Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы
Отырар ауданы
5-9 сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
2021-2022 оқу жылы
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
5-9 сыныптар бойынша дүние жүзі тарихы
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;
білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс- тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады: Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |