Нәрестелердің анатомо-физилогиялық ерекшеліктері
Жаңа туылған баланы педиатр-дәрігер, бірінші 2 сағаттың ішінде, босану бөлімінде толық клиникалық тексеруден өткізеді. Тексеру үшін нәрестені шам сәулесімен, жарық түсірген құндақтау столына жатқызады. Алдымен дәрігер анасының өмір тарихымен танысады, анасының ауруларына ерекше назарын аударады (оның жайы, жүктілік және босану ерекшеліктері жҽне т.б.). Сосын мәліметтердің сҽйкестігін анықтайды. Баланың білезігіндегі мәліметтерді даму тарихындағы мәліметтермен салыстырады. Осыдан кейін дәрігер баланы тексеруге кіріседі. Бәрінен бұрын баланың жағдайы бағаланады, төмендегі жазған белгілер арқылы мерзімінде туылғандығының дәрежесі, баланың жүйелерінің аномалиялары анықталады. Содан кейін әртүрлі жүйелерін бірінен соң бірін арнайы ретпен зерттейді.
Жаңа туылған баланың терісі тегіс, серпінді, ақшыл-қызыл немесе қызыл түсті болады. Тіршілігінің бірінші сағаттарында аяқ-қолының терісі шамалы көгеріп тұрады. әрқашанда нәрестенің терісінің түсіне ерекше назар аудару қажет. Терінің бозаруы, қоңыр түстес болып көгеруі, сарғаюы жаңа туылған баланың ауырғанын көрсетеді. Нәрестенің терісінде, әсіресе, иық пен сан аймағында, түкті шаш болады. Май шығару бездері жақсы дамыған: майы жиналып, тері бетіне шыға алмай, ақ түйіршіктер түрінде көрініп (милиа) тұрады. Олар мұрын ұшында, екі бетінде, маңдайында, иегінде болуы мүмкін. Бірінші айдың аяғында бұл түйіршіктер жойылып кетеді.
Ауыз қуысының кілегей қабаттары ақшыл-кызыл нәзік, қан тамырлары мол, шамалы кұрғақтау болады. Олар оңай зақымдалуы мүмкін, сондықтан кілегей қабаттарды тазартпайды. Мерзімінде туылған баланың тері асты шел майы жақсы дамыған. Тіндердің тургоры жақсы. Басындағы шаштары көбіне қара, ұзындығы 2 см болып келеді, бірақ жекелеген айырмашылықтары болуы мүмкін. Жаңа туылған балалардың көбісінде желке, маңдай, жоғарғы қас аймақтарында әр түрлі пішінді қызыл дақтар болуы мүмкін. Бұл телеангиоэктазиялар денедегі қан тамырларының жергілікті кеңеюі. Бұл дақтар тамыр ісіктеріне ұқсайды, бірақ емсіз жойылып кетеді. Ешқашан ұлғаймайды. Көбіне баланың бетінде, арқасында, көздерінің кілегей қабаттарында петехиялар байқалады. Себебі, босану кезінде баланың басы шыға бастағанда қан айналымы тоқтап, капиллярлар зақымдалуы мүмкін.
Сүйек жүйесі. Жаңа туылған баланың басы салыстырмалы бағалағанда үлкен болып келеді. Ол дене ұзындығының 1/4 құрайды. Бас шеңбері 32-34 см болып, кеуде қуысынын 2-4 см артық болып келді. Бас сүйектері тығыз болады, басқан кезде аздап майысуы мүмкін. Кейбір балалардың бас сүйектері майысқанда пингпонг добы сияқты болуы мүмкін. Бұл жағдай краниотабес – бас сүйектерінің кальцификациясының жетілмеуі деп аталады. Туғаннан кейін кальцификация тез түзеліп, бітеді де, бас сүйектері тығызданады. үлкен еңбегі ромб тҽріздес, бала туылғанда ашық, ені шамамен 2×2 см-ге тең болады. Жаңа туған балалардың 25% кіші еңбегі де ашық, ені шамамен 0,5 × 0,5 см болып келеді, сонымен бірге жебе жігі де жиі ашық болады. Нәрестенің басы сүйектері жұмсақ болғандықтан босану кезінде деформацияға ұшырауы мүмкін, тіпті сүйектердің бірбірінің үстіне шығып кетуі де мүмкін. Жаңа туылған балалардың барлығында басында туа болған ісік анықталады (басының бірінші туылған жерінің ісінуі), бұл ісік 1-2 күн өткесін өзінен өзі жойылады. Туа болған ісіктен төбе сүйектерінің қабық астына қан құйылуын айыра білу қажет. Бұл жағдай бала аяқ жағынан туылғанда кездеседі. Кефалогематома бір жақта, болуы мүмкін. үлкендігі өріктің көлемімен жұмыртқаның үлкендігіне дейін жетеді. Бір сүйектің шеңберінен шықпайды, ал туа болған ісік бірнеше сүйектердің аймағына орналасады. Сипағанда кефалогематома былқылдап тұрады, ауырмайды, негізінен тығыз болып анықталады (сҥйек қабығының жуандауы). Кефалогематома кҿлеміне қарай 4-8 аптадан кейін жоғалып кетеді. Нҽрестелерде, босану қалыпты өткенде, әсіресе, баланың салмағы үлкен болғанда бұғанасының сынуы жиі кездеседі. Сынық ортаңғы 1/3 бөлігінде орналасқан, толық немесе жартылай (қабық астыңғы) болуы мҥмкін. Қарағанда, сынық маңайындағы жұмсақ тіндердің шамалы ісінуі байқалады. Толық сыну пайда болғанда сыну аймағында крепитация анықталады. Ал, жартылай сынуда сүйектің мүйізденуі пайда болған соң, яғни 5-7 күн өткесін білінеді.
Нәрестенің аяқ-қолдарын денесімен салыстырғанда, қысқа болады, ол дене ұзындығының 1/3 бөлігін құрайды, аяқ пен қолының ұзындығы бірдей болып келеді. Айы күні жетіп туған балалар кол-аяғын бүгіп бауырына жинап жатады. ұршық буынының дисплазиясы мен санның шығуын және майтабандықты анықтау үшін сандарына, балтыр-табан буындарында ерекше назар аудару керек. Нәрестенін бұлшық еттері. Жаңа туған баланың бұлшық еттері нашар дамыған. Баланын жағдайының ҿте маңызды кҿрсеткіштерінің бірі болып бұлшық еттердің тонусы есептелінеді. Жаңа туылған кезде бұлшық еттерінің шамалы гипотониясы анықталады, сосын оның орнына гипертония пайда болады жҽне бҥккіш еттерінің тонусы жазу еттерінің тонусынан жоғары болып келеді. Сол себептен нәрестені жалаңаштағанда қолаяғын бауырына жинап жатады. Бұл нҽрестенің физиологиялық қалпы болып саналады. Жаңа туған баланың қимылы координациялы емес, атетоидты үзілісті, шалқасынан құлап жатқан қоңыздың қимылдарына ұқсас болады.
Физиологиялық рефлекстер 1 жасқа дейін: Баланың қозғалысы бейнеліс түрінде болады, ол бейнелістер қимыл қозғалысының негізін қалайды да, кейін жоқ болып кетеді. Ол бейнелістер алғашқы 2-4 айдан кейін анықтала-тын болса ауытқу (патология) болып есептелінеді.
СЕГМЕНТАРЛЫ АВТОМАТИЗМДЕР
Алақан-ауыз бейнелісі (Бабкин бейнелісі). үлкен саусақпен жаңа туған баланың алақанын басқанда, бала ауызын ашып, басын иеді. Бұл бейнеліс 2 айдан кейін әсіреп, 3 айға таман жоқ болып кетеді.
Қабу бейнелісі. Ерінге саусақпен жайлап ұрғанда еріндері шошайып, ашылу (хобот) пайда болады.
Іздеу бейнелісі (Куссмауль бейнелісі). Еріннің жан-жағын сипағанда ерін бұрышы төмен түсіп, басын сипаған жаққа бұрып, ернімен емшек іздегендей қимыл жасайды. Жасқа дейін сақталады.
Сору бейнелісі Баланың ерніне мақта, емізік немесе саусақты тигізгенде сору қимылдары пайда болады. 1 жасқа дейін сақталады.
ЖҰЛЫН АВТОМАТИКАЛЫҚ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ БЕЙНЕЛІСТЕРІ Қорғану бейнелісі – баланы етпетінен жатқызғанда басын жанына бұрып алады, 2 – 3 айға дейін сақталады.
Еңбектеу бейнелісі (еңбектеу феномені, Бауэр бейнелісі) – Баланы етпетінен жатқызады (басы мен іші бір сызықтың бойында болуы керек). Табанына алақан тигізіп басқанда, бала алға ұмтылып, қолдарымен қимылдай бастайды, 4 айға дейін сақталады.
Ұстау бейнелісі – саусақтарды баланың алақанына салып басқанда, ұстау қимылы пайда болады. Кейде осылай баланы жерден өтеріп алуға болады. Бұл бейнелісті табанда да анықтауға (I-III башпайлардың түбінен басса башпайлары табанына қарай иіледі) болады. 2-4 айларда жойылып кетеді.
Галант бейнелісі – қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығы бойымен, мойнынан құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтармен сызып жүргізгенде, тітіркендіру қапталына қарай доға тәрізденіп майысады. 4 айлығында жойылады.
Перес бейнелісі – етпетінен жатқан баланың сегіз көздігінен бастап мойнына қарай омыртқаның жоталы өсіндісінің бойымен саусақпен жүргізгенде денесі иіліп, аяқ-қолдары бүгіліп, басы жоғары көтеріледі. Зәрі мен нәжісі жүріп, дауысы шығады. Бұл бейнелісті анықтағанда, сәби ауырсынады, сондықтан оны анықтауды ең соңына қалдыру керек.
Моро бейнелісі – әр түрлі әдістермен анықталады: аяғы мен денесінің төменгі жағын тез жоғары көтеру, бала жатқан жерді басынан 15-20 см қашықтықта жүру, баланы қолға алып жылдам төмен түсіріп қайтадан бұрынғы орнына әкелу. Бұндай әсерлерге жауап ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып (І-сатысы) жібереді. Содан соң, тез қайтадан орнына әкеліп, құшақтау тәрізді қимыл жасайды (ІІ-сатысы). Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Керниг бейнелісі – шалқасынан жатқан баланың бір аяғын ұршық және тізе буындарында бүгеді. Содан соң тізе буынынан қозғалтпай ұстап тұрып, екінші қолымен өкшесінен ұстап, жәйлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық жазылмайды. Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Бабинский бейнелісі – баланың табанының сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтары желпуіш тҽрізденіп бүгіледі. 1 жасқа дейің сақталады.
Тіреу бейнелісі – баланы 2 қолтығының астынан және сұқ саусақтармен басын арқа жағынан ұстап көтеріп, табанын жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп, жинап алады (1 сатысы). Екінші сатысында табанымен жер басып, денесін түзеп, аяғын тікеп, жерге тірейді. 1–1,5 айға дейін физиологиялық болып есептелінеді.
Автоматты жүру бейнелісі – баланы тіреу бейнелісі пайда болатындай етіп ұұстап, жәйлап алдына қарай еңкейткенде аяқтарын кезек көтеріп, жүріс қимылдарын жасайды. Жаңа туылған дені сау балаларда 1–1,5 бойы сақталады.
Жазғыштардың (бұлшық еттердің) қиылыспа бейнелісі – Бір аяғын жәйлап, тізесінен басып жазып, табанына жәй ғана түйреуіш тығып алса, екінші аяғы өзінен өзі жазылып, сәл ғана ортаға қарай тартылады (келтіріледі).
Тартып қалу бейнелісі. Табанның терісіне ине шаншып алса – саны, балтыры және аяғының басы бір уақытта бүгіледі.
Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері. Лабиринтті тонус бейнелісі: бала шалқасынан жатқанда мойын, арқа, қол-аяғының бҥгу бұлшық еттерінің тонусы артады.
Ассимметриялық мойындық тонус бейнелісі (Магнус-Клейн бейнелісі). Басын бір жағына бұрғанда (жағын иықтың бойында ұстау керек), беті бұрылған жағындагы аяққолдары жазылып, қарсы жактағылары бүгіледі. Жаңа туылған балаларда бұл бейнеліс ұдайы анықтала бермейді. Көбіне қолдарының қатынасы байқалады.
Симметриялық мойын тонус бейнелісі. Жаңа туылған баланың басын игенде аяққолының, әсіресе қолдарының, бүгілгені байқалады. Басын кейін жазғанда аяқ-қолдарының жазғыш бұлшық еттерінің тонусы артады.
Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері дені сау балаларда 2 айға дейін сақталады. 2 айдан бастап баланың басын ұстау, кейіннен отыру, жүру мүмкіндігін анықтайтын орталық мидан келетін дененің қалпын ұстау бейнелістері пайда бола бастайды. Бастан мойынға қалыптастыратын бейнелістер 2 айдан, етпетінен жатқанда басын ұстап тұра алатын күннен бастап, пайда бола бастайды. Осы кезеңнен бастап мойындық тізбекті симметриялық мойын қалыптастыру бейнелісі дами бастайды. Бұл бейнелістің әсерінен мойын, тұлға, 5 айдан бастап аяқ жазғыштарының тонусының қалыптасуы отырғанда, тұрғанда және жүргенде баланың тұлғасын ұстап тұруға мүмкіндік жасайды.
Ландаудың жоғары бейнелісі. Етпетімен жатқызған бала, екі қолымен тіреп басын, кеудесін жоғары көтереді. Бұл бейнеліс 3-ші айдың аяғында, 4 айдың басында пайда бола бастайды.
Ландаудың төменгі бейнелісі. Етпетінен жатқан бала аяғын жазып, жоғары көтереді. Бұл бейнеліс 5 – 6 айдан бастап қалыптасады.
Жаңа туған нәрестелердің шекара жағдайы – физиологиялық реакциялар, жаңа туған нәресте денесінің табиғи бейімделуін неонатальдық кезеңде сыртқы өмірге дейін көрсетеді. Педиатрияда нәрестелердің шекаралық жағдайы өтпелі кезең деп саналады, уақытша, олар 3 аптадан артық сақталмайды (мезгілсіз нәрестелерде – 4 апта) және осы жастағы физиологиялық норма үшін өкілдік етеді. Көп жағдайларда жаңа туған нәрестенің шекаралық жағдайы жаңа туған кезеңнің соңында жоғалады, алайда, баланың денесінің бейімделу қабілетін бұза отырып, ақауларды емдеу, Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары физиологиялық процестер патологиялық дамуына әкелуі мүмкін, емдеуді талап етеді.
Терінің физиологиялық қабынуы туылғаннан кейін, бірнеше сағат өткесін баланың терісі қызарады. Бұл жағдай жаңа туған баланың физиологиялық қызаруы деп аталады. Ол бірнеше күннен кейін жойылып кетеді. Оның орнына ұсақ қабыршақтану (әсіресе, алақан мен табанында) пайда болады – физиологиялық қабыршақтану.
Токсикалық эритема. Бірінші күндердегі баланың ерекше жағдайы. Бала терісінде іріңсіз шамалы гиперемиямен шектелген, кішкене ақ ісік, кей кездері бірімен-бірі қосылып маса шаққандай болып тұрады немесе көлемі 5 мм және одан артық торсылдақ пайда болу мүмкін. Токсикалық қызару 2-3 күннен кейін жойылып кетеді. Себептері толықтай анықталмаған, зерттеушілердің көбісі оны ұрықтың анасының белогына аллергиялық реакциясы деп болжамдайды.
Физиологиялық сарғаю. Бұл жағдай 2-3 тәуліктің соңында анықталады, жаңа туған балалардың 70% 7-10 тҽулікте жойылады. Бұл жағдайдың негізінде гемолиздің қарқынды жүруі жатады.
Салмағының физиологиялық азаюы. Тіршіліктің бірінші 4 күнінде байқалады, яғни туылған салмағының 4-5% кемиді. Салмағының азаюы 8-10% тең болса – ол патологиялық жағдайға жатады. Балалардың көбісінің салмағы 9-10 күндері өз қалпына келеді (егер анасының сүті мол болса – 6-7 күнде). Салмақ азаюының себебі – бала сұйықтықты демімен шығарады, ал оны ішу салыстырмалы түрде аз болады. Салмағының азаюын кеміту үшін балаға жақсы күтім жасау, ерте емізу, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде беру қажет.
Транзиторлы қызба. 2-5 күндердің аралығында баланың дене кызуы 38-40С дейін көтеріледі, бірак, ешқандай басқа патологиялық белгілер анықталмайды. Транзиторлы қызба салмағының азаюымен бірге байқалады. Оның негізінде баланы белокқа бай уызбен тамақтандырғанда сұйықтықтың жеткілікті болмауы және қызу реттейтін орталыктың жетілмеуі жатады. Қызудың патологиялық себептері анықталмаса, ол физиологиялық деп есептелінеді.
Жыныс немесе гормональды криз. Ер және қыз балалардың сүт бездері 3-4 тәулікте ісінуі мҥмкін, мөлшері бұршақ мөлшерінен грек жаңғағы мөлшеріне дейін және одан да үлкен болуы мүмкін. Ең үлкен мөлшері 8-10 күндерде анықталады. Сүт бездерінде саусақпен сәл басқанда, уызға ұқсаған сәл шығады. 2-4 айда сүт бездері өз қалпына келеді.
Сонымен бірге, қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі байқалады. Бірінші күндері жыныс саңылауынан ақ түсті кілегей шығады, бұл жатырдың мойындағы безді тіндердің жалпақ эпителиі клеткаларының қосылып шығуы. 3-7 тәулігінде кілегейге қан қосылуы мүмкін. Бұл жағдай 1-2 күн анықталып, соңынан өзінен өзі жойылып кетеді. Бұл жағдайлар ұрыққа анасының жыныс гормондарының өтуіне байланысты болады.
Анасының жыныс гормондарының әсеріне байланысты, ер балалардың аталық бездерінің арасында мөлдір сарылау сұйықтық жиналуы мүмкін, 6 аймен 12 айдың аралығында сұйықтық сіңіріліп кетеді.
Нәжістің өзгеруі. 1 - 2 тәулікте бала нәжісі меконий деп аталады, 2-3 күні оның орнына өтпелі жасыл қоңыр түсті нәжіс пайда болады. 5-6 тҽуліктен бастап (анасының сүтінің мөлшеріне байланысты), балаларда қалыпты, емшек жасына тән нәжіс қалыптасады. Ол сары түсті, ботқа тәріздес қоймалжың, ащы иісті болады. Нәжіске тәулігіне 2-3-тен 6-7 ретке дейін отырады.
Бүйректін зәр қышқылды инфарктісі. Құрамында зәр қышқылы көп қышқыл реакциясы және аз мөлшерді зәр шығарады. Себебі, бүйректің жинау түтікшелерінде зәр қышқылының тұздары (ураттар) жиналады. Жаңа туған балалардың несебі бірінші күндерде қызылдау болып, жаялықтарында қызыл кірпіш түсті дақтар қалдықтары байқалады (ураттардың көп мөлшерде шығуына байланысты). Бірте-бірте ішкізетін сұйықтықтың мөлшерін көбейткенде, диурез көбейіп, зәр қышқылының тұздары жуылып кетеді де, зәр қалыпты түсіне енеді.
Кіндік қалдығының түсуі. Кіндік қалдығы кеуіп, балалардың көбісінде 4-5 күнде түседі. Кіндік қалдығында, оның жарасында күнде спирт немесе 5% ертіндісімен тазартып отыру керек.
Мерзімінде және шала туылғандықтың белгілері. Жүктіліктің мерзімі толықтай өтпей туылған бала шала туылған деп есептелінеді. Қалыпты өтіп жатқан жүктіліктің ұзақтығы 38-42 апта. Салмағы 2500 г дене ұзындығы 48 см-ден кем болып, жүктіліктің 28 – 37 апталарының аралығында туылған бала (ДДұ-ның мәліметі бойыша 22-37 апта) шала туылған бала деп есептелінеді.
Нәрестелердің денсаулық деңгейін бағалаудың ерекшеліктері. Петруссо бойынша нәрестенің жетілгендігін бағалау. Шала туылу, бақылау принциптері, сауықтыру.
Жаңа туған нәрестенің мінез-құлық және неврологиялық белгілерінің ауырлығы оның орталық жүйке жүйесінің жетілу дәрежесіне байланысты болғандықтан, гестациялық жасты анықтау неврологиялық жағдайды бағалаудан бұрын болуы керек. Перзентханадағы нәрестенің гестациялық жасын тез анықтау одан әрі медициналық тактиканы анықтау үшін маңызды. Осы мақсатта петруссо арқылы гестациялық жасты анықтау әдістемесін қолдануға болады.
«гестационды жасқа» (апта) = 30 + сумма баллов.
Достарыңызбен бөлісу: |