ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей 2015 Алғы сөз


Биопрепараттарды өндіру және тасымалдау жіне қолдану барысындағы бақылаудағы талаптар



бет8/13
Дата07.10.2019
өлшемі0,79 Mb.
#49324
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
d08d306e-fa83-11e5-9a8c-f6d299da70eeУМКД 3 Вет био преп

2. Биопрепараттарды өндіру және тасымалдау жіне қолдану барысындағы бақылаудағы талаптар


      Дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды шығару және олардың сапасын бақылау үшiн пайдаланылатын жабдық оны жұмысқа, пайдалануға және қызмет көрсетуге дайындауды барынша жеңiлдететiндей болып құрастырылуы және орналастырылуы тиiс. Жабдық оны дайын өнiм сапасының нашарлауын және ластануын болдырмау үшiн пайдалану үшiн қолданылатын материалдармен ластанбауы тиiс. Жабдық шығыс шикiзатының, материалдардың ағындарын оңтайландыратындай және персоналдың ауысуын барынша азайтатындай етiп орналастырылуы тиiс.

Өнiммен жанасатын технологиялық жабдықтың бөлiктерi онымен реакцияға түспеуi, препараттың белсендiлiгiне ингибирлеушi әсер ететiн заттарды бөлiп шығармауы немесе абсорбцияламауы, өнiмнiң қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiндей дәрежеде әсер етпеуi тиiс. Жағармай заттары мен салқындатқыш сұйықтықтар өнiммен жанаспауы тиiс.       Жабдықты жұмысқа дайындау сапасы, сондай-ақ алдын ала тексерулер және ағымдағы жөндеу жүргiзу нәтижелерi арнайы журналда тiркелуi тиiс.

Дәрiлiк заттар мен биопрепараттарды шығару кезiнде пайдаланылатын қолданбалы ингредиенттерге (желатин, сахароза, глюкоза, сүт сарысуы, тұз, лимон қышқылды натрий, натрий бензоаты) қойылатын талаптар құрамында уытты элементтердiң, антибиотиктердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң қалдық көлемiнiң, радионуклидтердiң және микробиологиялық көрсеткiштердiң болуы бойынша республикада қолданылатын санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және гигиеналық нормалармен анықталады.

Жануарларға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды өндiрушiлер олардың өндiрiсiн оның қауiпсiздiгiн өндiрiстiк үй-жайлардың iшiнде және одан тыс қамтамасыз ететiндей етiп ұйымдастыруы және ықтимал қауiптi заттарды, микроорганизмдердi (токсиндердi), олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларын, сондай-ақ өндiрiсте пайдаланылатын материалдар мен заттардың қоршаған ортаға шығарылуына жол бермеу үшiн алдын алатын iс-қимылдарды көздеуi тиiс.

      Тiрi микроорганизмдермен немесе олардың генетикалық түрлендiрiлген нұсқаларымен жұмыс iстеу кезiнде олардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабiлетi, патогендiк қасиеттердiң реверсиясының ықтималдығы және патогендiк микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасу мүмкiндiгi ескерiлуi тиiс.

Микроорганизмдер, оның iшiнде шетелден алынғандары, жануарларға арналған иммунологиялық дәрiлiк заттарды шығару мен олардың сапасын бақылауға арналғандар Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдер штамдарының коллекциясына депозитке алынуы тиiс.

      Өндiру сатысында ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларды көздеу керек. Басқа дәрiлiк заттарды шығару үшiн пайдаланылатын аймақтарда микробиологиялық тектес дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды дайындауға жол берiлмейдi. Қоректiк ортаны таңдау кезiнде ортаның селекциялығы, ашықтығы және зарарсыздандыруға жарамдылығы ескерiлуi керек. Онда уытты және аллергендi қасиеттерi бар заттар болмауы тиiс.

Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн жануарларда, сондай-ақ байланыста болатын жануарларда, мал шаруашылығы өнiмiн қолданған адамдарда және қоршаған ортада асқынулардың болуын анықтайтын негiзгi факторлар: жануарларға арналған дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi мен қолданылу тиiмдiлiгi оларды ұтымды тағайындаумен қамтамасыз етiледi. Тағайындау кезiнде аурудың диагнозын, жануардың түрi мен жасын, қолда бар дәрiлiк нысандарды, мөлшерлеменi, қолдану ретiн және емдеу курсының ұзақтығын, жаңа реакциялардың дамуын болдырмау жөнiндегi ықтимал шараларды және жануарларға арналған басқа да дәрiлiк заттармен өзара әрекеттесуiн ескеру керек.

ҚОСЫМША:

Эволюциялық жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммуногендік жүйелер қалыптасты.

Конституциялық жүйе немесе конституциялық иммунитет иммунитеттің ең ежелгі түpi. Ол күллі  тіршілік иелеріне ортақ ал микробтар мен өсімдіктерде иммутететің бірден-бір түpi. Фагоциттік жүйе немесе фагоциттік иммунитет, омыртқасыз жануарларда пайда болды. Ал омыртқалы жануар­ларда иммунитеттің үшінші ең жетілген түрі - лимфоидтық жүйе пайда болды.

Иммунитеттің конституциялық жүйесі. Конституциялық иммунитет жануарлардың әpбip түріне тән қасиет болған соң ертеректе түрлі (орысша -видовой) иммунитет деп аталды. Жан-жақты алып қарағанда бұндай имму­нитет бip түрге ғана тән емес, әpбip жеке жануардан бастап барлық токсономиялық топтарға, тіпті ең жоғарғы токсономиялық бірлік - типке дейін қатысты. Сондықтан конституциялық иммунитет мынандай топтарға ажыратқан дұрыс.

Таксондар иммунитеті Ол туа біткен табиғи төзімділікті жануар­лардың әрбір түрінен бастап ең жоғары токсономиялық топтарына (отряд, класс, тип, т.б.) қатысты қарастырады.

Түр iшіндегi иммунитет. Бip түрге жататын әр түрлі нәсілдің (адамға қатысты) немесе тұқымның (малға қатысты, орысша - порода) иммунитеті.

Индивидуумнің (жеке жануардың, не адамның) иммунитеті.


Таксондар иммунитетіне, мысал үшін тұтас бip типтің иммунитетіне,буын аяқтылардың барлық дерлік вирустар мен риккетсияларға табиғи төзімділігін жатқызуға болады. Ал кластың иммунитеті аусыл кезінде байқалады. Аусылдың вирусына құстар класының өкілдері түгелдей төзімді де, бұл ауруға 6 отрядты құрайтын сүтқоректілер класының өкілдері шалдығады. Әpбip түрге тән иммунитет табиғатта жиі кездеседі. Мысалы, жылқы обаның сиырға, итке, шошқаға тән вирустарына өте төзімді. Сиыр маңқамен, инфекциялық анемиямен ауырмайды. Топалаңмен жануарлардың көптеген түрлері ауырады, бipaқ олардың бейімділік дәрежесі әр түрлі.  Мысалы үй қоянына инфекциялық  процесс қоздыру үшін топалаң микробының екі-ақ спорасын тepi астына жіберу жеткілікті болса, ит үшін бip миллион спора қажет.

Түр  ішіндегі иммунитет көптеген жұқпалы аурулар кезінде байқалады. Қойдың алжир тұқымы топалаңға шалдықпайды. Обаға иттің боксер, бульдог, терьер тұқымдары төзімді де, неміс овчаркасы, лайка, тазылар бейім болады. Арнайы бip зерттеуде бip бұқадан тараған ұрпақтарының 62 %-ы туберкулезге шалдыққаны, ал дәл осындай жағдайда басқа бұқадан өpбiгeн жануарларда ауру мөлшері 40% болғаны анықталған.

Жеке жануарлардың иммунитеті кез келген инфекцияда байқалады. Қандай бip жұғымтал аурудың жаппай білінген кезінде де барлық мал 100 % ауруға шалдықпайды. Сондықтан жануарлардың жеке ерекшеліктері иммунитетке де қатысты. Өсімдік шаруашылығында ежелден бepi мәдени өсімдктердің ауруға төзімді сорттарын шығаруға көп көңіл бөлінеді. Мал шаруашылы­ғында  селекциялық жұмысты жүргізгенде бұл мәселе назардан тыс қалып келеді.

Қaзipгi уақытта жануарлардың туа біткен иммунитеттің ұрпакққа берілу қасиетінің тек кейбір ерекшеліктері ғана белгілі болып отыр. Жануарларды будандастырған кезде алынған ұрпақ ауруға төзімділігі жағынан өзінің ата-анасынан аспайды, яғни бұндай жағдайда гетерозис құбылысы байқалмайды. Конституциялық иммунитет Мендель заңдары бойынша келесі ұрпаққа бip жағдайда доминантты, ал екінші жағдайда рециссивті белгі ретінде беріледі.

Бруцеллезге қарсы туа біткен иммунитет қоянда доминанттық тип бойынша ұрпақ қуалайды. Иттің оба вирусына төзімділігі бастапқыда рециссивті белгі ретінде тұқым қуалайды да, егер белгілі бip жүйе бойынша бұл қасиетті бекіте түскен жағдайда, кейбір генетикалық линияда доминантты белгі ретінде тарайды.

Ұрпаққа берілетін микробтарға қарсы иммунитет сүт қоректі жануарларда көбінесе жеке гендермен, немесе гендердің кішкентай ғана топтарымен басқарылады. Сондай-ақ организмнің бұл қасиеті полигенді (көп гендер арқылы) болуы да ықтимал екені айқындалып отыр.

Сонымен, конституциялық иммунитет тұқым қуалайды, ол иммундеуге тәуелді емес, бүкіл  өмір бойы болатын қасиет және инфекциядан қорғанудың ең бip сенімді түpi. Жалпы алғанда иммунитеттің бұл түpi абсолютті десе де болады, бipaқ кей жағдайда оны жеңуге де болады. Мысалы, табиғи жағдайда тауық топалаңға, ал бақа cipecпeгe шалдықпайды. Л. Пастер тауықты суық суға батырып, оған топалаң жұқтырған. Ал термостатта жылытып ұстағанда бақада cipecпe ауруына бейімділік пайда болады.

 

Иммунитет - организмнің iшкi ортасының тұрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті. Ол үш түрлі жүйенің (конституциялық, фагоцитарлық, лимфоидтық) қызметімен қамтамасыз етеді. Конституциялық иммунитет абсолюта, тұқым қуалайды. Ол таксондар, түр iшiндeгi және индивидуумның иммунитеті деп үш түрге бөлінеді. Фагоцитарлық иммунитет фагоцит жасушалар негізінде макрофагтық жүйеден тұрады. Иммунитеттің лимфоидтық жүйесі лимфоидты ағзаларда пайда болып, қызмет атқаратын лимфоциттер арқылы телімді иммунологиялық икемділікті қамтамасыз етеді. Иммунологиялық икемділік - организмнің бөг­де антигенге жауап реакциясы. Ол антидене түзу, жедел және баяу типті сезімталдық, иммунологиялық жады, толеранттылық, идиотип-антиидиотиптік қатынас арқылы icкe асырылады.



 Жұқпалы  ауруларға  қарсы  иммунитет  туа  біткен  және  қалыптасқан  болып  екіге  бөлінеді.  Олардың  әрқайсысы  табиғи  және  жасанды  жолмен  қалыптасады  да,  өз  кезегінде  белсенді  және  енжар   иммунитет  деп  аталады.   Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.

Иммунологиялық толеранттылық (французша tolerance - шыдамдылық) - арнайы бip антигенге (толерогенге) иммундік жауап болмайтын ерекше иммунологиялық құбылыс. Организмнің өз антигендеріне шыдамдылығы болады да, қалыпты жағдайда оларға қарсы жауап бермейді. Толеранттылықтың механизмін организмде тиісті лимфоциттердің клонының болмауымен немесе олардың тежелуімен түсіндіреді. Толеранттылықты қалыптастырудың бірнеше әдістері белгілі. Оның ең ceнімдici - антиге организмге дамуының эмбриональдық сатысында енгізу. Keйбip жануарлар түрлерінде толеранттылықты қалыптастыру қабілеті туғаннан кейін де бipaз уақытқа созылады. Бұл кезең туғаннан соң тышқан, тауық және күркетауықта 1-2 күнге, ит пен егеуқұйрықта 2-5 күнге созылады, ал қой мен қоянда туғанға дейін аяқталады. Бұл уақытты адоптивтік кезең деп атайды. Адоптивтік кезең шартты ұғым, оған толерогеннің ерекшелігі мен дозасы әсер етеді.

Есейген кезде толеранттылықты антигеннің  үлкен дозасы арқылы тудыруға болады. Оны иммунологиялық сал (паралич) деп атайды. Бұндай жағдай антигеннің шамадан тыс болуынан туындайды. Ол белгілі кезеңге дейін ғана (негізінен 2-3 айға) созылады. Толеранттылық; антигенді өте аз мөлшерде көп рет енгізгенде де пайда болады. Сонымен тoлepoгeннiң мөлшеріне қарай антигеннен туындайтын толеранттылық; аз дозалы және көп дозалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Дене мүшелерін ауыстырып салғанда трансплантанттың орын тeбyi үшін реципиентке иммунитетті тежейтін әр түрлі иммунодепрессанттар (6-меркаптопурин, имуран, аметопетрин, циклофосфамид, т.т.) жіберіледі. Бұндай құбылысты дәріден туындайтын толеранттылық деп атайды. Әйтсе де аталған дәрілер рентген сәулесімен тақілеттес организмге телімді әсер етпейді. Сондықтан бұндай жағдайда белгілі бip антигенге бағытталған телімді иммунологиялық толеранттылық болмайды.

Иммунологиялық толеранттылықтың қанда антидене болмайтын айқын түpi де, антидененің өте аз мөлшерде түзілетін салыстырмалы түpi де табиғатта кеңінен тараған. Эмбриональдік кезеңде пайда болған толеранттылық бактериялық және вирустық этиологиясы бар жұқпалы iш тастау аурулары тұсында жиі ұшырайды. Ондай ауруларға бруцеллез, сальмонеллез, кампилобактериоз, лептоспироз, жылқы ринопневмониясы, сиырдың жұқпалы ринотpaxeтi, т.б. жатады.

Қоздырушысы тікелей (вертикальді) енесінен ұрыққа берілетін бірқатар вирустық жұқпалы аурулар кезінде, кейінгі ұрпақта иммундік жауап реак­циясы білінбей-ақ вирус организмде тұрақтап қалады. Мұндай инфекцияларға тышқанның хориоменингиті, тауыктыц лейкозы, адамныц вирустык гепатиті, Борн ауруы, висма-маеди, скрепи, т.б. жатады. Ф.Бернет мұндай ауруларды түбегейлі толеранттанған инфекциялар деп атады.

Иммунологиялық жады - организмнің антигендік әсердің қайталануына гуморльдік және жасушалық реакциялар арқылы әдеттегіден әлдеқайда күшті жауап бepyi. Екінші, немесе қайталанған, жауап анамнездің реакция деп аталады. Оның ерекшелігі антиденелердің титрі жылдам артады және ол антиденелер иммуноглобулиндердің IgG класына жата­ды.

Иммунологиялық жады лимфоидтық жүйедегі өзгеше өзгерістердің нәтижесінде қалыптасатын "жады жасушаларының" қызметінен туындайды. Осы заманғы көзқарастар бойынша бұл жады жасушалары антиген арқылы күшейтілген Т- және В-лимфоциттердің клоны болып табылады. Бұл жасушалардың қалыптасуы үшiн бастапқыда организмге антигеннің елеулі мөлшepi қажет. Ал қайталау реакциясын тудыру үшiн жады жасушаларын icкe қосуға антигеннің өте аз дозасы да жеткілікті. Сондықтан жануарларға ревак­цинация (қайталап егу) кезінде күшті иммундік жауап алу үшін вакцинаның өте аз, шамалы ғана, дозасы жеткілікті болады.

Иммунологиялық жадының қалыптасуы үшін белгілі бip уақыт қажет. Антигеннің ерекшеліктеріне және жануардың түріне байланысты бұл мерзім бірнеше күннен бірнеше айта дейін созылады. Ал қалыптасқан жағдай бipнеше ай, кейде жылдар бойы сақталады. Адамның жады Т-лимфоциттері тыныштық күйін 15 жылға дейін сақтайды. Сондықтан бұндай торшалар ұзақ жасайтын лимфоциттер деп аталады.

Біздің жүргізген арнаулы зерттеулерімізде үй қоянының сиырдың глобулиніне иммунологиялық жадысы 30 күннен кейін қалыптаса бастайтындығы, ал 50-60 күннен кейін ең жоғары деңгейге жететіндігі анықталды.

Иммунологиялық жады организмнің қорғаныс қабілетінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Инфекцияның немесе вакцинаның әсерінен пайда болған жады жасушалары сол антигендік әсер қайталанғанда иммунология­лық жүйенің жедел жоғары қарқынмен жауап бepyiн қамтамасыз етеді. Бұдан шығатын қорытынды вакцина егудің мәнісі мен нәтижесі иммунологиялық жады қалыптастыру. Инфекция кезінде де, вакцина еккеннен соң да, иммуно­логиялық жадының қалыптасы мен icкe қосылу тетіктері тақылеттес болған­дықтан иммуологиялық реакциялардың инфекция мен вакцинация кезіндегі нәтижелерін ажыратуда қиындықтар туындайды.

Идиотип-антиидиотиптік қатынасы. Иммуноглобулиннің бip класына жататын антиденелердің антигендік құрамы бірдей болады, тек қана антигенмен қосылатын "белсенді центр" деп аталатын азғантай бөлігі антигеннің құрамын қайталайтын болғандықтан әpбip антиденеде телімді болады. Антидененің өзін тудыратын антигеннің құрылысына байланысты телімділігін идиотип деп атайды. Идиотиптің осындай телімділігі нәтижесінде организмде оған қарсы антидене - антиидиотип пайда болады. Антигеннің антиподы идиотип, ал оның антиподы антиидиотип болғандықтан антиген мен антии­диотип толық сәйкес келеді өйткені eкeyi де бip идиотиптің антиподы. Сондықтан антиидиотиип антигеннің орнына организмді иммундеу үшін қолдануға болады.

В- және Т-лимфоциттердің идиотиптік рецепторлары ашылды. Идиотип торы теориясы бойынша жайшылықта лимфоциттердің, әcipece Т-көмекші мен Т-супрессордың, идиотиптік рецепторлары бipiн-бipi тежеп, тепе-тең қалыпта болады. Бұл көзқарас бойынша толеранттылық тепе-тендіктің қайта қалпына келіп, иммундік жауаптың тежелуі.

Телімсіз талықсу жануардың қысқа уақыт мазасыздануы, ыстығы көтepiлyi арқылы байқалады да, ешқандай емдеусіз-ақ басылады. Шоктан кейін сарысудың емдік әcepi кемімейді.

Телімді анафилаксиялық шок кезінде қан тамырлары кеңіп, артериялық қан қысымы төмендейді. Бұл жағдайда жануар есеңгіреп, құсады, еркінен тыс нәжіс пен несеп шығарады. Емдеу үшін қан тамырын тарылтатын дәрілер (адреналин, норадреналин, эфедрин), парасимпатиколитиктер (атропин), кортикосупренальді гормондар (гидрокартизон), гистаминге қарсы дәрілер (диазолин, димедрол, дипразин) қолданылады.

Сарысу ауруы инкубациялық кезеңнен кейін, егер бұрын сарысу жіберілмеген болса 2 апта өткенде, ал егер бұрын сарысумен емделген болса бipіншi аптаның соңында білінеді. Бұл ауру кезінде ыстық көтеріледі, тepi бөртіп, қышынады, сыртқы жыныс мүшелері домбығып, бронхылар тарылады. Көмейдің домбығуы аса қауіпті, өйткені одан малдың тұншығып, өліп кeтyi мүмкін. Емдеу үшін аурудың, клиникалық белгілері ескеріліп, жоғарыда аталған дәрілер пайдаланылады.

Сарысумен емдеуден туындайтын зардапты болдырмау үшін, әcipece өте құнды малға, қан сарысуын жіберер алдында, жануардың бұл препаратқа сезімталдығын анықтаған жөн. Ол үшін көз конъюнктивасына 2-3 тамшы сарысуды тамызады немесе оны 0,1-0,2 мл мөлшерде тepi iшінe жібереді. Жарты сағат өткен сонң сол жердегі қабыну реакциясы арқылы малдың жеке сезімталдығы анықталады. Анафилаксиялық талықсуды болдырмау үшін десенсибизация қолданылады. Бұл мақсатпен алдын ала тepi астына 0,5-2 мл қан сарысуын жiбepeдi де, жарты сағат өткізіп барып, барлық дозасын жібереді.

Әр түрлі малдардан алынған гипериммунді сарысулардың iшiнe зардабы ең азы гомологты яғни жануарлардың өзі тектес түрінен алынған са­рысу. Мысалы сиыр үшін жылқының қанынан алынған сарысудан тepi сиырдан даярланған препараттың зардабы аз. Өңделмеген сарысумен салыстырғанда одан даярланған тазартылған иммуноглобулиндердің жағымсыз әсері әлдеқайда төмен. Әcipece протеинсіздендірілген препараттар жағымсыз реак­ция бермейді. Ондай препараттар иммуноглобулиндерді арнаулы ферменттермен өңдеу арқылы алынады. Ондай ферментпен өңдеп, балласт белоктардан ажыратылған (диализделген) препараттар диаферм деп аталады.

Баяу  типті  сезімталдық (БТС). Сезімталдықтың бұл түрінің ЖТС-пен салыстырғандағы айырмашылығы - ол антидененің әсерінен туындамайды және енжар жолмен қан сарысуы арқылы берілмейді. Баяу  типті сезімталданған организмнің тepici iшiнe жіберілген антиген орны шектелген, яғни дененің антиген енгізілген жерінде, қабыну реакциясын тудырады. Оған мысал - туберкулин реакциясы. Бұл реакция баяу өрбиді 6-8 сағаттан соң басталып, шегіне 24-48 сағат өткен соң жетеді.

БТС - жасушалардың қатысуымен болатын нағыз жасушалық реакция. Оны тудыратын бетінде тиісті рецепторы бар Т-лимфоцит. Бұл рецептор себепкер антигенмен сәйкес болады да, оны сол антигенге қарсы антидене ретінде қарастырса да болады. Рецептор мен антиген әрекеттескенде жасу­шалық реакцияның медиаторы болып табылатын гуморальдік факторлар бөлініп шығады. Бұл медиаторлардың әсерімен антигенді ыдырату процесіне макрофагтар тартылады. Іске қосылған макрофагтардың көлемі ұлғайып, фагоциттік және ферменттік белсенділігін артады. Сонымен БТС-ка мононуклеарлық торшалардың екі түрлі. Т-эффекторлар мен макрофагтар қатысады. Т-эффектор беткі рецепторлары арқылы себепкер антигенге тән телімді болады да, макрофагтардың антигенге тән өзгешелігі болмайды. Макрофагтар Т-лимфоциттер арқылы ғана icкe қосылып антигенді ыдыратып, аластауға қатысады.

БТС жағдайын басқа организмге сезімталданған жануардың лимфоидтық жасушаларын енгізу арқылы көшіруге болады. Мұндай иммундік жағдайды көшіру адопты иммунитет деп аталады (латынша adopt - қабылдау). Адопты иммунитета қандағы лимфоциттер, көк бауыр мен сөл түйіндері жасушалары арқылы қалыптастыруға болады.

БТС туберкулин реакциясы сияқты жергілікті реакция түрінде ғана емес бүкіл организмнің жалпы жүйелі реакциясы ретінде де білінеді. Бұндай жағдай себепкер антигенді көк тамыр iшiнe жібергенде лихорадка, моноцитопения, терінің бөртуі арқылы байқалады. Аллергиялық реакциялардың арасында БТС телімділігі ең жоғары түpi. Сондықтан оны бруцеллез, туберкулез, маңқа, т.б. жұқпалы ауруларды балау үшін пайдаланады. Негізінен аллергенді тepi iшiнe, конъюнктиваға, тepi астына жібереді. Айрықша жағдайда аллергенді көк тамырға жiбepeдi де, организм реакциясын дененің температурасын өлшеу арқылы анықтайды.


Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер

1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.



2 Қосымша әдебиеттер

1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.



2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987



3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008



4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/

3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінен №8 Дәріс
Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы
Тақырыбы: Ветеринариялық биологиялық препараттар мен диагностикумдарды өндіру және қолдану кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алудағы негізгі іс шаралар. Уытты және аллергенді қасиеті бар заттарға сипаттама.
Жоспары:

  1. . Антигендер және аллергендердің алынуы, бақылауы және қолдануы


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет