№
|
Пререквизиттер
Пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер
|
Постреквизиттер
Пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер
|
Кафедра
|
Кафедра қабылдаған шешім
Хаттама №
|
1
|
Биология
|
Жалпы экология
|
Биология
|
Каф. мең, доц
Ш. Ибраимов
|
2
|
География
|
Микробиология
|
Биология
|
Каф. мең, доц
Ш. Ибраимов
|
3
|
Тіршіліктану
|
Эволюциялық ілім
|
Биология
|
Каф. мең, доц
Ш. Ибраимов
|
Экологиялық білім мен тәрбие беру пәнін меңгеру үшін студенттер «Биология», «Тіршіліктану» пәндерінің мектеп бағдарламаларын білуі керек.
Аталған курсты оқып үйрену «Жалпы экология» пәнін меңгеруге көмектеседі.
3. пӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
МАҚСАТЫ
«Экологиялық білім мен тәрбие беру» пәнін оқып болғаннан кейін студенттерді осы пәнге тиісті болған көпшілік теориялық және практикалық ережелерді өздігінше шеше алатын дәрежеге жеткізу.
міндеті
Студенттерге «Экологиялық білім мен тәрбие беру» пәнінінің түп мазмұндарын меңгерту. Бұл процесстерде экологиялық тұжырым қорытындылыларға ерекше назар аударту.
4. Жұмыс жоспарынан кӨшірме
Кредит саны
|
Жалпы сағат саны
|
Оның ішінде
|
Семестр
|
Қарытынды бақылау
|
Лекция
|
Сөж
|
ОБСӨЖ
|
1
|
45
|
15
|
15
|
15
|
1
|
сынақ
|
№1 кредит
|
45
|
15
|
15
|
15
|
5. Оқу сабақтарының құрылымы:
Лекция –студентке тақырыпты игеру неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студет ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс устеуі қажет.
СӨж- студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
ОБСӨж—оқытушының басшылығымен студенттердің Өзіндік жұмысы. материалды сабақ үстінде оқытушының кӨмегімен оқып меңгеру.
6. Студентке арналған ережелер (Rules):
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киімменкелу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтілінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
7. Оқу сағаттарының кредитке сӘйкес
тақырып бойынша бӨліну кестесі
1 кредит
№
|
Лекцияның тақырыбы
|
Лекция сағаты
|
СӨж
|
ОБСӨж
|
1
|
Экология, экология пәні, даму тарихы
|
1
|
1
|
1
|
2
|
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру жағдайы.
|
1
|
1
|
1
|
5
|
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы.
|
1
|
1
|
1
|
6
|
Экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру.
|
1
|
1
|
1
|
7
|
Экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру.
|
1
|
1
|
1
|
8
|
Экологиялық білім бағдарламасы.
|
1
|
1
|
1
|
9
|
Мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы.
|
1
|
1
|
1
|
10
|
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдай
|
1
|
1
|
1
|
11
|
Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы
|
1
|
1
|
1
|
12
|
Демография және экологиялық мәселелер
|
1
|
1
|
1
|
13
|
Экологиялық жағдай және адам денсаулығы
|
1
|
1
|
1
|
14
|
Жалпы экологиялық мәселелерді шешу
|
1
|
1
|
1
|
15
|
Қазақстанның экологиялық мәселелері
|
1
|
1
|
1
|
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
“Жаратылыстану” факультеті
«Биология» кафедрасы
Экологиялық білім мен тәрбие беру пәні бойынша география мамандықтарының
студенттері үшін
лекцияның қысқаша курсы
Жетісай 2005 ж.
Лекция №1
Тақырыбы: Экология және экология пәні, оның даму тарихы.
Жоспары:
Экология пәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері.
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және даму тарихы.
Экологиялық білім беру.
Экология- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Ч.Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» термінін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). Экология термині гректің «ойкос»- үй, тұрақ, мекен және «логос»- ғылым деген сөзінен шыққан тұрақ, мекен туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, байланысын, айналас қоршаған ортасы мен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылым қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат қоғам, табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера негізіндегі шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кемелді ғылымға айналды.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Оның бір ұшы дара организммен орта, бейімделу популяциялар арасындағы қарым- қатынастар, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, екінші ұшы табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, географиялық зерттеулерге ұласады.
Ал, антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.
Экология-организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, адамның іс-әрекетімен үйлестре отырып зерттейтін ғылымдар жиынтығы.
Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты- биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы мүмкіндіктің тұрақтылығын сақтау.
Экология ғылымын зерттеу нысаны –биологиялық және географиялық микро және макро –экожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
1. Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы мен қоршаған табиғи ортасы.
2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер.
3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми теориялық негіздері.
4. Адам, қоғам, табиғат арындағы гормониялық байланыстарды реттеу.
5. Биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.
6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.
2.Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы.
Экология –биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтердің біз көне дәір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.
Экология ғылымының қалыптасуын негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
І кезең. Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К. Линней (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декендоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.М.Лепелин (1740-1802), А.Гумбольт (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1807-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В. Докучаев (1846-1903), т.б.табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, геогрофтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.
ІІ кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель,Е.Варминг, К.Мебиус т.б. шетелдік табиғат зерттеулерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, Ш.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кошкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов, Н.И.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И.Панфильев, П.Н.Крылов, т.б.өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы(С.А.Зонкеевич, Г.Г.Винберг, Г.В.Никольский, Б.Г.Ногандян) топырақтағы организмдер экологиясы (М.С.Гиляров) насекомдар экологиясы (И.В.Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В.В.Догель, Е.Н.Павловский, В.Н.Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырмен жорғалаушылар экологиясы (А.Т.Банников, Н.И.Калабухов, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов, Г.А.Новиков, С.С.Ливарц) өсімдіктер экологиясы (В.Н.Сукачев, Б.А.Келлер, П.Д.Ярошенко), деп танимыз.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология- бүкіләлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемелерды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және проактикалық зерттелер жүргізілуде. Олардың қатарына А.М.Гилияровтың «Популяциялық экология» (1900), М.Захарченконың «Экологияның қазіргі проблемалары» (1955), Н.Реймерстің «Экология» (1994), В.В.Глуховтың «Экологияның экономикалық негіздері» (1995), Ф.Мотузконың «Экология негіздері» (1994), С.Боголюбовтың «Экология және право» (1989), Н.А. Израильдің «Экологиялық мониторинг» (1995), Н.Реймерстің «Экологиялындыру» (1993), Г.Сидиренконың «Экологияның қазіргі заманғы проблемелары» (1993), М.Бигонның «Экология» (1989), В.В.Вронскийдің «Қолданбалы экология» (1996), С.Тілеубергенотың «Адам экологиясы» (1996), С.Дрябо мен В.Ясвиннің «Экологиялық педагогика және психология» (1996), В.Хелсеннің «Философия және экология» (1993), т.б. еңбектерді жатқызуға болады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру. Экологиялық білім мен тәрбе берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (Юнеско) «Адам мен биосфера» атты бағдарлама қабылданды. Онда, алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырып, онда айнала қоршаған табиғи орта қорғау мәселелері көтерілді.
1972 жылы «Стокгольмде». «Қоршаған ортаны қорғау» туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында БҰҰ жанындағы юнеско және юнеп ұйымдары «Экология білім беру» туралы 40 тан астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық стратегиялық жоспарлар қабылнады. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987) т.б. конференцияларымен жалғасады.
Экологиялық білім берудің бұрынғы ксро кезеңіне тоқталсақ, онда негізінен орыстың табиғат зерттеушісі әрі көрнекті ағартушылары А.м.Теряев, И.И.Мартынов , В.Г.Беленский, А.Е.Герцен, Н.Г.Чернышевский еңбектерін атуға болады. Одан соң зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді. ХХ ғасырдың орта шенінде педагогтар Б.ф.Натали , Н.М.Берзинин, В.м.Курсунский, т.б. экологиылық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1994 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру ксро бойынша оқу, жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен 1947 жылы Белорусия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды.
Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу институттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмысьтары жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламенті мен үкіметі «Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау» Заңын (1997) «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасы (1996) экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасыда қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Лекция №2
Тақырыбы: Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
Жоспары:
Қазақстанның экологиялық ахуалы.
Экологиялық білім мен тәрбие беруде халықтың педагогикалық ролі.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдары.
Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Еліміздің құрлық жүйесінің ауқымды көлемін орманды- далалы, шөл- және шөлейтті жерлер алып жатыр. Қалыптасқан табиғи –тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жайсыз күйлері жұртышылқты ойландыруда.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері –аймақтық технологендік шөлейттені, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, өнеркәсіп апаттарының белең алуы, улы қалдықтардың жинақталуы айналаны қоршаған ортаға зиянын тигізуде.
Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде біліне бастаған экономикалық дағдарыс одан әрі тереңденіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр.
Халықтың экологиялық және әлеуметтік проблемеларды шешуде экономикалық қиындықтар туып отыр. Демек, экологиялық ахуалдың нашарлауы, халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылы дамуының бағыттарын тежеуге әкеп соғуы ықтимал. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға әне табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.
1997 жылдың тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа Заң қабылданып, күшіне неді. Ол мынадай тармақтардан тұрады:
Республикамызда халыққа білім беру орындары табиғатты қорғау жөнінде халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру.
Жалпыға бірдей экологиялық тәрбие мен білім берудің жоғары және арнулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік жағынан даярлау.
Құжатта 64 бабында айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологмялық білім берудің қажеттілігі айтылып, барлық оқу орындарында экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту.
Арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнаулы курстар оқыту көзделді.
Қазіргі кезде білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттердің бірі- жасөспірімдер ұрпақтың экологиялық білім мен көзқарасын қалыптасыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану, экология, биология ғылымының саласы ретінде емес, жеке ғылым ретінде қарастырылып жүр.
Сондықтан әртүрлі мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығын қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырады.
Экологиялық білім тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптасытур- жалпы білім беру жүйесінің алдыңғы шарты.
2. Кезінде орта ғасыр ғұлаламлары да табтиғатты қорғауға байланысты өз көзқарастарын білдірген.
ІХ-ХV ғ.ғ. қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, М.Қашғари, С.Бақырғани т.б. матофизика, тіл ғылымы, логика, психилогия, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Сонымен қатар, халқымыздың ұлы ағартушылар: Ш.Уалиханов, А.Құланбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйспеншілік көзқарастарының негізі –көшпенді елдің өміріне, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту кездерінде еске ұстап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл-кеңестер берген.
Ш.Уалиханов туған халқының табиғатпен қарым-қатынасындағы әдет-ғұрып, дәстүрін баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: «табиғаттағы... кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қарастырады. Осы аталағандарды құрметтеу, ырым –жарасын жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық әкеледі деп көрсетті». Ал, Абай өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс-тірішілігін бір-бірінен ажырамайтын, біртұтас дүние ретінде қарастырды. Асан қайғыдан бастап, Ақтамберді, Қазтуған, Шал, Бұқар, Жиембет, Махамбет, Бұхар, т.б. ақын-жыраулар шығармаларында тірлшілік, табиғат сырының мән-мағынасы сөз болады.
Халқымыз қасиетті, қастерлі жер-суларды «Әулие бұлақ, әулие ағам» дегендей құрметтеп, қорғап көздің қарашығындай сақтапй білген, «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағашың сынбасын, қанаттарың қайрылмасын», -деген туған жерін, елін, табиғатын аялау жайлы айтқан қсиетті сөздер жасөспірімдерді тәрбиелеудегі алатын орны ерекше.
3. Табиғатты қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану көп аспектілі. Солардлың ішіндегісі ең маңыздысы- педигогикалық сапекті. Алғашы рет ғылыми әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп көрсеткен ғалым, профессор В.Н.Скалон «Гүлденген, бай табиғат-арман емес, бұл шындық, бірақ оны сақтау бізге, балаларымызды тәрбиелеу іскерлгімізге байланысты»,- деген болатын.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдары, мүмкіндіктері және пәндер бойынша зерттелгенін айту керрек. Мысалы: Табиғаттанудан –Гринева Д.И.,мфизикадан –н.м. Масимов, биологиядан- И.Т.Суравегина, географиядан – Э.А.Тұрдықұлов, т.б. экологиялық білім берудің ғылыми- әдістемелік жолдарын, мазмұндарын, мүмкіндіктерін зерттеген.
Ғалым- педагоггтар білім мен тәрбие берудің мәнін ашқанда табиғатқа саналы, қарам-қатынас жасап, оны қорғайтын табиғи қорды тиімді пайдаланатын, Отанын, Елін сүйетін, болашақ жастарды адамгершілікті, моральдық тұрғыдан тәрбиелеуді мақсат етеді.
Лекция №3
Тақырыбы: Экологиялық білім мен тәрбие берудің қазіргі жағдайы.
Жоспары:
Экологиялық ағарту ісін жетілдіру.
Экологиялық білімді оқу әдістемелік негізде құру.
Оқушыларға экологиялық білім беретін бағыттағы авторлық бағдарламалар.
Бүгінгі таңда, көптеген мемлекеттер экологиялық білім беру табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, бұұ –ның білім беру, ғылымы мен мәдениет (юнеско) жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге 1968 жылы Парижде юнеско-ның биокеңестік қорын қорғау және оны тиімділікпен пайдалануға байланысты үкіметаралық конференция шақырылып, онда «Адам және биосфера» деп аталатын бағдарламасы қабылданды.
Бұл бағдарламада алғаш рет экологиялық білімнің жалпы мазмұны, ең үздік қасиеті мен мән-маңызы көрініс тапты.
1971 жылы Швейцарияда табиғатты қорғауға байланысты бірінші Еуропалық жұмысшы конферециясы өтіп, онда «Қоршаған ортаны қорғау» және «Табиғатты қорғау» түсінігі егіз ұғым ретінде танылды. Экологиялық білім жүйесіндегі халықаралық өзара байланыс Найроби, Беч, Москва конференцияларында жалғасын тапты.
Жалпы, «Кең көлемдегі білім жүйесін» қалыптастыруда юнеско өзінің стратегиялық міндеті деп санайды.
Леопольдтың ХХ ғасырдың 30 жылдарында қоршаған орта проблемасы туралы айтқан мына сөзі мәнін жойған жоқ. «Жүз жылға жуық жүргізіліп келе жатқан насихатқа қаоамастан, осы қорғауды дамыту тасбақа аяңнан асқан жоқ. Экологиялық оқутыду барынша кеңейте түсу ғана ұсынылады», деген болатын. Экологиялық білімді оқу әдістемелік негізде ұйымдастыру проблемасы қазіргі пікірталастың бірі болып табылады. Бұл бағытта екі тенденция бар. Кейбір мамадар экологиялық білім өзара тығыз байланыфсты бола тұра, әр-түрлі деңгейдегі білім беру жүйесіне «Экология» деген жеке пән қарастыру қажет деп есептейді.
Басқалары экологиялық проблема кең кеөлемде әрі пәнаралық мағынаға ие болғандықтан барлық оқу құралдарын «Экологияландыру» тиімдірек деп санайды.
Қазіргі таңда, нақ осы пікір үлкен қолдауғ ие болауды. Экологиялық білімнің (табиғатқа қоршаған ортадай көзқарас) дәл осы бірінші бағдары, әлемде халықаралық дәрежеде қолдау тапты.
Бізде және тмд елдерінде алғаш кезде барлық пәндерді экологияландыру бағыты басым болғандықтан және барлық оқу бағдарламалары шамадан тыс оқу материалдарын енгіздендіктен бірінші модель тиімді болмай шықты.
Соңғы жолдары, елімізді оқушылардың қалуы бойынша «Денсаулық және қоршаған орта», «Табиғатты қорғау экология негізі», «Биосфера және адам» атты пәнаралық факультеттік курстар жүргізіліп жатыр. Өйткені, табиғат пен қоғам, арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы, әрбір адамның денсаулығына, экологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігін өмір көрсетіп отыр. Оған дәлел ұзақ жылдар бойы табиғаттың даму заңдылықтарымен санаспау Арал, Балқаш, Семей, т.б. экологиялық апат аймақтарының туындауына себеп болды. Экология ғылым- табиғатты қорғау ғылымының негізі, бастау бұлағы.
Соңғы жылдары оқушыларға экологиялық білім беретін бағыттағы авторлық бағдарламалар орталық баспа орындарында жарық көре бастады. Мәселен, Т.В.Власова, В.А.Еремина, Т.Питула жазған «Табиғат пен адамның өзара қатынасы», А.Н.Жировтың «Геоэкология» деген орта мектепке арналған авторлық бағдарламасы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде өзіндік орыналады.
Экология курсы оларды жүйелеуге және жалпылауға, оқушыларды биосфера қызметінің негізгі заңдылықтарын, ондағы адамның орнын, ролін түсіну үшін қажет. Міндетті білім мен біліктіліктің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Экологиялық білім мен тәрбие беру оның интегралды сипаты жаратылыстану қоғамдық –тарихи, гуманитарлық-эстетикалық оқу пәндерінің барлығын да белгілі дәрежеде бейнеленуін қамтамасыз етеді.
Лекция№4
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім және тәрбие беру жағдайы.
Жоспары:
Елімізде экологиялық проблемалар бойынша теориялық курс бағдарламалары.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің аспектілері.
Елімізде экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары.
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдай күн сайын қиындап барады.
Алыска бармай-ақ, өзіміздің елімізді алайық. Республикамыздың табиғаты бұрын соңды болмаған өзгерістерге үшырап отыр. Нарық пен жаңарудың лебі ескен бүгінгі танда үкіметіміз эко-логиядық проблемаларға баса назар аударып отырып соңғы шыққан қаулыларда көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруді іске асыру кейінге калдырмайтын мәселе екені ашық айтылып жүр. Осыған орай елімізде көптеген педагог-ғалымдардың еңбектері жарық көріп, өз нәтижелерін беруде.
Теориялық және ғылыми-әдістемелік жағынан экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелеріне байланысты еліміздің эколог-педагогтары Н.С.Сарыбеков пен Ә.С.Бейсенованың зерттеу жүмыстарының нәтижелері аумақты. Мәселен, Ә.С.Бейсенова жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің түжырымдамасын жасап, іс жүзіне енгізу шараларын жасауда.
Қазақтың Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінде Ә.С.Бейсенованың басшылығымен алғаш рет "География-экология" мамандығы бойынша жана бөлім ашылды. Осы бөлімде тұжырымдама негіздері байқаудан өтуде. Осы бөлімнің Қазақстан географиясы кафедрасьнда профессор Ә.С.Бейсенованың жетекшілігімен жоғарғы оқу орындарының барлық факультеттері үшін дүниежүзілік экологиялық проблемалар бойынша теориялык курс бағдарламасы жасалды. Курс құрамына мына бөлімдер кіреді:
1. Экология негіздері, экология пәні туралы түсінікті пән аралық бір-бірімен байланыстыратын ең басты ғылымдардың бірі ретінде ашып көрсетеді. Сондықтан экологиялық заңдылықтарды танып білу адамның проблемаларын шешу үшін кажет.
Биосфера туралы ілім бөлімінде биосферадағы тірі заттар эволюциядагы тіршіліктің шығуы мен калыптасу кезеңдері туралы түсінік беріледі. Сонымен қатар, бұл бөлімде биосфераға антропогендік әсердің ролін В.И.Вернадскийдің биосферадан ноосфераға өту туралы ағымы, биосфераның ауа, су, топырақ арқылы ластануы, оның радиоактивті және жылу арқылы ластануы жәйі қаралады. Бұл бөлімде "Адам және биосфера" атты халықаралық бағдарлама сөз болады.
Экологияның қазіргі заманғы проблемалары. Бұл бөлімде қаралатын мәселелер қазіргі замандағы дүние жүзіндегі экологияның ролі адам қоғамының табиғатпен өзара қатынасы, дүниежүзінің жеке аймақтық және жергілікті шағын аудандық экологиялық проблемалар географиялық кабықтың антропогендік фактор әсерінен- өзгеруі.
Профессор Ә.С.Бейсенова жалпы орта мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасына экологаялық білім шмен тәрбие берудің бірнеше аспектілерін ажыратады:
1. Адамның әлеуметтік катынас жүйесіңдегі экологиялық қарым-қатынастың көкейтестілігі. Табиғатты пайдаланудың құқықтық және моральдік принциптерімен байланысты адамның табиғатқа деген жауапкершілік ролінің өсуі;
2. Табиғатқа жауапкершілік карым-қатынас — экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен нәтижесі;
3. Экологиялық білім беруге жалпы мемлекеттік міндет статусының берілуі;
4. Табиғат байлығының шексіздігі және биосфераның өзін-өзі тазарту және қалпына келуі шексіз деген түсініктегі халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін құру және дамыту;
5. Жалпы орта білім беретін мектептегі экологиялық білім және тәрбие беру жұйесі және оның жүйе топтамалары: жекелеген оқыту пәндері барысындағы экологиялық білім беру пәнаралық оқыту түрі арқылы экологиялық білім; тереңдетілген және дифференциалды оқыту барысында экологиялық білім беру.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылдануда. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпақка түсіндіру. Оның ішінде қоршаган орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілі мол, ізгілікті, экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу орын алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру тек экологиялық жаппай жәнс үздіксіз білім беру нәтежесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді үйымдастырудың бүгінгі күн тәртібіне қойылуы — орынды жағдай. Оның өзіңдік объективті және субъективті себептері бар.
Елімізде экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі Н.Сарыбеков. Ол жастарды табиғат қорғауға тәрбиелеуде халықтық табиғат қорғау дәстүрлерін, мақал-мәтелдерді, аңыз әнгіме, нақыл сөздерді пайдаланудың маңызын көрсетеді. Халықтық табиғат қорғау дәстүрін табиғат компоненттеріне катысты бөліп қарастырады. А.А.Сотников (1988) болашақ мұғалімдерді экологиялық білім беруде окушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге дайындады, ал АД.Балтаев (1994) пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық тәрбие беруде жауапкершілік қатынасын қалыптастыру, Д.І.Жангельдина (1995) табиғаттану курсы аркылы экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын, Ө.Т.Танабаев (1992) әдебиетті оқыту және сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру, С.О.Орьшбеков (1996) өлкелік принцип негізінде жануартанудан экологаялық білім беру әдістемесін, жолдарын зерттеген. Ал, Г.М.Сабденалиева (1999) оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары туралы зерттеулерін тұжырымдайды.
Э.А.Тұрдыкұлов жасөспірдмдерге экологялық білім мен тербие беру мақсатында табиғатты қоршаған ортаны қорғайтын ғылым негіздерін игеріп, соның барысында сенімдерін калыптастырып табиғи байлықтарды үнемдеу, молайту, әдет-дағдыларын тәрбиелеу жайлы дәледейді. Сабақан тыс жұмыстарда К.Ж.Бұзаубақова (1997) т.б. экологиялық білім берудің ғылыми-әдістемелік жолдарын, мазмұндарын, мүмкіндіктерін зерделеген.
Лекция №5
Тақырыбы: Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы.
Жоспары:
1. Жасөспірмдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру.
Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін қужаттар мен заңдар кабылдануда. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының коғамның табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпақка түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілі мол, ізгілікті, экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа үрпақты тәрбиелеу орын алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау төсілдерін жастарға ұғындыру тек экологилық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады.
Осы орайда, елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді үйымдастырудың бүгін күн тәртібіне қойылуы — орынды жағдай. Оның өзіңдік объективті жөне субъективгі себептері бар. Олар:
Туған өлкеміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы жон есепсіз сарқыла бастауы;
республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің көбейе түсуі;
өндіріс пен өнеркәсіп кешендерініц зиянды калдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, полигондар зардаптары, жердін жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы;
экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен тұрмыстық кажеттілік мақсатындагы «табиғатты пайдалану» сипаты арасындагы алшақтықтардың ұлғаюы.
Аталған мәселелерді шешу үшін экологиялық білім алу ауадай қажет. Мектеп, гимназия, колледждер және де басқа оқу мекемелері үздіксіз экологиялық білім берудің қайнар көзі және ұйымдастырушы оқу ордасы болуы тиіс.
2. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері
3. Экологиялық білімді қалыптастырудың педагогикалық принцптері.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрінде табиғатпен тікелей араласуы өзінің әлеуметтік-тарихи тыныс тіршілігі болып қалыптасқан. Сондықтан да табиғатты аялау, аң, құсын қадірлеп “киелі” санап, Өзен-көлдерін ластамағаны белгілі. Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге асыру мәселелері мен бағдарламалары 1968 ж. Б.Ұ.Ұ. мен ЮНЕСКО үйлесімділік халақаралық ұйым арасын қарастырады.
1992 ж Рио-де-Жа-нейро қаласында өткен ғылыми конференция экологиялық білім беру мәселесін қайта қарап, оның үш бағытын айқындап берді.
а) биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экология бойынша ағарту жұмыстарының жүйесін құру,
б) Экологиялық білім беруді жүзеге асыру
в) жұртшылық арасында экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу
3. Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы талаптарды қажет етеді
Олар :
-Оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және оқу әдістемелік құралын жасау, сыныптан және мектептен тыс жұмыстар қйымдастыру.
Мұғалімдердің экологиялық білімінің дайындық деңгейі
жаратылыстану пәндері бойынша биоцентризм принцпіне негізделген факультативтік сабақтар жүргізу.
табтғат қорғау мәселелері мен экология бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру
қазіргі техникалық құралдарды, оқытуды компьютерлендіруді және оқытудың жаңартылған әдістерін кең түрде қолдану
-мұғалімдердің тәжірибе, оқу материялдарымен алмасу мүмкіндіктерін туғызу
- ақпарат жинақтау, орталығын құру мен меңгеру
жаратылыстану, филология, гуманитарлық пәндердің қорщаған орта, туралы дерктер мен заңдар, оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс
мемлекеттік экологиялық саясатты жетік білуі керек
Экологиялық білім берудің міндеттері.
оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру
адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
- экология саласындағы ғылыми жетістіктерден хабардар болу.
Лекция №6
Тақырыбы: Экологиялық білім беруді ұйымдастыру.
Жоспары:
Экологиялық оқу бағдарламасын жасау.
Оқытуды ақпараттандыру және компьютерлендіру жүйесі.
Педагогикалық арнаулы орота және жоғары білім жүйелерінде және одан кейінгі сатында экологиялық білім беру
Республикамызда білім беруді оңтайландыру процестері кең етек алуда. Осыған орай, экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру міндеті тұр. Сондықтан, экология пәнін 1-11 сыныптарға түгелдей енгізу мүмкін емес. Бізде жинақталған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстар және пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақтар, одан соң жеке пән түрінде біртіндеп енгізу өміршең екендігін керсетіп отыр. Пәндерді экологияландыру республикамыздың 2000-2001 жылы жарық көріп жатқан жаңа буын байқау оқулықтарында көрініс тапқан. Әсіресе, жаңа буын байқау оқулықтарының география, биология, химия мазмұнында (әрбір тақырыпта) экологиялық мәселелер беріледі. Онда еліміздің экологиясына арналған материалдар мол. Экологиялық оқу бағдарламасын жасауда екі мәселені басшылықка алу көзделген.
Бірінші: пәндерді экологияландыру нәтижесінде экологиялық мәселелерді баяндауды интеграциялау, екінші — арнайы экологиялық білім беру мәселелерін шешетін жеке экология пәнін қалыптастыру. Қазіргі кезде екі бағытты жүзеге асыру қиын болып отыр. Себебі, пәндерді экологияландырудағы мұғалімнің экологиялық білімінің жетімсіздігі кедергі болса, ал экологияны пән ретінде оқытуда — мамандардың жетіспеушілігі және оқу құралдары мен оқу-бағдарламаларының жоқтығы қол байлау болып отыр. Сондықтан, қазіргі кезде үстаздарға айтарымыз:
Экология ғылымның теориялық негіздерін оқып үйренуді;
География, химия, биология, т.б. пәндердің негізінде экологиялық проблемаларды әрбір тақырып бойынша интеграциялауды;
Биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен біртұтастылығы сипатында және антропогендік әсерлердің әрекетімен байланыстыра отырып, ғылыми практикалық тұрғыда оқытуды ұйымдастыруды талап етеміз.
Республикамыздың мектептерінде экологиялық білім берудегі қалыптасқан жағдайларды ескере отырып 2001-2005 жылдары аралығында 5-8 сыныптарда экология пәнін аптасына бір сағат (барлығы 36 сағат), 9-сыныпта 2 сағат (барлығы 68 сағат), ал 11-сыныпта 1 сағат (барлығы 36 сағат) көлемінде енгізуді ұсынып отырмыз.
Авторлардың экологияны дербес пән ретінде оқытуды негізінен 9 — сыныпқа ұсынудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Бірінші ерекшелігі: еліміздің өтпелі кезеңінде қаражат мәселесін ескере отырып, оның тиімді жолы ретінде экологияны әзірше 9-сыныпқа енгізу қажет. Оңың үстіне 1-8 сыныптарда барлық дәстүрлі пәндер негізінде экология ғылымының негіздері, зандылықтары, алғашқы ұғымдары мен карапайым мәселелері жаңа буын окулықгарында кзмгалган.
Екінші ерекшелігі: мектептегі пәндердің көптігіне байланысты оптималдық түрғыдан лайықты деп есегггейміз.
Үшінші ерекшелігі: үсынылып отырған 9-сынып негізгі мектпетің соңғы сатысы болып табылады, бұның өзі оқушылардың экологиялық білімін топтастыра отырып жинақтауға негізделген және тиімді кезең болып табылады.
Төртіншіден: 9-сьшыпқа арналған оқулықты республикамыздың кәсіби білім беретін лицей, колледждерінің оку жүйесіне де енгізуге болады.
Оқытуды ақпараттандыру және компьютерлендеру жүйесі
Оқытуды ақпараттандыру жүйесі (ОАЖ) ғылымның нақты соғы жаңалықтарымен қамтамасыз етеді. ОАЖ жаратылыстану пәндерінің негізінде, газет-журналдар, түрлі ғылыми басылымдар, радио, көгілдір экран арқылы және компьютерлік ақпарат банкі-Internet, дистанциялық оқыту жүйелері, мультимедиалық технология арқылы жүзеге асады.
Компьютерлік технология жүйесінін негізгі қызметі:
әр түрлі аймақтардағы экологиялық жағдайлар туралы мәлімет жинау, оны қорғау мүмкіндіктерін зерттеу;
нақты экологиялық ситуацияларды талдау оны шешу жолдарын таңдау;
жаратылыстану саласындағы барлық жаңалықтарды қамту;
Қазақстанның экологиялық жағдайлары туралы нақты мәліметтер беру;
экологиялық білім беру, бақылау, тест сұрақтары;
экология бойынша пәндік олимпиадалар, конкурстар үйымдастыру.
экологиялық радио және телехабарлар, ұйымдастыру үшін материалдар жинау болып табылады.
Лекция №7
Тақырыбы: Экологиялық білім беруді жүзеге асыру жәнебақылау.
Жоспары:
Үдіксіз экологиялық білім беру.
Экологиялық білімді қаржыландыру.
Экологиялық білім беруді халықаралық байланыстар.
Мақсатына карай экологиялық білім беру үш сатыда өтеді:
кәсіптік білім беретін арнайы лицейлер мен колледждер;
жоғары педагогикалық университетгер (экологиялық және экология емес мамандықтар үшін);
жоғары оқу орындарынан кейін экологиялық білім мен тәрбие беру.
Алғашқы сатыда бастапқы экологиялық білім беріледі, ол стандартты мәселелерді шешуге және антропогендік факторлардың қоршаған ортаға әсеріне баға беретіндей карапайым оқу модельдерін пайдалану арқылы жүргізіледі, оқытудың жаңа технологиясын және компьютерлік модельдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық колледждерде экологиялық білім мен тәрбие беру дәстүрлі пәндерді экологияландыру, «Табиғаттану» пәндерімен қатар, «Экология және табиғат қоргау негіздері» атты дербес курсты енгізу арқылы жүзеге асады.
Екінші сатыда айналадағы ортаны қорғау саласында мұғалімдер әзірлеу — ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға, экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Мұғалімдер қоршаған ортаның проблемаларын білуге тиіс.
Сол сияқты олардың негізгі көрсеткіштерін өздігінен анықтай алатын болуы керек. Экологиялық білім теориясы мен практиканы бірдей меңгеруі керек.
Халықаралық бағдарламаларда студенттердің алатын білімі жаратылыстану ғылымдарымен шектеліп калмауына назар аударылады. Барлық пәндердің мүғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдар, оның мәселелері мен мүмкіндіктері туралы хабардар болуы тиіс. Бұл білім экологиялық және экономикалық болуы керек. Болашақ мұғалімдер оқыту процесінде мынадай психология-педагогикалық әрекеттерді білуі тиіс, ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсерін, жергілікті табиғаттың материалын және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен мектепгің өзара байланысын, экологиялық құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі кажет.
Үшінші сатының мақсаты — экология пәні бойынша мұғалімдердің білімін жаратылыстану, география және экология ғылымдарының соңғы жаңа әрі тиімді модельдерімен қаруландыру. Ол үшін университеттер жанындағы немесе кәсіби мамандарды жетілдіру және қайта даярлау институттары арқылы (ұш жылда бір реттен кем болмағаны жөн) міндетгі оқытылуын қамтамасыз ету.
Экологиялық білім беруді толықтыру үшін көпшілікке үгіт және насихат жасаудың маңызы зор. Көпшілікті білімге тарту еліміздің экологиялық сауатты әлеуметтік ортасын қалыптастыруға, экологиялық шешімдер қабылдау мен оны жүзеге асыруда маңызды роль аткарады.
Экологиялық білімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін мекемелер мен басқа да демеушілер:
-республикалық және жергілікті бюджет,
-ынталы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық жүйелер;
-республикалық табиғат қорғау қоры;
-экологиялық сақтандыру қоры;
-экологиялық халықаралық колдау қорлары.
Лекция №8
Тақырыбы: Экологиялық білім бағдарламасы.
Жоспары:
Экологиялық білім берудің жүйелілігі.
Экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізі.
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми әдістемелік материалдармен және мамандармен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экология-мәселелері толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы бізді қоршаған орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе — адамның табиғатқа тигізетін әсері кандай және одан қалпына келмейтін кандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде іс-әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп береді.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің манызы арта түсуде. Бұл проблемалар Президент Н.А.Назарбаев ұсынған «2030 стратегиясы», бағдарламасында басты орында тұр.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма - қол өмірге ендіру керек. Өйткені табиғаттағы апатты жағдайлар жасынан «Экологияландырылған» ұрпақтың өсіп жетілуін, ұзақ мерзімді эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесіне табиғатқа аялай қарауды калыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс-әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру қажет. Ұсынылып отырған ұлттық бағдарлама осы мәселелерді шешу мақсатымен жасалып отыр. Қазақстан республикасында экологиялық білім берудің түжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап түрақты дамудың тұжырымы жатады. Бүл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта және даму «РИО-92» конференциясында қабылданды. Тұрақты дамудын негізгі ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны 1993ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттері басшыларының бас қосқан конференциясында мақұлдады. Тұрақты даму табиғаттағы заттардың табиғи айналымын сақтаудың басты факторы ретінде тіршіліктің көптүрлілігін азайтпауды, қоғам (әлеуметтік геожүйе) және табиғи орта (экожүйе және геожүйе) құрайтын әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйенің динамикалықтепе-тендігін бұзбауды көздейді.
Мақсатына карай экологиялық білім беру үш сатыда өтеді:
алғашкы саты — мектепке дейінгі және бастауыш мектеп;
екінші саты — орта мектеп және колледж;
жоғары саты — жоғары оқу орындары.
Алгашқы саты мектспке дейінгі және бастауыш мектепті кам-тиды. Мүнда қоршаган ортамен танысу, адам мен табиғаттың бірлігі, өз үйінде, аулада, сыныпта, жануарлар және өсімдікгерге қамқорлық, салауатты өмір салтының негіздері калыптасады.
Бұл сатыдағы оқытудың негізгі әдістсрі мен амалдары — экологиялық мазмұнға құрылған танымдық негіздегі дамытушы ойындар.
Екінші саты — жаллы және арнайы білім беретін орта мектептерде және бастапқы экологиялық білім беретін орта мектептерде жүзеге асады. Мұнда бастапқы экологиялық білім беріледі, ол стандартты әдістер мен стандартгы мәселелерді шешуге жәнс табиғатқа әсер ету кезінде нақтылы алгоритмі бар қарапайым модельдерді пайдалану білігіне негіз болады.
Оқыту элементтерін, компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Лекция №9
Тақырыбы: Мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді ұйымдастыру.
Жоспары:
Экологиялық білім мен тәрбие жүйесі.
Пәндерді экологияландыру.
Экологиялық факультативтік сабақтар.
Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әртүрлі моделі қолданып келеді. Олар: 1) көп пәнді жүйе (мектепте оқытылатын барлық пәндер өздерінің тақырыптарына сәйкестендіріп экологиялық білім беру); 2) бір пәнді жүйе (экологаялық білім бір ғана пән арқылы беріледі), 3) аралас (экология жеке пән ретінде окытылады).
Дүниежүзілік тәжрібелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды (1999). Оның негізгі мақсаты — көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
мектеп кабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
арнайы білім беретін колледждерде экологаялық білім беру;
жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі саласы бойынша);
мамандарды кайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Казақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000-жылдан бастап жаңа базистік оқу жүйесіне көшірілді. Ол: орта мектеп (І-ІІ сыныптарға), негізгі мектеп (1-9 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына орай, әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс.
Пәндерді экологияландыру дегеніміз - мектеп табалдырығынан аттаған жас өспірімге сыныптар деңгейінде берілетін барлық пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру. Яғни, дәстүрлі пәндерді оқыту барысында бұрыннан оқьггылып келген тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық мәліметтер баяндалады. Олар мазмұнына қарай: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану пәндері, тіл-әдебиет және өнер саласындағы пәндер болып топталады.
Гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар адам — қоғам — табиғат арасындағы қарым-қатынастарын жалпы зандылықтарымен таныса отырып, олардың бірұтастылығы туралы экологиялық көзқарас қалыптасады.
Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы болуы тиіс. Биология пәндерінің әрбір тақырыбының мазмұны экологиялық проблемаларды көтеріп, онымен астарласып жатуы тиіс. Әсіресе, география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану, химия, физика, т.б. пәндердің негізгі идеясы мен мазмұны үздіксіз экологиялық білім берудің біртұтас жүйесі негізіндс калыптасуы тиіс.
Филологиялық пәндер саласында көркем әдебиет, шығармашылық, поэзия, жыр мен өлендер, т.б. творчестволық туындылар оқушыларға экологиялық тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Бүл тұрғыда Ыбырай, Абай, Мүхтар, Ілияс, Олжас, Мұқағали, Қадыр, Мұхтар Шаханов, т.б. педагог, ақын-жазушылардың еңбектерін талдап, ондағы экологиялық идеяны аша отырып оқушылардың экологиялық сана-сезіміне туған өлкесінің сүлулығын үялату арқылы тәрбие беру өте ұтымды болар еді.
Көркемсурет пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мөлдір бұлағы дер едік. Себебі, шебер салган сұлу табиғат көрінісі, көгілдір аспан, аққудың пәк мүсіні, гүлдің сан құбылған түр түсі оқушының жан-сезімін тербете отырып оған деген аяушылық сезімін оятары сөзсіз. Ал, Арал апатының тағдыры бейнеленген «кұлазыған шөл», батпандаған кемелер, т.б. көріністері жасөспірімнің жан-жүйкесін тітіркендіріп табиғат тағдырын тәлкек еткен адамдардың іс-әрекетіне жиіркенішті сезімін оятары анық.
Білім заңына негізделген мектептерге арналған базистік оқу жоспары бойынша экология дербес пән ретінде қарастырылмаған. Сондықтан көптеген мектептерде экология курсы факультативтік сағаттар есебінен аптасына бір рет жүргізіледі. Бірнеше жылғы тәжірибе көрсеткендей Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Жаркент т.б. қалалардағы көптеген мектептер экология курсын 5-9 сыныптарда оқытудың тиімді екенін көрсетіп отыр. Жоғары сыныптарда экологияны оқытуда оның бағдарламасын жасауда екі мәсеселені басшылықка алу тиімді болар еді.
Бірінші — пәндердің экологияландыру нәтижесінде экологиялық проблемаларды интеграциялау, екінші — арнайы экологиялық проблемаларды толық қарастыратын дербес экология пәнін қалыптастыру .
Қазіргі кезде екі бағытты да жүзеге асыру қиын болып отыр. Себебі, пәндерді экологиядандырудағы мұғалімдердін, экология-білімінің жетімсіздігі кедергі болса, ал, экологияны пән ретінде оқытуда-мамандардьің жетіспеушілігі және оқу құралдары мен оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы қолбайлау болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |