Лекция №3
Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты басқару әдістері
Жоспар:
а) Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
б) Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.
“Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т.Ш. Қуаныш.
“Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.
Қоғамдағы орны.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу, дене тәрбиесі ұжым кеңсесінің жоспарына және мектептің дене тәрбиесі жөніндегі жылдық және ................ жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Ол арнайы есеп жүргізу құжатында жұмыс істелінген саны мен сапасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Есеп жүргізу жауапкершілігін дене тәрбиесі мұғалімі өз мойнына алады.
Әрбір мектепте бұқаралық дене тәрбиесімен спорт жұмыстарын тіркеп отыратын “сыныптан тыс жұмыстар есебінің журналы” жүргізіледі де оның негізгі мазмұны төмендегідей болады.
Мектептің 1994-1995 оқу жылында өткен жар стар тізімі.
Күні
|
Өткізілетін шаралардың мазмұны
|
Кімдер қатысты
|
Қатысқандар саны
|
Өткізілетін орны
|
Ескерту
|
Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы негізінен дене тәрбиесі кеңесінің мүшелері, белсенділері тіркеп отырды. Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті белсенділерге есеп жүргізуді үйрету және оның жүргізілуін бақылап отыру.
Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы аяғыда директордың қатысуымен өтетін педагогикалықө кеңесте немесе мәжілісте сыныптан тыс өткен жұмыстар туралы есеп беріп отырады. Оқу жылы соңында дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары жөнінде және он талдап, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп кеплесі оқу жылында істі жақсарту ұсынысын айтып жаба есеп береді. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады:
Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыс жоспарында ;
Бұқаралық спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспарында;
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмыс жоспарында;
Секция жұмысының оқу жоспарында;
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:
Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы.;
Үйірме және секція жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы;
Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.
Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.
Студенттердің кәсіби мамандығының дайындығын көтеруде педагогикалық тәжірибенің маңызы зор. Студент тер институттағы теориялық оқуын ісжүзінде тәжірибежұмысымен байланыстыра отырып,жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі мұғалімдерінің жұмысын атқарады.
Педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты студенттерді келешектегі жұмысымен таныстырып институтта алған теориялық әдістемелік білімін бекітіп іскелігі мен даңдысын қалыпртастыру болып табылады. Педагогикалық тәжірибе негізінде мынадай мәселер шешілуі қажет:
1. Студенттерді оқушылармен оқу тәрбие және сыныптан тыс жұмыс жүргізілуі іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырып жете меңгеру;
2. Жалпы білім беру мектебінде өтетін дене тәрбиесі сабағының құрылысын анықтау түрімен өткізу, әдістерін үйрену;
3. Мектеп ұжымындағы жүргізілетін дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың алдыңғы қатарлы басқару жолдарымен таныстыру.
4. Дене тәрбиесімен сауықтыру, жалпы бұқаралық спорт пен саяси тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшелігімен танысу;
5. Тәжірибелік жұмыс барысында өз бетінше жұмыс істеп, ол жұмысын талдап, бағалап оның қортындынәтижелерін оқу тәрбие әдісін қолдануды жетілдіруін қалыптастыруы;
6. Жоспарлау, бақылау құжаттарын жасаудағы іскерлігі мен дағдысын тәжірибе жүзінде жетілдіру.
Педагогикалық практика кезінде студент практиканың мектепте орындайтын жұмысының көлемі өте үлкен болады. Жұмысты уақытында әрі тиімді пайдалы етіп орындау бірден-бір келелі жұмыс көлемін тыңғылықты жоспарлау болып табылады. Ол үшін студенттердің алғашқы күндерінен бастап істелінетін жұмыстарын апталық дербес жоспарлау жүзінде жүргізіледі.
Бұл жоспарды жұмыстың дәл орындалуымен көрсетіліп онымен методист және дене тәрбиесі мұғалімі күні бұрын танысып келісімін береді. Жоспарды орындалу барысында методист бақылау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |