Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет51/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Бір жасқа дейінгі:

Екі жастағы:



Төрт-жеті жастағы:


  1. Денсаулық шектері. Балалардың денсаулық деңгейін жиынтықты бағалау, денсаулық топтарына бөлу.

Баланың денсаулық тобын бағалау
Бала денсаулығын қорғауға арналған шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші баланың денсаулығы болып табылады. Ерте жастағы балалардың «денсаулық» ұғымы – дәл осы сәттегі ауру мен зақымдану жоқтығы ғана емес, бұл детерминирленген факторлар (генетикалық, эмбриологиялық, постнатальды, социальды), көрсеткіштер (физикалық және нервті-психикалық даму, функционалды жағдайы және резистенттілік, аурушаңдық) жиынтығын түзуші денсаулық деңгейі.
Денсаулық жағдайының бағасы: сау, шекаралық жағда й- қауіп тобы немесе ауру. Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша бағалайдыанамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық, биологиялық, социалдыжүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайыағза резистенттілігі мен реактивтілігіфизикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясысозылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы.Анте-, интра- немесе ерте постнатальды кезеңде бұзылыстар бар жоқтығының белгілері.Ата-анасынан отбасының кем дегенде 3 ұрпақта туу жайлы шежіресін жинау әдісі(генеалогиялық анамнез), даму тарихы, анықтамалар қағаздарындағы ақпараттарды көшіріп алу әдісі арқылы. Биологиялық және әлеуметтік анамнез жинайды. Биологиялық – жүктілік ағымы, 1-2 үштіктегі токсикоздар, түсік қаупі, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, бала табу кезіндегі анасының жасы 18 кіші немесе 30 асқан, ұзаққа созылған немесе тез босану, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану кезіндегі көмек, ерте постнатальды кезең – алғашқы айғайы, Апгар межесі бойынша бағалануы, омырауға салу уақыты, кіндік бауының түсу уақыты, жаңа туған кезіндегі аурулары және т.б.
Әлеуметтік анамнез – отбасы құрамы, ата-анасының білімі. Олардың мамандығы; жалпы табыстары; отбасындағы психиологиялық климат: отбасында алкоголизммен, нашақорлықпен, темекі шегумен зардап шегетін адамдар бар ма; санитарлы- гигиеналық және тұрмыстық жағдайлары.
Бірінші белгілері бойынша бағалау:
Анамнезінде ауытқулар жоқ
Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар
Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар.
Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.
1-ші критерий – денсаулықты анықтайтын белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын сипаттайтын белгілері.
2-ші критерий бойынша бағалау – ағзаның функционалды жағдайы.
Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына қараймыз.
Екінші критерилерді бағалау:
Қалыпты – көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз.
Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар.
Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .
3-ші критерий бойынша бағалау – организм резистенттілігі мен реактивтілігі .
Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының арасындағы уақытпен анықталады.
Үшінші кезең критериін бағалау:
Жоғары – жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы.
Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет)
Төмен – жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет)
Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп).
4 критерий бойынша бағалау – физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы.
Нервті –психикалық дамудың топтар деңгейін анықтау жүктілік кезіндегі негізгі диагностикалық даму линиялары арқылы анықталады.
Төртінші белгіні бағалау:
Қалыпты деңгей – дамудың 1 тобы
Бастапқы ауытқулар – дамудың 2 тобы.
Айқын ауытқулар – дамудың 3 және 4 топтары.
5 критерий бойынша бағалау – созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясы бар.
Педиарт, дәрігер-маман қарауымен, параклиникалық әдістермен анықталады.
Бесінші белгілері бағалау:
Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы бар (ауру)
Шекаралық жағдайлар анықталған (қауіп тобы)
Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы жоқ (сау) ;
Әрбір критерий өз маңыздылығына, ақпараттылығына қарамастан жеке дара баланың денсаулық жағдайын толық сипаттай алмайды, комплексті түрде бағалау керек, сол кезде ғана барлық көрсеткіштер бойынша көрсетілетін денсаулық топтарын құра аламыз:
1 топ – сау балалар, зерттелген жүйелерінің қалыпты функционалды көрсеткіштерімен, сирек ауратын (жылына 3 ретке дейін), қалыпты физикалық, нервті-психикалық дамумен, анамнезінде ауытқулар жоқ.
2 топ – қауіп тобы
2 а топша- биологиялық және әлеуметтік анамнезінде қауіп факторы бар балалар.
2 б топша – функционалды ауытқулары бар, физикалық өзгерістер басталуымен, бірақ созылмалы аурулары жоқ.
3 топ – компенсирленген формадағы созылмалы аурулары бар балалар. Компенсация тобы- (созылмалы ауруының сирек өршумен, сирек жедел аурулар, организм функциясының қалыпты деңгейімен).
4 топ – субкомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар (жылына 3-4 рет созылмалы ауру өршуі, жиі жедел аурулар жылына 4 рет және одан көп, организм әр түрлі жүйесінің функционалды жағдайының нашарлауы);
5 топ – компенсация сатысындағы созылмалы аурулармен ауыратын балалар (патологиялық өзгерген ағзаның, басқа жүйелердің де айқын функционалды бұзылыстары; жиі жедел аурулар, физикалық және нервті – психикалық даму деңгейі жасына сай немесе артта қалған);
Бала денсаулық жағдайын комплексті бағалауды дәрігер-педиатр бала босану үйінен шыға салысымен алғашқы қарауда немесе басқа емдік-профилактикалық мекемеден көшірмелерді алып, баланың жағдайы туралы хабардар болуы тиіс. Сосын бағалау бала өмірінің бірінші және екінші жылы әр квартал сайын; 3 жылында- жарты жыл сайын; 3-15 жасқа дейін әрбір жыл сайын жүргізіледі. Бала даму тарихында сәйкесінше ақпараттар жазылуы тиіс. Баланы бақылау кезінде денсаулық топтары денсаулық жағдайы деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Балаларды денсаулығына байланысты топтарға бөлу олардың денсаулық деңгейін тиімді және салыстырмалы түрде бақылауға, емдеуге және сауықтыруға көмектеседі.
1-ші топтағы балалар – сау балаларды қарауға белгіленген профилактикалық қарау кезінде бақыланулары керек. Осы топтағы балаларға арналған дәрігерлік тағайындаулар профилактикалық, тәрбиелік және жалпы сауықтырушы сипатта болу керек.
2-ші топтағы балалар – қауіп тобындағы балалар дәрігер- педиатр көп көңіл бөлу керек, себебі профилактикалық, емдік және жалпы сауықтырушы шаралар уақытылы және мақсатты түрде болып, созылмалы патология алдын алуға бағытталу керек. Ауытқу сипатына байланысты олар жиірек қаралулары керек (дәрігер-педиатр немесе мектепке дейінгі мекеме дәрігері бақылауына байланысты). Тағайындаулар көрсеткіштеріне байланысты әлеуметтік сауықтырушы және емдік болуы тиіс.
2а топшасындағы балалар денсаулығы қауіп факторларына байланысты жүйеленген, жасына байланысты уақытта жиі неврапатологтар мен эндокринологтар және басқа да мамандар қарауында болу керек, аурудың алдын алу үшін қаралып отырулары керек.

  1. Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы. Қосымша тамақтарды енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет