ОқУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев


Лекция 2 Тақырыбы:Дене шынықтыру және басқау жүиесі



бет6/47
Дата07.02.2022
өлшемі140,85 Kb.
#94611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
8e11d7de-3c0d-11e3-9713-f6d299da70eeуправ 13-14 Уск

Лекция 2
Тақырыбы:Дене шынықтыру және басқау жүиесі

  1. Басқару жүйесі кезеңмен үйрету

  2. Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Кезеңмен үйрету, оның ішінде өзарабайланысты қозғалыс қимылын меңгеру ісі ұзақ уақытты алады. Қимылды игерудің белгілі бір деңгеймен сипатталатын әрбір кезеңі төмендегілермен түсіндіріледі: орындай алмайтын дәрежеден оларды толық меңгеруге дейін. Нәтижесінде, үйретудің әрбір кезеңі өз белгілеріне ие болады, соған сәйкес жеке міндеттер қоюға және тиріс ті құралдарды, әдістерді және жаттығуды ұйымдастыру түрін іріктеп алуға тура келеді.


Үйрету кезеңін қозғалыс дағдысыныің фазасымен араластыруға болмайды. Фазалар бұл қозғалыс дағдыларының қалыптасуының биологиялық заңдылықтарының шартты бейнеленуі. Кезеңдер-педагогикалық және психофизиологилық заңдылықтарды бейнелейтін педагогикалық істің шартты түрде бөлінуі.
Үйрету құрылымын өзкріссіз болады деп қарастыруға болмайды. Бұл үйретудің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін кезеңдер бөліктерінің арасындағы типтік қатынастар ғана. Мұндай қатынастар үйретудің нақты міндеттеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Егер қозғалыс қимылдарын орындаудың үлгі есебінде бекітілген түрін жеткізу педагогикалық тұрғыдан қажетсіз болса, онда кезеңдердің кезектесуі де өзгереді. Ал проблемалық оқыту қолданылған жағдайда оқытушы мұғаліммен қажетті хабарларды алмай-ақ дене жаттығуларын орындау ретімен өзінің білімі мен қозғалыс тәжірибесін жинақтай отырып қойылған міндеттерді шешеді (осындаоқытудың алғашқы екі кезеңі орындарын алмастырады). Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: оқушының дайындық деңгейін, қимыл күрделілігіне, үйретудің ақырғы міндеттеріне және т.б. байланысты. Мысалы, спорттық секциядағы жаттығуға қарағанда, мектептегі сабақтардың уақыты қысқа болады, оның ішіндн ең үлкен айырмашылық үйретудің соңғы кезеңінде болады (спортшы жылдар бойы қозғалыс қимылын жетілдіреді).
Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты аз, ал соңғы кездегі оқыту кезеңі болады (қимылды бастапқы таныстыру бірнеше минутқа созылуы мүмкін, ал жетілдіру бірнеше сабақтар бойына созылады). Қозғалыс қимылына үйретуде тұтас процесін осындац кезеңдерге бөлу шарт. Олардың шекарасын да бөлуге болады (бүгін бір кезең аяқталды делік, ал келесі сабақта басқасы басталады). Бөлу шартты және қажетті: әрбір кезеңнің ерекшеліктерін білме, дағдыны қалыптастыратын қозғалыс қимылдарына үйретудің барлық ретін түсіну мүмкін емес.
Үйрету құрылымы-бұл жеке қимылға үйрету кезеңі, бірақ сабақтың мазмұнын құрайтын қимылға үйрету кезеңі емес екендігін ұмытпаған жөн. Нәтижесінде, қозғалыс қимылдар сабағы-үйрету құрылымына қанша рет жоспарлаған болса,мұғалім әрбір сабақта үйрету құрылымының көмегіне сонша рет сүйенеді. Үйретудің бірінші кезеңі бір құрылымдарға қолданылса, басқалар үшін соңғы кезеңі қолданылады. Кез-келген қимылға, тіпті қарапайым қимылға үйреткенде де тиісті дағдылары қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларға жан-жақты дене тәрбиесін берудің және оларды сауықтырудың маңызды буындарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде мекткп туризміне басшылық етудің арнайы бағдарламасы болғандықтан, мектеп мұғалімдері күнделікті туризм саласындағы жұмысында пайдалану үшін үлгі бағдарламасының төмендегідей нұсқасын қсынып отырмыз.
Жорықтар мен саяхаттарда, экскурсиялар мен экспедицияларда оқушылар отанымыздың қуаты мен әсемдігін тереңірек түсінеді, еліміздің өткендегі тарихымен және байлығымен, қол жеткен табыстарымен, ғылымы және мәдениетімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен танысуға мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет