Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет6/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Клиникасы. Компенсация сатысында ауру адамдар қанның сол жақ қарыншадан қолқаға көпайдалуымен байланысты жəне артериялық жүйедегі қысымның күшті тербелуімен байланыстышағымдар айтады: ұйқы артерияларының жəне дененің басқа жерлерінің солқылы, жүректің қатты соғуы шағымдары болады. Науқас адамдардың кейбірінде стенокардия сипатты шағымдар,бас айналуы, талмаға бейімділік байқалады; бұл белгілер коронарлық жəне ми қан айналысыныңазаюынан (артериялық жүйеде диастолалық қысымның анағұрлым төмендеуі) пайда болады.Солжақ қарынша декомпенсациясында əуелі күш түскен кезде, кейін тыныш күйде ентігубайқалады. Оң қарыншалық қан айналысы бұзылғанда оған сəйкес белгілер (ісіну, оң жаққабырға астының ауыруы) көрініс береді.
Қарау. Тері жамылғының қуқыл тартуы (қолқалық қуқылдық) диастола кезінде ұсақартериялардағы қанның кері тебуінен болады.Қан тамыры арнасындағы қан қысымының биік тербелісі оған тəн перифериялық симп-томдартудырады: ұйқы артерияларының айқын солқылы («каротидтер биі»), ұйқы артериясыныңсолқылымен синхронды бастың солқылдауы (Мюссе симптомы), қарашықтардың пульсациясы(Ландольфи симптомы), мойындырық шұңқырының пульсациясы, самай жəне иық артерияларының пульсациясы, тіл түсінің солқылды өзгерісі, бадамша без пульсациясы (Мюллер симптомы),тырнақ көбесінің пульсациясы (Квинке симптомы).Жүрек аймағын қарағанда жəне сипап тексергенде жүрек ұшы солқылы күшейген, жайылмалы болып келеді, солға жəне төмен ығысқан (ортаңғы қолтықасты сызыққа дейін), кеуде торының сол жағының солқылы көрінеді (жүрек солқылы); бұл өзгерістер сол жақ қарыншаныңауқымды дилатациясына байланысты пайда болады. Мойындырық шұңқырында қолқа доғасының пульсациясы көрінеді, іш қолқасының пульсациясын анықтауға болады. Пульс биік жəне тез
(Корриган пульсі). Сол жақ қарыншаның ауқымды дилатациясында жүректің шартты тұйықтықшегінің солға ығысқаны анықталады. Қолқаның шығар жолының кеңігені тамыр будасыныңшегін оңға ығыстырады.
Аускультацияда естілетін симптомдар:
1) І тонның əлсіреуі; жабық клапандар кезеңінің болмауынан туындайды;
2) ІІ тонның əлсіреуі; қолқа қақпақтарының бүрісуінің нəтижесінде пайда болады;
3) төстің оң жақ шетіндегі ІІ қабырға аралықта жəне Боткин – Эрба нүктесінде естілетін диастолалық шу. Шу ІІ тоннан кейін басталады, жұмсақ, ауаны үргенде пайда болатын дыбысқаұқсас, жүрек ұшына қарай тарайды, алға еңкейгенде жəне демді терең ішке алғанда күшейетүседі;
4) жүрек ұшы тұсында естілетін диастолалық шу (Флинт шуы); қолқадан сол жақ қарыншағадиастола кезінде оралған қан ағыны күшпен келіп ұрып, митральдық қақпақтың қолқалықжармасын сол жақ атриовентрикуляр тесігіне қарай ығыстырып, ол тесіктің шартты стенозынтудыратындықтан Флинт шуы пайда болады;
5) шеткі тамырларды (сан, ұйқы, иық артерияларын) тыңдағанда Траубенің қос тоны мен Дюрозьенің қос шуы естіледі. Тондардың пайда болуы артерия қабырғасының күшті пульстік тербелісімен түсіндіріледі. «Қос» шудың тегі тамырды стетоскоппен басқанда оның астында стенозпайда болуымен байланысты. Стеноз арқылы қан ағынының екі бағытта қозғалысы қос шу тудырады.Айқын қолқа ақауында систолалық қан қысымы жоғарлаған (систолалық қан көлемініңкөбеюі), диастолалық қан қысымы төмендеген (диастола кезінде қанның біршама бөлігініңжүрекке оралуы).Рентгенологиялық тексергенде сол жақ қарынша анағұрлым ұлғайған, қолқа көлеңкесікеңіген, оның солқылы күшейген; жүрек əлсіздігі пайда болғанда веналық өкпе гипертониясының белгілері пайда болады, контраст зат жіберілген өңеш сол жақ жүрекшенің ұлғаюына байланысты үлкен радиус доғасы бойымен ауытқиды. Кейін оң жақ қарыншаның онша айқын емескеңігені байқалады.
ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері болады, бұл жағдайда теріс мəнді Т
тісшесінің І, avL, V5-V6 тіркемелерінде пайда болуы жүрек əлсіздігі дамуымен байланысты болады.ФКГ: а) І тон əлсіреген; б) ІІ тон əлсіреген; в) диастолалық шу ІІ тоннан кейін бірден басталып, біртіндеп барып, диастола соңында сөнеді.
Эхо-КГ. Қолқа кемістігінде онша тиімді мəлімет бермейді. Кейде диастола кезінде митральдық қақпақтың алдыңғы жармасының дірілі байқалады, қан ағынының қолқадан ретроградты түрде митральдық қақпақтың ашық жармаларына ұратынынан пайда болады.Басқа жанама белгілерге, бірақ тұрақты түрде анықталатын белгілерге сол жақ қарыншаныңдилатациясы мен оның қабырғаларының гиперкинезі жатады. Егер ақаудың себебі инфекциялықэндокардит болса, онда қақпақтарда орналасқан, диаметрі 3-5 мм-ден кем емес вегетациялардыкөруге болады.
Допплерэхокардиография көмегімен регургитация дəрежесінің мөлшерін анықтауға болады.Сол жақ қарыншадағы регургитация ағынының ұзындығына қарап, қолқа қақпақтарыкемістігінің 3 дəрежесін бөледі:
І дəрежесі – қолқа қақпақтарының жармаларынан басталатын регургитация ағысының
ұзындығы 5 мм артық емес (болмашы кемістік);
ІІ дəрежесі – қолқа қақпақтарының жармаларынан басталатын регургитация ағынының
ұзындығы 5-10 мм (қолқа қақпақтары кемістігінің орташа дəрежесі);
ІІІ дəрежесі – қолқа қақпақтарының жармаларынан басталатын регургитация ағынының
ұзындығы 10 мм артық қашықтықта (қолқа қақпақтарының ауыр кемістігі).
Жүрек қуыстарын катетерлеу жүрекіші қысымның көтерілгенін, айдалма қан көлемінің көбейгенін жəне регургитация қанының көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Регургитация көлемінің систолалық қан көлеміне пайызбен алынған қатынасының мөлшеріне қарап, қолқа кемістігінің 4дəрежесін ажыратады.
І дəрежесі – 15%
ІІ дəрежесі – 15-30%
ІІІ дəрежесі – 30-50%
IV дəрежесі - 50% жоғары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет