ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары Семей 2015 Алғы сөз



бет7/13
Дата07.10.2019
өлшемі0,79 Mb.
#49324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
d08d306e-fa83-11e5-9a8c-f6d299da70eeУМКД 3 Вет био преп

Эпизоотиялық жағдайларға байланысты микроорганизмдердің реверсиялық және диссоциациялық өзгеріске немесе ондағы ықтималдық салдарынан туындайтын диагностикалық мәселелердің ветеринария ғылымында шешілуіне жалпы сипаттама

  • Биопрепараттарды бақылау әдістері



    КІРІСПЕ: Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға  игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды.

    Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно­химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық иммунология қалыптасты. Ветеринариялық иммунология барлық ветеринариялық ғылымдармен тығыз байланысты. Оның негізгі бір мақсаты жануарлардың жұқпалы ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеп, сол арқылы жұқпалы ауруларды балау, емдеу және дауалау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

    Иммунитеттің қалыптасуына бүкіл организм біртұтас жүйе ретінде қатысады. Бұл - тipi табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи сұрыптаудың паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет органдары бар.

    Диагностикум - жануарлар ауруларын немесе физиологиялық жай-күйін диагностикалауға, сондай-ақ микроорганизмдерді, олардың тіршілік ету өнімдерін және басқа да биологиялық объектілерді индикациялау мен бірдейлендіруге арналған биологиялық немесе синтетикалық тектес құралдар;

    рентгенографикалық зерттеулерге арналған контрастық препараттар; ауруларға салуға арналған диагностикалық реагенттер

    Сондай-ақ, диагностикалық сары сулар жұқпалы аурулар қоздырғышын идентификациялау үшін ғана емес типін және вариантын да анықтау үшін пайдаланылады. Бұл үшін негізінен лабораториялық жануарлар сывороткалары қолданылады (қоян, теңіз шошқасы), әтеш және сирек жағдай да жылқы пайдаланылады.

    Диагностикалық глобулин – (мысалы құтырықты анықтауда иммунолюминесцентті микроскоп). Бұнда тазажоғарғы активті моноспецификалық антирабиалық жылқы сары сулы у-глобулин қолданылады.



    Диагностикалық препараттар. Диагностикалық иммунобиологиялық препаратгарды инфекциялық аллергиялық ауруларды, ісікте процесстерді аңықтауда кеңінен қолданады. Диагностикалық препаратардың әсер қағидаты физикалық, химиялық немесе клиникалық эффект бойынша «тіркелетін иммунологиялық реакцияларға негізделген (антиген — антидене реакциясы; клеткалық реакциялар).

    Инфекциялық және инфекциялық емес ауруладың диагностикасы үшін қолданылатын бірнеше жүздеген иммунобиологиялық препараттар бар. Олардың кәмегімен АВИ (ВИЧ) инфекциясы, вирусты гепатит, іш сузегі, дифтерия, аурулар, түрлі аллеріиялар, қатерлі ісіктердің орналасуы, ана мен урықтьің иммундық қарым-қатынасы, жүктілік, иммунодефициттік куй аңықталады.

    Диагностикалық ирепараттардың иммунологиялық қағидатқа (принципке) негізделген сезімталдығы мен арнайылығы (специфичность) диагностиканың басқа әдісіне қарағанда әлдеқайда жоғары. Моноклональды антиденедер мен тазартылғанантигендерді пайдалану диагностикалық препаратгардың арнайылығын аса жоғарлата түсті.

    Иммунобиологиялық медициналық препараттар.

    Иммунобиологиялық препараттар деп-иммундық жүйеге әсер ететін және өсері иммундық реакцияларға негізделеген препараттарды атайды. Осы қасиеттеріне байланысты оларды инфеқциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы, диагностикасы және емдеуі үшін қолданады.

     Диагностикалық сарысулардың типтері: агглютинациялық, преципитациялық, гемолитикалық, антитоксиндік, люминисценттік Диагностикалық сарысуларды тиісті антигендермен қояндарды гипериммунизациялау жолымен алады (микробтар, эритроциттер, ерітілген антигендер). Диагностикалық сарысулардың құрамында белгілі антиденелер болады, оларды зерттелетін материалдағы белгісіз антигенді анықтау үшін иммунитет реакцияларында пайдаланады.

    Антитоксиндік сарысулардың түрлері: антидифтериялық антисіреспелік антиботулиндік антигангреноздық Антитоксиндік сарысулар науқастың организмінде экзотоксиндерді бейтараптайды. Антитоксиндік сарысулар жоғарыда аталған ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

    Агглютинация реакциясы

    Агглютинация реакциясы - микробтардың немесе басқа да жасушалардың электролит көмегімен жабысуы, яғни спецификалык антиденелер (агглютининдер) корпускулярлық антигендермен (агглютиногендер) өзара байланысы көзге көрінетін конгломерат ретінде көрінуі. Агглютинация реакциялары жұқпалы аурулар диагностикасында кең қолдануда:

    Бөліп алған микробқа идентификациясын жүргізу - антигендік құрылысын анықтау (серотипирлеу), бұл үшін белгілі антиденелерімен агглютинирлеу диагностикалық (анықтаулық) сары су қажет. Реакцияның қорытындысы оң болса — зерттелген микроб сол микробқа сәйкес, қайсысымен бұл анықтаулық сары суын шығарып алу үшін жануарларды иммунизирлейді (сол микробпен жануарларды жұқтырып, жануардың организмінде - қанында антиденелер пайда болады).

    Тікелей емес (пассивті) гемагглютинадия реакциясы (ТЕГР)

    Бұл реакция — агглютинация реакциясының бір түрі, негізгі принципі -эритроциттер өз беткейіне ертінді антигендер және гаптендерді жабыстыра (адсорбция) алатын қабілеті (бактерияларды, вирустарды және т.б. микроорганизмдерді). Осы жағдайда эритроциттер жаңа серологиялық арнайы қабілетке ие болады, сондықтан иммундық сары сулармен, гомологиялық адсорбцияланған антигендермен агглютинация реакциясына қатысады. Қорытындысы оң + - егер пробирка немесе лунка түбіндегі эритроциттер тұнбасының шеттері иректелген — қол шатыр теріздес. Реакцияның қорытындысы теріс— жағдайда эритроциттер тұнбасы біркелкі түбіне түседі, түйме тәріздес.



    Коагглютинация реакциясы.

    Бұл реакция — агглютинация реакциясының бір түрі: стафилококктың А—белогы иммуноглобулиндердің IgG тобы молекуланың Ғс—фрагментімен спецификалық емес байланысуға қабілетті. Коагглютинация реакциясын қою үшін стафилококктың Cowan—1 штаммын қолданылады (осыдан әдістің атауы - Co—(Ко-)-агглютинация.


    Коагглютинация реакциясьгн екі вариантта қолданылады:

    1. Әр түрлі биологиялық сұйықтықтарда патогенді микроорганизмдердің антигендерін табу үшін (несепте т.б.) Бүл үшін антиденелік Ко—диагностикум дайындайды: - стафилококк жасушаларының үстінде белгілі спецификалық IgG—ді адсорбциялайды (жабыстырады). Зерттейтін құралда антиген (Аг) бар болса еңгізген Ко— диагностикумымен тез арада агглютинация болады.



    б) антигені бар зерттеу құралға қосу.

    Осындай вариант көкжөтел, менингококтық инфекциялардың және т. б. тез арада анықтауын қою үшін қолданылады.

    2. Созылмалы бактериялық инфекцияларды анықтау үшін.

    Созылмалы инфекциялардың қоздырғыштары өз беткейінде спецификалық антиденелерді тасымалдайды, сондықтан олар стафилококк Cowan-1 штаммымен агглютинация реакциясын беруі мүмкіндігі бар. Мысалы, пиелонефрит ауруында әр түрлі шартты-патогенді бактериялар бөлінеді (E.coli, P.aeruginosa, эпидермальды стафилоккк және т.б.).

    Шығарып алынған дақыл Cowan-1 штаммымен агглютинация берсе, бұл созылмалы инфекция деп есептелінеді.





    Кумбс реакциясы (антиглобулинді реакция)

    Бұл реакцияны құрамында 1 ғана белсенді орталығы бар және антигеннің бір детерминантты тобымен байланысатын толық емес (моновалентті, тежеуші) антиденені анықтау үшін қолданады. Сондықтан да пайда болған антиген-антидене комплексі микроагрегат, тұнба түзбейді, лайланбайды және басқа да өзгерістерге ұшырамайды. Ал Кумбс реакциясы нәтижені көзбен қарап-ақ бағалауға мүмкіндік береді. Диагностика үшін: резус-келіспеушілікте, бруцеллезде, аутоиммунды ауруларда (қызыл бөрі ауруы, полиартрит) қолданады.



    Преципитация реакциясы

    Преципитация реакциясы электролит қатысуында спецификалық


    антиденелермен (преципитиндермен) ұсақ бытыраулы (мелкодисперсные)
    антигендердің (преципитогендердің) тұндыру. Ертілмейтін антиген + анти-дене тұнба жөнінде комплекстің тұндырылуы тек қана ингредиенттердің баламалы ара қатысында байқалады. Преципитиноген мөлдір коллоидты ертінді болу керек. Преципитация реакциясы антиденелер ұстайтын белгілі преципитациялайтын сары су бойынша антигендерді анықтау үшін қолданылады; сары суды жануарларды белгілі антигенмен иммунизация жасап алады.

    а) Кольцепреципитация реакциясын қою үшін пробиркаларға (диаметрі


    0.5 см) 0.1 мл диагностикалық сары суын әр түрлі антигендерге қарсы
    құяды, сосын оның үстіне Пастер пипеткасымен пробирканың
    қабырғасымен зерттейтін құралды қабаттайды. Реакцияны 1-2 минуттан
    кейін есептейді. Реакцияның қорытындысы оң болса - сары судың және
    зерттейтін құралдың арасында ақ сақина сияқты преципитат пайда болады.
    Бақылау (контроль) пробиркада болмау керек.

    б) Гельдегі преципитация реакциясы: антиген және антидене гельде


    байланысып, преципитат пайдалынады. Преципитат гельде ақ түсті сызық
    болып келеді.

    Қою техникасыны бойынша преципитация реакциясының екі түрін ажыратады:



    1. Қарапайым диффузия әдісі: иммундық сары су қосылған бір қабатты агарды гель дайындайды және осы қабатта істелінген шұңқырға антиген еңгізіледі.

    2. Оухтерлони бойынша екі қабатты диффузия әдісі: антигендер және антиденелер агарды гельдің әр түрлі шұңқырларына еңгізеді, олар диффундирлеп кездеседі, преципитат сызықтары пайда болады. Осы реакцияны қою үшін шыныларды мөлдір агарымен қүйып еңгізеді, бұл агарда сосын аралары бірдей шұңқырлар жасайды.


    Иммунофлюоресцентті әдіс

    Бұл әдіс арқылы тез арада (1-2 сағат) микробтардың әр түрлі антигендерін анықтауға болады (бактериялар, риккетсиялар, вирустар және т.б.) немесе антиденелердің тіңдерде немесе мүшелерде орналасуын табуға болады. Бұл әдісті жүргізу үшін антиденелерді немесе антигендерді флюорохромды бояулармен белгілейді. Реакция болғаннан соң препараттарды люминесценттік микроскоппен зерттейді. Антигендер боялған антиденелермен байланысып препараттың қараңгы фонында жарқырап тұрады.

    Микробиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін тура және тура емес иммунофлюоресценция әдістері қолданылады.

    Практикалық микробиологияда және вирусологияда иммунофлюоресценттік әдісі көбінесе жұқпалы ауруларды анықтау үшін экспресс -әдіс ретінде қолданылады. ЖРВИ-да ИФР қою схемасын талқылау (грипп, парагрипп, аденовирустық инфекцияларды дифференциясын жасау).

    Жедел типті сезімталдық (ЖТС). Сезімталдықтың бұл түрін антидене­лер, әcipece IgE - цитофильді, яғни жасушаға әуес, антиденелер (реагиндер), комплемент жүйесі, полинуклеарлы фагоциттер icкe асырады. Антиген-антидене реакцияларының әсерінен дәнекер ұлпаны жайлаған базофилдер мен шүйгін жасушалар гистамин, гепарин, серотонин, брадикинин және баяу әсер ететін липопротеидті зат деп аталатын қосылысты белгі щығарады. Қан тамырлары мен жасушалық реакциялардың себепкерлері болатын осы гуморальдік факторлар организмнің жалпы реакциясына жататын анафилаксиялық шок (естен тану) және орны шектелген процесс болып табылатын Артюс феноменін туғызады. ЖТС-ты енжар жолмен қан сарысуы арқылы сезімталдандырылған жануардан сезімталдандырылмаған жануарға ауыстыруға бола­ды. ЖТС белсенді және енжар жолмен сезімталдандырылған жануарға себепкер антигенді қайталай енгізгеннен соң пайда болады. Организмнің жалпы реакциясы антиген қанға өткеннен соң, ал тікелей көк тамыр ішiнe жіберілгенде бірден байқалады. Егер антиге тepi iшiнe жіберсе, ол жерде бipнеше минут өткен соң домбығу және гиперемия басталады.

    Жануарларға көп мөлшерде гипериммунді қан сарысуын немесе басқа да белокты препараттарды жібергенде ЖТС-тың бірнеше асқынған түрлері байқалуы мүмкін. Олар жедел байқалатын телімді анафилаксиялық және телімсіз талықсу мен кейінірек байқалатын сарысу ауруы.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет