Оқу жылы Мектеп тарихы



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі0,54 Mb.
#38682
1   2
1928 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «Көларық» селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1943 жылы Сексеуіл станциясындағы №48 орталау мектепте мұғалім болудан бастаған. 1947-1950 жылдар аралығында Қазалыдағы №67 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған.

1950-1953 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында болған. Армия қатарынан оралғаннан кейін №67 мектепте мұғалім болған. 1953 жылдың 1 қыркүйегінен

1964 жылдың қыркүйегіне дейін М.Горький атындағы қазақ орта мектебінің директоры қызметін атқарды. 1964 жылдың 16 қыркүйегінен 1986 жылдың

1 тамызына дейін №59 Қарақұм орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстан мұғалімдерінің ІV съезінің делегаты, «Құрмет белгісі» орденімен, «За трудовую доблесть», «Ветеран труда» медальдарымен наградталған.



Жетістіктері:

  1. «Алтын медаль» және «Күміс медаль» иегерлерінің шығуы.

  2. Жас кадрлардың іріктелініп қабылдануы,сапалы мамандардың даярланып, тұрақтануы және оларға жағдай жасалуы.

  3. Кадр біліктіліктерінің арттырылып, резервтік кадрлардың жасақталуы.

  4. Мектеп жанынан кеңейтілген (120бала) интернаттың жолға қойылуының ұйтқысы болуы.

  5. 70- жылдары «Авто дело» курсының ауылдық жерлерде жүргізілуі, жастарын ауыл шаруашылық мамандығына бейімдеуі(бес кабинет пен жабдықталған, екі оқытушы шофер, үш инструктор, жеңіл және жүк машинасымен қамтылған).


Мектеп туралы
2012-2013 оқу жылында 600 орындықпен қамтылған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Мектеп заманауи талапқа сай кітапхана, акт зал, асхана, спорт зал, шеберханалар, 1 мультимедиа кабинеті және медпунктпен жабдықталған. Қазіргі таңда 600-ге жуық оқушы дәріс алуда. Мектеп жанында «Айгөлек» шағын орталығы, жарты күндік шағын орталығы, мектеп жанындағы интернат жұмыс жүргізіп келеді. Мектепте 57 мұғалім, оның барлығы жоғары білімді. І санатты-16 , ІІ санатты-27мұғалім. Заман талабына лайық жаңа педагогикалық оқыту әдістерін меңгеру - әр ұстаздың міндеті. «Модульдік оқыту», «СТО» бағдарламасы, «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша мұғалімдеріміз жұмыс жасауда.

Мектепте «Жүйелі әдістемелік қызмет-кәсіби шеберлікті шыңдау кепілі» тақырыбында пәндік әдістемелік орталық, сынып жетекшілер секциясы, оқушылар ұйымы, «Жас ұлан»бірлестігі, жастар ұйымы, «Арай» оқушылар ғылыми қоғамы, т.б жұмыс жасайды.Оқушылар түрлі пәндік үйірмелер, спорттық секцияларға тартылған. Өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасқан. Жоғарғы нәтижеге жету- ондағы ұстаздар еңбегінің нәтижесіне байланысты. Мектебіміз аудан мектептерінің алдыңғы қатарынан көрініп, іс- тәжірибелері аудандық деңгейде таратылды: «12 жылдық білім беру- оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары», «Дарын өлшемі- өнер», «Үйрет те, ізгілікке үйрен» тақырыбындағы өткізілген семинарлар.

Жалпы білім беру қорынан аз қамтылған отбасының балаларына, лагерьге, киімге, ыстық тамаққа қаржы бөлініп, қазіргі таңда аз қамтылған отбасының

117 балалары барлық 1 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жыл сайын оқушыларға жазғы демалысын өткізу үшін әр түрлі лагерьлерге жолдама беріледі /Ақсу-жабағылы, Көкшетау, Жаңақорған, т.б./.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балалары арасында жыл басында «Мектепке жол», «Бірінші рет – бірінші сыныпқа» акциялары, жылына –екі рет ұйымдастыру дәстүрге айналған. 2009/2010 оқу жылынан бастап оқушылардың білім сапасын арттырып, ынталандыру мақсатында ең озат бастауыш сынып оқушыларына арналған марқұм, ардагер ұстаз Таңатарова Рысқал апайдың атынан, 2008/2009 оқу жылынан бастап ең үздік негізгі және орта сынып оқушыларына ардегер ұстаз Зиманова Дариха апай атынан және 2009/2010 оқу жылынан мектеп бітіруші, шығармашыл, үздік11 сынып оқушысына арналған ардагер ұстаз Әйтімов Иманбай ағай атынан жарияланған шәкіртақымен марапатталып келеді.

Мектебіміздің іргесі қаланғанына 75 жылдай уақыт болыпты. 75 жыл – бір адамның ғұмыры. Осыған орай «Құмдағы бұлақ» кітабы баспадан шықты. Қарақұм мектебінің 75 жылдық мерейтойына орай жаңа ғимараттың ашылу салтанаты, «Бақытымның бастауы- Алтын ұя мектебім» атты ауқымды іс- шара өткізіліп, «Құмдағы бұлақ» кітабының тұсаукесері өткізілді. Ұрпақ гүлденсе, ел жаңарады, көргенді ұрпақтан көреген дана халық тарайды. Ұрпақ тәрбиесі- баршамызға ортақ, осы тұрғыдан тәрбие ісіне жауапты ұстаздарға, таным бесігі болған ата- аналарға сенім жүгін арта отырып, киелі білім ұясы замана көшіне ілесіп, нұрлы күндерге беттей береді.




Мектепте ұзақ қызмет етіп кейін облысқа танымал болған тұлға
Қази Данабаев
1951 жылы Қарақұм ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтының түлегі. Еңбек жолын шопандықтан бастап, институт бітірген соң, №59 Қарақұм орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Творчестволық еңбекпен шұғылдану мақсатында облыстық кәсіпшілер одағы, облыстық радио редакторы қызметінде, сондай-ақ олыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. «Жалын» баспасы ұйымдастырған республикалық әдеби конкурстың екі мәрте жүлдегері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Оның жарық көрген еңбектері: «Қыран қия», «Рухқа тағзым», «Адам бір көшкен керуен», «Сағыныш екен бала кез» т.б. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Облысқа белгілі азамат 2007 жылы өмірден озды.



Ержанова Марал
1952 жылы 18 мамырда дүниеге келген. 1967-1968 оқу жылдары Қарақұм орта мектебін, 1973 жылы Қызылордадағы Гоголь атындағы педагогикалық институтын бітірген. 1973-1976 жылдары № 59 орта мектепте қызмет еткен. Қызылорда қаласындағы №198 Белкөл орта мектебінің директоры қызметін атқарған. Қазіргі таңда зейнеткерлікте.

«Батыр-ана» Алтын медалімен, «Алтын», «Күміс» алқамен марапатталған ұстаз – аналар жайлы мәлімет

1.Мұқышова Патима\1974-2010\«Күміс»және «Алтын » алқамен марапатталған.



2.Күлпейісова Гүлтұрсын\1968-1995\ «Күміс» алқамен марапатталған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет