Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат. Тақырыбы: Табиғатты аялайық. Мақсаты



бет4/11
Дата23.05.2018
өлшемі2,37 Mb.
#40674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдіс- тәсілдер: ойға шабуыл жасау, түсініктерін молайту, сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң аңғада,  құсқада,

Қайырлы таң жайдарлы жанғада.
Қайырлы таң алға алсын

Кешке дейін жалғассын.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.



Ұйымдастыру кезеңі


Проблемалық жағдай орнату:

Балалар енді менің жұмбағымның жауабынтауып көріңдер. Өзі саябақ көркі, түстері жап- жасыл ұзын бойлы балалар бұлар нелер?

Саябақта қандай ағаштар болады? Олардың жемістерін атап жіберейікші балалар.

Жарайсыңдар балалар, ендеше, бүгін біз саябаққа саяхат жасаймыз.

Балалар бақтың есігі құлыпталып тұр екен. Оның кілтін табу керекпіз. Балалар қараңыздар ана жерде Асия әжей жүр қане бақтың кілтін сұрап алайық.

Асия әжей сәлеметсіз бе?

«- Сәлеметпе балаларым, амансыңдарма, не болды? Қандай шаруамен келдіңдер?»

Асия әжейбізге саябағыңыздың кілті керек еді. Баққа саяхат жасайық деп едік.

« - Жарайды, кілтті берместен бұрын менің сендерге айтар тапсырмам бар, Мына саябақтың жемістерін жинап балабақшаға апарып жерсіңдер, сендерге берер тартуым болсын, жарайма?

Ал саябаққа кірерде абайлаңдар, әрбір жеміс ағашының арасында кедергілер бар, сол кедергілерден сүрінбей өтіңдер.


Ал сәттілік тілеймін.»деп кілтті береді
Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

Саябақтың құлпын ашып, әрбір жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды.

1.Кішкентай алма ағашынакөмек көрсету

2.Алмұртағашыныңайналасындағықоқыстарды жинау

3.Банан айналасындағыаррамшөптерді жұлу.


4.Сергіту сәті «Тербеледі ағаштар».

5.Гүлдердіжинау.

Қарлығаш келіп хабарлама айтады:

«- Достарым, достарым бала бақшадан хабар әкелдім, сіздерді Бибігүл апайларыңмен  Ақмарал апайларың сағына күтіп отыр, Асия әжейдің жемістерін тез алып келсін дейді, ал сау болыңдар».



Ағаштар

Сәлеметсіз бе!

 

 

 Алма, апельсин, банан, алмұрт т.б.



 Балалар тәрбиешімен саябаққа саяхатқа шығады.

Асия әжейге барып кілтін сұрайды.

Балалар Асия әжейдің берген тапсырмасын тыңдайды

Саябақтағы жеміс ағаштарының тапсырмаларын орындау.

 Балалар кішкентай алма ағашына көмектеседі.

 Алмұрт тапсырмасын орындайды

 Банан жеміс ағашының тапсырмаларын орындайды

 

Сергіту сәтін орындайды.



Гүлдердің тапсырмасын орындайды.

 

 



 Қарлығаштың хабарламасын тыңдайды.


Рефлексивті түзету

 Балалар біз бүгін қайда бардық?

Онда неше жеміс ағашы болды?

Қандай қандай?

Біз оларға не істедік?

Сендерге саяхатымыз ұнады ма?

Жарайсыңдар, балалар қане бәріміз саябақтың есігін кілтеп кетейік.

Ал балалар тәрбиеші қонақтарға не айтамыз?

Себетімізді, гүлдерімізді алып балабақшамызға, тобымызға барайық.



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Қандай түсініктерді игереді: Балалар әрбір жеміс ағашы туралы толық мәлімет алады, табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі.

Білуі тиіс: Табиғатты ластамауға, әрбір жеміс аттарын білуі тиіс.

Үйрену керек: жеміс ағаштарына қамқорлықпен қарауға.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы


Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: Орманда.

Мақсаты: Орманды  күрделі   организм  және өсімдіктер  мен жануарлар  мекені  ретінде түсінік  беру. .Балаларда  орманда мекендейтіндердің  бір-біріне қоректік  байланыс бағыныштылығы  бар екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Орманшының  жұмысы туралы түсінік беру. Табиғатқа  деген  қызығушылығын  арттыру.

Көрнекілігі: Орман бейнесі бейнеленген суреттер.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң аңғада,  құсқада,

Қайырлы таң жайдарлы жанғада.
Қайырлы таң алға алсын

Кешке дейін жалғассын.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.



Ұйымдастыру кезеңі


Балалар бүгінгі біздің  іс-әрекетіміз  өте қызықты  болмақ . Біз  бүгін орманға серуенге шығамыз.  Орманға  барар алдында психологилық жаттығу  жасап алайық. Себебі орманға  барам  дегенше  ұзақ  жолбар. Сондықтан біз шаршамауымыз  керек.

1.Алма  жеу

2.Су   ішу

3. Гүл иіскеу.

-Ал  балалар орманға баруға дайынбыз ба?

 Орманға тез бару үшін көзімізді жұмып  өлеңімізді айтайық.

Ал  балалар  енді  көзімізді ашайық.

Балалар  біз  қайда  келдік?

Қандай тамаша! Мұндағы талдарды, әдемі  жайқалған гүлдерді қараңдаршы, жәндіктерді  мынау қонып тұрған қандай әдемі көбелек. Өте әдемі жәндік  екен. Оның басы, аяқтары, қанаттары  бар. Басында  көздері ,мұрты  аузы бар. Көбелектер  гүлдердің  шырынымен  қоректенеді. Ал мынау құстарға қараңдаршы қандай әдемі.Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?

Олардың дыбыстары бірдей  бола  ма?

 Ендеше  дауыстарын  салып  көрейік.

Қарға  ----

Торғай---

Көкек---


Мінекей  көрдіңдерме әр құстың өз  дыбыстар  бар  екен.

Құстар  немен қоректенеді?

 Мына  жерде  не   көріп тұрмыз? Орманда құстардан басқа тағы нелер мекендейді?

Дұрыс. Қандай аң түрлерін  білесіңдер?

Дұрыс. Балалар бұл жай орман  емес,ғажайып,жұмбағы көп ертегі орман екен. Қане біз орманда болғандықтан  жыртқыш аңдар жайлы психологиялық жаттығу жасайық.

-Кі,кі,кі-

-Ян,ян,ян-

-Тан,тан,тан-

-Ыр ,ыр,ыр-

-Ыс,ыс,ыс-


Балалар   аңдар немен қоректенеді?
Балалар мына  жерде  біз  жәндіктерді   көріп отырмыз. Ал енді  осы  жәндіктер немен қоректенеді?

Балалар  орман  көп қабатты үй  екен. Неліктен  көп  қабатты  үй  дейді

 екенбіз. Тыңдап көрейік. Оның әр қабаты -өзінің ерекше заңымен өмір сүретін экологиялық жүйедегі орын. «Жертөле» -қалың топырақ қабаты. Онда жер астында өмір сүруге бейім  келетіндер  өмір сүреді. «Бірінші қабатта»  -өзінің құрылмына  қарай топырақ  бетін «Жоғарғы қабатта»  бұтақтармен өрмелеуге , секіруге, жорғалауға  бейім жануарларға  арналған. Олар ағаштың басынан өздеріне  қорек  табады.

Балалар  бүгін ауа райы қандай?

Ендеше  балалар  ауа  райы  бұзылмай тұрып  балабақшаға қайтайық. Қане  бәріміз  орманмен қоштасайық. Ендеше  өлеңімізді  айта  отырып балабақшаға қайтайық.

Ал  балалар біз  қайда бардық?

Орманнан  не  көрдік?

 


Балалар  орманға біз қалай қамқор  болуымыз  керек?

Балалар қимылмен көрсетеді.

қарр,қарр,қарр

-шиық, шиық, шиық

ку-кук, ку-кук.

Шыбын-шіркейлермен, дән түрлерімен, сумен.

Аю,қасқыр,түлкі, қоян, барыс.

Бір,екі,үш,

Көбелекше ұшамыз,

Гүлдерге біз қонамыз.

Бір, екі, үш.

Құстар болып ұшамыз,

Орманға біз барамы.Түлкі

Қоян


Арыстан

Қасқыр


Барыс

Өздерінен  әлсіз  жануарлармен, тамырлармен,

жидектермен қоректенеді.

Мысалы   көбелек гүлдің шырынымен,  инелік  шыбын-шіркеймен, құмырсқа дәнмен , шірінділермен,тамырлармен қоректенед.

Күн  салқын. Аздап жел соғып тұр

Бір,екі,үш,

Көбелекше ұшамыз,

Гүлдергебіз қонамыз

Бір, екі, үш.

Құстар болып  ұшамыз,

Балабақшаға біз қайтамыз.

Орманға.


Аңдарды,  құстарды, жәндіктерді, өсімдік  түрлерін, ағаш  түрлерін көрдік.
*Өсімдіктерді  жұлмау  керек.

*Аңдарды, құстарды, жәндіктерді  өлтірмей  оларға қамқор болуымыз  керек.



Рефлексивті түзету

 Қорытынды.

Өте  жақсы балалар. Бүгін сендер іс-әрекетке  өте жақсы қатыстыңдар. Сол  себепті  сендерге  аңдардың  суретін  сыйға  тартқым  келеді. 

 


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені  білу  керек:  Орман жайлы  және  ормандағы  жануарлармен өсімдіктердің  тіршілігі жайлы, орманшының жұмысы туралы.

Нені  игерді: Орманның  көп  қабатты  үй  екенін,  ормандағы  тәртіп  ережелерді, не немен қоректенетінін игерді.

Нені  біледі:Орман- бұл  аңдармен  құстардың  мекені. Орманшының  жұмысы туралы. Ормандағы  барлық  тіршілік  иелерінің  өмірі және  тіршілігі жайлы біледі.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші:
126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы
Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: «Қыс қызықтары».

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға қыс мезгілінің басқа мезгілдерден өзгешілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Қысқы ойын түрлерін атау, жұмбақтар шешу арқылы тапсырмаларды орындау, қысқы табиғат көрінісіндегі ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. 
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 

Әдіс-тәсілдері: кубизм әдісі, триз әдісі, ойындар, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: қыс қызықтары суреттері, қар, аққала, шырша, шырша ойыншықтары.  

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

- Қайырлы таң, көк аспан! 


 Қайырлы таң, жер ана!
 Қайырлы таң, қонақтар!
 Қайырлы таң, достарым!
 Біз ерекше баламыз, 
 Айтқан тілді аламыз.
 Достарымды көргенде,
 Қуанып қарсы аламын.
 Сәлем, сәлем, сәлем! 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.



Ұйымдастыру кезеңі


 - Балалар неше жыл мезгілдері бар?
- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыс мезгілінде, ауа райында қандай өзгерістер болады?


- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қыс мезгілінің қай айы?
Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз?
Балаларға А. Құнанбаевтың қыс туралы өлеңін жаттадық қой, ендеше есімізге түсіріп қайталап айтайық.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.

- Бұл өлең шумақтарында не туралы айтылған?

- Енді мына суретке назар аударыңдаршы.

 (қыс сюжетті сурет беріледі)

 - Не көріп отырсыңдар?

 

- Жылдың қай мезгілі ?



 - Дала қандай екен?

 - Ауа райы қыста қандай болады?

 - Қардың түсі қандай?
- Адамдар қалай киінеді ?

Сергіту сәті:

Күн шығады аспаннан

Біз бақшаға барамыз

Күн төбеде тұрғанда

Түскі ұйқыда жатамыз.

Күн ұяғабатқанда

Біздер үйге қайтамыз.

 Ойын: «Жыл мезгілдерін ажырат»

 Жұмбақ:

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қарай қашады.

 

 Бетінен суық сүйеді,



 Ерніне суық тиеді.


- Төрт жыл мезгілі бар. Жаз, күз, қыс, көктем.

 - Қазір қыс мезгілі.

 

- Қар жауады, боран болады, аяз болады т.б.



 - Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қыс мезгілінің желтоқсан айы.

 

Жаңа жыл мейрамын қарсы аламыз.


- Қыс мезгілі және қыс мезгіліндегі өзгерістер туралы айтылған.

- Балалардың назары суретте.

 

- Қыс мезгілін көріп отырмыз.



 - Қыс мезгілі.

 - Дала аппақ екен.

 - Қыста ауа райы суық болады.

 - Қардың түсі ақ.

Қыста адамдар жылы киінеді.
Балалармен бірге қимыл-

 қозғалыстарды орындау.

 

 

 



 

 - Ойын ережесін бұзбай ойнау.

 

 (Қар)


(Аяз)

Рефлексивті түзету

 Қорытынды.

Өте  жақсы балалар. Бүгін сендер іс-әрекетке  өте жақсы қатыстыңдар.

 Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жыл мезгілдерін білулері керек, зейіндерін қойып тындау.

Түсінігі: Әр жыл мезгіліне байланысты ауа райында өзгерістер болатынын түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қыс мезгіліндегі өзгерістерді, айларын меңгерді.


Технологиялық картаны толтырған тәрбиеш: 

 

126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы


Күні:

Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.

Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.

Тақырыбы: «Қыс қызықтары».

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге,  қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: ойындар, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: қыс қызықтары суреттері, қар, аққала, шырша, шырша ойыншықтары.  

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы күш

Шаттық шеңбері

-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

-  Қардың түсі қандай  ?

- Қар қаттыма, әлде жұмсақпа?

-Балалар бүгінгі көңіл–күйлерің осы қардай аппақ болсын. (балалар бір–бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?

Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.

- Қайырлы таң, көк аспан! 
 Қайырлы таң, жер ана!
 Қайырлы таң, қонақтар!
 Қайырлы таң, достарым!
 Біз ерекше баламыз, 
 Айтқан тілді аламыз.
 Достарымды көргенде,
 Қуанып қарсы аламын.
 Сәлем, сәлем, сәлем! 


-Қар.


- Аппақ.

-Қар жұмсақ.

 

 

-Денсаулығымызмықты болсын



- Заманымыз тыныш болсын.

- Білімді болайық.

- Аспанымыз ашықболсын.

- Барлығымыз тату–тәтті болайық.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.


Ұйымдастыру кезеңі


Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Қыс қызығы» деген тақырыпты өтеміз.

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Жаңа жылда бізге кім келеді?

-  Не әкеліп береді?

- Қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

- Балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?


- Сырт киімдерді атайық?

Ойын: « Сыңарын тап»

 

 Қыс жыл  мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылыжаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Бұлар сауысқан, қарға, торғай Қыста құстарды суықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.


-Балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1.Қыста ғана болады,

  Ұстасаң қолың тоңады.

     

2. Көсеуді бесеуге тықтым.



    

3.Шелек қалпақ басында,

  Сәбіз екен танауы

  Қыста қардан тұрады,

  Танып көршісен оны

  


4.Қысы- жазы бір түсте

Барлығымыз шыршаны безендірейік.

-Балалар аққала тұрғызып, аққала әнін орындайды.

- Жылдың төрт мезгілі бар

қыс, көктем, жаз, күз.

-Қыс мезгілі.

-Тәуелсіздік күні және жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

- Аяз ата келеді.

- Сыйлық әкеледі.

- Қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

- Жылы киініп жүреміз.

- Малақай, тон, етік, қолқап, шәлі.

- Балалар ойын барысында қолғаптың , етіктің түр–түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

 

 



 

 

 


Жұмбақтардышешеді.

 
Қар.
Қолғап.

 


Аққала.

 

 Шырша.



 


Рефлексивті түзету

 Балалар сендер бүгінгі оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар.

Сұрақтарға жауап береді.


Каталог: uploads -> doc -> 1202
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1202 -> Айнур анатолиевна
1202 -> Сабақтың тақырыбы: «Әр қашан күн сөнбесін!»
1202 -> Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл
1202 -> Сабақ жоспары. Тақырып: «Менің елім- Қазақстан». Мұғалім: Шалова Р. К. Павлодар қаласы. Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстан. Сабақтың мақсаты
1202 -> Технологиялық карта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі екінші кіші топқа «Здоровячок»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет