Оқу іс-әрекет ұйымдастырылған технологиялық карта Мерзімі: 22. 10. 2015ж Топ: "Ақбота."естияр Білім беру саласы



Дата19.12.2016
өлшемі43,63 Kb.
#4246
Оқу іс-әрекет ұйымдастырылған технологиялық карта

Мерзімі: 22.10.2015ж Топ: "Ақбота."естияр Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»
Мақсаты: балаларды ойыншық туралы әңгіме құрауға ,өз ойларын толық сөйлемдер арқылы жеткізе білуге үйрету.Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.Эстетикалық талғамын арттыру. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру.
Сөздік жұмыс:.қуыршақ ,ойыншықтар. Көрнекіліктер: тіл дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, ойыншық аю, резиналы ойыншықтар, пластмассалы машина.
Билингвальды компонент:қуыршақ-кукла, ойыншық-игрушка.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің келуін хабарлаймыз.



Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Балалар бұл не?
Кәне қуыршақ сөзін қайталаймыз.

-Балалар бұл қуыршақтың есімі- Әйгерім. «Қуыршақ» тақпағын жаттау.

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ, Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ ,бұйырсақ.

(Тақпақ жаттатудың әдіс- тәсілі)
«Суретті жаттау.»
Түсіндірілуі:суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып, тақпақты жаттап алу. Мысалы:Біздерде бар қуыршақ(Қуыршақ суретін салу.)Бұзау, қозы, құлыншақ (бұзау, қозы, құлыншақ суреттерін салу.)
Ойыншықтар тыңдайды.Ақыл айтсақ,бұйырсақ.(қол қимылмен көрсету).
Сұрақтарға жауап алу.
-Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға жата ма? Әлде ойыншыұтарға ма?
Дидактикалық ойын:
«Ойыншықты тап»
Ойын мақсаты:ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін ,үлкен, кішілігін ажыратып,сол ойыншыққа өздерің мейірімді тілек тілейсіңдер.

Мысалы: балалар алдымен көзін жұмады, қойылған ойыншықтар ішінен біреуін жасырып қоямыз. Қандай ойыншық жоқ?


-Балалар бүгін қуыршақ Әйгерімнің туған күні екен.
Әйгерімге не сыйлағыларың келеді?

Әңгіме құрау: «Қуыршақ әйгерімнің туған күні»(тіл дамыту дәптері бойынша жұмыс)


Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу.

Шарты:Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы ,әңгіме құрау.


Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінің сүйікті тамағы бал сыйлады.Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.
Сергіту жаттығуы: Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық, Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп,Бір отырып,бір тұрып

Біз тынығып алайық .


Билингвальды компонент: қуыршақ-кукла, ойыншық-игрушка.


-Бұл қуыршақ.
Қуыршақ

Айтқанды қайталап, жаттап алады.

-Қуыршақ ойыншыққа жатады.

Әр бала өз ойыншықтарын атап өтеді.

Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтардан қарағанда, пішіні үлкен,түсі қоңыр.
Аю-жұмсақ ойыншық.Мен оны таза, ұқыпты ұстап ойнаймын

Балалар ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.

Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Әңгіме құрағанда толық сөйлем құрауға тырысады.
Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігін айту.

Балалар айтылған сөзге зейін қойып, орындауға тырысады.


Күтілетін нәтиже: нені біледі: Ойыншықтардың неден жасалатынын біледі.

Қандай түсінік игереді: берілген тапсырмаға байланысты толық сөйлем құрауды меңгерді..

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді меңгерді




Оқу іс-әрекет ұйымдастырылған технологиялық карта

Мерзімі: 22.10.2015ж Топ: "Ақбота."естияр Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология негіздері Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар. Шілтерқұйрық».
Мақсаты:Шілтерқұйрықпен таныстыру.Балықтардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылығын көре білу, тіршілігі жайлы айта білуге үйрету.Аквариумдағы балықтарға қамқорлық қарым-қатынасы қажет екендігін түсініп, оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру.
Сөздік жұмыс:.балық, шілтерқұйрық. Көрнекіліктер: аквариум, шыны ыдысқа салынған балықтар,суреттер..
Билингвальды компонент:балық-рыба .

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық







Ұйымдастырушылық- ізденістік







Рефлексиялық-түзетушілік








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет