ОқУ-Әдістемелік кешені құрастырушы: Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы М. Т. Уразбаев


Лекция 25 Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау



бет41/47
Дата07.02.2022
өлшемі140,85 Kb.
#94611
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
8e11d7de-3c0d-11e3-9713-f6d299da70eeуправ 13-14 Уск

Лекция 25
Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты жетілдіруді жоспарлау.

Жоспары:



  1. Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрлері.

  2. Балалардың спортдайындығының ерекшелікгі.

  3. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі.


Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы
2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Жаттықтыру процесінің ұзақтығына байланысты жопарлаудың перспективалық және жедел деген екі түрі болады. Перспективалық жоспарлау айлық (мезоцикл), ал жедел жоспарлау апталық (ликроцикл) және жеке жаттықтыру сабақтарына арналып жасалады. Микроциклге спортшы қатысатын жарыстардың түрі, уақыты, сол жарыстағы спортшының орындайтын міндеті, оның дайындығындағы аралық кіші міндеттер және жыл көлемінде орындалатын үлкен міндеттер сипаты, жүктеменің көлемі кіргізіледі.


Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спогртшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бармүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек. Жылдық жоспардың міндеттері жедел жәржем жасалғанда кеңінен, нақтылы ашыла көрсетіледі. Мезоциклдер 3-4 микроциклдерден құралады да, 2-3 екпінді және 1-2 қалпына келу толқындары түрінде үргізіледі.
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың неізгі түрі болып келенді. Ол дайындық, негізгі және қортынды бөлімдерден тұрады. Дайындық бөлімінің мақсаты-спортшы денесн негізгі бөлімде өтетін қарқынды, көлемді жұмысқа дайындау. Дайындық жалпы және арнайы деген екі бөлімге бөлінеді. Дайындық бөлімінде әртүрлі жалпы дайындық жаттығулары қолданылады. Мысалы, жүгіру жаттығулары, әр түрлі снарядтармен жаттығу, жалпы жаттығу, екі-екіден топтық жаттығу т.б.
Қазіргі кезде балалар спорт пен өте жас кезінен шұғылдана бастайды. Сондықтан жаттықтыру процесі не, жарыстар өткізугеайрықша көңіл бөлген жөн. жаттықтыру кезінде дене қуаты дайындығы жан-жақты дамытылуға, организмнің жұмыс істеу қабілеті арттырылуға тиіс. Психикалық және дене күші өсіп келе жатқан бала организмінің мүмкіндігіне, жасына, жынысына, дайындық деңгейіне сай болуы керек. Жаттықтыру жетісіне 3-6 рет өткізіліп, жаттығу балалрады жалықтырмайтындай әр түрлі әсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет. Организмнің бастапқы қалпына келу тәртібі, жаттықтырушының, дәрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану, дем алу тәртібі қатаң сақталғаны жөн. жаттығулардың бастапқы кезінде толық және қарапайым қалпына тәртібі, дене қуаты дайындығының деңгейі көтерілген соң қатаң қалпына келу процесін жеңілдету үшін күндік микроциклдер пайда болады да, аздап және орта күш түсіру қалпына келу процестерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді. Жыныстық же тілу мерзімі кезеңінде спортшы организмнінің қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім ұл мен қызбалаларға өте күш түсіру олардың денсаулығына зиянынын тигізуі мүмкін. Әсіресе қыз балаларға айрықша көңіл бөлген жөн. олардың жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі, тез әсерленгіш көңіл-күйлері көбінесе етеккір келу циклдердің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында және келген кезде жаттықтыру жүктемелерін азарту. Цикл аяқталған соң, спортшы қыздардың жұмыс қабілетінің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал енді қыз балалар организмінің ерекшеліктері ескерілмей жүргізілген жаттықтыру жұмыстары олардың қабілетін төмендетіп, жаттықтыруға ықыласын азайтады. Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.
Дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдысын жетіллдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спорт пен шұғылдану балалардың бойында көпшілдік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, табандылық тәрізді мінез-құлықтарды қалыптастырады. Жас спортшыларды тәрбиелеуде жаттықтырушы ата-аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болады. Тәбиелеу өзгерістері сендіру және дағдылангдыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл-ойында қоғамның талаптарына сай мінез-құлық, жүріс-тұрыс тәртіптері қалыптастырылады. Спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдеттерді бойына сіңіруі керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет