Оқу-әдістемелік материалдар «Кіріспе. Биофизика пәні және оның мәселелері. Термодинамика» Биофизика пәні және оның мәселелері



бет45/65
Дата15.09.2017
өлшемі7,56 Mb.
#33508
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
Өзін-озі тексеру сұрақтары

  1. Жарық дегеніміз не?

  2. Жарықтың қандай қасиеттері бар?

  3. Жарықтың дифракциясы деп қандай құьбылысты айтамыз?

  4. Жарықтың интерференциясы дегеніміз не?

  5. Фотометрия нені зерттейді?

  6. Жарық ағыны деп нені айтамыз?

  7. Жарық күші қалай анықталады?

  8. Жарықталыну дегеніміз не?

  9. Жарқырау деп нені айтамыз?

  10. Жарықтың жұтылу деп нені айтамыз?

  11. Бугер-Лемберт-Бер заңы қандай теңдеумен өрнектеледі?

Дәріс № 12

Тақырыбы: «Гармониялық тербелістер»

1.Гармониялық тербелістер. Тербелмелі қозғалыстардың кинетикалық және потенциалық энергиясы.

1.1 Гармониялық тербелістер

Белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын процестер немесе қозғалыстар тербеліс делінеді. Тербелмелі процестер табиғатта, техникада кеңінен таралған. Мысалы, сағат маятниктерінің тербелісі, двигательдің поршеньдерінің қозғалысы, жүректің соғуы...

Физикалық табиғаты жағынан тербелістер әр түрлі болады. Сондықтан механикалық, электрлік тербелістер деп бөлінеді. Бірақ әртүрлі тербелмелі процестер бірдей сипаттамалармен, теңдеулермен анықталады. Ендеше тербелістерді бірыңғай тәсілмен зерттеу керек.

Тек механикалы шамалардың ( ығысу, жылдамдық, удеу т.б.) өзгерісімен сипатталатын тербелістер механикалық тербелістер деп аталады.

Тербеліс кезінде өзгеретін шаманың мәні бірдей уақыт аралығында қайталанатын болса, ондай тербелістерді периодты тербелістер деп атайды.

Жүйеге энергия берілгеннен кейін сыртқы күштер әсер етпейтін тербелістерді еркін тербелістер деп атайды. Тербелістердің ең қарапайым түрі гармониялық тербелістер болып табылады.



Синустар немесе косинустар заңымен өтетін тербелістер гармониялық делінеді: дененің тепе-теңдік жағдайдан уақытқа байланысты ығысуы мына түрде өтеді



мұндағы тербеліс амплитудасы, дененің тепе-теңдік жағдайдан максимал (ең үлкен) ауытқуы; - дөңгелектік жиілік; - алғашқы фазасы (ол дененің уақыт мезетіндегі тепе-теңдік жағдайдан ауытқуын көрсетеді); - гармониялық тербеліс фазасы. Тербеліс фазасы (амплитудамен қатар) өзгеретін шамасының берілген уақыттағы мәнін анқтайды. Фаза бұрыштық бірліктермен (градус немесе радиан) өлшенеді. Косинус шамасы +1-ден -1-ге дейін өзгеретін болғандықтан, -те -дан -ға дейінгі мәндерге ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет