Оқу жылы Түсінік хат



бет2/31
Дата08.02.2022
өлшемі2,63 Mb.
#120096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Жаңа КТЖ 5-9 сынып (1)

өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)

  • себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  • дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

  • ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

  • маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);

  • интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

    Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру). Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
    Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
    Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
    Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:

    1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)

    2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);

    3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);

    4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

    9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).
    2020-2021 оқу жылында 5-9 сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын сақтау және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет