Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
шала нәрестені туу – деп жүктіліктің толық 37 аптасы аяқталмаған мерзімде тууды айтады. Жүктіліктің мерзімі (гестация мерзімі) шартты түрде ең кейінгі менструациялық циклдың бірінші күнінен басталады. Оларды мынандай топтарға бөледі: - 2500 – 1500 г – туылған кезде салмағы аз (төмен) нәрестелер; - 1500 – 1000 г – салмағы өте аз (өте төмен) нәрестелер; - 1000 г – салмағы экстремалды аз(төмен) нәрестелер. 1 дәрежесі – 35 – 37 апта 2 дәрежесі – 32 – 34 апта 3 дәрежесі – 29 – 31 апта 4 дәрежесі – 29 аптаға дейін. Шала туылған нәрестелердің бақылау принциптері Қорғап, мамандандырылған күтім жасау, ШТН күтуде маңыздылығы бойынша бірінші орын алады. Қолайлы (комфортты) жағдаймен қамтамасыз ету, нәрестенің (адекватты температура, ауа ылғалдылығы, жеткілікті оттегі емі, тыныштық, дұрыс тамақтандыру, емдеу жҽне нәрестені тексеру іс-әрекеттерін еппен, аяушылықпен жүргізу) қоршаған ортаның жаңа жағдайларына оңай бейімделуіне көмектеседі, бұзылған алмасу процесстерінің өзіндік реттелуіне ықпал жасайды. Ең күшті тітіркендіргіш ретінде туылу кезінде қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі болады. Осындай өзгерістерге ШТН әсіресе сезімтал болып келеді. Сондықтан туылу бөлмесінде ауа температурасы 24-26 Сº болуы керек. ШТН туылған бойда жылы жаялыққа қабылдануы керек, бірінші тазарту жылытқышы бар стол үстінде жүргізілуі тиісті, қалай болғанда да оларды тоңазып қалудан сақтау керек. Салмағы 2 кг жҽне одан төмен болып туылған нәрестелерде жылылықты ұстап тұру қабілеті жоқ, сондықтан оларды кувезге салу керек. Бала салмағы қанша төмен болса, кувездегі температура сонша жоғары болу керек. Бала салмағы 1000 г болса бірінші аптасында ауа температурасын 34,5-35 Сº қылу керек, ал салмағы 1500-1700 болса 33-34 Сº болуы жеткілікті. Кейін кувездің температурасы 0,5-1 Сº әр 7-10 күн сайын төмендетіледі. Көптеген ШТН гипоксемия орын алады, сондықтан олар қосымша оксигенация жасауды талап етеді. Тіпті кувездегі оттегі концентрациясын 25-30%-ға арттырғанның өзінде нәресте жағдайы жақсарады. Оттегі ағымы 2-3 л/мин болуы керек. Оттегі концентрациясы 40% аспауы керек, себебі нәресте көзінің торлы қабатына токсикалық ҽсер етіп, ретинопатия туғызуы ықтимал. ШТН-дің өмірінің бірінші аптасында ауа ылғалдылығының жоғары болуын қамтамасыз ету керек: бірінші 3-4 күнінде 80–90 %, 4-7 күнінде – 70-80 %. әрі қарай 60% (2 апта) жҽне 50% (3-4 апта) дейін төмендетіледі. Тар киім жҽне өте қысып құндақтау нәресте қимылдары мен тыныс алуына кедергі жасауы ықтимал жҽне оның сезімтал терісін зақымдауы мҥмкін, сондықтан оларды бос қылып құндақтау керек, тар киімді кигізбеу тиімді. Оны қысып орағанның өзі тері асты шел май қабатында трофикалық өзгерістерге әкелуі мүүмкін. Кувезде нҽрестелер киімсіз жатуы керек. Кереуетте дұрыс жатуының өзі маңызды. Бас жағы көтеріңкі болу керек, қырына жатқанда иегі кеудесіне тиіп жатпау керек, себебі тыныс алуына кедергі болады. Көп уақыт бір қалыпта болмау керек. Күтім жасау арнайы мамандырылған қызметкерлермен жүргізілуі керек. ЖТД жұмысындағы балаларды диспансерлік бақылау жүйесі және емдеу-сауықтыру шаралары. жүктеу/скачать 2,54 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |