Зертханалық зерттеулер:
ЖҚТ: ЭТЖ көтерілуі, лейкоцитоз, нейтрофилез;
Қанды биохимиялық талдау: СРА көтерілуі, ипонатриемия, гипокалиемия, гипохлоремия, креатининнің көтерілуі мүмкін, СБА дамуы кезінде несепнәрлер;
ЖНТ: несептің центрифугада айналдырылған үлгіде >5 лейкоциттер және центрифугадан өтпеген несепте 10 лейкоцит [9, 10, 11] (A);
Несепті бактериологиялық зерттеу – НЖИ диагностикасындағы алтын стандарт (А) [8]; E. coli мен Грам «-» микроорганизмдар өсірінділерінен шығару, бактериурияның диагностикалық белгілері 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. НЖИ \несеп жолдарының инфекциясы\ диагностикалық критерийлері [12] (A).
Несеп жинау әдісі
|
ОҚБ мөлшері
|
НЖИ мүмкіндігі (%)
|
Қасаға үстілік аспирация әдісі
|
Түрлі микроағзалар көлемі
|
99
|
Қуық қабыршағын катетерлеу әдісі
|
>5×104 ОҚБ /м
|
95
|
Несепті ерікті жинау тәсілі
|
>105ОҚБ /мл
|
90–95
|
Емдеу мақсаты:
-гипертермияның, улану белгілерінің төмендеуі/ жойылуы;
-несепте және қанда лейкоциттердің қалпына келуі;
-бүйрек жүйесінің қалпына келуі.
Емделу тәсілі:
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
-теңгерімделген диета, калорияларды сәйкес енгізу (1,5-2 г/кг)
-су ішу тәртібі (көп ішу).
Дәрі-дәрмекпен емдеу
Бактерияға қарсы емдеу:
NICE бойынша антибиотикотерапия қағидаттары [15,16,17] (А):
-≤3 айлық балаларға: 2-3 күн барысында тамырішілік антибиотиктер, сосын клиникалық оңалу кезінде пероральды қабылдауға көшу;
-жоғарғы бөлімдер НЖИ-мен >3 айлық балаларға (жіт пиелонефрит): құсу болғанда 2-4 күн барысында тамырішілік антибиотиктер, сосын пероральды антибиотиктер, жалпы қабылдау 10 күн;
-антибиотикалық алдын алу кезде НЖИ қайта көрінісінде профилактикалық дәрілер мөлшерін көбейтудің орнына бактерияға қарсы дәрілер тағайындау қажет;
-НЖИ қайталанбаса, антибиотикалық алдын алу ұсынылмайды.
5-кестеде НЖИ емдеу кезінде қолданылатын бактерияға қарсы дәрілер көрсетілген.
5- кесте. НЖИ емдеу кезінде микробқа қарсы препараттарды қолдану [3] (А)
Достарыңызбен бөлісу: |