ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет50/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1.Қаза әдеби тілінің негізін салушы кім?.
2. Қазақ тілінің өзіне тән белгілер.
3.Ауызша әдеби тіл үлгілері.
4. Қазақ тілі қандай әліпбилерді қолданды?
5. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде әлеуеті қандай?

Қарақалпақ әдеби тілі
Қарақалпақ тілі – Өзбекстан Республикасы құрамындағы Қарақалпақ Автономиялы Республикасында тұратын қарақалпақ халқының тілі. Қарақалпақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ –ноғай тобына жатады. Сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы жағынан қазақ, қырғыз, құмық, балқар, қарашай, ноғай тілдеріне жақын. Қарақалпақтардың көне тарихы қазақ пен ноғайдың этникалық құрамына енген тайпалардың тарихымен сабақтас. Қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының құрамындағы ортақ рулар туысқандықтың бір белгісі.

Профессор Н.А.Баскаков қарақалпақ тілінде дыбыстардың артикуляциялық базасы тілі арты болып келетінін ескере келіп, бұл тұрғыдан қарақалпақ тілі қазақ, ноғай тілдеріне жақын деген пікір айтады. Түркі тектес тайпалардан қалыптасқан қарақалпақтар ерте заманда, сондай-ақ орта ғасырларда Амудария мен Сырдария атырабында, Арал маңы мен Касипидің солтүстік жағалауын мекендеп, Орта Азия, Батыс Сібір және Шығыс Еуропа тұрғындарымен үнемі қарым-қатынаста болған. XVIII-XIX ғасырлардан бастап қарақалпақтар Арал теңізінің мен Амудария атырабын мекендей бастайды. 1897 жылы Арал маңында 115 мыңдай қарақалпақтар өмір сүрді, олардың 63215-і Амудария атырабында, 20000 қарақалпақ Хиуа хандығында болды. 15 мыңдайы Ауғанстанда тұрған. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы: «Қарақалпақстан Республикасы – Өзбекстан Республикасының құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Жер аумағы – 164,9 мың км, халқының саны – 1, 420 млн (1995 ж.) адам. Қарақалпақтар бүкіл тұрғындардың 32,1 пайызын, өзбектер – 32,25%, қазақтар – 26,36% түркмендер – 5%, орыстар – 1,6%-ын құрайды. Астанасы – Нүкіс қаласы. Ресми тілі – өзбек, қарақалпақ тілдері [6, 578],– деген мәліметтер келтіреді. Ал профессор С.Бизақов қарақалпақ халқының жалпы саны туралы былай дейді: «Халықаралық статистиканың 2009 жылғы есебі бойынша 660 мыңдай адам екен. Олардың 93 пайызы Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақ Автономиялы Республикасын мекендейді» .
Қарақалпақ халқы Аралдың оңтүстік бөлігінде тұрған ирантілдес көне, жартылай көшпенді тайпалардан, түркітектес және монғолтілді әртүрлі этникалық топтардан құралған. Қарақалпақ руларының аттарынан печенегтер, оғыз, қыпшақтар, Алтын Орда, қазақ, түркмен және өзбек халықтарын құраған рулармен байланысы аңғарылып тұрады.
«Қазақстан» энциклопедиясында: «Қарақалпақтардың көпшілігі XVII ғасырда және XVII ғасырдың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеп, Ноғай ордасына, ол ыдырағаннан кейін Қазақ хандығына қарады. XVIII ғасырда қарақалпақтар қазақтардың кіші жүзі құрамында болды»,– деп жазады.
XIII ғасырдың аяғында қарақалпақ жеріне Хиуа хандығының жорығы күшейеді. 1811 жылы Хиуа хандығы қарақалпақтарды жаулап алып, оларды Амудария сағасына көшіреді. Хиуа хандығына бағынғысы келмеген қарақалпақтар 1855-56 және 1858-59 жылдары оларға қарсы көтерілске шығады.
Патшалық Ресейдің 1873 жылғы жасаған жорығының нәтижесінде Амударияның оң жағалауындағы қарақалпақтар Ресейге қосылады. Ол 1887 жылы Түркістан генерал-губернеторына қарайтын Сырдария облысының құрамына енеді.
1917 жылғы желтоқсан айының бірінші жартысында Амударияның оң жағалаудағы қарақалпақ жерінде Кеңес Өкіметі орнады. 1924 жылы Түркістан АКСР-нің қарақалпақтар тұратын аудандарында Қарақалпақ АО-сы құрылды. Оған Хорезм республикасының Қарақалпақ округі қосылды. 1925 жылы Қазақ АКСР құрамындағы Қарақалпақ Автономиялы облысы деп аталып, 1930 тікелей РКФСР құрамына енсе, 1932 жылы Қарақалпақ АКСР деп аталды, 1936 жылы ҚАКСР Өзбек КСР құрамына енді.
Қарақалпақ халқының ауыз әдебиеті бай және қазақ халқының ауыз әдебиетімен ортақ тұстары өте көп. Қарақалпақтар арасына да «Едіге» жыры кең тараған және ауыз әдебиеттерінде Орыс би, Орманбет би аттары жиі кездеседі.
Қарақалпақ халқының ауыз әдебиетінде «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадияр» сияқты эпостық, лиро-эпостық жырлар ерекше орын алады. Қарақалпақтардың жазба әдебиеті XVIII ғасырдан басталады. Жиен жырау, Күнқожа Ибрайымұлы, Әжінияз Қасыбайұлы, Бердақ Қарғабайұлы, Омар Сүгірбабатұлы, Әжінияз Қасыбайұлы, Омар Өтеш, Құлмұрат, Сыдық шайыр сияқты ақын-жыраулар қарақалпақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Энциклопедиядағы қарақалпақ жазба әдебиеті XVIII ғасырдан басталады дегенмен келісе қоюға болмайтын сияқты. Жоғарыда аты аталған жыраулар өз туындыларын ауызша шығарған және осы заманға дейін олар жыршы, жыраулардың айтуы бойынша жеткен.
Қарақалпақ ауыз әдебиетінің озық үлгілеріне Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақымақ патшы» дастанын, сондай-ақ Әжінияздың «Боз отау», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» сияқты тархи тақырыпқа құрылған жырларын жатқызуға болады.
Кеңес Өкіметі кезінде А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов (1869-1938), А.Өтепов (1904-1934), А.Дабылов (1893-1970), С.Нұрымбетов (1900-1971) сияқты ақындар қарақалпақ поэзиясының дамуына ұйытқы болса, онан кейін поэзия әлеміне келген А.Бегімов, Ж.Аймырзаев, М.Дәрібаев, А.Шамұратов, Б.Қайыпназаровтар қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды ала келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет