-антиген жатады. Осындай тазартылған протективті антигеннен даярланған вакциналар химиялық вакциналар деп аталады. Мұндай вакциналар организмде жайсыз реакциялар тудырмайды, ондай препараттардың болашағы зор.
Иммунибиологиялық препараттар иммуындық жүйеге белсенді (активті)
белсенсіз (пассивті) және арнайы , арнайы емес әсер корсетеді.
Белсенді әсер деп препараттың иммуңдық жүйені тікелей белсендіруі (мысалы: вакцинация);
Белсенсіз әсер деп — препараттың иммупдық жүйе әрекетіне әсерін атайды
(иммуноглобулин, иммуномодуляторларды енгізу).
Иммундық жүйені қалыпқа келтіру жөне белсендіру үшін иммунологиялық препараттарды, біріншіреттік және екіншіреттік иммунодефицитте, инфекциялық ауруларга қарсы турушылықты арттыру үшін, ісік клеткаларының осуін тежеу үшін, аллергиялық аутоиммундық ауруларды емдеу үшін қолданады.
Иммунологиялық препараттардың иммундық жүйе әрекетін төмендету қасиетін мүшелер меи ұлпалар трансплантациясында, кейде аутоиммундық, аллергиялық ауруларды емдеуге қолданады.
Иммундық жүйе организмге сырттан түскен немесе функциональдық өзгерістер нәтижесінде түзілген потогендік агент әсеріне арнайы және арнайы емес жауап береді.
Бұл жауап реакциялары гуморальды және торшалық сипатта болады. Осы реакциялар негізінде коптеген диагностикалық препараттар ашылған.
Тарихи тұрғыдан қарастырғанда адамзат алғашында вакцина ретінде өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Адамзат сүт ашытатын микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл ауруларға қарсы егу үшін құрамында ауру қоздырушы микроб бар әр түрлі патологиялық материалдар пайдаланылған.
Адамға шешек егу вариолау деп аталады. Іс жүзінде бұл адамнан адамға шешекті қолдан жұқтыру еді. Ал қойдан қойға шешекті егу овиналау деп аталады. Кейін (1902 ж.) қойға егілген шешек сөлі - овина өндірістік әдіспен алына бастады. Қазір бұл дәрмектің негізінде аллюминий гидрототықты фармолвакцина даярланады. 1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер халық тәжірибесіне сүйеніп, адамға сиырдың шешегін егуді ұсынды. Бұл әдіс вакциналау (вакцинация, латынша vасса - сиыр) деп аталды да, бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу әдістерінің барлық түрлері осылайша аталатын болды.
Әлсіретілмеген вакциналарды пайдалану қазіргі уақытта да қалған жоқ, Мысалы, қазір құс шешегіне қарсы вакцина ретінде тауық пен күрке тауықты егу үшін шешек вирусының көгершіннен алынған штаммы қолданылады.
Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егудің өзіндік ерекше әдістері бар. Бұл дәрмектер әдеттегіден тыс микробтың денеге табиғи жолмен енуіне керағар организмдегі белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы, овинаны қойдың құйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін сиырдың құйыршығының ұшының сырт жағына, кебенек сөлін ешкінің маңдайына, құс шешегін құстың балақ қауырсынының ұясына (фолликуласына) жібереді. Вакцинаны бұлай еккенде орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры сәтті аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.
Соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың тағы бір әдісі пайдаланыла бастады. Бұл - гетерологиялық иммунитетті (гетероиммунитет) пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқын иммунитет деп те атайды, оның негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, шошқа обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.
Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.
Әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы төмендеген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудыратын қасиетін мейлінше сақтауы қажет. Екінші сөзбен айтқанда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық штамм организмге енгізілгеңде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуно-морфологиялық болып табылады.
Әлсіретілген вакциналық штамм - ауру қоздырушының сапалық жағынан басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген жөн. Вакциналық штамм ретінде әлсіреген микробтың табиғи жағдайда пайда болған немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір тармағы (клоны) пайдаланылады. Бұндай клондарды табу үшін ауру жануарлардан бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сұрыптау жұмысын жүргізеді. Ал жасанды жолмен алу үшін ұзақ уақыт қоректік ортада өсіреді немесе әр түрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді , не болмаса әр түрлі мутогендік факторлармен әсер етеді. Мұндай жасанды мутанттар алудың әдістерін үш топқа бөлуге болады:
1.Химиялық әдістер: азот қышқылы, т.б. химиялық заттармен әсер ету. 2.Физикалық әдістер: ультракүлгін сәуле, температура, радиация, т.б. 3. Биологиялық әдістер: бактериофагтар, антибиотиктер, жануар организмі арқылы пассаж, т.б.
Әлсіретілген тірі вакциналардың алыну тарихына аздап шолу жасасақ, бұл әдістің негізін қалаған Л.Пастер топалаң микробын жоғары температурада (42,5-43° С) өсіру арқылы оның уыттылығын төмендетті. Жануарлар арқылы пассаж жасау да Л.Пастер тапқан әдіс. Ол құтырық вирусын үй қояны арқылы үздіксіз пассаж жасау арқылы вакциналық штамм вирус-фикс (fiхе - бекіту) алды..
Аталған әдіс вирустық инфекцияларға қарсы вакцина алу үшін кеңінен пайдаланылады. Алынған вакциналық штамдар пассаж жасау үшін пайдаланған жануарлардың түріне қарап әр түрлі атауларға ие болды. Мысалы, үй қояны арқылы пассаж жасалса, ондай штамм лапинделген (lаріnus - үй қояны), құс арқылы болса авинделген (avis - құс) деп аталады. Ал ұлпа өсіндісіне өсірілуге бейімделген штамм өсіндік, ал құс эмбрионында өсуге бейімделсе эмбриондық вакцина деп атау қалыптасты.
Соңғы кезде микроорганизмдердің вакциналық штаммдарын алу үшін генноинженерлік әдістер пайдаланыла бастады. Вакцинаны гендік инженерлік әдіспен синтездеу (құрастыру) үшін ауру қоздырушысының антигендік детерминанты үшін жауапты ДНҚ сегментін прокариот немесе эукариот жасуша жүйесіне енгізеді. Бұл әдіспен әр түрлі ауру қоздырушы микробтардың антигендік құрамын өзгертуге, не болмаса ауру қоздырмайтын сапрофитті микробка ауру қоздыратын микробтың антигенін көшіріп қондыруға болады.
Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жасанды жолмен, яғни қолдан иммундеу белсенді және енжар әдістер арқылы іске асырылады. Белсенді иммундеу үшін вакциналар, ал енжар иммундеу үшін иммуноглобулин препараттары қолданылады.
2 Дауалау биопрепараттарын пайдаланудағы ветеринариялық негіздеме және организмнің иммунологиялық икемділігі
Қазақстан Республикасы биотехнологияның түрлі саласында жаңа техникалар мен технологияларды игерген, негізгі және қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізетін, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына кіреді. Ген инженериясының жаңа технологиялары дәстүрлі биотехнологиялық процестердің деңгейлерін жоғарлатуға және бұрын қол жеткізбейтін бағалы өнімдерді алуға жол ашады. Қазіргі заман талаптарына сәйкес биотехнологиялық өндірістері қалыптастыру, Қазақстандық биоөнімдерді әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестіруге және экспортқа шығарудың негізгі жолы болып отыр. Биологиялық препараттар жұқпалы және инвазиялық аурулардың алдын алуға (вакцина,анатоксин), емдеуге (спецификалық гипериммунделген сарысу және гамма-глобулин), диагностикасына (антиген, аллерген,бактериофаг, диагностикалық сарысу) және жануарларды емдеу, олардың өнімділігін жағарылату (жануар қан сарысуы (ЖҚС), В12 препараты және т.б.) үшін арналған биологиялық зат.Биологиялық препараттар зардапсыз, биологиялық белсенді және стерильді болуы тиіс. Биопрепараттар технологиясында залалсыздандыру жұмыстары қатаң бақыланады, себебі олардың биоматериалы адам ушін қауіп туғызады.
Ресейде адам баласы үшін 40-тан астам вакцина түрі, ал жануар үшін 200-ден астам вакцина өндіріледі. Қазақстанда бірнеше, әртүрлі вакциналар өндіріледі. Мысалы: құтырық, яшура, құстың инфекциялық бронхитіне қарсы және т.б. вакциналар. Вакцинаның барлық түрі қойылған талаптарға сай өндіріледі, бірақ олда әлі де болса дамытуды талап етеді.
Тірі вакциналарды вируленттілігі әлсіретілген микроорганизм штамдарынан дайындайды. Бұнда қойылатын негізгі талап - ұрпаққа берілетін аверуленттіліктің тұрақты болуы. Мұндай микроорганизмдер штамдарын организмге енгізгенде, олардың көбеюі қажет. Тірі вакциналар түрлік қоректік ортада өсірілген микроорганизмдер штамынан тұрады. Олар антиверуленген жасанды немесе табиғи жағдайда қоздырғыш негізінде тағайындайды. Аттенуирленген вирус және бактерия штамдарын кенді инактивациялау жолымен алады. Сондай, тірі вакцина штамдары енгізген орында көбейіп, сол жерде сақтауға қабілетті, бұл патогенді микроорганизм штамына иммунитеті түзеді. Тірі вакцинаның артықшылықтары: Мықты және ұзақ мерзімді иммунитет түзеді. Бір ғана вакцинаның инъфекциясы жетеді. Қарапайым әдіспен енгізіледі, құрғақ иофильденген түрде шығады. Сондықтан ұзақ уақыт сақтауға болады және қатырғанда белсенділігін төмендетпейді. Құрамында консерванттары жоқ.
Өлтірілген вакциналар. Оларды вирулинтті инактиверленген вирус және бактерия штаммынан дайындалады. Инактивацияға келесідегілерді қолданады: - Жылыту. Формалин, ацетон, спиртпен өңдеу. Вакциналарды кептіру препаратының жоғарғы тұрақтығын қамтамасыз етеді. Артықшылықтары: ІІ рет енгізгенде тұрақты иммунитет түзеді. Парентеральді енгізу. Химиялық вакциналар: Химиялық әдіспен алынған антигендерден тұрады. Химиялық вакциналар галагенді болмайды. Кейбір жағдайда оларды дайындау үшін микроорганизмдердің рибосомалық фракциялары қолданылады. - Артықшылықтары: Реогенттілігі төмен, үлкен мөлшерде көптеп енгізуге болады. Вакциналардың әсерлігі адъюванттармен күшейтілген. Сыртқы ортаға тұрақтылығы (төзімді) болып келеді. Анатоксиндер: Экзотоксинді микробтардан дайындайды, дайындау барысында формалинмен өңделеді. Иммуногендік және антидене түзу қабілетінен айырылмайды.
Антигендер — генетикалық бөгде заттар, адам организміне енгізгенде иммундық жауап тудырады (гуморальдық жөне жасушалық). Антигеннің беткейінде антигендік детерминанттар (детерминантты топтар) орналасады. Олар антигеннің спецификалығына жауапты.
Гуморальдық иммундық жауап антигендерге қарсы спецификалық алтиденелермен пайда болуымен көрінеді. Бүны организмнің иммундық жүйесі уш типті жасушалардың - макрофагтар, Т- жөне В-лимфоциттер қатысуымен жасайды.
Антиденелер - иммуноглобулин дер, спецификалық активтік орталарымен белгілі антигенмен комплекс антиген+антидене пайда болғызып байланысады. Антидененің активті ортасы ауыр және жеңіл полипептидтік тізбектерден пайда болған. Иммуноглобулиннің активтік ортасының пішіні, көлемі гомологиялық антигеннің детерминантына сөйкес келеді, ягни антиген+антидене комплексте байланысып иммунитет реакцияларын қалыптастырады. Иммунитет реакциялары ажыратылады антиген мінездемесі және өту жағдайы бойынша. Реакция екі фазадан құралады: спецификалық (көрінбейді) және (спецификалык емес).
Иммунологиялық икемділік (иммунологиялық реактивтілік), иммундік жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен бөтенді ажыратып, генетикалық бөтен антигендік ақпарды өңдеп, оған иммунологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап реакциясына жататындар:
антидене тузу;
жедел типті сезімталдық;
баяу типтi сезімталдық;
иммунологиялық жады;
иммунологиялық толеранттылық;
идиотип-антиидиотип қатынасы.
Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік жауап антигендік әсерден барып туындайды. Ipi молекулалы (белоктар, полисахаридтер, липидтер) тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олардың антигендік детерминанттары болады. Химиялық құрамы жағынан антигендік детерминанттары 1-4 пептид немесе 1-4 сахаридтерден тұратын олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік детерминанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен әсерлеседә, бipaқ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бip курделі затты (белок, полисахарид) қосса, ондай қосылысты организмге енгізгенде гаптенге қарсы антидене пайда болады.
Организмнің бөгде антигенді ажыратуын комплемент қамтамасыз етеді. Комплементтің үшінші компонентінің СЗЬ фрагменті кез келген субстанциямен (микроб болсын, иммунді кешендер болсын) бipiгeдi де, бөгде заттарды залалсыздандыратын иммунологиялық, реакцияларды icкe қосады. Организмнің өз жасушаларымен СЗЬ әрекеттеспейді.
Антидене түзу. Антидене (иммуноглобулин) қорғаныс қызметін атқарып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылган соң комплемент жүйесін icкe қосады, микроорганизмдерді тұмшалап, оларды фагоцитозға дайындайды. Антиденелер 5 түрлі иммуноглобулиндерге жатады (IgG, IgM, IgA, IgD және IgE). Олардың iшінe IgM молекулалық массасы жағынан ең ipici және антигендік әсерден кейін бipiншi пайда болады. Кейінірек қанда IgG пайда болады, ол ұзағырақ сақталады және оның қорғаныс қабілеті де жоғары. Әр түрлі секреттерде (сүт, уыз, сілекей, ішек cөлi) негізгі антидене IgA болып табылады. Иммуноглобулиндердің қалған екі түpi: IgD және IgE жануарлар организмінде өте мардымсыз мөлшерде кездеседі және де олар аз зерттелген [5,6,7,8].
Антиденелерді В-лимфоциттерден пайда болатын плазмоциттер бөліп шығарады. Әpбip нақтылы антиген антидене түзетін тиісті жасушаларды ғана icкe қоса алады. Нақтылы антигенге қарсы телімді рецепторлары бар жасушалар иммундеуден бұрын организмде болады. Антигенмен кезіккен соң олар көбейіп, тиicтi плазмоциттердің клонын қалыптастырады. Бұл процеске сонымен бipгe макрофагтар мен Т-лимфоцйттер де (Т-көмекшілер, Т-супрессорлар) қатысады.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер
1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.
2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.
2 Қосымша әдебиеттер
1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010
Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.
2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009
Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987
3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008
4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.
5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007
3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер
3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/
3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №7 Дәріс
Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы
Тақырыбы: Микроорганизмдер немесе генетикалық түрлендірілген нұсқаларының патогендік қасиеттері, реверсиялық ықтималдығы және патогендік микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасуына сипаттама
Жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |