Күтілетін нәтиже:
Білді : қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін.
Игерді: жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды , ойындарды.
Меңгеру: аққала жасауды, шыршаны безендіруді.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеш:
№126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы
Күні:
Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.
Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.
Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз» .
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу. Өлеңдердің мағынасын түсіну, сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Жауапкершілік сезімін ояту.
Тәрбиелік: Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолданған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекіліктер, ойын, триз (жақсы-жаман) мүсіндеу.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, құс ұялары суреттері, құстардың суреттері, ермексаз, құс ұясы.
Әдіс-тәсілдері: ойындар, сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс – әрекеті
|
Балалардың іс – әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы күш
|
Шаттық шеңбері
- Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Ал енді балалар орнымызға жайғасып алайық.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
Табиғат дегеніміз не балалар ?
Балалар мен сендерге 1-шумақ өлең оқып берейін сендер бұл өлеңде не туралы екенін айтып бересіңдер ме?
Құстар , құстар келеді,
Даланы жырға бөледі,
Көктем келді деп бізге
Жылы хабар әкелді.
Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз бойынша өтетін тақыры-бымыз «Құстар- біздің досымыз» деп аталады . Құстың келуінен біз көктем келгенін
білеміз, ал көктемде не өзгерістер болатынын кім біледі, айтыңдаршы .
- Ия балалар, көктемде жауын–шашын көп болып, жер көгеріп,гүлдер өсіп, құстар жылы жақтан ұшып келіп бау-бақшамызда ән салып, сәнін кіргізеді.
-Балалар, от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға бола ма?
-Өте дұрыс от жағуға, құстарды атуға, ұясын бұзуға болмайды. Өрт болған жағдайда ағаштар өртеніп кетеді.
Балалар, біз құстарға қандай көмек көрсете аламыз?
Құстардың бізге қандай пайдасы бар?
Олар немен қоректенеді?
Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар шаршадыңдар ма?
Онда сергіту жаттығуын жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп,
Бүркіт болып самғайық.
Қане қанат жазайық
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Сергіп қалдыңдар ма, онда іс-әрекетімізді жалғастырайық. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ағаштарды тазалайды, тыным таппай мазалайды. Бұл не?
Қонып алып талға, қарқылдайды не?
Өз-өзін атап, шақырады күнұзақ.Бұл не?
Отыра алмай тыншып, шиқылдайды шиқ-шиқ.Бұл не?
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. Бұл қай құс?
Су бетін сүзіп , ақ құман жүр жүзіп.
Ал енді балалар мен сендермен «Не, қалай, дыбыстайды» деген дидактикалық ойын ойнағым келіп тұр.
Ал,балалар сендер шынында да құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Өте тамаша.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Құстың ұясын бұзуға болмайды.
Ұя жасап, жем беріп, су беріп.
Зиянды жәндіктерді жейді.
Құрт – құмырсқалармен.
Қарға, қарлығаш, тоқылдақ, сауысқан, қаз-үйрек.
Қимыл – қозғалыспен жасайды.
Тоқылдақ.
Қарға.
Көкек.
Шымшық.
Қарлығаш.
Аққу.
Ойынды ойнап шығады.
|
Рефлексивті түзету
|
Балаларды мақтап- мадақтау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білді : құстардың пайдасын.
Игерді: жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды , ойындарды.
Меңгеру: байланыстырып сөйлеуді.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеш:
№126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы
Күні:
Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.
Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.
Тақырыбы: Көктем келді.
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуг еүйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Қолданған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекіліктер, ойын, триз (жақсы-жаман) мүсіндеу.
Әдіс-тәсілдері: ойындар, сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс – әрекеті
|
Балалардың іс – әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы күш
|
Шаттық шеңбері
- Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып қайталайды.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық.
Әр жыл мезгілінің өзіндік ерешеліктері болады.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қар, мұзеріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады.
Ал, балалар айтыңдаршы
Бұлқаймезгілдеболады?
-Бүгінгіұйымдастырылғаноқуіс- әрекетінде« Көктем келді» деген тақырыпты өтеміз.
Наурыз көктемнің алғашқы айы. Балалар көктемнің алғашқы күндерінде қандаймерекені тойладық?
Қазір біз көктемге саяхатқа шығамыз. Көктемде күн қандай болады?
Қар еріп , күн жылынып, жылғалардан су ағады, бұтақтар бүр жарып, жер көктейді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады, малдар төлдейді.
Көктемде қандай гүл шығады?
Балалар мынау ненің дауысы тыңдайықшы?
Ұзаққарға , қарлығаш, тырналар ұщып келіп жатыр. Құстарды қалай қарсы аламыз?
Алдарымыздағы пішіндерден құстарға ұя құрастырайық.
Құстар туралы қандай тақпақтар білеміз.
«Ұясын тап»
Балалар мына суретке қараңдаршы орманда нелерді көріп тұрсыңдар?
Мынау қандай аң?
Қыста аю не істейді?
Қай мезгілде ұйқысынан тұрады?
Аю ұйқыдан тұрған екен, тақпақтар айтып, аюды сергітейік.
Өзі орман еркесі,
Қарғып жүрер жан-жаққа,
Өте құмар жаңғаққа.
Бұл қандай аң?
« Аңдар немен қоректенеді»?
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар.
Су құйғанда өседі.
Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. Табиғат туралы тиым сөздерді қайталатып, мағынасын түсіндіру
|
Жылдыңтөртмезгілібар.
- қыс, көктем, жаз, күз
Балалар сурет бойынша жыл мезгілдерінің ерешеліктерін айтады.
Жұмбақтышешеді.
(көктемде)
Аналар мерекесін.
Жылы болады.
Бәйшешек
Құстардың дауысы.
Ұя жасап қарсы аламыз.
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекті пайдаланып ұя құрастырады, тақпақтар айтады.
Балалар қызыға ойнайды .
Аңдарды.
Аю .
Ұйықтайды .
Көктемде .
Аю туралы тақпақтар айтады
Тиін.
Балалар ойын ойнап аю балды, тиін жаңғақты, қоян сәбізді жақсы көретінін тапты.
Сергіту сәтінқимыл- қозғалыспен жасайды.
Гүлді үзбе.
Құстың ұясын бұзба.
Ағашты сындырма.
Суға түкірме.
Құсты атпа.
|
Рефлексивті түзету
|
Балалар сендерге көктем мезгілі ұнады ма?
Сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Көктем құстары сендерге сыйлық әкеліпті.
|
Ұнады.
- Балалар мәз болып сыйлықтарын алады . Рахмет.
|
Күтілетін нәтиже:
Білді : көктем мезгілінің ерекшеліктерін.
Игерді: жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды , ойындарды.
Меңгеру: үлкендердің еңбегін бағалауды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеш:
№126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы
Күні:
Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.
Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.
Тақырыбы: Күзгібау-бақша
Мақсаты: Күздің белгілерін білуге үйретуді жалғастыру, балабақша ауласындағы ағаштардың атауларын біліп ажыратуға үйрету. Табиғи көріністің көркін байқауға үйрету. Жемістер мен көкөністер жайлы білімдерін бекіту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен рақымшылдыққа тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын түсінуге үйрету, дәруменге мол тағамдар арқылы денсаулықтарын сақтап, нығайтуға дағдыландыру. Сөз қорларын молайтып, байыту.
Қолданған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекіліктер, ойын, триз (жақсы-жаман) мүсіндеу.
Құрал-жабдық: дидактикалықсуреттер.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс – әрекеті
|
Балалардың іс – әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы күш
|
Шаттық шеңбері
Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.
Көңіл–күйлерін қандай?
Ендеше, осы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Жақсы.
Балалар өз орындарына жайғасып отырады.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыңдар ма?
Ондай болса, мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерге «Сиқыршы Күз» ертегісін айтып беремін.
Бір балабақшада сондай бір ақылды, әдепті, әдемі балалар болыпты. Олар: Альтаир, Мөлдір, Сара, Жібек, Айбек, т.б. балалар болыпты. Бір күні олар Күздің белгілерін іздеуге серуенге шығыпты.
Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түсіп жатыр. Құрт-құмырсқа, жәндіктер суықтан тығылып, құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр, бұл қаймезгілде болады?
Күз – жылдың өте қызықты бір мезгілі, ауа-райыда әртүрлі болады: бір де күншуақ, кейде жаңбыр жауады. Балалар біздің ертегіде ойын ойнағанды ұнатады.
Ойын «Күнмен жаңбыр»
Жерге «шалшықты» шашып қойып, балаларғасұрақ қою.
Неге шашлықтыбасуғаболмайды?
|
Ия, ұнатамыз
Балалар тәрбиешінімұқият тыңдайды.
Тәрбиешіні мұқият тындайды.
Өйткені, аяғымызсуболады, ауырыпқаламыз. Аяқкиімімізбылғанады.
|
Рефлексивті түзету
|
Қорытынды бөлімі.
Барлық ертегілерде соңыболады, сол сияқты біздің сабағымыздың да соңына жеттік. Біз бүгін не істедік?
Деніміз сау болу үшін қандай тағамдар жеуіміз керек?
Сендерге сабақ ұнады ма?
|
Дәрумендергетолы тағамдар.
Ия, ұнады
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Күзмезгіліжайлы, күзде қандай маусымдық өзгерістер болатыны жайлы.
Игерді: жемістер мен көкөністердің пайдасын.
Меңгеру: дәруменге мол тағамдарды жеу керек екендігін біледі, түсінеді. Өз ойларын анық, толық және ашық айта алады.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеш:
№126 бөбекжай- балабақшысының ересектер «Жұлдыз» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиылық картасы
Күні:
Білім саласы: Бейімделген бағдарлама.
Оқу іс-әрекеті: Ғажайып табиғат.
Тақырыбы: Жыл құстары.
Мақсаты: балаларға құстар туралы білім беру, білген білімдерін жетілдіре түсу. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. Құстар туралы тақпақтар, мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тілдік қорын жетілдіру. Қамқорлықпен қарауға баулау. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Құрал жабдық: әртүрлі құстардың суреттері және құстардың қыилған суреттері , желім, дымқыл сүлгілер .
Қостілдік компонент:Құстар–птицы.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, ойын.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс – әрекеті
|
Балалардың іс – әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы күш
|
Шаттық шеңбері
Жылулық шеңбері.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгінде ,
Қанат қақсын көгершін.
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Балалардан қазір қай мезгіл екенін, қай ай екенін сұрау.
-Айналамызда қандай өзгеріс байқадыңдар?
(құстардыңдауысы естіледі)
- Балалар, бұл ненің дыбысы болды екен? Ия, құстардың дыбысы әртүрлі болады екен. Олар түрлеріне қарай әртүрлі сайрайды.
Мен сендерге осы құстардың сайрауы туралы бір әңгіме айтып берейін. Сендер жақсылап тыңдаңдар.
Әке құстар ана құстарға ән айтып береді екен. Құстардың да ата-аналары болады. Қауіп төнген кезде аналары шырылдап балапандарына ескертеді екен. Ал балапандары өздерінің тамақ жегісі келетінін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда айқайлап, шулап кетеді. Басқа дыбыстарды естіген құстар топталып жиналып, жат құстарды өздеріне тиіскізбей қуады. Міне, балалар құстардың осындайқасиеттері бар. Балалар құс атасы-бұркіт ал біз бүгін жыл құстарымен танысамыз.
Жыл құстарына жабайы үйрек, тырна көкек, ұзақ, қарлығаш , қаратрғай , т.б. жатады.
Құстардың бір бөлігі қүзде ұшып кетпейді, сол жерде қыстап қалады.
Оларды қыстап қалатын құстар деп айтады.
Қыстап қалатын құстар: торғай, көгершін, қарға, көк шымшық, тоқылдақ ,т.б. жатады.
Серіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаны саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп
|
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Қимылмен жасайды.
|
Рефлексивті түзету
|
Өзің білетін жыл құстарын ата. Құстар, табиғатқа , адамға қандай пайдасын тигізеді?
Ұйымдасқан оқуіс-әрекетінде не үйрендік, неменемен таныстық?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |