Дәрі
|
Мөлшері (мг/кг/тәу)
|
Ескерту
|
Ко-тримоксазол
|
Триметоприм бойынша 1-2
|
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназ жетіспеушілігі бар және <3 айлық балаларға тағайындауды болдырмау
|
Нитрофурантоин
|
1–2
|
Асқазан–ішектік бұзылу. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназ жетіспеушілігі бар және <3 айлық балаларға тағайындауды болдырмау
|
Цефалексин
|
10
|
Алғашқы 3 ай өмір сүруде таңдалған дәрі
|
Цефиксим
|
2
|
Белгі бір жағдайларда
|
Балалардағы асқазан-ішек жолдарының функциональды бұзылыстары. Диагностикасы және ажырату диагностикасы. Емі, диспансеризациясы, алдын алуы.
Функциялық диспепсия – бір жастан асқан балаларда төс шеміршегінің астында болатын ауыру, жайсыздық немесе асыра толу сезімінің, ерте тойыну, іштің кебуі, құсқысы келу, құсу, майлы тамақты көтере алмау және т.б. тамақтанумен немесе физикалық жаттығулармен байланысты немесе байланысты емес сезімдердің кешенді симптомы, аурудың созылуы соңғы 6 айдың ішінде 3 айдан аскан, бірақ тексерілу кезінде кандай да бір органикалық ауру түрі байқалмайды.
Функционалды диспепсияның жіктелуі:
• постпрандиалды дистресс-синдром (әдеттегі мөлшерде тамақ жегеннен кейін тез тойып калу сезімімен бірге жүретін ауыру немесе жайсыздық);
• эпигастральды ауыру синдромы (тамақ жеумен, үлкен дәретпен байланысты емес және өт бөлу жолдарының бұзылуы байқалмаған жағдайда эпигастральды аймақтың жүйелі түрде ауыруы).
Физикальды тексеру [4,6,7]:
• Тілдің қабықтануы;
• Пилородуоденальды аймақта және кіндік аймағында, оң жақ қабырға астында, сол жақ қабырға астындағы эпигастральды қолмен басқан кезде ауыруы;
• диспептикалық көріністер;
• «қауіп-қатер» симптомының болмауы (түсініксіз жағдайда дене салмағын жоғалту, қайта-қайта құсу, үдемелі дисфагия, АІЖ қанауы);
• вегетативті дистония синдромы (алақан және табан гипергидрозы, тұрақты қызыл дермографизм, артериальды гипотензия).
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (мінтетті) диагностикалық зерттеулер:
• ЖҚТ (6 көрсеткіш);
•Қанның биохимиялық талдау (АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин);
• ЖНТ;
• H. рylori- дің инвазиялы емес диагностикасы;
• Нәжісті гельминттер мен қарапайымдыларға қатысты зерттеу
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ.
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
• ИФТ әдісімен Helicobacter pylori -ді қанның сарысуынан табу;;
• ФЭГДС;
• ЭКГ;
• Нәжісті дисбакрериозға қатысты бактериологиялық зерттеу;
• Перианальды қырындыны зерттеу.
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерулердің минимальды тізімі:
• ЖҚТ (6 көрсеткіш);
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин);
• ЖЗТ;
• Нәжісті зеттеу (копрограмма);
• Перианальды қырындыны зерттеу.
Диф диагностика
Ауыру түрі Клиникалық критерийлер Зертханалық-құралдық көрсеткіштер
Катаральды
эзофагит Төстің астында немесе төстің жебе тәрізді өсіндісінің эпигастральды жоғарғы жағында қысылу немесе тамақ жеу, тез жүру, жүгіру, терең тыныс алу кезінде байқалатын күйдіріп ауыру белгісі. Эндоскопияда - өңештің шырышты қабығының гиперемиясы қатпарлардың қалыңдауы.
Созылмалы гастродуоденит Эпигастрияда кіндік айналасында және
Пилородуоденальды аймақта ауыру белгілерінің оқшаулануы; айқын диспептикалық көсеткіштер (құсқысы келу, кекіру, қыжыл, сирек- құсу); ерте және кешкі ауырулардың үйлесуі.
Ұлтабар және асқазанның сілемейлі қабықшасының эндоскопиялық өзгерістері (ісіну, гиперемия, қан кету, эрозия, атрофия, қатпарлардың гипертрофиясы және т.б.)
Созылмалы холецистит Оң жақ қабырға астының ауыруы, өтқабы айналасын қолмен ұстағанда ауыруы,
субфебрилитет немесе фебрильді санға дейін температураның жүйелі көтерілуі, улану.
Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ артуы, УДЗ - өтқабы қабырғасының жуандауы, онда шырышты жармалардың болуы, өттің тұрып қалуы,периваскулярлы реакция.
Созылмалы панкреатит Ауыру сезімінің кіндіктен жоғары сол жақта орналасуы және оң жаққа берілуі, белдің ауыруы, улану. копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер, эритроциттер болуы мүмкін,ішектің микробиоценозының бұзылу белгілері.
УДЗ де- ұлғайуы
Созылмалы энтероколит Кіндік айналасында немесе іштің барлық жері ауыру белгілерінің болуы, дефекациядан кейін қайтуы, іштің кебуі, сүт және сүтті тағамдардың, көкөністердің, жемістердің жақпауы, тұрақсыз дәрет, газдың бөлінуі Копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер, эритроциттер болуы мүмкін, ішек микробиоценозының бұзылу нышандары
Жара ауруы Аш қарында пайда болатын ауырсыну, "әсіресе" кешкі, тамақтанудан кейін 2-3 сағаттан соң. Ауыру кенеттен, қатты болады, колмен ұстағанда ауыруы бірден байқалады, құрсақ бұлшықеттерінің, тері гиперестезия айналасының қатаюы анықталады, Мендель симптомы расталады Эндоскопияда -гиперемирлі үймекпен қоршалған шырышты қабықтың терең ақауы, көптеген жаралар болуы мүмкін.
Емдеу мақсаттары:
• Ауыру синдромының тоқтату;
• Қозғалыс бұзылуларын қалпына келтіру.
Емдеу шараларын таңдау функциялық диспепсиясының клиникалық нұсқасына байланысты.
Емдеу тәсіл
Дәрі-дәрмексіз емдеу
Тәртіп кестесі:
Тәртіп кестесі 1 – төсек;
Тәртіп кестесі 2 – жартылай төсек;
Тәртіп кестесі 3 – жалпы.
Емдәм №1 (асқыну кезінде);
Емдәм №5 (сауығу кезінде) жеке басына тағамдардың жағуына байланысты.
Тыйым салынады:
• жануар майлары, қақталған тағамдар,
• қаныққан ет, балық еті, саңырауқұлақ сорпалары, щи, борщ
• қара нан, жаңа піскен нан, жұқа құймақтар,
• газдалған сусындар, кофе,
• шалғам, ащы тұздықтар.
Тамаққа келесі тағамдарды қолдануға болады:
• ақ нан, кешегі болса жақсы, ақ нан қытырлағы, құрғақ қамырдан жасалған тоқаш;
• вегетариандық көжелер, қанықпаған сорпадан жасалған көжелер, езілген көжелер
• қайнатылған ет, буға піскен котлеттер, фрикаделькалар (сиыр, тауық, қоян, күркетауық еті), қайнатылған балық еті;
• ботқалар (ірі жарма, күріш, қарақұмық, сұлы) сүт қосылған,
• макарон өнімдері, суға піскен жұмыртқа, буға піскен омлеттер,
• қаймағы алынбаған сүт және қоюланған сүт, ірімшік, айран, йогурт, ащы емес сыр,
• кисель, желе, тәтті жеміс-жидектерден жасалған шырындар
• қайнатылған көкөністер (қызылша, картоп, кәдіш, асқабақ, түрлі түсті қырыққабат),
• үгітілген шикі сәбіз, қабығы ашылған тәтті алмұрт, банандар, қайнатылған алма. с
Дәрі-дәрмекпен емдеу [2, 3, 4, 5, 7 ]
• Антисекреторлы терапия;
• Қозғалыс бұзылуларын түзету;
• Эрадикационды терапия H.p. бар жағдайда;
• ОЖЖ жұмысын қалпына келтіру.
1-кесте. Функциялық диспепсияны дәрі-дәрмектермен емдеу
Емдеу іс-шаралары Препараттар тобы Препараттың атауы, мөлшерлеу, ұзақтығы
Антисекреторлы топ Протонды помпа ингибиторы Омепразол, 05-1 мг/кг/тәулік, 10 күн бойы
Рабепразол, мг/кг/т, 10 күн бойы
Антицидті дәрі-дәрмектер Алгелдрат + магний гидроксиді, 1-3 қалта, 3-5 күн
Қозғалыс-тасымалдау бұзылуларды түзету
Прокинетиктер Домперидон - 05-1мг/кг дене салмағы/ тәулік 1-3 күн
Метоклопрамид 0,5-1 мг/кг дене салмағы/тәулік, 7-10 күн
Тримебутин 12 жастан аскан балаларға 50 мг нан тәулігіне 3 рет 7-10 күн
Спазмолитикалық
препараттар Мебеверин 6 жастан бастап 2,5 мг/кг екі ретке бөліп тамақ алдында 20 мин бұрын ішеді
Папаверин 10 жастан асқан балаларға 0,005-0,06 г нан тәулігіне 2 рет 3-5 күн .
Дротаверин 6 жасқа дейінгі балаларға ішуге 0,01-0,02 г тәулігіне 1-2 рет, 6-12 жастағы балаларға 0,02 г тәулігіне 1-2 рет 3-5 күн.
Пинаверия бромид 50-100 мг күніне 3 рет мектеп жасындағы балаларға 7-10 күн.
Антибактериалды терапия Кларитромицин 7,5 мг/кг/тәулік , 10 күн
Метронидазол 20-40 мг/кг/тәулік, 10 күн
Амоксициллин 25 мг/кг/тәулік, 10 күн
Седативті терапия Павлов микстурасы, 0.5-1 шай қасықпен күніне 2-3 рет, 10-12 күн
Валериан сығындысы, 100-200 мг/ тәулігіне, 10-12 күн
Ферментотерапия Панкреатин 500-700 липаза БД /кг салмақ тәулігіне, 7-10 күн
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%);
• Омепразол, капсулалар, таблеткалар 20 мг;
• Рабепразол капсулалар, таблеткалар 20 мг;
• Домперидон таблеткалар 10 мг;
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• Кларитромицин таблеткалар 250 мг, 500 мг;
• Метронидазол 250 мг;
• Амоксициллин 250 мг, 500 мг, 1000 мг;
• Алгелдрат + магний гидроксиді суспензия, қалта;
• Павлов микстурасы шиша, 200 мл;
• Валериан сығындысы таблеткалар 0,02.
Профилактикалық іс-шаралар (асқынудың алдын алу, МСАК деңгейіндегі алғашқы прафилактика, қауіп-қатер факторларын ескере отырып).
Алғашқы профилактика:
• Баланың жасына қарай дұрыс тамақтану (тәртіппен, ырғағы, үйлесімділігі);
• зиянды қылықтардан бас тарту;
• гельминтоздарға қатысты тексеру;
• ауыз қуысын емдеу;
• қауіптердің әсерін барынша азайту;
• гигиеналық талаптарды орындау.
Қайталама профилактика:
• Асқазанның жұмыс істеу жағдайының ерекшеліктеріне сәйкес диеталық тамақтану;
• үнемі физикалық белсенділік;
• шынығу.
Белсенді иммунизация, профилактикалық екпеге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. ҚР профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесі. Вакцинациядан кейінгі реакциялар, асқынулар. «Қауіп» тобындағы балалардың иммунизациясының ерекшеленген тактикасы.
Белсенді иммунизация арқылы арнайы иммунитет қалыптасады. Бұл кезде ағзаға арнайы дайындалған антигендер енгізіледі. Антиген ретінде анатоксин мен вакциналар алынады. Екпеден кейінгі иммунитет тұрақтылықпен ерекшеленеді, бірақ кейде табиғи белсенді иммунитеттен әлсіз болуы мүмкін және қысқа мерзімге сақталады.
Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі
1. Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа дейін және оданда жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникаялық-гипореактивті синдром);
2) вакцинаның алдыңғы дозасын енгізгеннен кейін немесе вакцинаның кез келген компонентіне ауыр аллергиялық реакция (оның ішінде анафилаксия). Энцефалопатия (кома, сананың бәсеңдеуі немесе ұзаққа созылған құрысулар) вакцинациядан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде дамыған, өзге дәлелденген себепке байланысты емес.
2. Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) иммун тапшылығы дәрежесіне қарамастан, адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруды қоса алғанда, иммун тапшылығы аурулары;
2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік;
3) жүктілік.
3. Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер:
1) орталық жүйке жүйесінің жедел аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинация толық сауыққаннан кейін бір айға дейін кешіктіріледі;
2) жіті гломерулонефрит – вакцинациялау сауыққан соң 6 айға дейін кейінге қалдырылады, нефротиялық синдром – вакцинациялау кортикостероидтермен емделу аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады;
3) температураға байланыссыз ауырлығы орта және ауыр дәрежедегі жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар - вакцинациялау сауыққаннан кейін 2-4 аптадан соң рұқсат етіледі;
4) әртүрлі патология кезінде стероидтерді, сондай-ақ иммундық-супрессивті қасиеттерге ие басқа да препараттарды қолдану. Лейкоздар, мүшелер мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар, апластикалық анемия, иммундық тромбоцитопения және бірқатар вакциналарды қоспағанда (тұмауға, В гепатитіне, пневмококкқа қарсы) қолдануды бейінді мамандардың (гематолог, иммунолог немесе басқалар) қорытындысынан кейін көрсетілген басқа да қан аурулары бар пациенттерді құрайды;
5) созылмалы аурулардың өршуі және асқынуы-вакцинация кейінге қалдырылады және тұрақты ремиссия кезеңінде емдеуден кейін жүргізіледі;
6) үдемелі немесе тұрақсыз неврологиялық бұзылулар, бақыланбайтын құрысулар немесе үдемелі энцефалопатия – вакцинация емдеу аяқталғанға дейін және жағдай толық тұрақтанғанға дейін кейінге қалдырылады.
4. Вакциналардың жекелеген түрлеріне қосымша қарсы көрсетілімдер:
1) туберкулезге қарсы вакцинаға (БЦЖ), оның ішінде:
тұрақты қарсы көрсеткіштер –
БЦЖ вакцинасын бұрын салғаннан кейін пайда болатын вакцинадан кейінгі кезеңнің асқынып өтуі;
туберкулездің микобактерияларын жұқтыру, анамнезінде туберкулездің болуы;
уақытша қарсы көрсеткіштер –
шала туғандық (сәби денесінің салмағы 2000 граммнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас);
алғашқы дәрежелі туыстық тұлғаларда анықталған БЦЖ вакцинациясынан кейінгі жайылған инфекция (тұқым қуалайтын иммун тапшылығы жойылсын);
жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы (орташа ауыр және ауыр түрлері);
құрсақішілік инфекция;
жаңа туған нәрестелердің сепсисі;
оң немесе күмәнді Манту реакциясы.
БЦЖ вакцинациясы күнтізбелік мерзімде егілмеген және вакцинациядан кейінгі белгісі дамымаған балаларға иммун тапшылығы оның ішінде АИТВ жұқтырғаны туралы қорытынды жасалғанға дейін жүргізілмейді.
2) тірі ауыз арқылы полиомиелитті вакцинаға (бұдан әрі - МЗЖ) тұрақты қарсы көрсеткіштер:
вакцинациядан кейін 30 күн ішінде АПВ бұрынғы дозасын салғанда параличтің немесе парездің дамуы;
жұлындық бұлшықет атрофиясы;
иммун тапшылығы дәрежесіне қарамастан адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру
Осы жағдайларда вакцинациялау белсенділігі жойылған полиомиелиттік вакцинамен (бұдан әрі – БПВ) жүргізілуі мүмкін.
Осылайша, Қазақстандағы балаларға бала тіркелген емханада міндетті профилактикалық екпелер тегін беріледі. Олардың тізімі ҚР Қаулысымен бекітілген. Тегін вакцинация-бұл:
• туберкулезден (БЦЖ),
• гепатитке қарсы,
• полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС),
• В типті гемофильді инфекция,
• сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцина,
• қызылша, қызамық және паротит
Біріншісі-перзентханада, өмірінің 1-4 күндері-туберкулезге (БЦЖ) және В гепатитіне қарсы егулер.
2 айда сәбилерге гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС) және b типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді вакцина, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы вакцина беріледі.
3 айда көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС), полиомиелитке және b типті гемофильді инфекцияға қарсы қайталама егулер жасалады.
Соңғы егулер бір жылға дейін – 4 айда-гепатитке, полиомиелитке, b типті гемофильді инфекцияға және көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы егудің 3 кезеңі, сондай-ақ пневмококк инфекциясына қарсы 2 егу.
12-15 ай жасында қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы егу, полиомиелитке және пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияны қайталау қажет болады;
1,5 жаста – АКДС ревакцинациясы, полиомиелит және В типті гемофильді инфекция.
6 жасында (1-сыныпта) тағы бір рет БЦЖ, қызылшаға, қызамыққа және паротитке және АКДС-ға қарсы екпе жасалады;
16 жыл – сіреспе мен дифтерияға қарсы вакцина (АДС-м), оны болашақта әр 10 жыл сайын қайталау керек.
Ең жиі реакциялар – вакцина енгізілген жерде температураның жоғарылауы, ауырсыну, қызару және ісіну, тәбеттің бұзылуы, жылау, мазасыздық, құсу, іш өту. Мұндай реакциялар нәрестелердің 15-25% - ында байқалады (балалардың вакцинацияға дайындығын қоспағанда). Жалпы алғанда, жеңіл жанама әсерлер-бұл қалыптасқан иммунитеттің тиімділігінің белгісі, сондықтан бұл норма нұсқасы және мұндай реакциялардан қорықпау керек.
Жанама әсерлерді азайту үшін аналар баланы вакцинацияға қалай дайындау керектігін және вакцинаны енгізгеннен кейін не істеу керектігін білуі керек.
Вакцинациядан 2 күн бұрын әдетте антиаллергиялық препараттар тағайындалады, көбінесе – Фенистил Нью (ішуге арналған тәтті тамшылар, нұсқауларға сәйкес доза).
Емханадан немесе медициналық орталықтан кетуге асықпаңыз. Кабинеттің жанында 20-30 минут отырыңыз. Біріншіден, бұл тыныштандыруға көмектеседі, екіншіден, вакцинацияға жедел аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда тез арада көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Вакцинация күні дереу емханадан келгеннен кейін, балаңызға антипиретикалық әсері бар арнайы нәресте шамын беріңіз немесе ибупрофен беріңіз (препараттың нұсқауларына сәйкес доза). Температура көтерілген кезде - тағы бір шам қойыңыз, және міндетті түрде-бір түнде немесе ибупрофен препараты (нұсқауларға сәйкес). Температураның көтерілуін күтпей, антипиретиктерді алайық. Антигистаминді беруді жалғастырыңыз.
Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы. Қауіп топтары, фондық патологияның қалыптасуы. Алдын алуы, диспансеризациясы, емі, есептен шығару мерзімдері, вакцинация тактикасы.
Қауіп топтары:
Теміртапшылықты анемияға шалдыққандар
Рахитпен шалдыққандар
Гипотрофияға ұшырағандар
Рахит – сәбилердің қарқынды өсу кезеңінде Д витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздығына байланысты кальцийфосфор алмасуы өзгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Рахиттің дамуында қатер тобына жататын:
-Түрлі мүшелердің патологиясы;
-Мальабсорбция синдромы (целиакия, тағамдық аллергия, эукссудативті энтеропатиялар);
-Тырысу синдромы бар балалардың тырысуға қарсы дәрілер қабылдауы;
-Созылмалы бауыр ауруы, өт жолдарының, бүйректің аурулыры;
Рахитпен ауырған балаларды 3 жылға диспансерлеу керек, әр тоқсанда 1 рет бақылып тұрады. Диспансерлеудің алғашқы 2 жылында олар жүйелі емдік шаралар жүргізуді қажет етеді. Олардың жүйкепсихикалық дамуында ата-аналар жағынан мұқият ынталандыруды талап етеді. Зерттеу көлеміне қанды Са тексеру, несепті Сулкович реакиясы арқылы тексеру жатады. Рахит бар балаларға сақтандыру егулерін жасауға болады, тек ем аяқталған соң.
Рахиттің антенатальдық арнайы алдын алу Жүктіліктің 28 -30 аптасынан бастап 6 -8 апта бойына күн сайын 400 -500 МЕ-дан Д витаминін береді. Жүктіліктің соңғы 3 -4 айында гендевит поливитаминін күніне 1 -2 дражеден беруге болады (бір дражеде 250 ХБ Д 2 витамині бар). Жасы 35 -тен асқан , сонымен қатар жүрек- қанатамырлары жүйесінің дерті бар жүкті әйелге Д витаминімен рахиттің алдын алуын жүргізуге болмайды.
Постнатальды алдын алу шаралары:
-Міндетті түрде емшекпен емізу;
-Жасанды тамақ сүті ана сүтіне 100 пайыз ұқсас болу керек;
-Витамин Д тағайындау. Дені сау балаларға алдын алу мөлшері 400 – 500 ХБ тәулігіне. Бұл мөлшер баланың өмірінің 4 – 5 аптасынан бастап беріледі (күз, қыс, көктем айларында).
Қатер тобына жататын балаларға витамин Д 1000ХБ мөлшері күз, қыс, көктем айларында алғашқы екі жыл, ал шала туылған балаларға өмірінің 10 – 14-ші күннен бастап 400 – 1000 ХБ күнде жаз айынан басқа айларда беріледі. Рахиттің алдын алу үшін және емдеу үшін көбінесе витамин Д3 сулы ертінде түрінді аквадетрим қолданылады. Қалпына келтіру еміне массаж, ЛФК жатады және тұзды ванналар дәрілік ем бастағаннан соң екі аптадан кейін тағайындалады. Рахитпен ауырған балалар әр 3 ай сайын бақылауда болады. Рентген тек қана өте қажеттілік болған кезде ғана жасалады.
Емі: Балалар кундеікті таза ауада екі – үш сағаттан кем емес серуендеуі және бала бөлмесі жиі желдетіліп туруы керек;
-Баланың тамақтануы жасына сай болу керек;
Рахиттің ауырлығына байланысты витамин Д 2000-нан 5000 ХБ 30 – 45 күн беріледі. Содан кейін 2 жыл бойы жаз айынан басқа айларда 500 ХБ мөлшерінде, 3-і жылы тек қыс айында тағайындалады. Қатер тобындағы балаларға 1-і курс емі біткен соң 3 айдан кейін витамин Д 2000 – 5000 ХБ мөлшері 3 – 4 аптаға беріледі.
Профилактикалық вакцинацияға рахит қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
Ерте жастағы балаларды тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру. Қосымша тамақтарды қосудың негізгі принциптері. Аралас және жасанды тамақтандыруға көрсеткіштер. Бақылаулы тамақтандыру.
Тиімді тағамдандыру балалардың қоректік жағдайын алдын ала бағалауды талап етеді. Ол үшін 3 тәсіл қолданылады: 1. Балалардың керектілігінің қазіргі жағдайын және оның қазіргі энергияның жойылуына сәйкес келуін анықтау. Ол үшін анкеталы-сұрастыру және салмақты өлшеу әдістері қолданылады. Анкеталы-сұрастыру әдісі. 1-7 күн ішінде күнделікті тағам рационын балалардың ата-аналарынан арнайы сұрақтардан тұратын анкеталарды толтыру арқылы жҥргізіледі. Салмақтық әдіс. Күн бойына баланың ішкен тағамын өлшеу арқылы бағалау, 3-7 күн бойына жүргізіледі. Емшек жасындағы балалардың ішкен тамағы тамақтандырғанға дейін жҽне онан кейін баланың салмағын өлшеу арқылы анықталады. Жасанды және аралас тамақтандыру берілетін қоспа, қосымша тағамдар мөлшерленеді. Бұл алынған мәліметтерден соң тағамдардың энергиялық құндылығы, химиялық құрамы, баланың жасына сай қалыпты физиологиялық мұқтаждығымен салыстырылып, тексеріледі. 2. Дене дамуы, денсаулық жағдайы баланың тамағының сапалылығы туралы мәлімет береді. 3. Балалардың тағамдық маңызды заттармен қамтамасыз етілгендігін биохимиялық тәсілімен анықтайды. Организмнің қажетті нутриенттермен қамтамасыз етілгендігін анықтауға арналған биохимиялық әдіс организмдегі биологиялық сұйықтық пен тканьдердегі нутриенттерді жҽне олардың әрі қарай биотрансформацияланған метаболиттерін есептеуге негізделген. Организмнің белокпен қамтамасыз етілгендігін қандағы жалпы белоктың жалпы мөлшерін, ауыстырылатын, ауыстырылмайтын аминқышқылдарын, альбумин, азот балансын, жҽне зәрмен экскрецияланған жалпы азоттың, мочевинаның, креактининнің, аммиактың мөлшерін анықтау арқылы жүргізіледі. Бала организмінің липидтермен қамтамасыз етілуін май қышқылының метаболизациялық коэффициентімен анықтайды. Витаминдермен және минеральды заттармен қамтамасыз етілуін олардың экскрецияланған мөлшерін қалыпты мөлшерімен салыстырып тексереді. Балалардың тамақтану жағдайына бағалау комплексті тҥрде клиникалық, биохимиялық зерттеу нҽтижесінде берілуі тиіс.
Қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сәтіне қанағаттанбай, тек қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады. Қосымша тамақ енгізу шарттары: Жасы 5-6 айдан кем болмау керек; 1. Ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі; 2. Ауызға түскен тамақты шайнауға бейімділігі; 3. Тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы; 4. Сенімді отырып, тамаққа ұмтылуы және тойғандығын сезінуі; 5. Ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.
Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң жоғарыда көрсетілген белгілер болса балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20 гр ұнтақталған алма немесе жеміс ұнтағы беріледі. Бұл тағамды шамалы емшек емгеннен кейін беру керек. Жақсы жұтқан жағдайда, аллергиялық реакция болмаса үздіксіз бере отырып, емізер алдына ауыстыру керек. Бұл қосымша тамақты өмірінің 20-25 аптасынан бастап беріп, 2-3 апта бойына енгізу қажет. Кейіннен 6-7 айлық жасынан бастап, бірінші қосымша тамақ (картоп, сәбіз, көкөніс пюресі, капуста) беріледі. Егер баланың нәжісі тұрақсыз болып, салмақ қоспаса, қосымша тамақты сүт ботқасынан бастаған дұрыс. 7 айлығында дәнді дақылдар (негізгі-ІІ) қосымша тамақ енгізіледі. Олар: күріш, қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады. Жұмыртқа сарысы – 7 айда. Ет тағамдары рационға 8 айдан бастап, ет пюресі түрінде беріледі. 8-9 айдан бастап аптасына 1-2 рет ет орнына балық беруге болады. 7,5-8 айлығынан бастап III қосымша тамақ бейімделмеген сүт өнімдері (айран, сүт, сүзбе) жұмыртқа, цитрустар және оның шырындары, бидай жармасынан дайындаған ботқалар беріледі. әрекеттерін дамыту мақсатында 10 айдан бастап шайнау, тістеу әрекеттерін дамыту үшін біліктік, IV қосымша тағам енгізіледі. Бұған кепкен нан, печенье, жемістер, бұқтырылған котлеттер жатады. Тамақ ассортиментінің кеңеюі емшек сүтін ығыстырады, сондықтан да қосымша тамақ енгізу кезеңі, емшектен айыру кезеңінің басталуы болып есептеледі. Ана сүтінің тәуліктік көлемі 1 жасқа дейін 600 мл-ден кем болмауы тиіс.
Қосымша тағам тағайындағанда келесі қағидаларды сақтау қажет: 1. Біртіндеп енгізу 2. Қосымша тамақты сау балаға, ауырып тұрғаннан кейін 2-3 аптадан соң беру; 3. Қосымша тағамды енгізіп болғаннан кейін қасықпен беру; 4. Баланың жүйке-жүйесінің ерекшелігін ескеру; 5. Тағамдар механикалық қорғау, тамақ жұтуға оңай ұнтақталған, ұсақталған болуы керек. Тамақтандыру жиілігі, тамақтың тиісті көлемін есептеу тәсілі. Тамақтандыру еркін режимде болғаны дұрыс, аралығы 1-4 сағат болуы мүмкін, тамақтандыру жиілігі — тәулігіне 7-10 рет, тамақ көлемін баланың өзі анықтайды, қанша емгісі келсе сонша емеді.
Тәуліктік тағам мөлшерінің 1/3 бөлігі жасанды тағамдардан тұратын болса – аралас тамақтандыру болып есептелінеді. Аралас тамақтандыру табиғи тамақтанатын дені сау балалардың дене салмағының арытуы тоқтап қалғанда қолданылады. Бұны қадағалау үшін апта сайын тіптен одан да жиі салмағын объективті тексеру әдісі қолданылады. Оның басқа себептері табылмаған кезде ғана үстеме тамақ беріледі. Тексеру 1-2 аптадан кем жүргізілмеуі керек. Кейде анасы ж.мыс істеп, мерзімінде емізуге немесе сауылған сүтті сақтай алмайтын жағдайда үстеме тамақ мөлшері ана сүтінің көлеміне сәйкес болып келеді. Кейде бір немесе барлық тамақтандырудан кейін үстеме тамақ беріледі. Кейде толық емшекпен тамақтандыруды сүт қоспаларын берумен алмастырып отырады. Шамамен ана сүтінің көлемі белгілі болғаннан соң, жетіспеген жерін сүт қоспаларымен толықтырады. үстеме тамақ біртіндеп беріледі. Басында күніне бір (мүмкіндігінше кешке 18.00–19.00 сағатта) рет, кешке беріледі. Сәбиді 5-10 минут емізгеннен кейін, шай қасықпен үстеме тамақ беріледі. Аралас тамақтандыруда тамақтандыру жиілігі табиғи тамақтандырудағыдай болып қала береді. Жасанды тамақтандыру деп емшек сүті тіптен болмайтын немесе оның мөлшері тәуліктік тамақтың 1/5 бөлігінен аз болатын жағдайларды айтады. Дүние жүзінде алғашқы айдан бастап сәбиді жасанды тамақтандыру, ол үшін экологиялық зардап болып есептеледі деген пікір қалыптасқан. Себебі, ана сүтімен жасанды сүт қоспаларының айырмашылығы, әсіресе биологиялық қасиеттері бойынша, өте үлкен. Аралас немесе жасанды тамақтандыруға аударуға себеп болатын негізгі көрсеткіш гипо- немесе а- галактия.
жасанды тамақтанатын сәбилердің тамақтануы арнайы, жекеленген бақылауды талап етеді. Осыған орай, қосымша тағам оларға төмендегі мерзімдерде беріледі. Бірінші қосымша тамақ (көкөніс пюресі) 4,5-5 айдан, екінші қосымша тамақ (дәнді негізде) 5,5-6 айдан бастап беріледі. Дегенмен, сәбидің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бірінші қосымша тамақ ретінде дәнді тағамдар беруге болады. Жеміс шырындары мен пюрелерін 3 және 3,5 айдан бастап берген жөн. Жекеленген жағдайларда оданда ертерек (1,5 айдан бастап) беруге болады. Жұмыртқа сарысын, етті 7 айдан бастап берген жөн. Айран және басқа ащы сүт тағамдары мен сиыр сүтін қажет болса, табиғи тамақтандырудан, ертерек 7 айдан бастап беруге болады. Дегенмен, бұл балаларды тамақтандыру үшін арнайы сиыр сүті негізінде дайындалған өндірістік сүт тағамдарын таңдаған жөн.
Нәрестелердің денсаулық деңгейін бағалаудың ерекшеліктері. Нәрестелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, физиологиялық рефлекстері, шекаралық жағдайлары.
Денсаулық жағдайын бағалаудың негізінде С. М. Громбах (1965-1981 жж.) ұсынған денсаулықтың 6 шегі (критериялары) жатады. Олардың алғашқыларының бірі болып онтогенездегі ауытқулар, яғни, биологиялық және генеологиялық шежіре, өмірінің әлеуметтік жағдайы есептелінеді. Денсаулықты сипаттайтын шектер: баланың дене және нерв-жүйке әрекеттерінің дамуы, резистенттілігі (беріктігі), мүшелер мен жүйелердің қызметінің (функциясының) жағдайы, созылмалы аурулар мен туа болған мүкістіктердің (аномалиялардың) болуы ия болмауы. Баланың денсаулығын бағалау үшін даму тарихынан, перзентхадан шығару парағынан, ата-анасымен сұхбаттасып, төмендегі ақпараттарды жинайды:
1. Биологиялық шежіре: А. Перинатальды кезең: анасының экстрагенитальдық аурулары, қызметіндегі жағдайсыз әсерлер, ата-анасының жағымсыз әдеттері (ішімдік, нашақорлық жҽне т.б.), жедел аурулар, операциялар, жүктілік кезіндегі алынған жарақаттар, босанған кездегі анасының жасы (18-ден жас немесе 30-дан ҥлкен), жүктіліктің I және II жартысының токсикоздары, түсік тастау қаупі, қансырау, жүктілік кезінде қан қысымының көтерілуі немесе төмендеуі. Б. Интрантальды жҽне ерте постнатальды кезеңде: тез, ұзақ, созылған босану, сусыз кезеңнің ұзақ болуы, босану кезінде құрал-жабдықтар колдану, баланың жолдасы мен кіндігінін ауытқулары, ұрықты кезеңнің мерзімінен ұзаққа созылуы, туылғандағы дене салмағы: 2000 граммға дейін, 2000-2500 және 2501 - 4000 грамм аралығында, 4000 граммнан артық болуы, ұрықтың жетілу дҽрежесі, ұрықтың немесе жаңа туған нәрестенің ауыр, орташа, жеңіл гипоксиясы (тұншығуы), туылу кезіндегі зақымдалулар, туа болған ақаулар, жаңа туылу кезеңіндегі аурулар, босанғаннан кейінгі анасының аурулары (жедел инфекциялық - қабыну аурулар).
2. Генеологиялық асқынған шежіре: аллергоздар, өкпенің созылмалы бейарнамалық аурулары, туберкулез, ревматизм, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың жарасы, өт тасы ауруы, гломерулонефрит, нефротикалық синдром, қант диабеті, даму ақаулары.
3. әлеуметтік шежіре: әлеуметтік-тұрмыс жағдайының нашарлығы (1 адамға 6 шаршы метрден аз), материалдық жағдайының төмендігі, анасының білімінің бастауыш немесе аяқталмаған орташа болуы, анасының жұмысындағы жағымсыз әсерлер, әлеуметтік канағаттанарлықсыз отбасы (толық емес, алкоголизм жҽне т.б.), көп балалы отбасы (4-тен көп). І. Шежіре толық жиналып болғаннан кейін алынған шектер (ақпараттар) бағаланады:
- жайлы шежіре;
- жайсыз биологиялық шежіре;
- жайсыз әлеуметтік шежіре; - жайсыз әлеуметтік
-биологиялық шежіре.
II. Дене дамуы және оның гармониялығының дәрежесі: Сигмальды, центильді ауыткулар көмегімен дене дамуының тепе-теңдігі (гармониялығы) бағаланады. Дене дамуын бағалаудың 4 түрі қолданылады:
- қалыпты
- дене салмағының І-ІІ дҽрежелері жетіспеушілігі (гипотрофия)
- дене салмағын І-ІІ дҽрежелі артықшылығы
- бойының аласа болуы (дене дамуының жалпы қалыс қалуы).
III. Жүйке-іс әрекетінің дамуын жҽне оның гармониялығының дәрежесінің бағалау тиісті аймақтар бойынша жасына байланысты жүргізіледі: бір жасқа дейінгі балалардың жүйке-ісәрекеттерінің даму көрсеткіштері.
3>3>
Достарыңызбен бөлісу: |